Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі

Жедел іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын қадағалау үшін прокурорға тиісті өкілеттіктер бнрілген. Прокурор өз қызметін тек осы өкілет шегінде ғана жүзеге асырады. Тәжірибеде прокурордың жұмысы белгілі бір нысандарда жүзеге асады. Прокурордың өкілеттігін анықтайтын құқықтық норма оған белгілі бір әрекеттерді жасау құқығын береді.

Қадағалау нысаны негізінде прокурордың жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде оған берілген өкілеттікті пайдалану жолымен іске асыратын заң бұзылушылықты ескерту, анықтау және жою жөнінде мақсатқа бағытталған қызметі түсіндіріледі.

Прокурордың жедел іздестіру қызметіндегі прокурордың өкілеттік сипатын анықтауда жедел іздестіру шаралары тек қылмыстық істі тергеуге байланысты ғана жүргізілмейтіндігін ескеру қажет. Олар қылмыстық іс қозғалғанға дейін немесе құқық бұзушылыққа қатысы жоқ жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Сондай ақ алдын ала анықтау және тергеу қызметіне қарағанда ерекшелігі, ал ол қызмет процесуалды, ал жедел іздестіру қызметі процесуалды емес. Осыған байланысты, прокурордың осы саладығы өкілеттігі өз сипаты бойынша ерекше. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау кезінде прокурор жедел іздестіру шараларын жүргізуге және бұл шаралардың біреуін де өткізуге құқылы емес.

Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы ҚР Бас прокурорының 1996 жылғы 25қарашадағы бұйрығында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалауға өкілеттелген прокурорлар мыналарға құқылы делінген:

жедел іздестіру шараларының негіздемелері, тәртібі және шешімі туралы мәлңметтерден тұратын құжаттармен танысуға;

қылмыстық істер бойынша жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру немесе оларды тоқтату туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

анықтау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы негізсіз қаулыларын бұзуға;

тексерулері соттың құзырына жататын шағымдарды сотқа жолдауға;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын және жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардан жазбаша түсініктеме талап етуге;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар басшыларының заңға қайшы келетін бұйрықтары мен нұсқауларына наразылық келтіруге.

Уәкілетті прокурорлар жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар басшыларынан істерді шұғыл есепке алуды жүргізуге, сондай ақ жедел іздестіру шараларын өткізуге негіз болған құжаттарды сұратып алуға құқылы.

Құжаттарды ұсынудан заңсыз бас тарту, белгілі бір жағдайларға байланысты прокурор талаптарын орындамау немесе оның қызметіне кедергі жасау ретінде қаралады. Мұндай негіздер бар болған жағдайда, прокурор кінәлі лауазымды тұлғаларды белгіленген заң тәртібінде жауапкершілікке тартуға шаралар қолданады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа енгізілген тұлғалар туралы, жасырын штаттық қызметкерлер туралы, құпиялылық негізде кім көмек жасап жүргендігі немесе жасағандығы туралы мәліметтер, осы адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартудан басқа жағдайларда, прокурорға тек олардың жазбаша келісімімен берілетіндігін ескеру қажет.

Уәкілетті прокурорлар жедел іздестіру қызметін жүргізу кезінде өз өкілеттерін пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге, олардың қалпына келуіне уақтылы шаралар қолдануға, келтірілген залалды өтеуге және негіздер бар болған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершіліке тартуы қажет.

3. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері

Жедел іздестіру қызметі туралы ҚР заңының 10 бабында заңдылығын қадағалауды прокурор жүзеге асыратын, жедел іздестіру жұмысын атқару құқғына иемденген мемлекеттік органдардың тізімі берілген. Оған мына шұғыл бөләмшелер жатады: а) ішкі істер органдары; б) ұлттық қауіпсіздік органдары; в) ҚМ әскери барлау органдары; г) қаржы полициясының органдары; д) ҚР Президентінің күзет қызметі.

Бұл тізім жеткілікті емес. Ол тек заңмен ғана өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

Прокурор қадағлауды жүзеге асыра отырып, осы органдардың біреуі де республиканың заң актлерімен анықталған өкілеттік шегінен шықпауларын бақылайды.

