
- •Дәрістің қысқаша конспектісі
- •4Кесте.
- •6−Кесте.
- •Кесте 2
- •1.Сурет Масштабтар: а – сызықтық; б – көлбеулік.
- •2.1. Географиялық және тікбұрышты координата нүктелерін анықтау.
- •2.Сурет Нүктенің географиялық координатасын анықтау.
- •2.2. Картада берілген нүктенің географиялық және тікбұрышты координаталарын анықтау.
- •4 Сурет. Дирекциондық бұрышты анықтау.
- •5 Сурет. Өстік, географиялық және магниттік мередиандардың өзара орналасу диаграммасы.
- •2.3.Картада берілген нүкте белгілерін анықтау.
- •6 Сурет. Горизонтальдардың арасында жатқан нүкте белгілерін анықтау.
- •2.4. Еңіс құламасын анықтау.
- •7 Сурет.. Еңіс құламалылығы сызықтарын салынды маштабы бойынша анықтауға:
- •2.5. Берілген бағыт бойынша жергілікті жердің профилін тұрғызу
- •8 Сурет. Берілген бағыт бойынша жергілікті жердің профилін тұрғызуға:
- •2.6. Еңісі берілген сызықты тұрғызу.
- •2Т30 Теодолиттінің ноль нүктесін анықтау
- •16. Сурет. Горизонталь бұрыштарды өлшеу тәсілдері.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бекеттегі өлшемдер қортындысын өңдеу
- •19 Сурет. Теодолит т-30:
- •20 Сурет Теодолит 2т30 микроскоппен көру ауданы:
- •21 Сурет Теодолит 2т30-дың құбырының орналасуы:
- •23 Сурет. Нивелир н-3: а – нивелир жабдықтары; б – көру алаңы.
- •26 Сурет. Нивелирлік жолдардың схемасы.
- •Түсіру негізделуінің нүктелерінің биіктігін есептеу ведомосы.
- •Бақылау сұрақтары:
2.4. Еңіс құламасын анықтау.
Еңіс құламасы дегеніміз жердің төмендеу және жоғарылау дәрежесі. Еңіс құламалылығы жергілікті жердің сызықтарын құрайтын көлбеуліліктің бұрышымен , сипаталады, мысалы АВ горизонталь жазықтықпен.
7 Сурет.. Еңіс құламалылығы сызықтарын салынды маштабы бойынша анықтауға:
а – салынды, d АВ сызығы мен көлбеу бұрышы v; б – салынды маштабы.
Еңкіш бұрыш шамасын картаның оңтүсті төменгі шектемесіндігі салынды диаграммасы бойынша анықтайды. Еңкіш бұрыш мәні диаграмманың горизонталь өсіне, ал оған перпендикулярға – карта маштабына сәйкес салынуы қойылады. Перпендикуляр ұштарын бірқалыпты доға сызықтарымен (гипербол) қосылады.
Еңіс құламалылығын анықтау үшін өлшеуіш циркуль арқылы аВ салындысын алып, циркульдің бір инесін салынды диаграммасының горизонталь өсі бойынша екінші инесін доға қиылысқанша ауыстырады. Берілген құламада еңіс құламасы 1,4тен.
Еңіс құламалылығын сондай-ақ еңкіштікпен i, мына формуламен есептейміз.
i = tg = h0/d0 (7)
мұнда: h0 –рельеф қимасының биіктігі;
d0– жергілікті жер бедерінің (рельеф) салындысы.
2.5. Берілген бағыт бойынша жергілікті жердің профилін тұрғызу
Жердің профилі дегеніміз – Жергілікті жердің бағыты бойынша берілген кішірейтілімін кескіндеген вертикаль тілігі.
Картада берілген АВ бағытымен профиль тұрғызайық.
Нүктелердің горизонтальдармен қиылысу сызықтары мен рельефке тән – суөткізгіштер мен суайрықтар – нөмірленеді. Миллеметрлік қағаз бетінде арақашықтық пен биіктік графасын тұрғызып, және жердегі интервалдар ұзындығы арасына жаза отырып, оған қиылысу нүктелерін қөшіреді.
