
- •Оқытушы: Ускембаев к.Н.
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
- •2.Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура
- •3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
- •4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
- •5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
- •6.Қазақстан Республикасының заңдары
- •7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •1. Қр прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •2. Қр прокуратура органдарының жүйесі
- •Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
- •5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •7 Тарау Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
- •Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
Прокуратура құрылған мезеттен бастап, қадағалау қызметін жүзеге асыру функциясымен қатар басқа да ұйымдастыру сипаттағы қадағалау қызметіне байланысты қызметтер жүктелді. Олардың ішінен құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес үйлестіру жұмысын атап өту керек.
Бұл бағыттағы қызметтің мазмұны, мәні және құқықтық реттелуі прокуратураның даму процесінде әр түрлі себептерге байланысты өзгертілді. Жаңа Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңінде прокуратура үйлестіру өкілеттілігінен тіпті шектетіліп қалды. Дегенмен, бірнеше уақыт өткен соң, үйлестіру жұмыстары бойынша құқық қорғау қызметтерінің функциясы ҚР «Прокуратура туралы» 21.12.95 ж. Заңымен қалпына келтірілді.
Прокуратураларға үйлесімдеу өкілеттіктерін беру – жасалған қылмыстар, оларды ашатын тергеу сапалылығы, қылмыс жасауға икемдейтін себептер мен жағдайлары, қылмыстық істер сотта қаралуы туралы кең және объективті ақпараттардың болуына байланысты.
Прокуратура заңдардың орындалуын қадағалауын жүзеге асырып, жедел іздестіру, алдын-ала анықтау және алдын ала тергеу жұмыстарын атқарып жүрген және оларды жоюға бағытталаған тергеу шараларын қолданатын органдар қызметіндегі кемшіліктерін айқындауға мүмкіндіктері бар. Тексеріс барысында прокуратура органдары қылмыс жасауға жағдай тудыратын заңдар бұзушылығын әшкерелей алады. Бұдан басқа, прокуратура билік органдарымен қарым-қатынасында «тік» және «көлденең» байланыстырушы тізбек рөлін атқара отырып, өз өкілеттілігі күшімен қылмыстыққа қарсы күрес бойынша үйлестіру жұмысын ұйымдастыру үшін ең сәйкес келетін мемлекетттік-құқықтық орган болып шықты.
Үйлестіру мәні ортақ мақсатқа жетудегі түрлі органдардың өзара келісімділігінен құралады. Қылмыспен күресу бойынша ортақ мақсат пен міндеттері бар құқық қорғау органдары: прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы қызметі және басқалары белгіленген биліктерінің шеңберінде бір-бірінен тәуелсіз, өзіндік нысандары мен әдістерімен өз қызметтерін атқарады. Қылмыстық көрініске тиісті бөгет құру үшін құқық қорғау жүйесіндегі барлық органдардың күштері мен келісілген әрекеттерін біріктіру талап етіледі, бұның барлығы жұмыстарды үйлесімдеу арқылы іске асады.
Заңға сәйкес (12 б) ҚР Бас прокурор мен оған бағынышты прокурорларға құқық қорғау органдардың қылмысқа қарсы күресу бойынша жұмыстарын үйлесімділеу рөлі беріледі, яғни қылмыстарды айқындау, ашу, тергеу, алдын кесу, басқа құқық қорғау ұйымдарымен бірігіп келісілген қылмыстарды әшкерелеу, ашу, тергеу, жол бермеу шараларын қолдануды өндіру мен өткізудің ұйымдастырушысының рөлі беріледі.
«Үйлестіру» терминімен тығыз байланысқан «өзара іс-әрекет» ұғымы кеңірек түсінік береді. Ол үйлестіру қызметімен қатар жиі қолданылады, бірақ өз мазмұны бойынша басқа түсінік береді.
Кез келген нақты біріккен жұмыс қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің негізінде құрылады, дегенмен, барлық өзара іс-әрекеттер қатаң реттелген, келісілген және регламенттелген сипатта емес. Өзара іс-әрекет (үйлестіруден айырмашылығы) кезінде олардың қатысушылары ереже бойынша құралдар мен күштерін бөлу, біркелкі шараларды қолдану, ұсынылған іс-шараларды орындау үшін сұраныс белгілеу бойынша міндеттемелер болмайды, ал ең алдымен бастысы - өзара іс-әрекеттерді ұйымдастыру бойынша өкілеттілігі бар арнайы қатысушы бөлінбейді.
Қылмыспен күресу саласындағы соттармен және әділет органдарымен прокуратура органдарының және тағы басқа құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекеттері дәл осы мағынада түсініледі.
