
- •Оқытушы: Ускембаев к.Н.
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
- •2.Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура
- •3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
- •4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
- •5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
- •6.Қазақстан Республикасының заңдары
- •7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •1. Қр прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •2. Қр прокуратура органдарының жүйесі
- •Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
- •5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •7 Тарау Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
- •Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтауды жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі ҚРқылмыстық іс жүргізу заңдылығымен және өзге заңдармен (прокуратура туралы Заңның 38-бабы ) анықталады.
Алдын – ала тергеу және анықтау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттігі биліктік - өкімдік сипатта болады.
Алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын жүзеге асыру кезінде биліктік - өкімдік өкілеттікті іске асыру мыналарға бағытталған:
қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына, бір де бір қылмыстың ашылмай қалмауына, қылмыс жасаған адамдардың бір де біреуі заңда белгіленген жауапкершіліктен жалтармауына;
қылмыс жасау күдігі бойынша азаматтарды ұстау тек заңда қарастырылған тәртіп пен негіздер бойынша жүргізілуіне;
ешкімнің заңсыз және негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына немесе басқа құқықтарының шектелмеуіне;
прокурордың санкциясыз немесе сот шешімінсізешкімнің қамауға алынбауларына;
қылмыстық істерді қозғау мен тергеудің, тергеу мерзімдерінің заңда қарастырылған тәртіптерінің сақталуына;
тергеу кезінде дәлелдемелердің жан – жақты, толық және объективті жиналуы мен зерттелуі туралы заң талаптарының сақталуына;
қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайлардың анықталуына және оларды алдын – ала шараларының қолданылуына;
прокурор қылмыстық ізге түсу және қылмыстық істерді тергеу заңдылықтарын қадағалай отырып, өзіне жүктелген процессуалдық өкілеттікті жүзеге асыру үшін:
оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай – ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс - әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
заңдарда көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдардың іс - әрекеттеріне санкция береді;
жекелеген тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге қатысады;
қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады;
алдын – ала тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істі сотқа жібере отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады;
қылмыстық ізге түсу органдарынан тексеру үшін қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды және жасалған қылмыстар туралы, жедел – іздестіру қызметі, анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәліметтерді алады;
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді;
Анықтаушы мен тергеушінің, сондай – ақ анықтау органы мен тергеу бөлімі бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды;
Тергеу мен анықтау толық болмаған, сондай – ақ тергеу және анықтау барысында заң бұзушылыққа жол берілгені анықталған жағдайда қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді, не оны толық көлемінде немесе белгілі бір адамдарға қатысты қысқартады;
Қылмыстық істі анықтау органдарынан алып, алдын – ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен белгіленген тергеу ретіне қарамастан, алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді;
Анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
Алдын – ала тергеу, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
Алдын – ала тергеу, анықтау ісін жүргізуде заң бұзушылықты анықтаған кезде, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шеттетеді;
Алдын – ала тергеудің және бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған қамауға алудың мерзімдерін ұзартады;
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған адамдарды күзетпен ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді;
Заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, прокурор он күн сайын жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы, сондай – ақ хабар – ошарсыз жоғалып кеткен азаматтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу туралы заң талаптарының орындалуын тексеруге міндетті. Бұл міндетті орындау үшін прокурор аталған арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу кітаптарымен, журналдарымен және басқа құжаттамалармен, тексеріс нәтижелері туралы материалдармен, қылмыстылықты сипаттайтын статистикалық мәліметтермен және басқа да қажетті мәліметтермен танысады.
Прокурор заң талаптарының орындалуын тексеру үшін жіберілуі мүмкін заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, алдын ала тергеу және анықтау кезінде жасалған қылмыстар туралы басқа да мәліметтерді талап етуге және қылмыс жасаған адамдарды анықтауға құқылы.
Алдын ала тергеуді жүргізу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарды нәтижелі жою мақсатында прокурорға айрықша өкілеттік – яғни тергеушілердің және анықтау жүргізуші адамдардың заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу құқығы берілген. Мұндай шешімдерді прокурор оларды бұзу негіздемелері көрсетілетін дәлелді аулыларды қабылдау жолымен бұзады. Прокурор қаулысы тергеушілер мен анықтау жүргізуші адамдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы, қылмыстық істі қозғау туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы, қылмыстық істі бөлу туралы, тергеуді тоқтату туралы, қылмыстық істі қысқарту туралы, азаматтарды айыпталушы ретінде тарту туралы, бұлтартпау шараларын қолдану туралы және басқа да заң талаптарына сәйкес келмейтін іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы заңсыз және негізсіз қаулыларын бұзу кезінде шығарылады.