Нүкте биіктігін сәйкес графаға жазады;
Сол нүктеден вертикаль масштабқа шартты горизонталь осы нүктеге дейінгі сызық (қағазда АВ сызығы) перпендикулярды салады, ал горизонталь масштабқа 10 есе үлкейтіп сызады. Мысалы, карта масштабы 1: 50 000 болса, вертикаль масштаб 1: 5000 болады. Перпендикуляр ұштарын біркелкі сызықтармен доғалап қысады.
8 Сурет. Берілген бағыт бойынша жергілікті жердің профилін тұрғызуға:
а – горизонтальдармен бейнеленген рельеф(бедер) пішіні; б – ВD сызығы бойынша жергілікті жер профилі.
2.6. Еңісі берілген сызықты тұрғызу.
Картада берілген нүктелер А және В арасынан қысқа сызықтарды жүргізгенде, бірде - бір кесінді берілген шекті Iшекті еңістен үлкен болмауын қадағалау керек.
Карта масштабындағы салындыны алғанда циркуль ашасын А нүктесіне қойып, келесі горизонталь нүкте b1 белгілейді; сосын b1 нүктесінен сол ашамен b2 нүктесін белгілейді т.с.с. Егер циркуль ашасы горизонтальдар арасындағы қашықтықтан кіші болса, онда сызықты қысқалау бағыт бойынша жүргізеді. Барлық нүктелерді қосып, берілген шекті еңіспен сынық сызықтар алады.
Егер салынды масштабы болмаса, ашекті салындыны мына формула бойынша есептейді
Ашекті = h/(Iшекті*M) (8)
Мұнда М – карта масштабының сандық бөлгіші.
Бақылау сұрақтары:
Дирекциондық бұрыш сызықтар мен географиялық азимут сызықтарының айырмашылығы неде?
Еңіс құламалылығы немен сипатталады?
Дирекциондық бұрыш, нақты және магниттік мередиандар арасындағы байланыс қандай?
Жер бедерін (рельеф) сипаттайтын нүктелерді атаңдар?
Дирекциондық бұрыштардан румбтарға қалай қөшуге болады?
Дирекциондық бұрыш дегеніміз не және оның өзгеру шектері қандай?
Меридиандардың жақындасу бұрышы дегеніміз не?
Тәжірибелік жұмыс № 3
Бұрыш өлшейтін аспаптар және олармен жұмыс істеу.
Сілтеме: Неумывакин Ю.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж
Жұмыс мақсаты: Теодолиттің құрылысы және оның түрлерін, олармен жұмыс жасауды меңгеру.
Аспаптар мен құрал-жабдықтар: теодолит, винт, нысаналау дүрбісі, шеңбер-лимб, алидада, тахеометр, штатив, тоқ көзі, градус, рейка, процесс.
Тапсырма:
1. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрыштарды өлшеу.
2. Теодолиттің құрылысы және оның түрлері
3. Вертикаль бұрыштарды өлшеу.
4. Горизонталь бұрыштарды өлшеу.
Жұмыстың мазмұны және жүрісі:
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезиямен ең жиі жүргізілетін жұмыстарға жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды. 16-суретте А,В нүктелері жер бетінде әртүрлі биіктікте орналасқан. Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабырғалары ОА және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, аоb бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. Горизонталь аоb бұрышын К′ горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К′ дөңгелегі градустық шкалаларға бөлінген, ал центрі Р1 және Р2 тік жазықтықтарының қиылысу сызығы арқылы -ОО′ өтеді. Дөңгелектің Р1 және Р2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері а′ және b′ арқылы екі есеп алып, олардың айырмашылығын тапсақ, ол өлшенетін горизонталь бұрышқа, немесе аоb=β-ның мәніне тең болады.
9-сурет. Бұрыш өлшеудің схемасы.
Демек, горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың негізгі лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визирлік вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а′ және b′) айырмасына тең болады, яғни β= а′- b′.
Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар υ1 және υ2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустық шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады. Бір аспаппен горизонталь вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін онда екі жазықтық (дөңгелек) бар.
Теодолиттің құрылысы және оның түрлері: теодолит мынадай осьтерден тұрады (17-сурет).
