Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
35
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.17 Mб
Скачать

ететін, өзара әрекет етуші күштермен, мемлекеттік органдармен қатар кеден қызметі де құрайды.

Сонымен,кедендікреттеуменсыртқыэкономикалықбайланысты бақылау Қазақстанның егемендігін қамтамасыз етіп, экономикалық реформалық стратегиямен қатар экономикалық қауіпсіздігіміздің тығыз үйлесімінде жалпы өндірістің, рыноктың шынайы жайкүйін есепке ала отырып кеден саясатындағы арнайы тапсырмалар мен анық мақсатымызды шешуде басқа да басым міндеттемелерді қамтамасыз ете алуы мүмкін.

Республикалық деңгейде мемлекеттік органдардың бақылау функциясын атқаратын Кеден комитеті қызмет етеді. Президенттің басқару нысанында Үкіметіміздің өкілеттіліктері баршылық.

Кеден Одағына мүше елдердің кеден саясаты бір-біріне ұқсас. Мәселен, отандық нарықты қорғау, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономиканы және экспортты дамытуды жандандыру, импорттың орнын баса алатын өндірісті қолдау, шетелдік инвесторларды тарту, сауда саясаты мәселелерін шешу және т.б. мақсаттар ортақ. Бұдан мүдделер қайшылығы болатынын да жасыруға болмайды, бірақ олар алдын ала келісілген келісімдермен шешілуі тиіс.

Қазақстан Кеден Одағына 1995 ж. 20 қаңтарда мүше болды. Сөйтіп, Белоруссия мен Ресей Федерациясының Кеден Одағының барлық міндеттемелерін қабылдады. Оның ішінде уақытша шек қою да бар. Бұл, мына жағдайда орындалады: ішкі рынокта сол тауардың тапшылығы; жағдайды тұрақтандырғанға дейінгі өтеу балансының тапшылығы;отандықтауарөндірушілергенұқсанкелетіндейнемесе зиян келтіру қауіпі бар немесе тікелей бәсекелестікке түсетін тауарды өте көп мөлшерде әкелу.

Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт пен импорт соңғы жылдары белгілі бір қозғалыс үстінде және тұрақтылық қалпын бұзбауда.

Біз білетіндей КСРО тұсындағы кеден ісі КСРО мемлекеттік жоғарғы билік және басқару органдарының құзырында болды. Сыртқы сауда және басқа да сыртқы экономикалық қызметтің басқа да түрлері, кеден ісі де (КСРО Конституциясы, 73-бап), ал одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан, тек өз территориясында кеден басқармаларын құруға және оның басшыларын тағайындауға келісім берумен шектелді, тіптен мұның өзі қағаз беттерінде шартты түрде болды.

21

1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған “Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі қағидалары туралы” Қазақ ССР Заңында республикамыздың сыртқы экономикалық қызметін ретке келтіру жүйесін бекіту көзделді. Бұл Заңның 5-бабы мемлекеттік реттеу жүйесін құрайтын кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларменбасқадамүліктердіңмәлімдеуін,тауарлардыэкспорттау мен импорттау тәртібін (жұмыстар, қызметтер) анықталды. Бірақ құқықтық негіз жасалмай, арнайы кеден органдарын құрмай, кеден ісін жүзеге асыру екіталай болды.

КСРО ыдырауының қарсаңында республиканың сыртқы экономикалыққызметінжекеөзішешуінқамтамасызетумақсатында Қазақ ССР Президенті 1991 ж. 31 тамыздағы “Қазақ ССР-ң сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы” Жарлығыменен 1991 ж. 1 қыркүйегінен экспорт пен импорт өнімдеріне квота және лицензия беру, бартерлік операциялар жасау Қазақ ССР өз құзырына жататындығын қабылдады. Осы Жарлықта Министрлер Кабинетіне 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін: мемлекеттік кеден қызметін құру; экспорттық-импорттық салықтан, кеден алымдарыменбаждарынан,жоспардантыскедендіккірістентүсетін түсімдердібөлумеханизмін,сондай-ақсыртқыэкономикалықбайла- ныстарды қамтамасыз ететін көліктік кестелерді республикалармен және мемлекеттермен келісу; шектес шетел мемлекеттері немесе олардың жекелеген аймақтарымен сауда жасауда екі рет салық салуды болдырмау үшін шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақстанның кеден заңдары 1991 ж. 24 желтоқсанда “Кедендік тариф пен баж туралы” Заң қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.

