
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.2 Шикізат материалдарының сипаттамасы және шикізатты есептеу
- •1.4 Өндірістің технологиялық сұлбасы
- •1.5 Технологиялық жүйенің өнімділік есебі
- •1.6 Технологиялық карта және өнімнің сапасын бақылау
- •2 Өмір қауіпсіздік тарауы
- •2.1 Қоршаған ортаны қорғау Қорытынды Қолданылған әдебиет
1.4 Өндірістің технологиялық сұлбасы
«»»»»»»»»»
1.5 Технологиялық жүйенің өнімділік есебі
Кәсіпорындар және оның цехтарының жұмыс режимінде қабылданған бастапқы материал өндірістің технологиялық процестерін есептеу үшін қызмет етеді. Бір жылға арналған жұмыс тәуліктерінің санын; тәуліктегі жұмыс ауысымдарының санын; бір сағаттағы жұмыс ауысымдарының ұзақтығын белгілеу қажет.
Жұмыс режимі ТББ завода арналған технологиялық жобалау нормалары бойынша анықталады және жекелеген цехтар және қайта балқыту бойынша белгіленеді.
Бұл тарауда мына формула бойынша қызметтер мен бөлімшелер, цехтар жұмыстарының жылдық қоры анықталады:
(6)
Мұндағы,
- цех немесе бөлімшенің жұмыс уақытының
жылдық қоры, с;
-
бір жылдағы жұмыс тәуліктерінің саны;
- бір тәуліктегі ауысым саны;
П – ауысым ұзақтығы, с.
Жекелеген технологиялық желідегі өндірістік қуатты есептеу үшін мына формула пайдалынады:
(7)
Мұндағы,
- жоспарлық-ескертуші жөндеу жүргізумен
байланысты, жабдықтардың тәуліктерде
бос тұруы, с.
Жабдықтарды жоспарлық тоқтау ұзақтығының нормасы ТББ заводын технологиялық жобалау нормалары бойынша қабылданады.
ТББ заводын өндірістік тағайындалған негізгі цехтардың үш тобына бөлуге болады: толтырғыштар және тұтқыр заттар қоймалары бар бетон араластырғыш, дайын өнім қоймасы бар қалыптау цехы және арматуралық цех.
Барлық цехтардың жұмыстарын екі ауысымды жұмыс кезінде екі демалыс күні бар үзіліссіз апта режимі бойынша қабылдау ұсынылады (жұмысы үш ауысымды болуы тиіс, жылу-ылғалды өңдеуге арналған қондырғылардан басқа).
Конвейерлік технология бойынша өндірістің технологиялық процесін ұйымдастыру кезінде цехтардың жұмыс режимі әдетте үш ауысымды қабылдайды; оған қалыптау цехының үшінші цехына арматураны дайындау кезінде екі ауысымда жұмыс істей алатын арматуралық цех кірмеуі мүмкін.
Қосалқы цехтарға жататындар: күшті бу цехы (жыл бойы үш ауысымда істейтін), электр-механикалық цех, техникалық бақылау бөлімі (ТББ), зертхана, материалдық қойма және жанар-жағар май материалдарының қоймасы (ЖЖМҚ), бес күндік аптада бір ауысымда жұмыс істейтін әкімшілік-тұрмыстық кешен (ЭТК – завод басқармасы). Цехтің жұмыс режимі 11-кестеде толтырылады.
13-кесте – Цехтің жұмыс тәртібі
Бөлімшесінің атауы |
Жылдағы жұмыс күндерінің саны |
Тәуліктегі ауысымның саны |
Жұмыс ауысымның ұзақтығы, сағ. |
Жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ. |
Шикізат қоймасы - автокөлік - теміржол |
248 |
2 |
7 |
3472 |
365 |
3 |
8 |
8760 | |
Өндіріске беру |
248 |
2 |
8 |
3968 |
Шикізатты өңдеуді анықтау |
248 |
2 |
8 |
3968 |
Негізгі өндірістік цех |
350 |
3 |
8 |
8400 |
Дайын өнім қоймасы, өндіріске беру |
365 |
3 |
8 |
8760 |
Автокөлік жолы бойынша |
248 |
2 |
7 |
3472 |
Теміржол бойынша |
365 |
3 |
8 |
8760 |
Негізгі өндірістік корпуста жұмыс күндерінің жалпы санынан цехтегі жабдықтың күрделі жөндеуіне берілетін күндерді алып тастау арқылы анықталынады. Жұмыс уақытының жылдық қорын цех өнімділігі мен шикізат материалдардың қажеттілігін есептеу үшін қолданамыз. Норма бойынша жұмыс уақытының жылдық қоры – 8760 сағ.
Цехтің жұмыс тәртібін толтырғыштар өнеркәсібіндегі сәйкес технологиялық жоспарға және нормаларға байланысты орнатады.
Бітіру жұмысының технологиялық бөлімінде жұмыстың қабылданған режимінен шыға отырып, завод өнімділігінің есебі келтіріледі. Осы тарауда заводтың бұйымдардың қандай түрлері мен маркаларын және қаншалықты (жылына, тәулігіне, ауысымда, сағатына) шығаратындығын көрсету қажет. Цехтің өнімділігін есептеу нәтижесі 12-кестеде келтірілген.
14-кесте – Заводтың өнімділігін есептеудің жиынтық ведомості
Көрсеткіштер |
Өнімділік, м3 | |||
Жыл |
Тәулік |
Ауысым |
Сағат | |
Шығынсыз |
50000 |
136,9 |
45,6 |
5,7 |
Дайын өнім қоймасы, 1% |
50500 |
138,3 |
46,1 |
5,8 |
Өндірістік корпус, 2% |
51510 |
147,1 |
49,1 |
6,1 |
Шикізат қоймасы, 1% |
52025 |
209,7 |
104,8 |
14,9 |
Барлық бағдарлама завод өнімділігін есептеу кезінде бұйымдар және таңбалар бойынша олардың қажеттілігіне тәуелді пайызда бөлінеді, барлық өнімділік 100%-ға қабылданады.