ZZ' – теодолиттің вертикаль айналу осі; ТТ ' – көру дүрбісінің айналу осі; VV' – цилиндрлік деңгейдің осі; VV' – көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі;
Көтергіш үш винттердің (1) көмегімен цилиндрлік деңгей (6) нөл пунктке қою арқылы теодолиттің айналу осі ZZ' тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винттер (2) тұғырығына орнатылған. Теодолиттік негізгі жұмыстың бөлігі 0-ден 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер–лимб (3) және дүрбімен бірге аййналатын алидада деп аталатын тетіктер.
Көру дүрбісі (8) айналу осіне ТТ ' екі тұғырық (5) арқылы ұстатылады. Лимб (10) пен алидаданың (11), дүрбінің бекіткіш (11) және жетекші винттері болады.
10-сурет. Теодолиттің негізгі осьтері.
Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. 18-суретте (теодолиттің өзін студенттерге көрсету) геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген 2T30 теодолиттің сыртқы бейнесі көрсетілген.
11-сурет. 2Т30-теодолиті.
Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. қай жерде орналасқандары көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін, оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін, шалқаймалы айна қолданылады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясын және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
Техникалық T15K, 2T30, 2T30M теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ақ жер бетіндегі және жерасты қазбаларындағы маршейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
Дәл теодолиттер 2T2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2T5K–триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшуге арналған.
Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Ta2M мен
полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған.
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі «теодолит» деген аспап атын бірдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшейдің секундтық орташа квадраттың қателігін білдіреді, мысалы T5 теодолиті үшін mβ=5'', T30м үшін mβ=5'', ал М-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2T2, 2T5, 2T30 тектес болып шығарылуда.
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді:
1) Бағалау микроскобы;
2) Шкалалы микроскоп;
3) Оптикалық микрометрлер;
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын
теодолиттер лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға T30, 2T30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарға 2T30М, 2T5, 2T2, т.б. жатады, оларды лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз.
2.Теодолиттер қалай жіктеледі?
3.Теодолиттің вертикаль осін қалай тік бағытқа келтіреді?
4.Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз не?
5.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап не деп аталады?
6.Теодолитті нүкте үстіне қалай орнатады?
Тәжірибелік жұмыс № 4
Сызықтық және биіктік өлшеулердің аспаптары.
Сілтеме: Неумывакин Ю.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж
Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш аспаптардың құрылысымен танысу және өлшеу дағдыларына үйрену.
Құралдар мен жабдықтар: өлшеуіш аспаптар, ілмектер, нүктелерді орындарға бекітуге арналған ағаш қазықтар, балға, калькулятор, сызықтар ұзындығын өлшеу журналы және жұмыс дәптері.
Тапсырма:
1. Оқытушы берген сызықты болат рулеткамен өлшеңіз, нәтижелерін журналға жазып, өлшеу нәтижелерін өңдеңіздер.
2. Компарирлеу түзетулерінің есептеу ведомостісі /тізімі/ толтыру.
Жұмыстың мазмұны және жүрісі:
Арақашықтықты нақты өлшеу үшін ұзындығы 20 немесе 50м болатын ЛЗ- жер өлшеу ленталары қолданылады. Бұл лента ені 15-20мм, қалындығы 0,3-0,4мм болатын болат жолақ.
Лентаның барлық ұзындығында әр 10м сайын кішкентай тесіктер тесілген. Әрбір бесінші тесік диаметрі 5мм-дей пластинкалармен тойтарылған және әрбір метрден кейін лентанаң екі жағында пластинкалар шегеленген, оларға лентаның екі шетінен есептелетін метрдің реттік нөмірлері таңбаланған.
12- сурет. Жер өлшеуіш лента.
а- штрихты, б- шкалалық, в- сақиналық станоктағы лента, г- сым сақинадағы түйреуіштер.
1- штрихтар, 2- тұтқалары, 3- түйреуіштерге арналған сызықшалар,4- дециметрлік ойық, 5- жарты метрлік пластиналар, 7- болат жолақ, 8- түйреуіш, 9- сақиналық станокты тоқтатқыш бұрама.