Заң бұзушылықтарды жоюдың негізгі әдістерінің біріне прокурордың нұсқауы жатады, және ол жазбаша турде берілуі тиіс. Прокурор қылмыстарды тергеу, бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, қылмыстарды дәрежелеу, жеке тергеу амалдарын жүргізу және қылмыс жасаған адамдарға іздеу салу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқылы.
Прокурордың нұсқауы дербес іс жүргізу құжатының нысаны да, көрсетілген жағдайларда шығарылатын қаулылардың бөлімі де бола алды.
Прокурордың алдын ала тергеу және анықтау органдарына берілген барлық жазбаша нұсқаулары қылмыстық істерді қозғау мен тергеуге байланысты болғандықтан, бұл органдарға міндетті түрде қажет. Алынған нұсқаулар бойынша жоғары тұрған прокурорға шағымдану олардың орындалуын тоқтатпайды.
Бірақ, жалпы тәртіп бойынша, заңда бірнеше ерекшеліктер қаралған. Тергеуші прокурордың адамды айыптаушы ретінде тарту туралы немесе қылмысты дәрежелеу мен айыптау көлемі туралы, сондай – айыпталушыны сотқа беру туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауларынмен келіспеген жағдайда, ол нұсқауларды орындамай, жазбаша қарсылықтарымен істі жоғары тұрған прокурорға ұсынуға құқылы. Жоғары тұүрған прокурор мұндай жағдайда мына екі шешімнің бірін қабылдайды: төмен тұрған прокурордың шағымданған нұсқауын бұзады немесе бұл қылмыстық іс өндірісін жүргізуді басқа тергеушіге тапсырады.
Заң нұсқауларды орындау мерзімдерін белгілемейді. Прокурор оның орындалуныа нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып, мерзімді өзі анықтай алады.
Прокурор анықтау органдарына ұстау, алып келу, қамауға алу, қылмыс жасаған адамдарды тінту, алу, іздеу және басқа да тергеу іс - әрекеттерін жүргізу туралы қаулылардың, сондай – ақ өндірістегі барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтау туралы нұсқаудың орындалуларына тапсырма беруге құқылы.
Бұл өкілеттіктен маңызды екі жай анықталынады.
Бірінші, прокурор анықтау органына жеке тергеу іс - әрекеттерін орындау және осы қылмыстық қудалау органдары өндірістегі істер бойынша қылмыстарды ашу және оларды жасаған адамдарды анықтауға қажетті шараларды анықтау туралы нұсқау береді; екінші, прокурор көзделген тергеу ретіне қарамастан, мұндай тапсырмалар мен нұсқауларды алдын ала тергеу және анықтау органына жолдай алады.
Қылмыстық процеске қатысушылар мен басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын алдын – ал мен анықтау, анықталған заң бұзушылықтарға шаралар қолдану мен жоюдың басты жолы прокурордың алдын ала тергеу мен анықтау өндірісіне қатысуы болып табылады. Қылмыстық іс кімнің өндірісінде болуына қарамастан, жеке тергеу іс - әрекеттерін жүргізуге прокурор жеке өзі қатыса алады.
Сондай – ақ, айыпталушының (күдіктіге) қамауға алуға санкцияға беру мәселесін шешу кезінде прокурордың өзі бұл адамнан жауап алуға және тиісті хаттама жасауға міндетті. Бұл өкілеттік азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзылуын анықтаудың және жоюдың маңызды жолы болып табылады.
Жалпы тәртіп бойынша, алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс, және ол іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокурорға жіберген, не істі қысқартқан немесе өндіріс тоқтатқан күннен бастап есептеледі. Дәлелді себептер бойынша белгіленген мерзімде тергеуді аяқтамауға мүмкіншілік болмаған жағдайда (істің күрделілігі, көпэпизодтылығы, тергеу жұмысының үлкен көлемділігі, шалғай жерлерде тергеу іс - әрекеттерін орындау қажеттілігі, сараптаманы жүргізудің ұзақтығы және т.б.) оны аудан, хқала прокурорлары, гарнизонның әскери прокурорлары және оларға теңістірілген прокурорлар үш айға дейін;облыс прокуроры, оның орынбасарлары және оларға теңестірілген прокурорлар – алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын – ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуды тек істің асакүрделілігін ескерумен, айрықша жағдайларда ғана ҚР Бас прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор жүзеге асыра алады.
