Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014_2.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

126. «Қылығының қылшығын таныды» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз.

А) Біреудің мінез-құлқындағы кем-кетігін анық білді.

127. Сөйлемдегі ұлттық танымға қатысты сөзді көрсетіңіз.

Ер – тұрман - атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық атауы.

А) ер-тұрман

  1. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз.

Шақырту қолымда ...., жол шығындарын көтеретін демеуші таба алмадым.

А) болғанмен

  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Оны алғаш ... танымай қалған болуы керек.

А) көргенде

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Шығарманы ...., сол кездегі қиындықтарды көз алдыңа елестете аласың.

А) оқи отырып

  1. Дұрыс құрылған сөйлемді қойыңыз.

А) Күн бірден жылынып, еріген қар өзен арнасын көтеріп жіберді.

132 Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

A) Сүт және оның өнімдері адамға өте пайдалы.

Ас – адамның арқауы. Адам ағзасы түрлі аспен қоректеніп, күш жинайды. Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді – дақылдардан жасалады. Олардың әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Ет өнімдері дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам ағзасына пайдалы ақуыз заттарымен құнды. Қазақтың дәстүрлі дастарханында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән азықтарынан дайындалатын тағамдар да өте мол. Бұл тағамдар дәрумендерге бай, ағзаға сіңімді келеді. Майға қуырған қып – қызыл бидай, аппақ баданалы жүгері дастарханның сәні емес пе?Сүт тағамдары денсаулыққа аса пайдалы. Кезінде академик И.П.Павлов: «Сүт – табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған болатын. Шындығында қоректік жағынан алғанда, сүт – тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды өнім. Сүт – сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Адам баласының саналы тіршілігінің барысында өз қажетіне қарай лайықтап алған бұл табиғи өнімнің қоректік жағынан алғанда тағамдық құндылығы өте жоғары.Сүт және одан өндірілетін өнімдер – өте сіңімді және адам ағзасы үшін пайдалы тағам. Сүттен қаймақ, кілегей алынып, сары май шайқалады. Сиыр, қой, ешкі сүтінен айран ұйытылып, май шайқалса, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат ашытылады.Сүтті жас баладан еңкейген кәріге дейін ішеді. Өйткені ол дәрумендерге, қышқылдар мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай. Бір сөзбен айтқанда, сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Себебі оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілүі үшін қажетті барлық заттар бар. Соған орай физиологиялық құндылығы жағынан бір де бір азық тең келе алмайды. Сүттің тағы бір ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отыру.Сүтті пайдаланып әртүрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір ерекше өнім пайдаланылады. Ал сүт қосылып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, түрлі аурудың алдын алу және диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.Сүт өнімдерінің ерекше бір түрі – уыз. Уыз – жаңа төлдеген малдың қою сүті. Қазақ халқы оны қара уыз, сары уыз, ақ уыз деп үшке бөледі. Қара уыз – төлдеген малдың төлі еметін алғашқы уызы. Сары уыз – төлі емгеннен кейін сауылатын уыз. Ақ уыз – бір күннен кейін сауылған уыз.Уыз – қазақ халқының аса дәмді әрі сүйікті ұлттық тағамы. Ол - адам ағзасына өте пайдалы ас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]