Тасымалдау және сақтау кезінде лентаны сақинаға орап және тоқтатқыш бұрамамен бекітеді. Орамынан лентаны ашқанда сақ болу керек, себебі ол бұралып қалып, онда тайысулар мен түінділер пайда болып, лента жолағы оп-оңай сынып кетуі мүмкін. Лентаның орамын екі адам жазады : біреуі лентаның ұшын қолына ұстап, алысқа жаймен жылжып жүріп отырады, лентаның орамынан дұрыс ашылуын бақылауды ұмытпай, ал екінші адам сақинаны жаймен айналдыра отырып, лентаны біртіндеп босатып тұрады. Лентаны сақинадан бұралған дөңгелек күйде түсіруге тиым салынады, себебі бұл жағдайда лентада ілмек пайда болады. Бағаналық лентаның шеттерінде миллиметрлік бөлулері болады, олар өлшеулердің дәлдігін күшейтеді.
Құрылыс тәжірибесінде жерлердегі және ғимараттар құрылғыларының сызықтарын өлшеу үшін әдетте ұзындығы 30 және 50м болатын болат рулеткалар қолданылады. Қалыпты күші бар рулетканы созу үшін серіппелі /пружина/ динамо өлшеуіш / динамометр / қолданылады.
Сызықтар ұзындығын жер өлшеуіш ленталармен өлшеуді мына ретте жүргізеді.
Өлшенетін сызықтардың ұштарына ілмектер орнатылады. Егер сызықтың ұзындығы 150м-ден асса, жармаға қосымша тағы бір ілмек қойылады. Жарма бойын көру қиындамасы үшін, ілмек ең ақырғы нүктеден бастап қойылады, яғни “өзінен ” бастслады.
Сызықты 2 адам өлшейді. Арттағы студент бастапқы нүктеге бастапқы штрихті қабыстырады және лентаны түйреуішпен бекітеді. Алдыңғы студент лентаны созылған қолмен ұстап тұрады, ол жарманы жаппауға тырысады. Арттағы студенттің белгісімен лентаны жармаға жабады, оны сілкіп алады да, қолымен созып, лентаның алдыңғы ұшына түйреуішті қыстсрады, сөйтіп барлық процесс кері қайталанады. Егер алдыңғы студенттің түйреуіштері таусылып қалса, оған артқы студент өзінің 10 түйреуішін береді. Түйреуіштердің берілуі сызықтарды өлшеу журналына тіркеледі. Сызық соңында соңғы түйреуіш пен соңғы нүкте аралығында r қалдық өлшенеді.
D сызығының ұзындығын мына формуламен есептейді:
D nlo r (21)
мұндағы : - n өлшенетін сызықтағы бүтін қалулары лентаның саны.
l0 ۪- өлшеу аспабының номинальдық ұзындығы /20,30,50м және т.с.с./
r- қалдық.
Сызықты тіке Dт және кері Dк бағыттарында өлшейді.
∆D= Dт – Dк әркелкіліктері өлшенетін кесіндінің 1: 2000 аспауы тиіс. Егер бұл шарт орындалса, D= 0,5 (Dт +Dк) орташа көрсеткіш есептелінеді. Егер шарт бұзылса, сызық ұзындығын өлшеу қайталанады.
Сызықтарды болат рулеткалармен өлшеуді де осындай бағдарлама бойынша жүргізеді. Айырмашылығы сонда, өлшеу аспабының ұштарын жұмсақ топырақта шегемен немесе сыммен бекітіп, жолдың қатты бетіне сызып, созуды қолмен емес, серіппелі динамо өлшеуішпен (динамометр) жүргізеді. Өлшеу аспабын, танысқан соң оны компарирлеуге кіріседі. Өлшеуге ыңғайлы жазықты, тегіс жерде орналастырылған компараторда бригаданың әрбір студент жұбы базисті тіке және кері бағыттарда өлшейді.
Нәтижелерді компарирлеудің түзетулерін есептеу ведомосына жазады (5-кесте). Өлшеу кезіндегі температураны 3 реттен кем болмайтындай мөлшерде анықтайды.
lk= Dэ- Dиk, (22)
мұндағы: Dэ - компаратордың эталондық ұзындығы, үлкен дәлдік пен белгілі болғандығы.
Dи - компарирленген лентамен өлшенген,компаратордың нақты ұзындығы.
k= Dэ lо компаратор ұзындығындағы өлшеуіш аспаптың саны.
5-кесте Компарирлеу түзетулерінің есептеу ведомостісі /тізімі/.
