Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.

" Прокуратура тураы " ҚР Заңының 49- бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасынығ 1992 жылғы 6 шілдедегі қаулысымен бекітілген " Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында қызмет атқару туралы, Қазақстан Республикасы прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы " Ереженің 26- бабына сәйкес прокуратура қызметкерлеріне атқарған қызметіне, біліктілігіне және арнаулы қызмет стажына сәйкес кластық шендер мен әскери атақтар беріледі.

  • жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі- әскери генерал;

  • 1- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- полковнигі;

  • 2- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- лейтенанты;

  • 3- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- майоры;

  • аға әділет кеңесшісі, әділет полковнигі;

  • әділет кеңесшісі, әділет подполковнигі;

  • кіші әділет кеңесшісі, әділет майоры;

  • 1- сыныпты заңгер, әділет капитаны;

  • 2- сыныпты заңгер, әділет аға лейтенанты;

  • 3- сыныпты заңгер, әділет лейтенанты;

  • Кіші заңгер, прапорщик, мичман.

" Прокуратура туралы " ҚР заңының 4- бабындағы 2) тармақшасына сәйкес прокуратура органдарының сыныптық шендер мен әскери атақтар бәрілген қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамассыз етіледі.

Нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері, нысанды киімді киіп жүрудің тәртібі және қамтамассыз ету нормасы, сондай- ақ сыныптық шендері немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртібі ҚР- ның Президенті бекіткен Прокуратуіра органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгіленеді.

Сыныптық шендері мен әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендері үшін қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлық ақы белгіленеді.

" ҚР- сы прокуратура органдарына қызмет атқару туралы, ҚР- сы прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы " Ереженің 27- бабына сәйкес кластық шенді немесе әскери атақтағы арнаулы қызмет стажына сәйкес оң міңездеме болған жағдайда беріледі.

Аталған Ереженің 28- бабы прокуратура органдары қызметкерлеріне лауазымдарына сәйкес тиісті қызметтер, кластық шендер және әскер атақтар беруді белгілейді:

Жоғарғы дәрежелі мемлекеттік Қазақстан Республикасының

Заң кеңесшісі Бас прокуроры

1 дәрежелі мемлекеттік заң Бас прокурордың бірінші

Кеңесшісі; заң генерал- полковнигі орынбасары

2 дәрежелі мемлекеттік заң Бас прокурордың орынбасары

кеңесшісі; заң генерал- лейтенанты

3 дәрежелі мемлекеттік заң Облыс прокуроры және оған

Кеңесшісі; заң генерал- майоры теңестірілген прокурорлар,

Бас прокуратура басқарма

бастықтары

Аға заң кеңесшісі, заң полковнигі Бас прокуратураның басқарма,

бөлім басьықтары және олардың

орынбасарлары; Бас прокурордың

аға көмекшілері; Республика

әскери прокурорының орынбасар-

лары, аға көмекшілері, бөлім бас-

тықтары, штат саны 8 офицерден

кем емес гарнизондардың, бірлес-

тіктердің әскери прокурорлары;

