
- •1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз
- •7.Қажетті сөзді қойыңыз.
- •18. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны тандаңыз.
- •19. Қимылды басқаға орындатқан іс-әрекетті көрсетіңіз.
- •52. «Аяғынан тік тұрды» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
- •126. «Қылығының қылшығын таныды» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
- •127. Сөйлемдегі ұлттық танымға қатысты сөзді көрсетіңіз.
- •132 Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
- •133. Тиісті сөзді тауып, сөйлемді толықтырыңыз
- •134. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •135. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз
- •157.Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз.
- •167. «Сүттен ақ, судан таза» тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
- •173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
- •174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
- •180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.
- •191.Сөйлемдегі асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
- •Әлемнің ең ірі кітапханалары.
173. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Дастарқан басында батаны кім берді?
A) Ермектің қайын атасы.
Досым Балнұрдың отбасы шағын. Оның отбасында төрт адам бар. Олар: жолдасы, ұлы, қызы және өзі. Жолдасы Ермек- сәулетші. Өзі қаржылық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Ұлы Әлішер - бастауыш сынып оқушысы. Ол сабағын жақсы оқиды. Әлішер мектепке өзі барады. Қызы Нағима балабақшаға барады. Олар Алматы қаласында тұрады. Балнұр мен Ермек мемлекеттік қызметші болғандықтан, жақында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алды.
Балнұрдың отбасы өте тату тұрады. Өйткені жақын туыс адамдар сыйлас болады. Жолдасы мен өзінің жалақылары жақсы, жалақыларын уақытылы алады. Олар отбасында күнделікті шығын мен жылдық шығынды үнемі есептеп отырады. Алматы қаласында пәтерақы төлемі қымбат. Балнұр мен Ермек ақшаны есеппен жаратып, тиімді жұмсайды.
Ермектің ата – анасы Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында тұрады. Атасы мен әжесі үнемі қаладағы немерелерін сағынып жүреді. Немерелері де ата - әжелерін қатты сағынады. Атасы мен әжесі Алматыға келген сайын немерелеріне бағалы сыйлықтар ала келеді.
Ермек пен Балнұр балаларың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.
Балнұрдың отбасы өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған - туыстары мен дос -жарандары, әріптестері келді. Үй иелері келген қонақтарды төрге шығарып, сый құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы - жұмсақ, тәтті дүниелер - қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ақ ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы - қарта, жал - жая, тәтті жент, жеміс - жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен кісі бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.
Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.
174. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
Шәкірт... ұстаз-тұл.
А) -сіз
175.«Аяғынан тік тұрды» мағынасын білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) құрмет көрсету
176. «Тыңдау » мағынасында қолданылатын тіркесті белгілеңіз.
А) құлақ салу
178. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойыңыз.
... сіз сөйлейтін болсаңыз, ... мен слайдтарды көрсетіп тұрамын.
A) Егерде, онда
179. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.
Мен шетелдік ... хат жолдадым.
А) достарыма
180.Асты сызылған сөзбен мәндес нұсқаны табыңыз.
Елімізде отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді.
А) көбейіп
181. Мақалды жалғастыр
Өнер алды - ...
А) қызыл тіл
182. Көп нүктенің орнына салыстырмалы мәндегі сөзді қойыңыз
Оның денесі.... болғанымен, қимылы ширақ екен.
А) толықтау
183. «Өте қысқа» сөзімен алмастыруға болатын сөзді табыңыз.
А) Қып-қысқа көйлек кию сәнге айналды.
184. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.
Анам ... алақанымен маңдайымнан сипады.
А) жып-жылы
185. «Шет жағасын айтты» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
А) ептеп сездірді, жеткізді
186. Көп нүктенің орнына күшейткіш мәнді сөзді қойыңыз.
Сырым ашылып қалды ма деп, Айдананың өңі ... боп кетті.
А) құп-қу
187. .«Мүлтіксіз» сөзіне мәндес қатарды көрсетіңіз.
А) мінсіз
189. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Үйге бүгін сағат беске ... келдім.
А) таман
190. Мақалдың бірінші сыңарын табыңыз.
Досы көпті....
А) жау алмайды