
все файлы 2 / ЕНТ география-1 / География каз / Гидросфера каз
.docГИДРОСФЕРА ТАРАУЫНА АШЫҚ ТЕСТ
6 класс
-
Жер шарының су қабығы.
-
Гидросфера және оның бөліктерін зерттейтін ғылым саласы.
-
Гидросферадағы барлық судың шамамен мөлшері.
-
Жер шарындағы тұщы судың үлесі.
-
Дүние жүзінде неше мұхит бар?
-
Жер бетінің қанша пайызын дүниежүзілік мұхит суы алып жатыр?
-
Мұхиттағы тіршілік дүниесі неше топқа бөлінеді?
-
Су физикалық қасиеттеріне қарай неше агрегаттық күйде бола алады?
-
Жер беті бөлігінің қанша шаршы шақырымы дүниежүзілік мұхит үлесіне тиеді?
-
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері.
-
Жер шарындағы ауданы жөнінен ең үлкен және ең терең мұхитты атаңыз.
-
Ауданы жөнінен ең кіші мұхит.
-
Мұхит суының қату температурасы.
-
Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын қанша км3 су буланады?
-
Тынық мұхитын ашқан испан саяхатшысы.
-
Дүниежүзілік мұхит пен Тынық мұхитының ең терең жері.
-
Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем.
-
Мұхит суын ең көп ластайтын зат.
-
Мұхит суының орташа тұздылығы қанша ‰?
-
Жер шарындағы ең кең және терең бұғазды атаңыз.
-
Ежелгі замандардан бері кеме қатынасы жақсы дамыған мұхит.
-
Тынық мұхитының алып жатқан ауданы қанша?
-
Мұхит немес теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі не деп аталады?
-
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері.
-
Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу үрдісі.
-
Дүниежүзілік мұхит суының беткі орташа температурасы.
-
Мұхит суының басты қасиеттері.
-
Құрлықтағы табиғи ойпаңға жиналған су қалай аталады?
-
Жер шарындағы ең ұзын бұғаз.
-
Дүние жүзіндегі ең үлкен көл.
-
Дүние жүзіндегі ең терең көл.
-
Зайсан, Байкал, Ыстық көлдері шығу тегі жағынан қандай көлдерге жатады?
-
Жер сілкінісінен туындайтын жойқын толқын.
-
Цунами толқындарының пайда болу себептері.
-
Толысу мен қайтудың пайда болу себебі.
-
Жасанды су қоймасы.
-
Мұхит немесе теңіз суының орташа тұздылығы.
-
Тұздылығы ең төмен мұхит.
-
Дүниежүзілік мұхиттың ең жоғары тұздылық тіркелген теңізді ата.
-
Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытқа орын ауыстыруы не деп аталады?
-
Ағыстардың пайда болуының басты себебі.
-
Антарктиданы батыстан-шығысқа қарай қоршай ағатын, ең ірі суық ағыс.
-
Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
-
Жер шарындағы ең биік сарқырама.
-
Өзеннің ағып шығатын жері.
-
Өзен барлық салалармен бірігіп ............ құрайды.
-
Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері.
-
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.
-
Жер шарындағы су жинау алабы ең үлкен өзен.
-
Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен.
-
Өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемер қалай аталады?
-
Әлемдегі ең биік Анхель (1054 м) сарқырамасы орналасқан өзен.
-
Амазонка және Конго өзендерінің суы мол болып келу себебі.
-
Ыстық жер асты суы.
-
Дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз.
-
Тұщы су қорының басым бөлігі қайда кездеседі?
-
Барлық жағынан құрлық қоршап жатқан теңіз қалай аталады?
-
Бетін су өткізбейтін қабат жаппаған жер асты суы қалай аталады?
-
Дүниежүзілік су айналымы неге байланысты?
-
Гольфстрим ағысы қай елдің ауа райына күшті әсер етеді?
-
Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін орасан зор мұз шоңғалы не деп аталады?
-
Мұхиттар мен теңіздердің жеке бөліктерін бір-бірімен қосатын құрлық аралық жіңішке су алабы.
-
Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шашып тұратын қайнар.
-
Барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы не деп аталады?
-
Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы.
-
Көлдің, теңіздің және мұхиттың түбіндегі терең жер қалай аталады?
-
Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлік.
-
Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі.
-
Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне
және Аустралия мен Антарктидаға дейін аумақты алып жатқан қай мұхит?
-
Ауданы 92 млн км2, су көлемі 329,7 млн км3 болатын қай мұхит?
-
Ең жылы, су таза, көгілдірігімен де ерекше көзге түсетін қай мұхит?
-
Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі не деп
аталады?
-
Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін........... деп аталады.
-
Қазақстанның ірі көлдерін ата.
-
Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы қалай аталады?
-
Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық.
-
Мұздықтар құрлық аумағының қанша пайызын алып жатыр?
-
Мұздықтардың неше түрі бар?
-
Қазастандағы ең ірі мұздық.
-
Көршілес екі толқын қырларының арасындағы арақашықтықты ......... дейміз.
-
Жасанды өзенді .............. дейміз.
-
Өзен ағып шығатын көлдерді .............. дейміз.
-
Өзен ағып шықпайтын көлдерді .............. дейміз.
-
Дүниежүзілік мұхит үлесіне Жер бетінің бөлігі келеді.
-
Айқын қалыптасқан арнасы бар тұрақты немесе уақытша су ағынын ата.
-
Судың толысуы мен қайтуы неге байланысты?
-
Өзендегі жыл бойғы су шығыны.
-
Дүниежүзілік мұхиттағы балыққа бай ендігі.
-
Су өткізбейтін тау жыныстары.
-
Ең биік толысу толқыны тіркелген Фанди шығанағындағы толқындардың биіктігі...... м-ге жеткен.
-
Сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел.
-
Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен.
-
Өзен деңгейінің кенет және үлкен биікке көтерілуі.
-
Өзеннен белгілі бір мерзімде өтетін су мөлшері.
-
Минералды немесе жылы бұлақ.
-
Аңғардың табанындағы су ағып жататын судың жолы.
-
Көлдің батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы, көлемі жағынан Қазақстанда үшінші орындағы көлді ата.
-
Жер шарындағы ең терең көл - Байкалдың тереңдігі.
-
Ла-Манш бұғазы … елдерін бөліп жатыр.
-
Үнді мұхитының орташа тереңдігі.