Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы» Алматы, 2003 ж.

  2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы. Алматы: Юрист, 2003. – 220 б.

  3. Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, Юрист, 2003ж.

  4. Қр Қылмыстық кодексі. Алматы, 1997ж.

  5. Ақпарова Р.Н Қазақстан РЕспубликасының прокуратура органдары. Алматы, «Дәнекер», 2000 ж.

  6. Алиев М.М. Прокурорский надзор РК. Оқу - әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы», Алматы, 2002 ж.

  7. Винокуров Ю.Е Прокурорский надзор. 3 – і бас. М., 2001 ж.

  8. Келдібаев М.Х,, Огородников А.А. Прокурорский надзор. Оқулық. – Санкт – Петербург, 2002ж.

  9. Прокурорлық қадағалау (Жауаптар мен сүрақтар). – М.: Жаңа заңгер, 1999 ж.

  10. Прокурорлық қадағалау/ Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен. – М.: Экзамен, 2000 ж.

  11. Басков В.И. Курс прокурорского надзора./ Прокурорлық қадағалау курсы/, -М.: Зерцало, 1999.

  12. Прокурорлық қадағалау (Оқу бағдарламасы), Алматы: Қазақ мемлекеттік заң университетінің кітапханасы, 1998

  13. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор РК. – Алматы 2002

  14. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию/ Әділ сотқа жол/, - Алматы: «Елимай контакт». 1997.

  15. Өтебаев Ғ.Қ. Сотта мүдделерді білдіру. ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты. – Астана, 2004 ж.

  16. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы. – Алматы, 2001 ж.

  17. Өтебаев Ғ.Қ. Мемлекеттік айыптаушының соттағы сөзі. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

  18. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі нормативтік актілер жинағы. Астана, 2003 ж.

  19. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Оқу - әдістемелік құрал. – Алматы: «Дәнекер», 2000 ж.

  20. Нәрікбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. ҚР- ның қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері. Астана, 1999 ж.

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары

Заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалауда кез келген басқа да мемлекеттік қоғами пайдалы, жасампаз қызмет ретінде өзінің мәні мен міндеттері бар.

әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалаудың негізгі мазмұны мен мәні «Қазақстан Республикасының пркуратурасы туралы» Заңның «Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау» атты 3 тараудың Қадағалаудың мазмұны мен мәні деген 40 – бабында белгіленген және онда әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды прокуратура:

  1. әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде, сондай – ақ істерді қарау мен әкімшілік – құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау шараларын белгілеген кезде заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын қаматамасыз ету;

  2. Әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру;

  3. азаматтардың әкімшілік – құқық бұзушылық жөнінде жүргізілген істерге байланысты кез келген актіге шағым қолдану құқығын қамтамасыз ету;

  4. әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кінәлі адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады делінген.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау басқа саладағылар сияқты заң үстемдігін, бірлікті және заңдылықты нығайту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай – ақ мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсаттарында жүзеге асырылатындығын атап өту қажет.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау мемлекеттік басқару, бақылау органдарымен, басқа да органдармен шығарылатын құқықтық актілердің заңдарға сәйкес келуіне, әрі бұл заңдар бағыныштылыққа қарамастан барлық органдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен дәл және біркелкі орындалуына бағытталған.

Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың маңыздылығы мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының заңдарды дәл орындаулары мемлекет алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындаудың аса маңызды негізі болып табылады.

Бірінші кезекте бұл органдардың міндеттері халық өмірінің деңгейін көтеру, әлеуметтік сала мен экономиканы дамытуға, мемлекеттікті нығайтуға, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, яғни әлеуметтік – экономикалық және басқа да реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.

әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, прокурорлар есепке аса көңіл аударады, себебі жақсы реттелген есеп жасалған жұмыс жайын қарауға көмектеседі, атқарылған жұмыстың көлемі мен белгілі бір шамада сапасын, жіберілген кемшіліктерді көрсетеді, шұғыл және статистикалық есепті жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі.

Прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануларына, заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қолдануға, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, сондай – ақ кінәлі адамдарды заңмен анықталған жауапкершіліктерге тартуға прокуратура органдарына өкілеттіктер жиынтығы берілген.

Прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының 41 – бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:

  1. уәкілетті лауазымды адамдар мен органдардан әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтерді, құжаттар мен істерді талап етуге;

  2. құзыретіне әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен жаза қолдану кіретін лауазымды адамдар мен органдардың іс - әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды қарауға;

  3. азаматтарды әкімшілік ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай – ақ әкімшілік – құқық бұзушылыққа ықпал етудің өзге де шараларының негізділігін тексеруге;

  4. әкімшілік – құқық бұзушылық істерді қарауға қатысуға, өтініштер жасауға, істі қарау кезінде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

  5. әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;

  6. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолдануға;

  7. әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істер жөнінде іс жүргізуді қозғауға;

  8. заңда көзделген басқа да іс - әрекеттерді жасауға құқылы.

Заңдардың орындалуын, басқару органдарымен шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын, мемлекет пен ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін тексеруді прокуратура келіп түсетін хабарламалар, арыздар, шағымдар, заң бұзушылық фактілері туралы мәліметтер негізінд, сондай – ақ прокуратура органдарының жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Прокуратура органдары сауда экономикасы, жеке және мемлекеттік меншікті қорғау негізінде экономикалық механизмге бағытталған құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ауыр міндеттерді орындауға, мемлекеттік, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға үнделген. Прокуратура органдары министрліктер мен ведомстволардың, басқа да басқарма органдарының басшылары, лауазымды адамдарды өз міндеттерін заңдарды сақтаумен қалай орындайтындарын, осы жұмыста қандай қажетті көмектер көрсететіндерін пәрменді қадағалауды жүзеге асыруға аса көңіл бөледі, сондай – ақ олар заң бұзушылықтарды және басқа да нормативтік актілердің бұзылуын уақытылы анықтауға және жол бермеуге тиіс.

Кейінгі кезде прокурорлардың сыбайластық , бюджетке төлем төлемеу, салық және кедендік құқывқ бұзушылықтар туралы заңдардың сақталуын қадағалаулары маңыздырақ болуда.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып прокуратура органдары бақылауға алынған обьектлердің шұғыл-шаруашылық қызметтеріне араласуға, өзін басқа да мемлекеттік, сондай-ақ бақылаушы органдармен алмастыруға құқылы емес. Прокурордың өз өкілетінен шығатын талаптарын мекен-жайлардың заңмен немесе прокурормен анықталған мерзімдерде орындаулары үшін міндетті. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершіліктерге әкеп соғады.

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері

Басқарма саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары өз жұмыстарында тиісті әдістерді пайдаланады және оларға мыналар жатады:

  1. Бақылауға алынған обьектлерге заңдардың орындалуын тексеру;

  2. Басқарма органдармен қабылданатын құқықтық актлерді және заңды әрекеттерді тудыратын лауазымды адамдардың әрекеттерін тексеру;

  3. Тиісті прокурорлардың мемлекеттік билік және басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мәжілістеріне қатысу;

  4. Прокуратураға келіп түсетін немесе бұқаралық ақпарат құралдарына басып шығарылатын заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді қарау және қорытындылау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:

  • сотқа өзге өкілетті органға немесе лауазымды адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға немесе шешімге наразылық енгізуге;

  • уәкілді лауазымды адамдар мен органдарға іске қосымша тексеру жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

  • уәкілді органдардан өздерінің бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргізуді талап етуге;

  • заңмен белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтатуға;

  • әкімшілік жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;

  • жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда кез-келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығаруға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғау туралы қаулы уәкілетті органға немесе лауазымды адамға жолданады және олар істі заңда белгіленген мерзімде қаруға және оның нәтижелері жайында прокурорға жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.