Прокуратура туралы заңда және ҚР ҚІЖК нормалары және басқа да нормативтік құқықтық нормаларда бекітілген қағидаларға сәйкес, прокуратура органдарының және тағы басқа құқық қорғау органдарының үйлестірілуі жүзеге асады.
Аталған Ереже нормаларына сәйкес, заңдылықты сақтау, сұрақ қою және ұсыныс жасау, ұсынымдар мен шаралар құрастыру кездерінде қызметтегі барлық қатысушылардың теңдігі негізінде, келісілген шешімдерді орындаған кезде қолданыстағы заңнамамен берілген өкілеттілік шегінде әр құқық қорғау органдарының дербестігінен үйлестіріу құралады.
Онымен қоса қаншалықта адамның және азаматтың құқығы мен бостандығы, мемлекеттің және тағы басқа заңмен қорғалатын құпиясы туралы ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін шараларға сай жүргізілсе, соншалық мөлшерде үйлестіру қызметі ашық өткізіледі. Әр құқық қорғау органдарының басшысы – келісілген шешімдердің орындалуына жауапты болады.
Басқа талаптардың қатарына осындай үйлестіру қызметтің үзіліссіз және үнемі болуы, қылмыспен күресудің аса маңызды және мәнді бағыттарын жүзеге асыру, бірлескен арнайы операциялар өткізген кезде жасырын әрекетін кепілді қамтамасыз ету, жалпы мүдделерге жекесі (ведомстволық) бағыну талаптары да жатады және т.б.
Қылмыспен күресу нәтижелілігін арттыру мақсатында үйлестіру қызметін жүзеге асыру жөнінде Ережеде анықталған.
Көрсетьілген мақсаттарға жету үшін жұмыстың қосарлылығы мен қайталанушылығын жою, қылмыстарды дер кезінде айқындау, ашу, тергеу және ескерту бойынша заңдылықты қатаң сақтай отырып, қылмыстарды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жоюда қылмыспен күрес органдарының күш біріктіруін болжайды.
Құқық қорғау органдардың үйлестіру жұмысы қылмыстылық жағдайы мен оның құрылымы мен динамикасын жан-жақты талдау, даму үрдісін болжау, қылмыстарды айқындау, тергеу, ашу, ескерту және алдын кесу тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Федералдық және аймақтық қылмыспен күрес бағдарламасын орындау, басқа мемлекеттік органдармен, ғылыми мекемелермен бірігіп, қылмысты және тағы басқа құқық бұзушылықты ескерту бойынша шараларды құрастыру, құқық қорғау қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау, қылмыстық көріністермен күресу бойынша қызметін құқықтық реттеуін жетілдіру жоғарыдағы абзацтағы әрекеттердің нәтижелері болып табылады.
«Координация» (латынша! Сөздің этимологиялық ой түсінігі келісуді білдіреді (бірігіп реттелген!. Қылмыспен күрес органдарының қолдануына қатысты бұл қылмыспен және тағы басқа құқық бұзушылықпен күресудің аса көкейтесті мәселелері бойынша бірлескен шаралар құрастыру және тәжірибелік тұрғыда өткізуді, заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекітуді білдіреді.
Құқық қорғау органдарының және олардың қатарындағы ішкі істер органдары, прокуратуралар, соттар және әділет органдары алдында қылмыспен күресу және оларды тудыратын себептерін жою бойынша күрделі және жауапты міндеттер тұр. Әр қылмысты тез және толық ашуды қамтамасыз ету үшін, әрқайсысына қылмыстық іс толық жүргізу үшін, объективті, жан-жақты тергеу жасаған қылмыстың жазасынан құтылмауын ұйымдастьырк үшін, сонымен қатар заң талаптары мен қылмыстық іс жүргізу құқықтық нормаларын сақтай отырып, барлық құқық қорғау органдарының жұмыстарының келісілген, үйлестірілген жұмыс қажет. Дәл осындай жұмысты жүзеге асыру жалпымемлекеттік міндет болып табылады.
Құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру олардың жұмыстарындағы алалық пен қосарлылығын жоюға, ке келген құқық бұзушылықпен күресудің біркелкі майданын құруға, жазалау және көндіру құралдары арқылы тәрбиелеу және сендіру әдістерінің үйлесуін табуға мүмкіндік береді.
Бұл бағыт елдегі қылмыстың тез өсуі және онымен күрес қажеттілігімен тікелей байланысты.
Прокуратура органдары басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қазіргі заманғы динамикасын зеределейді, қылмыстың жағдайы мен себептерін, қылмысты ашу мен ескертк жөнінде келісілген іс-шараларын құрастырады және өткізеді.