Істің қосымша тергеуге қайтарғанда, сондай – ақ уақытша тоқтатылған немесе қысқартылған іс қайта қозғалған кезде, қадағалаушы прокурор - өндіріске қабылдаған кезден бастап бір айдан аспайтын қосымша тергеу мерзімін анықтайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде жүргізіледі. Тергеу мерзімін ұзарту қажет болған кезде тергеуші дәлелді қаулы қабылдайды. ҚР Бас прокурорының нұсқауы бойынша тергеу мерзімін ұзарту туралы өтініштер тергеу мерзімінің өтуіне дейін бес күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Айыпталушының ( оның қорғаушысының) қылмыстық іс құжаттарымен танысуы кезеңінде алдын ала тергеу мерзімі есептелмейді, ал қылмыстық заңмен тыйым салынған іс - әрекеттерді жасаған белгісіз адамның іс өндірісін жүргізу мерзімі қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескеру мерзімімен шектелген.
Анықтауды жүргізуге заң шығарушы қысқартылған мерзімдерді көздеген. Тергеу жүргізуді міндеттейтін істер бойынша анықтау он күндік мерзімде аяқталуға және тергеушіге берілуге тиіс. Бқл мерзім ұзартуға жатпайды. Тергеу жүргізуді міндеттемейтін істер бойынша анықтау қылмыстық іс қозғалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға және бұл мерзімде айыптау қорытындысы мен істі қысқарту немесе тоқтату туралы қаулы қабылдануға тиіс.
Бұл мерзімді анықтау органының бастығы анықтау өндірісін тікелей қадағалайтын прокурорға міндетті түрде хабарлаумен бір айға дейін ұзарта алады. Айрықша жағдайларда, анықтау мерзімдерінің одан әрі ұзартылуы алдн ала тергеу мерзімдерін ұзартуға қатысты тәртіптерде жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 18 – тармағына көзделген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру, жеке кепілдік беру, әскери қызметшіні әскери бөлім команда басқармасының бақылауына беру, кәмелетке толмағандарды қарауға беру, кепіл беру, үйде қамауда ұстау және қамау сияқты мәжбүрлеу шараларының ішіндегі ең қаталы қамау болып табылады.
Жалпы тәртіп бойынша, бұлтартпау шаралары айыпталушыларға, яғни айыпталушыны анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынды, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастыады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға, сондай – ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.
ҚР ҚІЖК 142- бабына сәйкес ерекше жағдайларда, қамау түріндегі бұлтартпау шарасы сезіктіге 10 күннен аспайтын мерзімге қолданылуы мүмкін. Егер ұстау мерзімін есептеумен оны қолданған кезден бастап 10 күн мерзім ішінде айып тағылмаса – ол дереу босатылуға жатады.
Кез келген жағдайда, тек қозғалған қылмыстық іс бар болғанда ғана, бір адамға қатысты бір ғана бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде бұдан бұрын аталған негіздерден басқа, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай – күйі, тұрғылықты жерінің бар – жоқтығы және тағы басқа мән – жайлар міндетті түрде ескеріледі және зерттеледі.
Алдын ала тергеу және анықтау органдарымен бұлтартпау шаралары қолданылғандығы туралы дәлелді қаулы шығарылады, оның көшірмесі соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және онымен бір мезгілде шағымдану тәртібі түсіндіріледі.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың шарасы таңдауға мүмкіндік болмаған жағдайда және тек қылмыстық іс құжаттарын мұқият қарап және айыпталушыдан (сезіктіден) жеке жауап алғаннан кейін, жоғарыда аталған шарттар бар болған жағдайда ғана уәкілетті прокурор айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуға санкция береді. Айыпталушыдан (сезіктіден) жауап алу кезінде тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, егер ол іске қатысатын болса, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері қатысады және қаралатын мәселе бойынша өз пікірлерін айта алады.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуші кезінде қамауға алудың мерзімі екі айдан аспайды. Ал ерекше жағдайларда 12 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы ұзартудың құқықтық тәртібі мен айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін қарастырады. Қылмыстарды тергеу кезінде қамауда ұстау екі айдан аспау керек. Ал бұл мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз болмаған кезде бұл мерзімді аудандық, қалалық прокурорлар және оларға теңістірілген әскери және өзге де прокурорлар – үш айға дейін ұзартуы мүмкін. Іс ерекше күрделі болғанда қамауда ұстау мерзімін облыс прокуроры алты айға дейін ұзартуы мүмкін.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағандығы үшін айыпталған адамдарға қатысты ерекше жағдайларда бұл мерзімді ҚР Бас прокуроры бір жылға дейін ұзартыу мүмкін.
