- •1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз
- •7.Қажетті сөзді қойыңыз.
- •18. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңыз.
- •19. Қимылды басқаға орындатқан іс-әрекетті көрсетіңіз.
- •52. «Аяғынан тік тұрды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
- •126. «Қылығының қылшығын таныды» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
- •127. Сөйлемдегі ұлттық танымға қатысты сөзді көрсетіңіз.
- •132 Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
- •133. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз
- •134. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •135. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз
- •157.Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз.
- •167. «Сүттен ақ, судан таза» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
- •173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
- •174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
- •180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.
- •191.Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
191.Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
Көз қысты, бармақ басты әрекеттерді тоқтататын кез келді.
А) өзара келісімге келу
192. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Таяқ жеу
193. «Шарасыздан» сөзін ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.
Денсаулығым нашарлап, шарасыздан жазғы демалысымызды саяжайда өткізетін болдық.
A) амалсыздан
194. Іс-әрекеттің шартын білдіретін нұсқаны көрсетіңіз.
А) Терең білім алғың келсе, көп ізденіп оқу керек.
195. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) ІІ Птолемей – ең ірі кітапхананың бірінің негізін салушы.
Әлемнің ең ірі кітапханалары.
Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия кітапханасы мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасы – заманында әлемдік өркениеттің дамуына теңдессіз ұлес қосқан кешенді білім ордалары. Алайда бұл екеуінің де өмрі бүгінгі таңға жетпей, тарихтың бір қойнауымен шектеледі.
Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында бес мың том кітап болған. Оны Эратосфен, Зенодот, Аристарх, Калиммах есімді ірі ғалымдар басқарған. Сол заманғы оқымыстылар жүз мыңнан жеті жүз мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті мен ғылымынан тұратын шығармалар құрағанмен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Калиммахтың жетекшілігімен кітапхана каталогі жасалынып, сол жүйе негізінде кітап қоры толықтырылып тұрған.
Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы. Бұл кітапхананың қоры өте бай болған. Отырар – біздің ұлы бабамыз Әбу насыр әл-Фарабидің отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрімен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирусорама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.
2001 жылы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр. Әйгілі Отыраркітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер екені баршаға аян.
196. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мен халқыма пайдалы қызмет ....
А) еткім келеді
197. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Александрия, ғылым, сына жазу, жоба

198. Көп мағыналыққа ие болмайтын сөзді көрсетіңіз.
А) топ
199. Бірнеше мағынаны білдіретін сөзді табыңыз.
А) адамның басы, әңгіменің басы, жұмыстың басында
200. Дұрыс жауабын қойыңыз.
Еліміз, ұлттық мерекеміз Наурызды, жылда өз дәрежесінде ....
А) атап өткізіп жатыр