Өлшеу нөмірі |
Темпер., С |
Өлшеу нәтижелері, м, |
, см |
2, см |
Есептеулер, ескертулер
| |
1 |
12,5 |
120,01 |
-2,5 |
6,25 |
Dэ=120,068(из каталога координат) lk=(120,068-120,085)/6=+5,5 мм | |
2 |
13,0 |
, 04 |
+0,5 |
0,25 | ||
3 |
13,1 |
,02 |
-1,5 |
2,25 | ||
4 |
13,0 |
,07 |
+ 3,5 |
12,25 | ||
5 |
13,7 |
,05 |
+1,5 |
2,25 | ||
6 |
13,5 |
,02 |
-1,5 |
2,25 | ||
орташа |
13,1 |
Dи=120,035 |
|
| ||
Лента ЛЗ-20 lk = +5,5 мм при t0 = 13 C |
Сызықтар ұзындығын өлшеу дәлдігіне жоғары талаптар қойылғанда, компарирлеуге түзетулер енгізеді.
Dk, температура үшін Dt,, көлбеу үшін D немесе асып кетуі Dh.
Компарирлеу түзетулерін мына формула бойынша есептейді:
Dk lkDlo. (23)
Температура түзетулерін анықтау үшін t температурасын өлшеп, ал түзетуді мына формула бойынша есептейді:
Dt= t-toD (24)
Мұндағы: α - өлшеу аспабы болаттың материалының сызықтық кеңітілуі коэффиценті.
Көлбеу түзетуін анықтау үшін 3- қосымшада кесте келтірілген, онда көлбеудің 1 ден 10ْ дейінгі бұрыштары үшін 20,30,40,50,60,70,80,90, және 700 м-ге көлбеу түзетулері көрсетілген немесе оларды мына формула бойынша есептеуге болады:
D = -2D sin2( (25)
Dh = -(h22D (26)
Өлшеу нәтижелері мен сызықтар ұзындықтарын есептеулерінің жазбалары үлгілері 13 кестеде берілген.
6– кесте Сызықтар өлшеулерінің журналы
Сызықтар атаулары
|
Берілулер саны
|
Түйреуіштер саны саны шпилек |
Қалдық ,м |
Сызық ұзындығы,м |
Температура,С |
Көлбеу бұрышы н/се асып кетуі |
Бастапқы мәліметтер, есептеулер. |
II-III |
0
0 |
8
8 |
5,38
5,43 |
165,38
165,43 |
+28 |
h=3,61 м |
l0=20м lk=+55 мм t0=+13 Dcp=165405 м Dk=+5516520)=+45 мм=+0,045 м Dt=1210-6(28-13)165=+0030 м Dh=0982(2165)=-0039 м |
|
|
орташа |
165,405 | ||||
d=165,441 м |
Бақылау сұрақтары
Арақашықты қандай аспаптармен өлшейді?
Өлшеу кезінде, сызық қалғандағы түзетулерді қалай енгізуге болады?
Сызықтарды қатесіз өлшеу үшін қандай сақтандыру шаралары қолданылады?
Жер бетіндегі қашықтық қалай бекітіледі?
Ұзындық шамасы деген не?
Тәжірибелік жұмыс №5.
Контурлы теодолиттік түсірістің нәтижелерін есептік өңдеу.
Сілтеме: Хейфец Б.С., Данилевич Б.Б. / Практикум по инженерной геодезии / М.: Недра 1979ж.
Жұмыстың мақсаты: Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен алаңдарында, темір-жол тораптары, т.б. жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.
Аспаптар мен құрал-жабдықтар: Теодолит,өлшеуіш лента, қашықтық өлшеуіш.
Тапсырма: Түсіріс жүргізу кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерінің схемасын жасау және координаталарын жазу.
Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:
Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикуляр және жарма әдістермен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды (планды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстарға:
жергілікті жерді рекогносцировкалау (байқап қарау) және пункттерді бекіту;
бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;
жердегі заттарды, контурларды түсіру;
жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.
Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлым қолайлы (ашық жерде орналасқан) орындарын белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Теодолиттік түсірістің мәні неде?
2. Теодолиттік түсіріс қандай жұмыстардан тұрады?