Мерзімдерді одан әрі ұзарту заң шығарушымен қарастырылмаған. Қамауда болудың шектеулі мерзімдері өткеннен кейін алдын ала тергеу кезеңінде адам кідірмей босатылуға жатады. Сондай – ақ, шектеулі мерзімдер өткенге дейін бір айдан кешіктірмей қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып және оның материалдары танысу үшін айыпталушыға және оның қорғаушысына берілуі керек.
Қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту рәсімдері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 153 – бабында толық берілген. Заң шығарушы қылмыстық ізге түсу органына айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті аудан, облыс прокурорларына, оның орынбасарына және оларға теңестірілген прокурорларға мерзім өткенге дейін жеті күннен, ал Бас прокурорға, оның орынбасарларына және Бас әскери прокурорға – он бес күннен кешіктірмей ұсынуды ұйғарған.
Қамау мерзімін 9 айдан астам уақытқа ұзарту, өтініш ҚР Бас прокуротарасы алқасында қарағаннан кейін жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК 110 – бабына сәйкес сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілі прокурор санкцияландырған қамауға алу түріндегі бұлтартпау, сондай – ақ қамау мерзімін ұзарту шарасына тиісті прокуратураның орналасқан жері бойынша қалалық (аудандық) сотқа шағымдануға құқылы.
Қадағалау шағымының келіп түсуі қамау туралы қаулының қолданылуын тоқтатпайды және адамды қамаудан босатуға әкеп соқпайды.
Судья, істі талап етіп ала отырып, прокурордың міндетті түрде қатысуымен жабық отырыста, үш күннен кешіктірмей прокурор санкциясының негізділігін жеке өзі тексереді және мәселені мәні бойынша: бұлтартпау шараларын тоқтату немесе өзгерту, немесее шағымды қанағаттандырусыз қалдыру жайында шешеді. Судьяның қаулысына шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Шағым беру немесе наразылық келтіру сезіктіні, айыпталушыны қамаудан босату туралы сот қаулысының орындалмауын тоқтата тұрады.
Бұл жерде қамаудағылардың туыстармен және айыпталушының (сезіктінің) жақындарымен кездесеге рұқсат беру туралы мәселелер тергеу және анықтау, прокуратура және сот органдарының құзыретіне жататындығын атап өте қажет. Айрықша жағдайларда, жоғарыда аталған органдар өз қараулары бойынша қамаудағылармен кездесуге рұқсат беруге немесе бермеуге құқылы.
Бұл қылмыстық – құқықтық институт қандай да бір заңдылықты бекітпейді. Бірақ бұдан бұрын айтып өтілген бұлтартпау шарасы ретінде қамауды таңдау негіздерінен оны қолдану мемлекеттің қамалғандарды оқшаулау бойынша белсенді әрекеттеріне қайшы екендігі көрінеді.
Ппрокурордың тергеу сатысындағы маңызды өкілеттігі, заңның бұзылғандығы анықталған кезде өзінің қосымша тергеу жүргізу туралы нұсқауларымен қылмыстық істі алдын ала тергеу немесе анықтау органына қайтару құқығы. Мұнда йцөкілеттік тергеуді тоқтатудың, қылмыстық істерді қысқартудың заңдылығы мен негізділігін тексеру, қылмыстық істердің айыптау қорытындысымен түсулері немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселелерді қарау үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы қабылдау кезінде іске асады.
Прокуратура туралы Заң (38-бап) прокурорға заңдылықпен реттеуді және қолданыстағы заң шеңберінен шықпауды талап етпейтін алдын ала тергеу және анықтау мәселелері бойынша нұсқау беру құқығын берген. Прокурордың бұл нұсқаулары ведомстволық тиістілігіне қарамастан, барлық тергеу және алдын алу органдары үшін міндетті. Бұл ретте, қылмыстарды ашу мен тергеу процесіндегі заңдылықты нығайту, қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жалпы сипаттағы нұсқаулар жайындағы мәселе сөз болуда.