Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
статистика / каз / статистика каз.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.5 Mб
Скачать

6. Семинар сабағының тақырыптЫқ жоспары

Тақырыптар және сағат көлемі

Сұрақ жауап, есептер шығару, мәселелі сұрақтар

Жазбаша сұрау (тестілік сұрау, бақылау жұмысы, карточкамен жұмыс істеу, баяндама, хабарлама, реферат, үй жұмысы және т.б.)

Қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолдану, оқу процесіндегі жаңаша технологияны қолдану

Оқу-монографиялық әдебиеттерді оқу

1

Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

0,5 сағат

Мақсаты: Статистика пәні мен зерттеу әдістерінің мазмұнын ашу.

Міндеттері:

.Статистиканың мазмұны, оның даму тарихы. Статистиканың оқу пәні.

.Статистика заңдылықтары және үлкен сандар заңы.

.Статистикалық белгілер және оның жіктелуі.

.Статистикалық көрсеткіштер. Статискалық көрсеткіштер жүйесі. .Статистикалық зерттеу туралы жалпы түсінік.

Ауызша және тестілік сұрау, хабарлама.

2,3,4,5

2

Статистика агенттігінің ұйымдастырлуы және оның зерттеу міндеттері

0,5 сағат

Мақсаты: ҚР статистика Агенттігінің және халықаралық статистика ұйымдарының қызметімен танысу.

Міндеттері:

  1. ҚР мемлекеттік статистиканы ұйымдастыруы.

  2. Мемлекеттік статистиканың мәні және мазмұны.

  3. ҚР Статистика Агенттігінің қызметі

Ауызша және тестілік сұрау, хабарлама.

1,2

3

Статистикалық бақылау

1 сағат

Мақсаты: Статистикалық бақылаудың ұйымдастырлуы мен жүзеге асырлу тәртібін анықтау.

Міндеттері:

.Статистикалық бақылау түсінігі және оның элементтері.

.Статистикалық бақылаудың түрлері.

.Статистикалық бақылаудан алған фактілерді есепке алу тәсілдері.

.Статистикалық есептілік.

.Бақылауда жіберілген қателіктер.

Ауызша және тестілік сұрау, хабарлама.

2,3,4,5

4

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

1 сағат

Мақсаты: Статистикалық мәліметтерді жинақтау тәртібімен танысу және топтау тәсілдерін анықтау. Статистикалық кестені құруды мегеру.

Міндеттері:

.Салыстыру, оның мазмұны және міндеттері.

.Статистикалық топтау. Топтау түрлері.

.Сандық белгілер бойынша топты құрудың негізгі ережесі

.Қайта топтау.

Статистикалық кесте. Оның негізгі элементтері.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,6,

5

Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

1 сағат

Мақсаты: Абсолютті және қатысты шамалардың мәнін анықтау және қолданып үйрену. Статистикалық графиктерді құрып үйрену.

Міндеттері:

.Абсолюттік шаманың түрлері, оның мәні және анықтау тәсілдері.

.Өлшем бірліктер.

.Қатыстық шамалар, оның мәні және анықтау тәсілдері.

.Графикалық бейнелеу.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,6

6

Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

1 сағат

Мақсаты: Орташа шамалар мен вариациялардың мәнін анықтау және оны қолданып үйрену.

Міндеттері:

.Бөлу қатарлары және оның негізгі сипаттамасы.

.Орта шамалардың мәні мен мазмұны.

.Орташа арифметикалық шама және қасиеттері.

.Өзге де орташа шамалар.

.Вариация түсінігі. Вариацияның мөлшері мен интенсивтілік көрсеткіштері.

.Топтастырылған мәліметтердің дисперсиясы. Дисперсияны қосу ережесі. Эмпириялық корреляциялық қатынастар.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,6,7

7

Ішінара бақылау

1 сағат

Мақсаты: Ішінара бақылау тәртібін анықтау және оның түрлерімен танысу.

Міндеттері:

.Ішінара бақылау түсінігі және оның түсінігі.

.Іріктеу қателіктерін есептеу.

.Іріктеу санын анықтау.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,3,4,5

8

Өсіңкілік қатарлар

1 сағат

Мақсаты: Өсіңкілік қатарладың мәнін анықтау және он қолданып үйрену.

