Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014_2.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

19. Қимылды басқаға орындатқан іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Қызметкер сапарға заттарын дайындатқызды.

20. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Дастарқанға шаймен ... ыстық самса да қойылды.

А) бірге

21. Сөйлемді айқындап тұрған мүшені көрсетіңіз.

Мен, Ермахан Ерсұлтан Нұрмаханұлы, 1993 жылы Алматы қаласында туылдым.

А) Ермахан Ерсұлтан Нұрмаханұлы

22. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Ол өмірінде ... алғыр адамдарды кездестірсе де, дәл осындай қайсар жанды бұрынды-соңды көрген емес еді.

A) қаншама

23. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сондай- ... ұлт зиялылары бас қосып, қазақ елінің алдағы мұратын талқылады.

А) ақ

24. Төл сөзді табыңыз.

A) «Жақсы сөз - жарым ырыс», - деген ғой дана халқымыз.

25. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ», - деген Ш. Айтматов.

A) Ш. Айтматов тіл жоқ жерде ұлт болмайтынын айтқан.

26. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

Бұл ... көшірме ... , тұпнұсқасы әлдеқайда жақсы.

А) тек, ғой

27.Бағытты білдіретін тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Олар қалаға қарай кетіп барады.

28. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Биылғы жазғы Азиадада біздің гимнаст қыздарымыз бұрынғыдан гөрі... жақсы өнер көрсетті.

A) біршама

29. Сәуленің сөзін басқа адамға жеткізіп тұрған нұсқаны табыңыз.

«Қаражат жетпейтін сияқты», - деді Сәуле.

A) Сәуле қаражаттың жетпейтінін айтты.

30. Сөйлемді толықтырыңыз.

Әншілер сахнаға ... шыға бастады.

A) бір-бірден

31.Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз.

- Театр өзін-өзі қаржыландыра алмайды, - деді актер.

A) Актер театрдың өзін-өзі қаржыландыра алмайтындығын айтты.

32.Сөйлемді айқындап тұрған мүшені табыңыз.

Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, қызмет етеді.

А) еңбек адамдары үшін

33.Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Ы. Алтынсарин: «Байлық - қанағат пен еңбекте», - деген.

A) Ы. Алтынсарин байлықтың қанағат пен еңбекте екенін айтқан.

34. Синонимдер көрсетілген қатарды көрсет.

A)Алыс, қашық

35.Шарттық мәнін білдіретін сөйлемді белгілеңіз.

A) Егер жаз өте ыстық болса, онда қыс та қатты болады.

36.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол өз сіңілісімен ... келе жатқан қызды танымады.

А) бірге

37. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) Айнұр одан: «Енді не істемекшісің, Кәмшат?» - деп сұрады.

38. «Бірталай» сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.

A) көптеген

39. Жас маманның не туралы айтқанын көрсетіңіз.

«Біз жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде еңгізуіміз керек», - деді жас маман.

A) Жас маман жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізу керектігін айтты.

40. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Оның мына кереметке таңқалғаны ... - аң-таң болып орнында тұрып қалды

A) сонша

41. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Бұл әнді сіз осымен бірнеше рет естідіңіз ... .

А) ғой

42. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді белгілеңіз.

Адам ... көп оқыған сайын,... білімін жетілдіре береді екен.

A) неғұрлым, соғұрлым

43. Диалогті толықтырыңыз.

- Айдар, біздің қоймадағы тауардың бәрі сатылып кетті.

- Иә, қайта тапсырыс беру керек ....

A) деді

44. Тиісті сөзбен сөйлемді толықтырыңыз.

Ержан мән-жайды ... анасына сыр білдірмеді.

A) біле тұра

45. Дұрыс жауабын табыңыз.

Бақытжан кері алып кеткісі келмей, мына малын ... арзан берді.

A) лажсыздан

46.Мәндес сөздер қатарын көрсетіңіз.

А)сусағыш-шөлдегіш

47. Асты сызылған сөзге мәндес қатарды көрсетіңіз

Мен маңызды бір жағдайда қатты қобалжып, не істерімді білмей қаламын

А) екі ойлы болу

48. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөйлем қатарын көрсетіңіз.

А) Кішкентай балалардың көз жасы дайын тұрады. Ұжымның көбі жас қыздар

49. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөзді көрсетіңіз.

А) жүз

50. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Мұқағали Мақатаев қай жерде дүниеге келді?

Мен бос уақытымда қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқығанды жақсы көремін. Үйде өзімнің кітапхана қорым бар. Мен қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын, қазақ әдебиеті тарихы мен тіл білімі туралы жазылған кітаптарды сатып алып, жинап жүремін.

Менің сүйікті ақыным – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Оның шығармаларының қайнар көзі – туған жері, замана тынысы. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерді, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын көтерді.

Мұқағали аударма саласында да еңбек сіңірді. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Кеше Жазушылар Одағында қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кеш өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының ғимараты Алматы қаласында Абылай хан даңғылының бойында орналасқан. Жазушылар Одағының үлкен залы көрермендерге толы болды. Кешке халқымыздың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен ақынның ұлы Жұлдыз және ақын шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты. Кеш барысында Мұқағали Мақатевқа арнау өлеңдер мен ақиық ақынның өлеңдері оқылды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша қойылым көрсетілді. Кеш қызықты да тартымды өтті.

Бүгін Республика сарайында концерт болады. Онда кәсіпқой бишілер би билеп, дәстүрлі әндер орындалады. Классикалық би билеу – улкен өнер. Жуырда «Сарыарқа» киноттеатрынан «Көшпенділер» фильмін көрдім. Қазақ өнерін жоғары бағалаймын. Мен бос уақытымда кітап оқып, ән тыңдап, мәдени барғанды ұнатамын.

51. « Кілт» сөзінің мағынасын ашпайтын сөзді көрсетіңіз.

А) заттың, құбылыстың бастамасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]