Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прок.docx
Скачиваний:
93
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
200.79 Кб
Скачать

2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар

" Прокуратура туралы " ҚР Заңы және ҚР Бас прокурорының бұйрығы және басқа нормативтік құқықтық актілер прокурор ( прокурор көмекшісіне ) қызметіне тағайындалатын адамдарға қатысты профессионалды, сондай- ақ рухани- әдепті сипаттағы қамтиды. " Прокуратура туралы " ҚР Заңының 48- бабына сәйкес:

Прокурорлар мыналар болып табылады:

  1. Республиканың Бас прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен кқмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, қадағалау сатысындағыпрокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары, сондай- ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.

  2. Прокуратура органдарының қызметкерлері мыналар: прокурорлар қызметіне аттестациядан өткен адамдар және тікелей ғылыми- зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргізетін прокуратура ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестацмядан өткен қызметкерлері.

  3. Әскери, табиғат қорғау, көлік сондай- ақ арнайы обьектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.

  4. Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттік қызметшілер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын- ала сұрау салынған және азаматтар міндетті арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

  5. Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақталмаған негіздер бойынша босатылған, сондай- ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиіс емес.

  6. Прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте жоғары білімі бар ҚР- ның азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

  7. Прокурорлар болып жоғарызаң білімі бар, қажетті іскерлік және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар бірге әскери қызметші болуы керек.

  8. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемінде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.

  9. Прокуратура органдарына қызметкерлері үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Аттестация тәртібін ҚР- ның Бас прокуроры белгілейді.

  10. Прокуратура органдарында қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант береді, оның мәтінің республика Президенті бекітеді.

Антты, әдетте салтанатты жағдайда, ашық жария түрде қабылдайды. Мұндай салтанатты жиынғы республика, облыс, өлке прокуратураларынын басшылары, осы прокуратуралардың алқа мүшелері, прокуратура органдарының ардагерлері қатысады. Жас маманның қолы қойылған ант оның алдағы барлыцқ қызметтері көрсетілетін жеке іс қағаздарында сақталады.Қабылданған ант болашақ прокурорларды өзінің қызметтік парызын үлгілі орындауға міндеттейді.

Аудандық, қалалық, оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурор көмекшілерінің лауазымына ерекше жағдайларда, ҚР Бас прокурорының рұқсатымен арнаулы жоғары заң білім мекемелерінде оқып жатқан адамдар тағайындалады.

Прокуратура органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби дайындығы олардың заңды бұзбауға азаматтық күшіне, әділдігіне, сатылиайтындығы мен шыншылдығына сәйкес болу керек. Прокуратура органының қызметкерлері жоғары да айтылғандай, денсаулық жағдайына қарай өте қиын жұмыстарды және өздеріне жүктелген, әсіресе қылмысқа қарсы күресте адамгершілік міндеттерді орындауға қабілетті болуға тиіс.

Прокуратура органдарының практикасында мынадай жағдайлар кездесті,өзін қорғау үшін айыпталушының келтірген дәлелдері туралы күдікті адам өтініш жасағанда, прокурорлар бір қатар жағдайда алибелерді тексерген кездерінде болды. Мынадай таптаурындар: тергеуші айыпталушыға сенбейді, өйткені ол айыпталушы, ал жәбірленушіге сенеді, өйткені ол жәбірленуші. Сондай- ақ екеуінің де көрсетпелері бірдей дәлді тексеруге және сыналуға жатады. Әсіресе бұрын сотталған немесе сот үкімімен аса қауіпті кінәлі қылмыскерлер болып танылған адамдарға қылмысқа қатысты жоқ екендігін немесе кінәсіз екендігін дәлелдеу өте қиын. Осыған байланысты, олар үшін жағымсыз жағдайлар тууы мүмкін, осы жерде тергеуші мен прокурордан шындыққа шын көзқараспен қарауларын талап етіледі.

Бұл қасиеттер эмоциялық сипаттың басқа бөлінбес жағы, яғни аяушылық сезімімен байланысты. Қылмысты тергеу кезінде не тергеуші, қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптаушыны қолдау кезінде не прокурор осы қасиеттерді ұмытпау керек. Өйткені прокурор мен тергеушінің мамандықтары адам тағдырының қасіретіне байланысты ғой: қасақана өлтіру, оның ішінде аса қатыгездікпен, ауыр зардапты зорлау, адамның шығынымен бандиттік жапқындық жасау...

Егер сот залында қатысып отырған азаматтар мемлекеттік айыпталушыны қолдайтын прокурор қаза болған адамды аямаса немесе зорланған жас қыздың жас өмірінің бұзылғаны оған бәрібір болса, тыңдаушылардың жүрегіне оның айтқан сөздері ешқашанда терең із қалдырмайды.

Кәсіби сипаттағы бірнеше ұсынымдар. Дәрігер, мұғалім сияқты заңгер де тергеуші және прокурор мамандығын бір рет және өмірлікке таңдайды, басқа қызмет саласындағыдай, бұл жерде кәсіби және өмірлік тәжірибесі болмайды. Жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы диплом алысымен прокурордың немесе тергеушінің күнделікті жұмысы басталып кетеді. Бұл ауыр және көп күш жұмсайтын және әсерлі еңбек. Юұған ертерек дайындау керек. " Прокуратура тураы " заңда тергеушілер мен прокурорларғамынадай кең көлемдегі тізбектің талаптарының қойылуы кездейсоқ емес.

Олар адамның айтқандарын мұқият тыңдау қасиеттеріне ие болуға тиіс. Көптеген прокурорлар өте жақсы және көркем тілде сөйлей алады, ол тыңдауға шыдамдары жетпейді, кейбір жағдайларда олар осы айтылғандарды орындағысы келмейді. Кейбір прокурорлар өздеріне шағымданып келіп отырған адамдарды тыңдауға шыдамдары жетпейді. Ол асығып, келушінің айтқан сөздерін бөле отырып, оны есіктен шығарып салады. Өзініз ойлап көрініз, прокурордың алдына келген осы адам қандай ауыр оймен кетеді.

Прокуратура органдарының жұмысшылары тек белгілі теориялық деңгейде ғана емес, сондай- ақ жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейінде болу керек. Қылмыстық істерді сотта қарау кезінде бұл өте маңызды. Кең жария ету жағдайында жүргізілетін сот процесі прокурордан заңдылық ұстамдылығының сотталушыға, тергеушіге, өзге де сот процесіне қатысушыларға салақтықпен, дұрыс қарамауына жол берілмейді. Прокурорлар әділ сотты іске асырушы орган ретінде сотты сыйлауға міндетті.

Прокурорлық қызметкерлер өздерінің теориялық ілімдерін толықтырып отыру керек. Бәрімізге белгілі жоғары оқу орнында алған білім он- жиырма жыл өткен соң ғана бағаланады. Заң өзгеріп және жетілдіріп отырады, сондай- ақ тергеу және прокурорлық практикада жетілдіріп отырады. Қазіргі уақыттабарлық ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі жағдайларында қылмыстарды жасау тәсілдері аса жемісті бола бастады. " Егер біліміңді күн сайын толықтырып отырмасаң, олар азаяды " деген ақиқат бар екені белгілі. Соңдықтан, прокуратура органдары жедел қызметшілерінің қызметтері жүріп жатқан жағдайда, олар өздерінің кәсіби денгейің, өз құзыреттерін және кәсіби біліктілігін арттыруға тиіс.