Бұл Заңнан бұрын 1991 жылдың 12 желтоқсанында Президенттің 1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға сәйкес Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында “Қазақстан Республикасының кеден комитетін құру туралы” жарлығы шыққан болатын. Егеменді Қазақстанның Кеден комитетінің қарамағына ҚР аумағында орналасқан бұрынғы КСРО кеден органдары берілді және оған ел аумағында кеден ісін мемлекеттік басқару мен кеден ұжымдарының іс-әрекеттеріне басшылық жасау функциялары жүктелді. Бір сөзбен айтқанда, Кеден саясатын жүзеге асыру жүктелді. Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 19 тамыздағы № 127

22

“Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кеден қызметі туралы” қаулысымен сол кездің өзінде-ақ кеден комитетінің ең маңызды міндеттерінің бірі – кеден саясатының экономикалық, ұйымдық, құқықтық механизмдерін жасау және оны тәжірибеде қолдануды ұйымдастыру міндеті айқындалды.

Кеден саласының, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың экономикалық өміріне әсер ету тәсілдерінің көптүрлілігін ескере отырып, кеден заңдары кешенді түрде қабылданды және ықпал аймағы ҚР біртұтас кеден аумағы болып табылады.

Кеден тарифі тауарлар мен өзге де заттарды Қазақстанның кеден аумағына енгенде Қазақстанның кеден аумағынан шығарылғанда қолданылады.Бұл Заң күшінің аумағы – ҚР біртұтас кеден аймағына жүреді, яғни әкімшілік аймақ біртұтас кеден аймағы болып жарияланды. Заң бойынша кеден тарифін Президент бекітуге тиіс болатын, алайда тәжірибеде Үкімет бекітетін қандай да бір кеден баждарын қосқан соң ғана тариф туралы айтуға болады.

Заңдық мазмұны бар кеден тарифі туралы 1991 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған “ҚР салық жүйесі туралы” Заңда жалпы мемлекеттік салықтар қатарында (16-бап) айтылған, ал кейінгі заңдарда кеден тарифі көрсетілмейді. Тек 1992 жылғы 28 қарашадағы “Уақытша импорттық кеден тарифі туралы” Президент Жарлығын айтса болады. Кеден тарифі туралы түсінікті “кеден баждары ставкаларының жүйесінен”, “кеден баждары ставкаларының жиынтығы” ұғымына өзгерту, біздің ойымызша, көптеген тауарлар мен көлік құралдарына баж салудың негізділігінен алшақтату болып табылады. Ставкалар жүйесіставкаларжиынтығыменсалыстырғанда баждардың өзара байланысын, нарық конъюнктурасының есебін және т.б. білдіруі мүмкін. Сондықтан, бұл мәселеге тым болмағанда заңды бекітерден бұрын қайтып оралған жөн.

Кеден тарифі мәселесі, енді Кеден Одағы аймағында көтерілуі әбден мүмкін, бұл үшін Үкіметтік деңгейде талдау жұмыстарын жүргізіп, кеден баждарының ставкалары мен тауарлардың барлық түрлеріне салынатын салықтардың көлемін анықтап, оларды бір ізге келтіруін бекітерден бұрын орындалуы ықтимал қолайлы және қолайсыз жақтарын қарап алу керек. Бұл жерде мынаны айту керек: 1997 жылғы 13 желтоқсанында ҚР № 203-1 Заңына сәйкес “Кеден тарифі және бажы туралы” Заң өз күшін жойған болатын.

23

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден баждарын ретке келтіріп, оларды кеден тарифіне біріктіру Қазақстан ТМД елдерінің, Кеден Одағының ішінде, ең алдымен, Ресейдің кеден тарифіне біртіндеп көшкенде оңайлаған болар еді. ТМД-ң интеграциялық комитетініңмәліметтерінеқарағанда,Қазақстандакеденбаждарының 60 %-ға жуығы Ресейдікімен сәйкес келеді, дегенмен жалпы 15 мың тауар түрлеріне қатысты тарифтерді қайта қарау керек. Ресей мен Белорустың келісілген кеден тарифтері 98 топқа біріктірілген 10 мың тауар түрлерін қамтиды.

Қазір тариф саясатына қатысты бірыңғай көзқарас туралы айту әлі ерте. Қазақстанда кедендік – тарифтік саясат аталған “Кедендік тариф және баж салығы туралы” Заңда Кедендік тариф Кеңестің міндеттері қатарына баяндалды.

