
- •Оқытушы: Ускембаев к.Н.
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •2 Тарау Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
- •2.Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі және прокуратура
- •3. Қр Қылмыстық іс жүргізу кодексі
- •4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
- •5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
- •6.Қазақстан Республикасының заңдары
- •7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •1. Қр прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •2. Қр прокуратура органдарының жүйесі
- •Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
- •5 Тарау - Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •7 Тарау Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •1. Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •2. Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •3. Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •4. Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •5. Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттер:
- •Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі Прокуратура органдарының сотта мемлекетмүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
ҚР прокуратура органдарында кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерімен прокуратура органдарының басшыларымен қатар. Кадр қызметінің қызметкерлері айналысады. Прокуратура органдарындағы кадр жұмыстары әр- түрлі және өздерінің ерекшеліктері бар. Кадр қызметтерінің қызметкерлері прокуратура кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеуден басқа кадр жұмыстарының есепке алу және талдау, прокуратураның жедел қызметкерлерін аттестациядан өткізу мәселелерімен айналысады; кадр резервтерімен ( бұл жұмыс жоғары оқу орындарындағы заңгер мамандығы бар студенттер арасында жиі жүргізіледі ) және ішкі кадр резервтерімен, прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.
Аудандық ( қалалық ) прокуратураларда прокуратура органдарындағы бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу бойынша алдын ала жұмвстар ғана жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту, қажетті құжаттарды ресімдеу, жеке іс қағаздарын сақтау мәселелерімен облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың, сондай- ақ Бас прокуратураның кадр бөлімшелері айналысады.
Прокуратура органдарының прокурорлары мен қызмеикерлерінің басым көпшілігі, қажетті кәсіби және жеке қасиеттерін көрсете отырып, тапсырылған учаскелерінде қайсарлықпен еңбек етеді. Дегенменде, қызметтік парызын, мемлекеттік және қызметтік тәртіп талаптарын бұзатын, сондай- ақ қызмет бабын пайдаланып заң бұзышылық жіберетін қызметкерлер де бар. ҚР Бас прокуроры өзінің бұйрықтарында, талаптарында және нұсқаулықтарында прокурорлық қадағалауға қатысушы барлық қызметкерлердің саяси жетілуін, табанды, сатылмайтын, құзыретті және әділ заңдылықты, құқықтық тәртіпті, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін нығайту бойынша талаптарды өмірге шығармашылық және мақсатты түрде келтіре алатын қабілетті болу керектігі туралы міндеттерін қойды.
Болашақ прокурорларда: неге прокурорларға осындай үлкен талап қойылды деген сұрақтар жиі туылады. Өйткені, олар ерекше түрдегі мамандар. Осы органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік билік пен басқарудың өзге орган қызметкерлеріне қаранда, оларға аса үлкен талаптар қойылады. Заң прокурорларға басқару- бөлу сипатындағы аса зор өкілеттіктер берді. Өздерінің қызметтік баптарын пайдалана отырып, заң бұзышылық жасаса, оныдұрыс пайдаланбаса ауыр зардапқа әкеп соқтырады. Прокурор қылмыстық істі қозғауға, қылмыс жасағаны үшін сезіктіні айыптауға, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын таңдауға, оның ішінде қамауға алуға, оның тұрғын жайып тінту немесе алуды, почта- телеграф жөнелтімдерін тұтқындауды, айыпталушыны атқаратын қызметінен шектеуді, телефондар мен сөйлесулерде тыңдауды орнатуды және т.б. жургізуге құқықты. Өздерінің ең кішкентай қатесі немесе заңнан атап кетуі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын маңызды шектеуге әкеп соқтыруы мүмкіндігін және де кей кезде жиі әкеп соқтыратынын, айыпталушы мен оның жақындары ментуысқандарына ауыр жара қалдырылуы мүмкін екендігін прокурорлар әрқашанда есте сақтауға тиіс.
Барлығымызға белгілі билік басындағы лауазымда адамдар жоғарлаған сайын өздерінің қызмет баптарын пайдалана отырып, заң бұзышылықтарды жиі жібереді. Бұл өмірдегі шыңдық.
