Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
95
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалаудың нәтижелілігі көбінесе жұмыстың қалай ұйымдасқанына байланысты болады. Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын ұйымдастыру – жалпы прокуратура жұмысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі болып табылады және ол прокурорлық кадрларды таңдап алу, орналастыру, біліктіліктерін арттыру, олардың қызметтерін үнемі жүйелеу, оларды барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, ақпараттарды жинау және талдау, прокуратура жұмысын талдау және оған баға беру, жұмысты жоспарлау, жоспарлардың орындалуын бақылау, заңдылықты нығайту жоспарларын орындаудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында, шұғыл қызметкерлердің, өзге де органдардың күш-жігерлерін біріктіру бойынша өзара байланыстырылған және өзара толықтырылған іс-шаралар жиынтығынан тұрады.

Прокуратураларда заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нақты прокурорлық қызметкерлерге бекітіледі. Аудан және оларға теңестірілген мамандандырылған прокуратураларда жедел құрамының штаттық санына байланысты, бұл жұмыс прокурордың бір немесе бірнеше көмекшелеріне бекітіледі. Облыс және оларға теңестірілген прокуратураларда, үлкен қалалардың прокуратураларында бұл жұмысты әр қызметкерлеріне прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттары бекітілетін заңдардың қолданылуын қадағалау басқармалары мен бөлімдері орындайды. Аудан және қала прокурорларына көмек көрсету және олардың жұмыстарын бақылауды жүзеге асыру үшін бұл басқарма мен бөлімдердің прокурорлық қызметкерлеріне төмен тұрған прокуратуралар бекітіледі. Прокуратураларда міндеттердің қалай бөлінуіне қарамастан, прокурорлар қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады, осы облыстың бағынышты прокуратураларының жұмысын бақылайды.

Заңдардың қолданылуына ойдағыдай қадағалауды жүзеге асыру үшін заңды жақсы білу және оны тәжірибеде қолдана білу, жоғары кәсіби шеберлік талап етіледі. Бұл прокурорлық қызметкерлердің біліктіліктерін үнемі арттыру қажеттілігінен туындайды.

Бірақ, заңды оқып білу үшін заңдар және басқа нормативтік актілер болуы қажет. Осыған байланысты, барлық прокуратураларда құқықпен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінеді.

Компьютер жүйесі арқылы тексерістерді ойдағыдай жүргізу үшін, яғни құқықтық актілердің заңдылығын тексеру үшін прокуратураларда тиісті әдістемелер болуы тиіс. Әдістемелерді әзірлеу және олармен прокурорларды қамтамасыз ету жұмысты ұйымдастыру элементтерінің бірі болып табылады. Мұндай әдістемелерді әзірлеуге ҚР Бас прокуратурасының, кейбір кезде төмен тұрған прокуратуралар қызметкерлері қатысады, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту проблемасы, прокурорлық және тергеу, аймақтық оқу орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру НИИ ғалымдары мен оқытушылары қатысады.

Заңдардың сақталуын қадағалау жұмысын ұйымдастырудың маңызды элементтері заң бұзушылық туралы ақпарттарды жинау, талдау және ол бойынша жұмысты жоспарлау болып табылады. Себебі, заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша прокуратура алдында тұрған міндеттерді орындау құқық бұзушылықтардың қалпын, құрылымы мен динамикасын және құқық бұзушылыққа негіз болатын көптеген жағдайларды жүйелі түрде талдауға мүмкіндік тудыратын заңдардың бұзылуы жайында толық және объективті ақпаратты қажет етеді. Заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ақпаратпен қамтамасыз ету ұғымына оны іске асыру барысында түрлі мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау жатады. Прокурорлар үшін заң бұзушылықтар туралы мәліметтер үлкен қызығушылық тудырады. Прокурор мұндай мәліметтерді алғанда белсенділік көрсетуі тиіс.

Заң бұзушылықтар туралы ақпараттардың шығу көзі прокуратураға түсетін азаматтардың жазбаша немесе ауызша өтініштері (шағымдар, арыздар); кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар басшыларының, кәсіпкерлердің, фермерлердің және басқа заңды және өзге тұлғалардың прокуратураға беретін өтініштері, құқық қорғау органдары мен бақылаушы органдардың құқық бұзушылықтың жасалғандығы және олар бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы хабарламалары. Заң бұзушылықтар туралы мәліметтер, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық іс құжаттарында, прокурорлық тексеріс материалдарында, қылмыстық істер бойынша тергеушілермен енгізілетін ұсыныстарда да болады.