Құқық қорғау органдарындағы үйлестіру жұмысы болып жатқан процестерді терең және жан-жақты бағалауға, жалпы теріс өрдістерді, бірінші кезекті назар аудару мен күш салуды талап ететін мәселелерді айқындауға, біркелкі бағалау мен әдісті өндіру мәселелері, келісілген шараларды дер кезінде іске асыруына мүмкіндік береді.
Үйлестірудің маңызы ең алдымен әрдайым, өз уақытында ақпараттар алуында, біліктілік ой алмасуында, қылмыспен күрес ұйымдастырудағы ең өзекті сұрақтарды бірігіп талқылауында, қабылданған шешімді орындау үшін өзара келісілген шаралар мен қадағалаудың тұрақтандыруында.
Белгілі болғандай, бұл факт құқық қорғау органдарындағы қылмыспен күрестің тиімділігін арттырудағы ұлттық, аймақаралық, трансұлттық дәрежеде іс-әрекетті нақты үйлестіру көмектеседі.
Бұл жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, республикада Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының мынадай құрамды үйлестіру кеңесі құрылды: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, қаржы полиция агенттігі, қаржы вице-министрі, салық инспекциясының төрағасы, ҚР қаржы министрінің кедендік комитетінің төрағасы, Үйлестіру кеңесінің төрағасы, ҚР Бас прокуроры болып табылады. Оған осы Кеңестің қызметін ұйымдастыру жұмыстары жүктеледі, ал жергілікті жерлерде осы жұмысты облыс, қала, аудандардың прокурорлары жүргізеді. Басқару және жұмысты үйлестіру үшін ҚР құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің ережесі бекітіледі. Онда нақты мақсаты мен міндеттері белгіленген.
ҚР прокуратурасы туралы заңында секілді үйлестіру туралы ережесінде, үйлестіру жұмысы қатысушылары болып табылатын құқық қорғау органдарының толық тізімі жоқ. Сонымен қатар, төменде берілген қызметтердің біреуін болса да іске асырған мемлекеттік органдар: алдын ала анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, жедел-іздестіру жұмысы және қадағалау – жалпы қабылданған теория мен іс жүзінде осы қызметтің қатысушылары қатарына жатады. Осыны қорытындылай келе, ҚР үйлестіру жұмысының қатысушылары прокуратура органдарынан бөлек, ішкі істер органдары, салықты жөнелту қызметі, кедендік орган, әділет органдары, қаржы министрі, сонымен қатар үйлестіру қызметіне жатпайтын органдардың соттар және сот органдарының ерекше мәртебелі судьялары жатады. Жергілікті жерлерде құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы күресті облыстардағы прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар атқарады. Үйлестірушілер құрамына әскери және басқа да мамандандырылған прокурорлар және құқық қорғау органдарының жергілікті облыс басшылары кіреді.
Қр прокуратурасының орталықтандырылған құрылымына сәйкес, орталық және жергілікті деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бойынша прокуратура органдары өз өкілеттіліктерін жүзеге асырады. Басқа қатысушылар құқық қорғау органдарының басшылары тиісті құқық қорғау істерін жүргізеді.
ҚР прокуратурасының орталықтандырылған құрылымына сәйкес, оның органдары өкілеттілігін орталық және жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары іске асыра алады.
Үйлестіру жиналысы осы органдардың барлық бағыттағы жұмыстарын орындауға міндетті. Орталық құқық қорғау органдары басшылары әр түрлі құқық қорғауға қатысты сұрақтары бойынша шешімдер қабылдайды.
ҚР Бас прокуратурасы Еуропа елдері және бүкіл әлемдегі халықаралық қатынасты құқық қорғаудағы күрес саласы бойынша тәжірибесімен алмасады.
Бұдан басқа, ҚР Бас прокуроры ТМД прокурорларының үйлестіру кеңсңнің мүшесі болып табылады және оны РФ Бас прокуроры басқарады. Осы Кеңес шеңберінде прокуратура органдарының ынтымақтастығы іске асады, оның құрамына кіреді. Заңдылықты қамтамасыз ету саласында қылмыспен күресу және басқа да құқық бұзушылықты болдырмау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіру.
Құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу қызметін үйлестіруші рөлін аймақтар деңгейде облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар атқарады, ал үйлестірушілер құрамына әскери және мамандандырылған прокурорлар, облыс аумағында орналасатын құқық қорғау органдары прокурорларының басшылары енеді.
Онымен қоса, қажет болған жағдайда, прокуратура органдары аймақаралық үйлестіруді іске асра алады. ҚР Бас прокуратурасының нұсқауымен бұл негізде ереже бойынша үйлестіру өкілеттілігі облыстардың бірінші прокуорына беріледі, ол үйлестіру жұмысына қатысуға міндетті.