3.Теодолиттік түсірістің планын қалай сызады?
4.Теодолиттік түсірістің қандай әдістері бар?
5. Далалық жұмыстарды атаңыз?
Тәжірибелік жұмыс №6.
Топографиялық түсірістің нәтижелерін есептік өңдеу.
Сілтеме: Хейфец Б.С., Данилевич Б.Б. / Практикум по инженерной геодезии / М.: Недра 1979ж.
Жұмыстың мақсаты: Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін негіздеудің негізгі міндеті түсірісті жүргізетін маманның шешімін жеңілдетіп, сандық мәліметтерді, ұсыныстарды дайындау
Тапсырма: Түсірістің масштабы мен бедер қимасы биіктігін таңдауды негіздеп білу.
Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:
Топографиялық түсірістің нәтижелері графиктік (топографиялық карта мен пландар) және цифрлық (жердің цифрлық модельдері) түрде берілуі мүмкін. Жердің цифрлық моделі жергілікі жер туралы топографиялық-геодезиялық мәліметтердің жиынтығынан және оны пайдалану тәртібінен тұрады.
Топографиялық түсірістер атқаратын міндеттеріне байланысты негізгі және арнайы болып келеді.
Халық шаруашылығының бір саласының мәселелерін шешуге бағытталған арнайы түсірістерде топографиялық карта мен пландарға жер бетіндегі барлық заттарды түсіре бермейді, тек қана жобалау кезінде, жер және қалалық кадастр, жерді есепке алу және т.б. мәселелерге қажетті заттарды түсіреді.
Контуры үлкен жерлерде, мәселен жер асты коммуникацияларын және жер бетіндегі әртүрлі міндет атқаратын құбырлардың өте тығыз жүйелерінде топографиялық пландар жеке (әр элементтер бойынша) жасалынады.
Топографиялық түсірістердің міндеттері мен түрлері:
1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық карталар ауыл және орман шаруашылығында; пайдалы қазбаларды барлау; газ және мұнай кен орындарын игеруде; суландыру, гидротехникалық, ауылдық және қалалық құрылыста; шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық жерге отырғызуға, жер кадастрына және жерді есепке алуда қолданылады.
1:5000 масштабтағы топографиялық карталар мен пландар қалалық, транспорттық, гидротехникалық және т.б. құрылыстардың әртүрлі жобалау жоспарлау есептерін шешуде; өндірістік және тау-кен өнеркәсібі техникалық жобаларын жасауда; металды және метал емес кен орындарын жете барлауда; мемлекеттік жер кадастрында, жергеорналастыруда, темір автомобиль және т.б. жолдарды жобалауда пайдалануға арналған.
1:2000 масштабтағы топографиялық пландар кіші қалалар, ауылдар және т.б. бас пландарын жасау үшін қажет.
1:1000 масштабтағы топографиялық пландар құрылыстың техникалық жобалары мен жұмыс сызбаларын, вертикаль жоспарлаудың, пайдалы қазбалар жеке барлаудың және қорларды есепке алудың жобаларын жасау үшін қолданылады.
1:500 масштабтағы топографиялық пландар құрылыс учаскесінің атқару және жұмыс сызбаларын жасау және вертикаль жоспарлауды шешу үшін пайдаланылады.
Түсірістің масштабы мен бедер қимасы биіктігін таңдауды негіздеу дегеніміз, мәселені оңтайлы шешуге алдын-ала бағытталған шаралар (немесе іс-әрекеттердің жүйесі). Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін негіздеудің негізгі міндеті түсірісті жүргізетін маманның шешімін жеңілдетіп, сандық мәліметтерді, ұсыныстарды дайындау.
Сандық мәліметтерді жердің қабылданған моделіне байланысты әртүрлі математикалық аппаратты пайдалану арқылы алынады. Түсіріс параметрлерін таңдауды негіздеу, ешқандай-ақ, топографиялық карталар мен пландарын атқаратын міндеті, жердің топографиялық жағдайы (ситуация мен бедері), картасы жасалынатын жердің келешектегі техникалық-экономикалық дамуы ескеріле қабылданған ұсыныстар арқылы жүзеге асады.