1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен осы елдердің кеден заңдарының Негіздері қабылданған. Қазақстан Президентінің тиісті жарлығымен 1995 жылғы 6 шілдеде аталған Негіздерді ратификациялаған жалғыз ел болды. Бұл халықаралықнормаларменстандарттарғамейліншежақындатылған кеден саясаты мен кеден ісін ұйымдастыратын қазақстандық кеден заңдарын дайындауға мүмкіндік берді.

Мысалға отандық өндірушіге, қазақстандық рынокты қоргауға бет бұруға ұмтылуды алайық. Бұл әрекет Ресейдегі экономикалық және қаржылық қиындықтардың әсерінен пайда болды. Бұл Ресей аудандарының басшыларымен өзара келісім-шартқа отырып, Қазақстан аумағына ресейлік тауарларды әкелуді шектеуді кедендік әкімшіліктендірудің бір тәсілі ретінде қолдануға мүмкіндік берді.

Ресейдің мемлекеттік кеден комитетінің ақпарат беруінше, 1998 ж. екінші жартысында Ресей Федерациясында импорт өнімдерінің үш жылдық қоры бар еді. Бұл отандық өндірістің нақты көлеміне байланысты болды. Ресейдің федералды мүдделері кедендік саясаттың мақсаттарымен, экономикалық тиімділігімен тығыз байланысты. Біздің елдерімізді Кеден одағы шеңберінде де, ТМД шеңберінде де интеграциялану тілегі біріктіреді.

Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.Кеден саясаты мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде қай қырынан көрінеді?

2.Қазақстандағы кеден саясаты мен кеден ісі арасындағы байланыс қалай көрінеді?

24

3 - тақырып

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚ САЛА РЕТІНДЕГІ КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Кеден құқығының пайда болуы. Кеден құқығының даму кезеңдері. Кеден құқығының даму жолдары. Құқықтық реттеудің пәні мен әдістері. Кеден құқығының құрылымы мен жүйесі, институттары, Қазақстан құқығының басқа салаларымен арақатынасы, қағидалары мен қайнар көздері

Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді. Заңды егеменді Қазақстан қызметінің негізгі қағидаларына жауап беретін жаңамазмұнментолықтыруқажет.Пайдаболабастағанқазіргіқұқық түсінушілік құқық табиғатының, оның мазмұнының, құрылымының және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысының мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық заңдық ұғымдардың дәл анықтамасын беру толықтай қоғамның құқықтық ұйымдарының “құқықтық жүйесі” ретінде, соның ішінде мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық заңдық құралдарға, институттар мен мекемелерге әсер етеді.

Еуропа елдерінің нормативті-құқықтық заңдық жүйелерінің объективті құқықтық заңдылықтарын қарастыра келе, құқық құрылымында әр түрлі деңгейдегі, соның ішінде көп тұғылы заңдық реттеуді қамтамасыз ететін екіншілік, кешендік бөлімдерінің қалыптасуын бөліп көрсетеді. Құқық әлеуметтік құбылыс және өзінің жүйесі(құрылым,құрылыс)бар. Құқықжүйесініңбірэлементі ретінде негізгі (іргелі) және кешенді болып бөлінетін құқық саласы болып табылады.

Дәстүрлі (іргелі) немесе негізгі сала ретінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, процессуалдық және басқа да салалардың қазақстандық құқық жүйесінде орын алуы күмән тудырмайды. Дегенмен, объективті шындық қандай да бір қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа салалардың пайда болуының ғылыми негізделуін талап етеді. Егеменді Қазақстанның түзілуінен ішкі және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі болды. Оны іске асыру

25

үшінмемлекеттіңбасқарушылыққызметі,арнайыөкілеттіоргандар, заңдық негіз керек.

Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қорғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды.

Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Оның бір элементі – құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішінен негізгі және кешендік болып бөлінеді. Қазақстандық құқық салаларының ішінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, басқа да құқық салаларының орны ешқандай күдік туғызбайды. Жаңа құқық салаларының пайда болуы қоғам қажеттілігінен туындайды. Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа мазмұн берді. Оның бірі – арнайы өкілді органдары бар белгілі бір заңдылық негізі бар кеден саясаты.

Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда болды.

Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік реттеуде мүлт кеткен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оны ғылыми зерттеужағдайындаосысаланыңбіринститутыретіндеқарастыруға болады. Сондай-ақ әкімшілік пәні менен әдістері кеден саласының кейбір мәселелерін қамтыған.

Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бірнеше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтері мен баждары туралы” ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешімдерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларымен сәйкескелетін1991ж.12желтоқсандағы“ҚР-ңкеденкомитетінқұру туралы” Президент жарлығын айтуға болады.