Бас прокуратураның ғылыми меке-

мелері мен оқу орындарының

басшылары және олардың орынба-

сарлары; Облыс прокурорлары мен

оларға теңестірілген прокурорлар-

дың орынбасарлары; қалалардың-

облыс орталықтрының прокурор-

лары

Заң кеңесшісі, заң подполковнигі 1. Бас прокуратураның басқармала-

ры мен бөлімдерінің аға прокурор-

лары және прокурорлары

2. Басқармалардың, бөлімдердің,

гарнизондардың әскери прокурор-

лары гарнизондардың әскери проку-

рорының көмекшілері және ірі әске-

ри прокуратураларыдың бөлім бас-

тықтары

3. Облыс прокуратулары мен оларға

теңестірілген прокуратулардың

басқарма және бөлім бстықтары,

олардың орынбасарлары

4. Облыс прокурорлары мен оларға

теңестірілген прокурорлардың

аға көмекшілері

5. Қаланың, ауданның прокурорла-

ры, оларға теңестірілген прокурор-

лар

6. Бас прокуратураның ғылыми

мекемелері мен оқу орындарының

кафедра, лаборотория, сектор, бө-

лім меңгерушілері, ғылыми хатшы-

лары

Кіші заң кеңесшісі, заң майоры 1. Облыс прокурорлары мен оларға

теңестірілген прокурорлардың

көмекшілері

2. Облыс прокуратулары мен олар-

ға теңестірілген прокуратуралардың

басқармаларының, бөлімдерінің аға

прокурорлары және прокурорлары

3. Гарнизондар мен құрамалардың

әскери прокурорларының аға

көмекшілері

4. Бас прокуратураның оқу

орындарының аға оқытушылары

-1 дәрежелі заңгер, заң капитаны Бас прокуратураның оқу орын-

-2 дәрежелі заңгер, заң аға лейтенанты дарының оқытушылары, қала,

-3 жәрежелі заңгер, заң лейтенанты аудан прокурорлары мен оларға

-кіші заңгер, прапорщик, мичман теңестірілген прокурорлардың

аға көмекшілері және көмекші-

лері. Аттестациядан өткен маман-

дар.

Тәртіп пен аттестация мерзімдерін ҚР- сы прокуратура органдарында қызмет атқару туралы, прокуратура қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы Ереженің 10- бабына сәйкес Бас прокурор белгілейді.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке қауіпсіздігін қамтамассыз ету және қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін прокурор мен тергеуші белгіленген тәртіпте табельдік қару- жарақ пен басқа арнаулы құралдары алып жүруге құқықты.

Қару- жарақ пен арнаулы басқа құралдары беру тәртібін Бас прокурор анықтайды.

Әскери қызмет жағдайларынан шыға отырып, әскери прокуратура офицерлерінің құқықтары мен міндеттері заңмен анықталады.

14- бапқа сәйкес прокурорлық- тергеу қызметкерлеріне емделуге, қайта дайындау біліктілігін арттыруға сайланбалы лауазымға сайлауына байланысты жұмыстан босауына, басқа жерге көшуіне, қызметтік іссапарға шығуына байланысты және басқа жағдайларда заңдарда белгіленген кепілдіктер мен үстемақылар тарайды.

Қызметтік іссапарда жүргенде прокурорлар мен тергеу қызметкерлері қонақ үйден кезексіз орын алуға құқықты.

Қызметкер өз міндетін бұзған жағдайда немесе прокуратура органдарының беделін түсіретін теріс қылықтар жасағанда ол белгіленген ретте тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Бағынышты қызметкер әрбір тәртіптік теріс қылық көрсеткен жағдайда тікелей жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған басшыға дереу баяндауға тиісті.

Жұмысқа қабылдауға өкілеттігі бар прокурор тәртіптік жаза қолдануға құқықты. Кез келген қызметкерге қатысты тәртіптік жазаны Бас прокурор қолданылады.

Тәртіптік жаза қызметкердің кінәсінен өзіне жүктелген міндеттерін мүлде орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны әкімшілік немесе басқа әдепсіз теріс қылықтар жазағаны үшін беріледі.

Ереженің 18- бабы тәртіптік жазардың түрлерін белгілейді:

  1. Ескерту.

  2. Сөгіс.

  3. Қатаң сөгіс.

  4. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертпе.

  5. Қызметін, кластық шенін немесе әскери атағын төмендету.

  6. Прокуратура органдарынан жұмыстан босату.

  7. Жұмыстан босатумен қатар кластық шенінен немесе әскери атағынан айыру.

Кластық шендерін немесе әскери атақтарын ҚР- ның Президенті берген адамдардың кластық шенін ( әскери атағын ) төмендетуден басқа барлық жағдайларда Бас прокуор тәртіптік жазаны толық көлемде қолдануға құқықты.

Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кластық шенді ( әскери атағын ) төмендетуден басқа барлық жағдайларда өзі тағайындаған адамдарға тәртіптік жазаны толық көлемде пайдалануға құқықты.

Егер жасалған теріс қылықтың деңгейіне қарай тиісті тәртіптік жаза шаралары осы прокурорға берілген құқықтар шеңберіне кірмесе, ол жоғары тұрған прокурорға ұсыныс енгізеді.

Тәртіптік жаза теріс қылық байқалған күннен бастап бір айға дейігі мерзімде беріледі, оған қызметкерлердің ауырған және демалыста болған уақыты кірмейді.

Теріс қылық жасалған күннен кейін алты ай өткен соң тәртіптік жаза қолдануға болмайды.

Берілген тәртіптік жазаның орындалуын шағымдану тоқтата алмайды.