Жедел іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын тексеру үшін негіздерді анықтау маңызды болып табылады. Жедел әздестіру қызметі туралы Заңының 21 бабында уәкілетті прокурорлардың талаптары бойынша органдар басшылары оларға шұғыл есепке алу істерін, шұғыл техникалық құралдарды пайдаланумен жедел іздестіру шараларын өткізу туралы материалдарынан тұратын құжаттарды, есепке алу тіркеу құжаттамасын және жедел іздестіру шараларын өткізу тәртібін реттейтін ведомоствалық нормативтік құқықтық актлерді ұсынады делінген. Бұдан прокурорлық тексеріс жүрізуге тек шағымдар ғана емес, белгілі бір жағдайда прокурордың жеке бастамасы да негіз болатыны көрінеді.

Бас прокурордың нұсқауы бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу және олар бойынша қабылданатын шешімдердің белгіленген тәртібін тексеруде мыналар жүзеге асырылсын:

қылмыстық істер бойынша айыптаушыларды; қылмыс жасаған тұлғаларды; хабар ошарсыз жоғалып кеткендерді іздеу кезінде болымды нәтиже шықпауына байланысты қажеттілігіне қарай материалдар бойынша;

тергеушінің тапсырмасына, өндірістегі қылмыстық істер бойынша анықтау мен сот органдарының тапсырмаларына, прокурордың нұсқауына тиісті шаралар қолдану туралы ақпарат бойынша;

басқа жағдайларда осы салалар қызметтеріндегі заңдылықтың қалпын ескерумен.

Қадағалау әдістерінде қылмысты ашу, анықтау, тергеу және сот органдарынан жалтарған адамдарды, хабар ошарсыз кеткен және т.б.қарай өз ерекшеліктері болады.

Жедел іздестіру қызметінде заң бұзушылықтарды анықтаудың және жоюдың нәтижелі әдісін әзірлеу үшін осы қызметті жүзеге асыру кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарға терең талдау қажет.

Шұғыл қызметкерлердің, тергеушілердің және прокурорлардың пікірлері бойынша қылмыстың мән жайын анықтау, заттай дәлелдемелер мен қылмыстың өзге іздерін табу сияқты заңдылықтарды орындау кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол беріледі.

Қылмыстық істерді қозғауға негіз болған сыбайластық қылмыстар жөніндегі материалдарды қарап талдау ме тәжірибе көрсеткендей шешімдер тек тараптардың шағымдары бойынша қабылданған. Негізінен, қылмыстық істерді қозғауға орта және аса ауыр емес дәрежедегі қылмыстар бойынша жедео іздестіру шараларының нәтижелері негіз болады. Мұндай қылмыстар мемлекеттік қызметке кіру кезде жасанды дипломдарды, уақытша еңбекке жарамсыз кезе жасанды дипломдарды, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдалануға байланысты болады.

Жедел іздестіру қызметінде заң бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын, бұл заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын жағдайларды зерттеу көптеген заң бұзушылықтар тек төмен кәсіби дайындықтың ғана емес, өздерінің қызметтік міндеттеріне селқос қарауына байланысты екендігін куәландырады. Прокурордың міндеті прокурорлық қадағалау құралдарымен заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай ақ орындаушыларға, тиісті құрылымдардың, жоғары тұрған органдардың басшыларына да нәтижелі ықпал ететін шаралар қолдану.

Прокурордың санкцисының маңыздылығына байланысты орта дәрежедегі қылмыстар, сондай ақ сыбайластық бағыттағы қылмыстардың ерте кезеңдерінде әзірлемелерді жүргізуге арнайы шараларды өткізу қажеттілігін тәжірибе көрсетеді. Қылмыстық кодекс бабының диспозициясы бойынша сыбайластық қылмыстар көбінде орта және ауыр емес дәрежедегі қылмыстарға жатады.