Түрлі ақпараттар салық инспекциялары мен полицияларында, жер ресурстары мен жерге орналастыру жөніндегі комиттерде, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында және қоғамдық өмірдің белгілі бір саласында қатынастарды реттейтін заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін іске асыратын арнайы құзыры бар басқа да мемлекеттік органдарда болады. Сондықтан, прокурорлар мұндай органдардан тиісті матералдар мен мәліметтерді сұратып алу немесе бұл органдарға тікелей бару жолымен, негізінен мынадай ақпарттарды алады:

  • олармен анықталған заң бұзуылықтар, олардың себептері мен оларға мүмкіндік тудыратын жағдайлар туралы;

  • мұндай заң бұзушылықтар жасау нәтижесінде келтірілетін залалдар туралы;

  • заң бұзушылықтарды жою немесе алдын алу бойынша қабылданған немесе қабылданып жатқан шаралар туралы, әкімшілік немесе басқа жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар мен азаматтар туралы;

  • заң бұзушылықтармен келтірілген залалды өтеу туралы соттарға берілген талап арыздардың саны мен сомасы туралы;

  • қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін прокуратура немесе басқа құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың саны туралы және т.б.

аталған органдарда әдетте, болашақтық немесе ағымдағы жоспарлар немесе өздерінің жұмыстары жайлы бағдарламалары болады, бұлармен прокурор танысып және жұмысын сол жоспарлық құжаттарға сәйкестіріп ұйымдастыруы керек.

Заң бұзушылықтар туралы көптеген мәліметтер Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, қаржы полициясы мен салық инспекциясы қызметтерінде, ҚР мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден комитетінде болады. Аймақтардағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы көптеген және жан-жақты ақпараттар өкілдік және атқарушы билік органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында болады.

Қоғамдық өмірдің белгілі бір саласындағы қатынастарды реттейтін заң бұзушылықтар туралы мәліметтер жиынтығын прокурорлар ҚР Экономика министрлігінің статистика жөніндегі ҚР Агенттігінің аймақтық органдарынан ала алады. Қаралған және қанағаттандырылған талаптардың саны мен сомасы туралы мәліметтерді сот органдарынан алуға болады. Бұдан басқа, әкімшілік жаза қолдану құқығын иемденген соттарда, сондай-ақ жергілікті әкімшілік және өзге органдар жанындағы жергілікті әкімшілік комиссиялардан прокурорлар әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны туралы мәліметтерді алады. мемлекеттік стандарт талаптарының сақталмауы туралы мәліметтер стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі ҚР Мемлекеттік комитетінің аймақтық органдарында болады. Банктік, қаржы және салық органдарында әкімшілік жаза қолдану құқығын иемденген соттар мен органдардың шешімдері бойынша кінәлі адамдардан түскен қаражаттар туралы мәліметтер болады.

Заңдардың сақталуын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде заң бұзушылық туралы прокурорға қажетті ақпарат түрлі қоғамдық ұйымдардан алынуы мүмкін. Тиесілі ақпараттарды прокурорлар қылмыстық істерді оқу және тергеу кезінде, соттарда қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде алады.

Жұмыс топтарымен және басқа топтармен, тұрғылықты жерлері бойынша азаматтармен, кәсіподақтық органдары жұмыскерлерімен кездесуде, келушілерге қабылдау жүргізуде, өкілдік және атқарушы билік органдарының жұмыстарына қатысуда, түрлі мәжілістер мен жиналыстарда прокурорлар заң бұзушылықтар туралы ақпарат алады. Прокурорлардың құқық қорғау және бақылаушы органдармен, басқарма және билік органдары басшыларымен, депутаттармен жан-жақты байланыстары заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалаудың ақпараттық базасын толықтыруға негіз болады.

Заңдардың орындалуын қадағалауды іске асыру кезінде қолданылатын барлық оңтайлы, озық тәжірибелер, сондай-ақ прокуратура жұмысын жетілдіруге бағытталған ғалымдар мен практиктер әзірлеген ұсынымдар таратылуға және барлық прокуратуралардың жұмыс тәжірибелеріне енгізілуге жатады. Озық тәжірибені тарату және ғылыми ұсынымдарды тәжірибеге енгізу – жұмысты ұйымдастыру элементтерінің бірі болып табылады.

Адам және азаматтың, зкаңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде оны есепке алуға аса көңіл бөлінеді, себебі дұрыс реттелген есеп жасалған жұмысты қарап білуге көмектеседі, орындалған жұмыстың көлемі мен белгілі бір мөлшерде сапасын, жіберілген кемшіліктерді көрсетеді және оларды бағалауға мүмкіндік береді, шұғыл және статистикалық есепті жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы».-Алматы, 1997.

  2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист,2003.-153б.

  3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003 – 220б.

  4. «Жедел іздестіру қызметі туралы» ҚР заңы Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист,2003.-153б.

  5. Ақпарова Р.Н. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары.-Алматы, 1999.

  6. Алиев М.М. Прокурорский надзорв РК. Оқу әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы»,- Алматы:2002.-41б.

  7. Прокурорлық қадағалау (Жауаптар мен сұрақтар).-М.:Жаңа заңгер,1999

  8. Басков В.И. Курс прокурорского надзора.-М.:Зерцало,1999

  9. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию.-Алматы: Елимай контакт. 1997, 232б.

  10. Өтебаев Ғ.К. Мемлекеттік айыпталушының соттағы сөзі. оқулық.-алматы,2004-259б.

6- тарау