Теріс қылық жасаған қызметкер кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда еңбекақысы сақталып, қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілуі мүмкін.

Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа Бас прокурорға шағымдануға болады. Шағымдану берілген тәртіптік жазаның орындалуын тоқтата алмайды.

Прокурорлық қызметкерлер қызметтік парызын үлгілі орындағаны және басқа қызметтегі ерекшеліктері үшін мадақталады.

Ереженің 25- бабына сәйкес прокуратура органдары қызметкерлерін мадақтау шаралары:

  1. Алғыс.

  2. Айлық жалақысына дейінгі мөлшерде ақшалай сыйлық.

  3. Қызметтегі озаттығы үшін құны екі жалақыға дейіңгі ақшалай сыйлық.

  4. кластық шенін немесе әскери атағын көтеру.

  5. " ҚР- сы Прокуратурасының құрметті қызметкері " төске тағатын белгісімен наградтау.

Сіңіргеннңбегі үшін прокуратура қызметкерлері " ҚР- сының еңбек сіңірген заң қызметкері " құрметті атағын беруге жататын басқа наградаларға ұсынылуы мүмкін.

" ҚР- сы Прокуратурасының құрметті қызметкері " төске тағатын белгісі туралы ережені және онымен наградтау тәртібін Бас прокурор белгілейді.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау.

  1. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын прокурорлық қадағалау – дербес және прокурорлық қадағалау саласындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

Осы сала дәстүрлі «жалпы қадағалау» деп аталатын, ол қарастырылып отырған саланы прокурорлық қадағалаудың басқа арнайы салаларынан шек қоюға мүмкіндік беретін. Прокурорлық қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада «жалпы қадағалау» термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының жұмыскерлерін құрастыру кезінен қалыптасып, бұрынғысынша солармен қолданылады.

Қарастырылып отырған салада барлық прокурорлар топтары жүзеге асыратын ҚР прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеті аса бет-бедерлі белгіленеді. Тап сонда Қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті негізін – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету бойынша тікелей көрінісі бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын пркурорлық қадағалау, басқа мемлкеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен міндеттері бар.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын пркурорлық қадағалау саласының мәні ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 28 б. анықталған.

1.«Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комитеттердің, қызметтердің және атқарушы биліктің өзге орталық органдарының, өкілетті (заңды) және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери басқару органдардың, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының, басқару органдары мен нысанына қарамастан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басшыларының өзге де нормативтік актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалауды іске асырады». Прокурорлық қадағалаудың осы бағыттарының өзгешелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты құқықтық саласында анықталады.

2.Жоғары аталып кеткен «органдармен шығаратын (қабылдайтын) құқықтық актілер заңға сәйкес келетіндігін қадағалау».

Осы мақаланы сипаттай отырып прокурорлық қадағалаудың осы бағытын, ҚР-дағы азаматтар және адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласы бойынша заңдылық сақтау жөнінде прокурорлар қадағалайтын барлық органдар аталмаған қорытындысын атап өту керек.

Аталып кеткен органдардың міндеттемелеріне ҚР аумағында қолданылып жүрген заңдарды дәл орындау жүктелгеніне байланысты және оларды орындамаған кезде немесе дұрыс емес орындамағандықтан адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалар мен мемлкет мүдделеріне қысым жасалса, кімнің қарамағында болғанына және меншік нысанына қарамастан, осы органдар мен ұйымдар прокурорлық қадағалау өрісі тізімінен алып тастануы мүмкін емес.

Осы мақалада қадағалау субъектілері ретінде азаматтар қарастырылмайды. Сол шақта заңдарды дәл орындау талаптары азаматтар алдына қойылады. Азаматтар заң бұзушылық жасаса прокуратура органдары заңмен белгіленген жазалау шараларын қолданады. Осыдан, егер азаматтар заң бұзушылыққа барса, олар прокурорлық қадағалаудың субъектілері болады.