Тексеріс кезінде өкілетті прокурорлар Бас прокурор талаптарына сәйкес мыналарға көңіл аударылуы қажет:

шұғыл тексерістерді жүргізу немесе тоқтату және жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін пайдалану туралы қабылданудағы шешімдердің заңдылығына;

жедел іздестіру шараларының адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және қоршаған ортаға залал келтіретін техникалық құралдармен ақпараттық жүйелерді қолдануына жол бермейтін жедел іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуіне;

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы адамдарда заңдылықпен қаралған өкілеттіктің және жедел іздестіру шараларын, оның ішінде сотпен рұқсат берілген шараларды жүргізу үшін негіздемелердің бар болуына;

заңда белгіленген жедел іздестіру шараларын өткізу жағдайлары мен тәртібін сақтауға, азаматтардың құпиялылық негізде немесе сенімділік қатынаста жүзеге асырылуына.

Уәкілетті прокурорлар, оларға берілген өкілеттікті пайдалана отырып, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол берілмеуіне, олардың қалпына келтіруіне, келтірілген залалды өтеуге және негіздер бар болған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға уақтылы шаралар қолданылуы тиіс.

Жоғарыда белгіленгендей, прокурорлық қадағалау әдістерінде жедел іздестіру қызметінің нақты бағыттарына қарай өз ерекшеліктері бар. Уәкілетті прокурорларға жедел іздестіру қызметі барысында қылмыстарды алдын алу және табу жөніндегі заңдардың орындалуын тексерудің ерекше негізі, шағымдарды қарау кезінде анықталған заң бұзушылықтар туралы мәліметтер болып табылады.

Тиісті тексерістерді жүргізе отырып, прокурорға мыналарды анықтау қажет:

жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органда белгіленген тіркеу бойынша осы азаматқа қатысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын анықтау;

егер шаралардың жүргізіліп жатқаны анықталса, шұғыл істің уақтылы жүргізілуі мен негізділігін, шараларды жүргізу үшін заңды негіздердің бар болуын тексеру;

қылмысты алдын алу бойынша қандай шаралар қолданғанын тексеру;

бақа қылмыстар туралы мәліметтер бойынша қандай шаралар қолданғанын анықтау;

материалдар бойынша қабылданудағы шешімдердің мерзімдері мен заңдылығын тексеру; оның нысанына да шара қолдану қажеттігі туралы мәселені шешу.

Қылмыстарды алдын алу және табу бойынша жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті прокурордың жұмыс көлемінің үлкен бөлігің хабар ошарсыз кеткен азаматтарды іздеуін қадағалау құрайды.

Азаматтың хабар ошарсыз жоғалып кеткендігі туралы арыздың жасалған немесе әзірленіп жатьқан қылмыстар туралы арызбен маңызы бірдей емес, себебі онда хабар ошарсыз жоғалғанға қатысты жасалған қылмысты көрсететін мәліметтер болмайды.

Жедел іздестіру қызметі саласындағы заңдардың орындалуын қадағалау кезінде прокурорлар негізгі күш жігерлерін қылмыстарды ашуға және осы қызметті жүзеге асыратын органдардың адамдарын әшекерлеуге салады. Қылмыстардың ойдағыдай ашылуы, әдетте, жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен ждүргізілуі мүмкін шараларға байланысты болады.

Жақсы ойластырылған жедел іздестіру шаралары мыналарды:

қылмыс жасау құралдарын және заттай дәлелдемелерді ашуға;

ұрланған құндылықтарды табуға;

іс бойынша маңызы бар материалдар мен құжаттарды анықтауға;

мүмкін болған куәларды, қылмыс жасаған адамдарды, олардың байланыстарын, қылмысқа қатысушыларды және т.б.анықтауға көмектеседі.

Тергеушінің тапсырмасы бойынша жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексеру кезінде прокурор мыналарға көңіл аударуы керек: бірінші, тапсырманың толық орындалуына; екінші, заңда қарастырылған барлық мүмкіндіктерді пайдалануға; үшінші, тапсырманың орындалуы мен тергеаушіге уақтылы жолдануына.

Тергеушінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру қызметиі оның тапсырмасынсыз тек бір жағдайда: егер қылмыс ашылмаса ғана жүргізілуі мүмкін екендігің ескеру қажет.

8 – тарау