Прокуратура органдары практикада соңғы уақытта дейін кең таралған құбылыс, яғни бағынышты прокурорларына тәртіптік жазаны тарту құқығы бар, прокуратура органдарының басшылары өздеріне берілген басқару- бөлу өкілеттіктерін пайдала отырып, өздерінің кәсіби қызметтерінде жіберілген қателіктері үшін; негізсіз қылмыстық істі қозғаны үшін немесе керісінше, қылмыстық істі қозғаудан бас тартқаны үшін, айыпталушының жасаған қылмыстарын заңды бағалауда қате жібергені үшін бағынышты қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану болды.
Прокуратура тарихында прокуратура қызметкерлері партия көшбасшыларынің ерік жігерін орындай отырып, заңсыздықты қорғау, билікке қиянат жасау және басқа да жалпы заң бұзышылықтардың жолына түскен жағдайлар бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда осындай заң бұзушылықтарды қайталау туралы айтуға да жол берілмейді. Бірақ заңсыз қамауға алыңған немесе негізсіз сотқа берілген адамдар үшін бұл заң бұзышылық жеке немесе жалпы сипатқа ие болатыны ешқандай да маңызды емес. Әсіресе қылмыстық сот ісін жургізу саласында заң бұзушылық мәселелерінде үлкен құрамдағы санаттармен ойлауға болмайды. Прокурордың жауаптылығы туралы мәселені қою үшін жалғыз заң бұзушылықтың өзі жеткілікті.
Егер прокурорлық кадрлар иеленетін билік- басқарушы өкілеттіліктерді олар дұрыс қолданбаса, осылауазымды адамдардың жеке тұлғасын қалыптастыруда теріс көзқарастарды туғызады. Жылдан жылға тергеуші мен прокурор қылмыстық істерді қозғайды, әр түрлі іс жургізу шараларына қатысады. Біртіндеп олар осыған үйренеді және осы іс жүргізу әрекеттерінің ауырлығы мен ерекшеліктерін байқамайды. Кейбір прокурорларда мейшршмсіздік, немқұрайлық, адамдарға көніл бөлмеу, ақталмайтын қатаңдық, және өзінің дұрыстығына сенімділік байқалады. Осындай қайта өзгерулерді болдырмау үшінм басшылық тарапынан бағынышты қызметкерлердің қызметіне қатаң бақылау жасау, ең бастысы әрбір орындалатын іс жургізу актілерін үнемі өзі бақылап отыру керек. Прокуратураның әрбір қызметкері өзінің кәсіби міндеттерін заң шеңберінде ғана емес жалпы адамдық гуманизм шеңберінде орындауға, адамдарға мейірімділікпен қарауға және кішіпейіл болуға, көңіл аударуға міндетті.
Прокуратура органдарының қызметкерлері ұстанымдылық және заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуына қарсы ымыраға келіспеушілік қасиеттеріне ие болуға тиіс. Қылмысты тергеу және ашу, заң бұзушылықты анықтау, оның ішінде кінәлі адамдарды жауапқа тарту үнемі оңайға түспейді. Ақиқат пен әлеуметтік шындықты орнату жолындағы әрекеттерге қарсы және кедергілерді прокурорлар кездестірулері мүмкін және кездестіріп те жүр.
Прокурорлар үшін тағы бір қажетті кәсіби сапа- бұл бастамашылық. Осы мамандардың еңбектері творчестволы, заңдылықты орнату үшін күресте олардың бастамашылдығымен, сыншылдығымен көп нәрсе байланысты. ҚР Бас Прокурорының 2001 жылғы № 48 " прокуратура органдарынын кадрларымен жүргізілетін жұмыстардың басымдық бағыттары туралы" бұйрығына сәйкес: " Бас прокуратураның департаменттеріне, басқармаларына және бөлімдеріне, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға, әскери прокурорларға ": іріктеу, орналастыру және кадрларды көтеру кезінде бөлімшелерді жетілген, моральдық қасиеттерге иеленетін, қазіргі талаптарға сай заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алдарынақойылған міндеттерді шешуге қабілетті құзіретті қызметкерлермен кешендеуді қамтамассыз ету. Алқа мүшелерінің, Бас прокуратураның құрымдылық бөлімшелер және облыс прокуратура басшыларының жауаптылығы мен рөлін арттыру керек. Бас әскери прокурор, облыспрокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кадр қызметінің басшылығын жеке өздері іске асыруға тиіс.