Келесі кеден саласындағы маңызды қадам – “ҚР кеден ісі туралы” 1995 ж. 20 шілдедегі Заң күші бар Президент Жарлығы (бұдан кейін–“Кеденісітуралы”Жарлық)–1999ж.16шілдедегіҚазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заңы (бұдан кейін – “Кеден ісі туралы” Заң).

26

Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімізше, кеден құқық институттарының жиынтығы, “кедендік әкімшілік ету” ұғымын білдіреді.

Осылайша Қазақстандық кеден заңдылығы құрылымы бойынша әр түрлілік сипатқа ие болып, халықаралық кеден құқығы нормаларына, конституциялық, әкімшілік қылмыс, қаржы, салық, қылмыс– процессуалдық құқық салаларына сүйенеді.

Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері қабылдануда. Кеден мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден, салық, муниципалды және т.б. құқық салалары сияқты әкімшілік құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы рөлін атқарып, олардың нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқық салаларына бөлінуін қолдауда деп атап көрсетеді.

Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан құқығының жаңа, кешенді салаларының пайда болуын қоғамдық және мемлекеттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті деңгейде дамуымен байланыстыруға болады.

В.Н.Протасовтың айтуынша, “Мұндай салалардың жоқтығы белгілі әлеуметтік салалардың болмауын білдіреді” (Протасов В.Н. Что и как регулирует право. М., 1995. С. 39).

Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы кешендік құқық салалары туралы көптеген идеялар тастаған болатын: 1947 ж. басында В.К. Райхер, одан кейін 1957 ж. Ю.К. Толстой, 1961 ж. О.С. Иоффе мен М.Д. Шаргородский.

Олар құқық жүйесі мен құқық заңдарын қарастыра отырып, олардың құрылымында кешенді құқықтың қайнар көздеріне ие бөлімдердің бар екенін айтты.

Ю.К.Толстой негізгі және кешенді құқық салалары арасындағы төмендегі айырмашылықтарды ажыратады:

1)Әр құқық саласы пәнінің біртұтастығына ие, кешендік салада пән біртұтас емес, сондықтан ол әр түрлі болып келеді.

2)Негізгі құқық саласының құрамына басқа құқық саласының нормалары кірмейді. Керісінше, кешендік құқық салаларының нор-

малары негізгі құқық салаларынан алынатын нормалардан тұрады.

27

3)Құқықтық реттеудің өзіндік жеке әдістемесі болмай жеке негізгі құқықтық сала бола алмайды. Ал кешендік құқық салалары құқықтың басқа салаларының әдістемелерін пайдаланады.

4)Негізгі құқық салаларының бүгінгі күнгі қалыптасқан құқық жүйесіндебелгілі бір объективтіорныбар болса,кешендікқұқықсалалары құқық нормаларын жүйелендірудің нәтижесі болып табылады және құқық жүйесінде ешқандай орын алмайды. (Толстой Ю.К.

Отеоретических основах кодификации гражданского законодательства // Правоведение. 1957. № 1, 44-45 б.)

Құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесінің болу шарты тек кешендік құқық саласы ғана емес, негізгі құқық салаларының (1- қосымшадағы схемаға қараңыз) басты аргументі болып табылады.

Кешендік құқық саласына ғылыми қадамды ары қарай дамытқан

– В.Н.Протасов. Кешендік құқық саласының тәуелсіз екендігін негіздей келе: “Егер негізгі құқық саласының бастамасы – заң яғни әдістеме болса, кешендік құқық саласының бастамасы – пәннен әлеуметтік бастама”. В.Н.Протасов кешендік құқық саласы туралы ойын қорытындылай келе: “Құқықтық негізгі салаларға бөлу – оның “функционалды” ұйым екендігін көрсетсе, ал Құқықты кешенді салаға бөлу, әрқайсысы пәндік немесе басқа кешендік саланы құрайтын, реттеулі біртұтас әлеуметтік түзілімдерді құру мен құқықтың қамтамасыз ету болып табылатын “аймақтық” (пәндік) қағида негізінде жүргізіледі” (Протасов В.Н. Көрсетілген еңбек.43 бет) – дейді.

Қазақстанда кеден саласының жаңадан енгізілуіне орай және сол кезеңнің заңдарына сәйкес, кеден органдарының қызметінің жүзеге асуына байланысты кедендік құқық өзінің қалыптасқан уақытынан бастап, өз алдына, дербес тіршілік етуге ұмтылды.

Біз көрсетіп отырған кеден құқығының құқықтық реттеу пәні құқықтық қатынастарды реттеу үшін қабылданған, ол заңды бекітілген, кешенді сипаттағы нормаға ие.

Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қазақстан үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестіккеұмтылды.Ю.А.Тихомировсияқтыбірқатарғалымдаркедендік реттеуді әкімшілік құқық институты ретінде қарастырды. Әйтсе де, ол, бір жағынан: “...жоғарыда аталған мемлекеттік және қоғамдық өмір салаларын тек қана мемлекеттік басқарудың өзінде ғана

28

қарастыруға болмайтындықтан, жалпы және ерекше бөлімдердің мазмұныменарақатысынжаңашатүсінуалдатұрғанмәселе.Оларда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу бастамалары күшейіп келеді”, – дейді (Тихомиров Ю.А. Публичное право. М., 1995. С. 333).

Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастанақ қазіргі кездегі кеден ісі тәрізді мемлекеттік монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға болады. Дегенмен әкімшілік жауапкершілікқызметтіңқазынагерліксипатқатәнкейбірмәселелеріәйтседе жеке топқа (кеден ережелерін бұзу, кеден ережелерін бұзу жөніндегі істерді жүргізу) бөлінді және соңында кодификацияланған актіге, атап айтқанда, “Кеден ісі туралы” Жарлыққа енгізілді.

Кеден саласындағы қылмыс, тергеу органдарының қызметі, жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығы, процессуалдық әрекеттеуді анықтау қылмыстық құқық пен қылмыстық-процессуалдық құқықтың құқықтық реттеу пәніне кіреді және кеден органдарының құқық қорғау қызметіне жатады.

Кеден баждарының бағамдарын, алымдардын, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады.

Кеден органдары жұмысшылары қызметінің құқықтық негізін еңбек құқығының негізгі ережелері мен еңбек туралы заңдар құрайды. М. А. Сәрсембаев пен К. С. Мәуленов кедендік және сыртқыэкономикалыққызметтіңөзарабайланысынкөрсетеотырып, кедендік реттеуді Қазақстанның сыртқы экономикалық құқығының контекстінде қарастырады.

Кеден құқығының пәнін бөліп көрсете отырып, оған кеден ісінің барлық мәселелерін (бөлімдерін, блоктарын):

1)кеден ісін ұйымдастыруды;

2)тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуді;

3)тауарлардың кеден режимін;

4)кеден төлемдері мен салықтарын;

5)кедендік рәсімдеуді;

6)кедендік бақылауды;

7)валюталық бақылауды;

29

8)кедендік статистиканы және сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын жүргізуді (СЭҚ ТН);

9)тергеу мен жедел іздестіру қызметін;

10)кеден ережелерін бұзу мен жауапкершілікті;

11)кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының құқықтық статусын; олардың жауапкершілігін;

12)арнайы және қосымша ережелерді енгізу керек.

Жоғарыда аталған мәселелерге кеден саясатын, оның мақсаттары мен құралдарын қоса және Қазақстан ынтымақтастығының халықаралық құқықтық аспектілерін қосу қажет. Сонымен бірге, кеден құқығы саласы толығымен мемлекеттің кеден қызметімен немесе кеден саласы қызметімен үйлеседі.

“Кеден құқығымен реттелетін барлық қоғамдық қатынастардың басты ерекшелігі олардың біртекті еместігінде және онымен қатарлардың кешенділігінде, өзара байланыстылығында”, – дейді М.А. Сәрсембаев.

Б. Н. Габричидзе кеден құқығындағы құқықтық реттеуге байланысты “басқа қоғамдық қатынастардан қарағанда кедендік және басқа да атқарушы биліктің басқарушы және ұйымдастырушылық қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар басым рольде болады”

– деп жазады.

Кеден құқығы заңмен айқындалған құқықтық реттеудің өзіндік мәселелеріне ие.

М. А. Сәрсембаев кеден құқығының пәні туралы: “Конституциялық, әкімшілік, қаржы, қылмыстық, салықтық заңдылықтар норма- ларыменреттелетінпәнініңжиынтығынқұрайды”,–депбасаайтады.

Кеден құқығы пәніне К. К. Сандровский берген анықтама өзіне көңіл аудартады: “Кеден құқығына сәйкес мемлекет бекіткен режимге және жалпы кеден саясатын жүргізуге байланысты пайда болған қоғамдық қатынастар осындай пән болып табылады. Бұл аймақта 1964 жылғы КСРО Кеден кодексінің ережелеріне негізделген алғашқы аңықтамалардың бірі болды”.

Кеден құқығындағы құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс–тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген:

30