заңдар орындалуын прокурорлық қадағалау саласына ҚР Жоғарғы Соттың Пленарлық мәжілісінің нормативті қаулылары да кіреді. Прокурорлар ҚР жасалған немесе оларға қосылған екіжақты және көпжақты халықаралық шарттардың және тағы басқа халықаралық актілердің орындалуын қадағалайды. Онымен қоса ұлттық заңнама халықаралық заңнамаға сай болу қажеттілігін ескере отыру тиіс.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласының мәні ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 28 б. Анықталған, олар мынадай болып келеді:

1)«Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау құқықтық актілердің және органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттері заңнамаға сәйкес болу керек »;

2)кез келген заң бұзушылықты айқындау, осындай заң бұзушылыққа мәжбүр болған себептер мен жағдайларын жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.

Прокуратура басқа мемлекеттік органдардың орнын баспайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұқпайды.

Басқа мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау мен бақылаудан осы прокурорлық қадағалау түрінің айырмашылығы заңдар бұзушылық туралы ақпарат прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі болып табылады. Осындай ақпартқа ие болып, прокурор заң атқарушылық тексерітерін ткізеді және басқа да қадағалау әрекеттерін жасайды.

Басқа салалармен салыстырғанда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласы, анықтау мен тергеу, соттар және сотпен тағайындалған жазалауды атқаратын органдардан басқа, заңдардың көбін қамтитын аса кең және көп қырлы сала болып табылады. Осы сала өте күрделі және ауыр сала болып табылады.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласы - өкілетті және атқарушы өкімет органдары, бақылау органдары, кәсіпорынар, мекемелер және ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар заңдарды біркелкі түсініп, бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Осы мақсат белгілі даму кезеңдерінде қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерге бейімделіп, прокурорлық қадағалауды ретейтін заңнамада анықталады. Осы қадағалау қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті негізін – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету болып табылады. Заңдар орындалуын прокурорлық қадағалаудың негізгі мақсаты дәл осында.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың маңыздылығының себепшісі – заңдарды бұлжытпай орындайтын, әсіресе мемлекеттік басқару және бақылау, құқық қорғау органдарының, мемлекет алдында тұрған міндеттерді орындаудың маңызы ерекше мәнді болады. Бірінші кезекте, осы органдарға халықтың өмір деңгейін көтеруге бағытталған заңдарды өмірге өткізу міндеттемелері жүктелген, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заңдылықты және құқықтық тәртіпті бекіту.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырып, прокурорлар онысымен ҚР рыногтық мемлекетін қалыптасыуна, б.а. әлеуметтік– экономикалық және тағы басқа реформаларды өткізуге жәрдем етеді.

Ақырғы уақыттарда, қылмыстық өсумен байланысты, қылмыстардың алдын алудың алғаш құралы ретінде заңдар орындауына прокурорлық қадағалаудың рөлі өсуде. Қадағалауды жүзеге асырып, прокурорлар тек қылмыстарды айқындаумен шектелмейді, ерекше маңыздысы, олар қылмысқа айналатын немесе қылмыс жасау мүмкіндігін туғызатын құқық бұзушылықты айқындайды. Барлық аумақтық және мамандандырылған прокуратураларға қатысты прокурорлық қадағалаудың нақты міндеттері ҚР Бас прокурордың, оның орынбасарларының, облыс прокурорларының бұйрықтары мен нұсқауларында анықталады. Осы актілердің ішінде «әлеуметтік экономикалық саласында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қолдануына, сақтауына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» нұсқау ерекше орын алады. Ерекше алғанда, ҚР Бас прокуроры қадағалаудың басым бағытын былайша анықтайды:

  • Нормативтік құқықтық актілер Конституцияға, ҚР Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес келуі;

  • Мемлекеттік органдардың адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостагдықтарын сақталуы;

  • Қоғамдық және діни бірлестіктердің және де бұқаралық ақпарат қызметтерінің заңдылығы.

Заңдарды орындау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың жалпы түрдегі міндеттері мыналарда:

  • Заң бұзушылық туралы түскен мәліметке байланысты, прокурор заң бұзушылықты және осыларға әкеліп соқтырған себептерін айқындау және жою шараларын қабылдау жолымен прокурордың міндетті түрде кірісуі;

  • Құқық бұзушылықтың, бірінші кезекте – қылмыстардың алдын алу заң талаптарын орындау кезінде прокурорлық қадағалаудың барлық мүмкіншіліктерін қолдану;

  • Лауазымына және мүліктік жағдайына қарамастан, құқық бұзушылық жасаған, заң алдында барлығы тең қағидасын ескере отырып, заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде бұлтартпас жауапкершілік қағидатын өмірде белсендірек өткізу;

