Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында және қаржы полициясы органдарында қызмет атқаратын тергеушілер алдын ала тергеу органдары болып табылады. Осы үш ведомствоның тергеушілері қылмыстарды ҚР ҚІЖК – нің 192 – бабы талаптарына сәйкес, әр ведомствоға бөлінген тергеу ретіне қарай тергейді.

Ішкі істер органдары тергеушілерінің тергеулеріне қылмыстардың ең көп мөлшері анықталған:

  • дене және спихикалық кемістіктерінен өзінің қорғану құқықтарын өз беттерінше жүзеге асыра алмайтын адамдар мен кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары жөніндегі барлық қылмыстық істер өндірісі;

  • қаруды заңсыз жасау;

  • есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату,; сондай – ақ мынандай ең қауіпті және ауыр қылмыстар: адам өлтіру, абайсызда жәбірленушіні өлтіруге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зардаптар келтіру, адамды ұрлау, зорлық, ұрлық, тонау және т.б.

ҰҚҚ органдарының тергеушілері бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, мемлекеттік опасыздық, шпионаж, қарулы бүлік, теңіз қарақшылығы, сондай – ақ аталған тұлғалардың қызмет бабына байланысты жасаған қылмыстары: контрабанда, технологияларды заңсыз экспорттау, жаппай қырып – жою қаруын өндіру кезінде пайдаланылатын ғылыми – техникалық ақпараттар мен қызметтер, әскери техниканы қаруландыру, терроризм және т.б. қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізеді.

Азаматтардың салықты төлеуден жалтару туралы қылмыстық істері бойынша егер ондай әрекетті бұдан бұрын салық төлеуден жалтарғаны немесе ірі мөлшерде төлемегені үшін соттылығы бар адам жасаған жағдайда, сондай – ақ ұйымдардың салық төлеуден жалтарулары бойынша алдын ала тергеуді қаржы полициясының органдары жүргізеді. Заңсыз банктік қызмет, жалған кәсіпкерлік туралы және басқа да бірқатар қылмыстық істер бойынша, оларды тергеу қозғалған қылмыстық істің қылмыстарына байланысты болса және ол жеке өндіріске бөлінуге жатпаса, онда олар алдын ала тергеуді осы органдардың тергеушілері жүргізеді.

Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу қозғалған қылмыстық іске байланысты қылмыстарды тергеу ретіне қарай жүргізіледі.

Прокурор, алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалай отырып, бұл органдардың тергеушілері тергелу реті туралы заң талаптарын сақтауларын бақылауды жүзеге асыруға тиіс.

Тергелу реті әртүрлі алдын – ала тергеу органдарына жататын бір немесе бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі істерді бір өндіріске қосу кезінде тергелу ретін прокурор анықтайды. Бірақ, осы істердің біреуі ҚР ІІМ Әскери – тергеу департаментінің тергелуіне жататын болса, онда олар барлық істерді тергейді.

Ұйымдасқан қылмыстың, ашылмаған қылмыстар санының жоғарлануына байланысты, нақты қылмыстық істер бойынша дәлелдеуге жататын мән – жайларды толық және жан – жақты тергеуде, қылмыс жасаған адамдарды анықтауда жедел – іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметшілері мен тергеушілері әрекеттерінің келісушілігі аса маңызды болып табыладыы.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор тергеушілер мен шұғыл аппараттардың қылмыс жасаған адамдарды анықтау мен жазалау мақсатында барлық қажетті жағдайларда заңда көзделген шараларды қолдану, сондай – ақ жасырынған айыпталушылардың тұрған жерін анықтау, тергеушілер мен шұғыл қызметшілер өкілеттерін шектелуін бақылау кезінде өзара әрекеттесуге шаралар қолдануға тиіс. Тергеушілер мен шұғыл қызметшілердің өзара әрекеттесулері кезінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы мынандай жедел – іздестіру деректерін, яғни алдын – ала анықтау кезеңінде; айыпталушы тергеуден жасырынған немесе басқа да себептер бойынша оның тұрған жері анықталмаған жағдайда істі өндірістен қысқарту туралы шешім қабылданған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүзеге асырылады.

Жедел – іздестіру қызметінің материалдары бойынша істі қозғау кезінде прокурорға қылмыстық істі қозғау туралы қаулыны қабылдау кезін дұрыс таңдауға уақытылы ықпал ету маңызды.

Тәжірибе тергеушілердің шұғыл қызметшілермен әрекеттесуі тергеушілер нақты тапсырмалар берген кезде нәтижелі болатындығын көрсетеді. Осыған байланысты, прокурор тек осы тапсырмалардың уақытылы орындалуын ғана емес, олардың толықтығына да көңіл аудару керек. Қажет болған жағдайда, прокурор біріккен шұғыл – тергеу топтарын құруға шаралар қолдануға тиіс.

Жасырынған айыпталушыға іздеу жүргізу барысындағы тергеушілер мен шұғыл қызметшілердің әрекеттесу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған кезде мына мәселелер анықталуға жатады:

  • тергеушінің айыпталушыға іздеу салу туралы қаулысының уақытылы қабылдануы;

  • оның криминалдық полиция бөлімшелеріне жолдануы;

  • іздеуге қажетті материалдардың бұл мөлімшеге уақытылы және толық көлемде ұсынылуы.

Мына мәселелер прокурор тарапынан жүйелі қадағалау жасауды талап етеді:

  • алдын – ала тергеудің толықтығы, жан – жақтылығы және объективтілігі;

  • бұлтартпау шарасының дұрыс қолданылуы, тағылған айыптың негізділігі;

  • тергеушінің қылмысқа берілетін құқықтық бағасының дұрыстығы;

  • азаматтық талап пен мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың қолданылуы;

  • қылмыстық іс жүргізудің басқа да талаптарының сақталуы.