Түсірістің масштабы планның атқаратын міндетіне, учаскінің көлеміне, жер элементтерін бейнелеуі толықтығына, бейнелеудәлдігіне, жобалаудың сатыларына және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Жергілікті жердегі ситуация планда масштаб және бекітілген шартты белгілер бойынша бейнеленеді.
Планшет рамаларының размерлері мен пайдалы аданы төменгі кестеде көрсетілген.
7-кесте
Планның масштабы |
Планшет рамкасының размері,см |
Планшеттің пайдалы ауданы, га |
Планның масштабы |
Планшет рамкасының размері,см |
Планшеттің пайдалы ауданы, га |
1:5000 |
40х40 |
400 |
1:1000 |
50х50 |
25 |
1:2000 |
50х50 |
100 |
1:500 |
50х50 |
6,25 |
Бақылау сұрақтары:
1.Топографиялық түсіріс дегеніміз не?
2.Топографиялық түсірістер қандай әдістермен жүргізіледі?
3.Топографиялық түсірістің нәтижелері қандай?
4. Топографиялық түсірістің міндеттері мен түрлері?
5. 1:500 масштабы қандай жобаларды жасау үшін қолданылады?
6. Түсірістің масштабы мен бедер қимасы биіктігін таңдауды негіздеу дегеніміз не?
Тәжірибелік жұмыс №7
Көлбеу бұрышын өлшеу
Сілтеме: Неумывакин Ю.К., Смирнов А.С., «Практикум по геодезии» М, Недра:1985ж
Жұмыстың мақсаты: Тік бұрыштар өлшеу әдісін игеру, алынған нәтижелерін өңдеу және алғашқы өлшеу жолдарын үйрету.
Құралдар мен жабдықтар: теодолит комплекті, визирлік нүктелер мен «Көлбеу бұрышын өлшеу» журналы.
Тапсырма: Ноль нүктесін анықтап, екі нүктенің көлбеу бұрышын табыңдар, нәтежелерді журналға жазыңыз.
Жұмыстың мазмұны мен жүрісі:
Көлбеу бұрышы деп горизонталь жазықтық пен бақылау нүктесінің бағыты арасындағы бұрышты айтады. Егер бақылау нүктесі бұрыш төбесінен жоғары орналасса, онда иілу бұрышы оң таңбалы, ал егер төмен болса, онда теріс таңба қойылады.
Көлбеу бұрышы келесі жолмен анықталады. Теодолитті жұмыс орнына орнатады; вертикаль дөңгелегінің деңгейін ноль-пунктіне келтіреді; бақылау нүктесін визирлейді; вертикаль дөңгелегі бойынша есебін алады, мысалы есеп Л сол дөңгелегі бойынша Т30 теодолитінде вертикаль дөңгелегінің деңгейі жоқ, сондықтан оны горизонталь дөңгелегімен өлшеп алады. Көпіршікті бұл деңгейде ноль-пунктке теодолиттің көтергіш винттері арқылы келтіреді.
Ұқсас бағытппен вертикаль дөңгелегінінің келесі есебі П алынады.
Алынған нәтиежелер арқылы нүктенің ноль МО вертикаль дөңгелегін табады. Ноль нүктесі-горизонталь деңгей, көруші дүрбі визирь осьі және деңгейлер сәйкес есебі деп аталады.
Ноль нүктесі МО және иілу бұрышы ν келсі формуламен анықталады
( Т30 және Т15 теодолиттері үшін):
МО = 0,5 (Л+П+180) (19)
Л – П - 180); = Л - МО = МО – П - 180;
2Т30, 2Т15К теодолиттері үшін:
МО = 0,5 (Л+П); (20)
= 0,5 (Л – П); = Л – МО = МО – П.
МО нүктесін жұмыс кезінде бірнеше рет, әртүрлі нүктелерге бағыттау арқылы тексеріп тұру керек.
Мысалы. 2Т30 теодолиті үшін ноль нүктелерін анықтау (11кесте).
МО = 0,5 (3º 28,5´ – 3º 39,0´) = -0º 05,2´;
= 3º 28,5´ – (- 0º 05,2´) = +3 º33,7´;
МО = 0,5 (-0º 20,0´+ 0º 08,0´) = -0º 06,0´;
= -0 º20,0´ –(-0 º06,0´) = -0º 14,0´.
9-кесте