  • Лауазымды тұлғалардың, әсіресе құқықтық актілермен заңды маңызды әрекеттер жасайтын мемлекеттік органдары басшыларының, коммерциялық ұйымдардың, кәсіпкерлердің және де азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалауға қазіргі кезеңде қойылатын талап – оның нәтижелілігін көтеру, ол оның ақырғы қорытындысы – құқықтық тәртіптің заңдылық жағдайына әсер етеді.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жетік жүзеге асыру үшін прокурорлар анық құқықтарға ие және заңда белгіленген міндеттерді атқарады, б.а. сәйкес өкілеттіктері бар. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың өкілеттіктері екі топқа бөлінеді:

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау бойынша өкілеттіктің бірінші тобы заң бұзушылық пен оларға себепкер және осыған айыпты тұлғаларды дер кезінде айқындауға бағытталған. Осы өкілеттіктер ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 29 баптың 1 бөлігінде бекітілген.

Өкілеттікті жүзеге асырған кезде прокурор мыналарға құқылы:

  1. өткізіліп жатқан тексеріс мәселелері бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғаоардың түсініктерін алуға;

  2. өызмет куәлігін көрсету бойынша бөгетсіз мемлекеттік органдардың аумақтарын бөлмелеріне және де меншіктің барлық нысанды ұйымдарына кіруге;

  3. басшылар мен басқа да лауазымды тұлғалардан заңдылық жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қажет құжаттарды, статистикалық мәліметтерді алуға;

  4. тексеріске қатысуға және қорытындысын шығаруға мамандарды тартуға;

  5. өз құзыреті шегінде прокуратураға түскен материалдардың, жүгінулердің өндірісін талап етуге;

  6. басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қарым қатынас негізінде тексеріс өткізуге тартуға;

  7. заңнамада қарастырылған басқа да тексеру әрекеттерін орындау.

Заңдылық орындауын қадағалау бойынша прокурор өкілеттігінің екінші тобы айқындалған заң бұзушылықты және оған себепкер болған жағдайды жою және де заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту болып табылады. Аталған өкілеттктер ҚР «Прокуратура туралы» Заңның 29 б. 2бөлігінде бекітілген.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:

  1. наразылық енгізеді;

  2. заңдылық бұзушылықты жою жөнінде бұйрық береді;

  3. қылмыстық іс қозғау, тәртіптік өндіріс немесе әкімшілік құқық бқзушылық туралы өндіріс қозғау жөнінде қаулы шығарады, материалды зиян келтіргеннің орнын толтыру шараларын қабылдайды;

  4. адам және азамттың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларында, тек заңдардан басқа, заңсыз актілердің әрекеттерін тоқтата тұрады;

  5. мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен салынған тыйым салу шектеу түрлі шараларын жояды және шешеді;

  6. адам және азамттың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді;

  7. бұзылған заңдылықты жою жөнінде органға және лауазымды тұлғаға ұсыным береді.

Бірақ, мемлекет өзінің әр даму кезеңінде шешетін міндеттеріне байланысты, әсіресе қоғамдық формациялар ауысу кезінде, заңнама қазір ҚР болып жатқан ең маңызды өзгерістерге ұшырайды. Жаңадан қалыптасқан қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі туды, мысалы, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру саласында, жерге иелік ету институты түйінді өзгерістерге ұшырап жатқан аграрлық салада. Осылармен байланысты жаңа заңдар қабылданады, осылардың орындалуын қадағалауын прокурорларға жүктеледі. Осы заңдар орындаудан тәуелді әлеуметтік, экономикалық, қорғаныс және тағы басқа салаларда мемлкетпен белгіленген өзгерістерді және де заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайларын өткізуден заңдарды орындауды прокурорлық қадағалаудың бағыттары анықталады. Бағыт дегеніміз белгілі салада (банктік, салықтық, аграрлық және басқа) қоғамдық қатынастарды реттейтін нақты заңды немесе бірнеше заңдардың орындауын қадағалау болып табылады.

Қазіргі кезеңде мемлекет алдында тұрған міндеттерді, қалыптасқан заң құрылымы мен прокуратура жұмысының тәжірбиесін негізге ала отырып, заңдарды орындау бойынша прокурорлық қадағалаудың мынадай бағыттары немесе салаларын бөлу қажет:

  • азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары туралы; азаматтық туралы; босқындар мен амалсыз қоныс аударушылар туралы; еңбек заңы туралы; еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде ережелерді сақтау туралы; халықтың жұмыс бастылығы туралы; денсаулық сақтау туралы; білім туралы; тұрғын үй заңы туралы; тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы; тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдардың орындалуын қадағалау.

  • Зейнетақы, жеңілдіктер туралы; нашақорлықпен күрес туралы; кәмелетке толмағандар туралы; азаматтардың өтініштері туралы заңдардың орындалуын қадағалау (әлеуметтік сала);

  • Меншік туралы; кәсіпкерлік туралы; мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру туралы; банктер мен банктік қызмет туралы; салықтар туралы заңдардың орындалуын қадағалау;

  • Сыртқы экономика қызметі туралы; кеден туралы (сыртқы экономика саласы) заңдардың орындалуын қадағалау;

  • Жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, әкімшілік бұлтартпау және алдын алу шараларын қолдану заңдылығын қадағалау.

Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына осындай көптеген прокурорлық қадағалау бағыттары (салалары) бөлінеді және олар үнемі прокурордың бақылауларында болуға тиіс.

Құқықтық актілер заңдылығын прокурорлық қадағалауға келетін болсақ, бұл жерде оларды өкілдік және атқарушы билік органдарында, сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, бақылау органдарында, әскери басқару органдарында, кәсіпорындарында, мекемелерде, ұйымдарда, сондай ақ мемлкеттік емес қоғамдық ұйымдарда шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын қадағалайтын бағыттарға бөлу керек.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру туралы, банктер және банктік қызмет туралы заңдардың барлық жерлерде жаппай бұзылуларына байланысты, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірілуде, сондықтан бұл заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау жасау аса маңызды болып табылады. Аудандық ауылдардың прокурлары үшін аграрлық (жер) заңның орындалуын қадағалау аса маңызды, себебі олардың бұзылуы көк кездесуде. Аумақтық прокурорлар тарапынан кәмелетке толмағандар туралы заңының орындалуын қадағалау ерекше назар аударуды талап етеді. Заң бұзушылықтардың аса көп таралуына байланысты, көлік прокурорлары үшін кеден заңының орындалуын қадағалау, ал табиғатты қорғау прокурорлары үшін атмосфералық ауа мен суларды қорғау туралы заңдардың орындалуын қадағалау маңызды болып табылады. Ал әскери прокурорларға келетін болсақ, олар үшін басымды қадағалау әскери қызметшілерді материалдық тұрмыстық қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктер мен қаруларды сақтау мәселелерін реттейтін заңдардың орындалуы табылады.

Өндірісте, әсіресе шағын кәсіпорындарда зақымданудың жиіліленуіне байланысты, барлық прокурорлар үшін еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі ережені сақтау туралы заңның орындалуын қадағалау аса маңызды болуда.

Атыс қаруын, сондай ақ жауынгерлік қару, халық арасында қолданылатын қаруларды бақылауға алмауға байланысты кең таралуына және қаруды, оқ дәрілерді пайдаланумен жасалған қылмыстардың көбеюіне байланысты, қару жарақ туралы заңның орындалуын қадағалау прокурорлардың бақылауында болуы тиіс. Әкімшілік жазалар қолдану құқығы берілген органдар заң бұзушылықтарға жиі жол беретіндеріне немесе олардың әрекетсіздіктеріне байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың орындалуын қадағалау да маңызды болып табылады.

Облыстық өкілдік және атқарушы билік органдарында және оларға теңестірілген звеноларда, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарында шығарылатын құқықтық актілер заңдылығына прокурорлық қадағалауға да аса назар аудару қажет. Себебі, аталған органдарда актілердің көбіне заң бұзушылықпен қабылдануы аз емес. Нәтижесінде, тиісті аймақтарда тұрып жатқан көптеген азаматтардың немесе барлық азаматтардың құқықтары бұзылады, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіріледі.

Қадағалаудың басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау туралы заңның қолданылуын қадағалау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлер прокуратура органдарына өздерінің заңды құқықтарының бұзылуы туралы арыздармен шағымдануда. Олардың құқықтарын бұзушылық негізінен, жергілікті билік органдары мен көптеген құқық қорғау және бақылаушы органдар тарапынан жіберіледі.