Міндеттері:

.Өсіңкілік қатарлар.

.Өсіңкілік қатарлар көрсеткіші. .Өсіңкілік қатарлардың орташа мәні.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,5,6,

9

Индекстер

1 сағат

Мақсаты: Индекстердің түсінігін беру, мәнін және қолданылуын анықтау

Міндеттері:

. Индекс туралы түсінік. Индекстік әдісті қолдану.

.Агрегаттық индекс. Жеке индекстер.

.Құрылымдық индекстер. .Көп факторлы индекстік үлгілерді құру.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

Презентация

2,5,6,

10

Қоғамдық құбылыстардың өзра байланыстылығын статистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

1 сағат

Мақсаты: Статистикалық зерттеудің мәнін ашу және оның қолданылуымен танысу.

Міндеттері:

. Өзара байланыстың түрлері мен нысандары.

. Баланс әдісі.

.Атрибутивтік белгілер арасындағы байланысты зерттеу әдістері.

.Параллель қатарларды салыстыру әдістері.Ранг корреляциясы.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,8,

11

Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

1 сағат

Мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Қазіргі заманғы статистикалық жүйенің жағдайы.

2.ӘЭС түсінігі және міндеттері.

3. Статистикалық көрсеткіштер. ӘЭС көрсеткіштер жүйесі.

4. ӘЭС маңызды жіктеулер мен топтастырулар.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама.

2,4,5,

12

Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

1 сағат

Мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

  1. Экономикалық потенциял түсінігі

  2. Экономикалық потенциялдың жіктелуі

  3. Экономикалық потенциял көрсеткіштері

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,4,6,7,

13

Шығын және аралық тұтыну статистикасы

1 сағат

Мақсаты: Шығын және аралық тұтыну статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1. Шығынның түсінігі. Шығынның жіктелуі.

2. Аралық тұтыну түсінігі.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

Слайд

2,3,4,

14

Өндіріс нәтижесінің статистикасы

1 сағат

Мақсаты: Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1.Тауар мен қызметтің өзіндік құнының статистикасы.

2.Экономикалық қызметтің нәтижесін статистикалық зерттеу.

3. Экономикалық қызметтің тиімділігін статистикалық зерттеу.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,3,4,5,

15

Ұлттық есеп жүйесі

1 сағат

Мақсаты: Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу.

Міндеттері:

1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ қолданылатын концепцияның негізі.

2.ҚР ҰШЖ шоттардың негізгі сипаты.

3. ЖІӨ түсінігі және оны есептеу әдістері. Тұрақты бағада ЖІӨ көрсеткіштерін есептеу.

4. МОБ. МОБ құру техникасы.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

Презентация

2,3,4,5

16

Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы

1 сағат

Мақсаты: Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасының мәні мен мазмұнын анықтау.

Міндеттері:

1.Халық табысының статистикасы.

2.Халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну статистикасы.

3.Халықтың өмір сүру деңгейінің жинақтаушы көрсеткіштері.

Ауызша және тестілік сұрау, хабар лама,

типтік есептер шығару

2,6,7,

Барлығы, 15 сағат

Семинар сабағында типтік есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқау

5 тақырып. Абсолюттік және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Типтік есептер:

№1

2011 жылы «Цесна» АҚ өндірген өнімінің өзіндік құны 54 теңгені құрады. Ал ағымдағы жылы 1 кг өнімнің өзіндік құны 52 теңгеге дейін төмендету жоспарланды.

«Цесна» АҚ жоспарын салыстырмалы көрсеткіште көрсетіп есептеңіз. Ол қатысты көрсеткіштің қай түріне жатады?

Шешуі: 52/54*100-100=3,7%, жоспарланған көрсеткішті нақты қол жеткізген көрсеткішпен салыстыру жоспарлық тапсырма көрсеткішіне жатады.

№2

«Цесна» АҚ 2012 жылы 680 адамның 17 млн.тг өнімін шығаруды жоспарлаған болатын, а ліс жүзінде жұмыс істейтіндердің орташа саны 673 адам 18,56 млн.тг өнімін шығарды.

Жоспардың орындалу көрсеткішін есептеңіз: а) жұмыс істейтіндердің саны бойынша; ә) еңбек өнімділігі бойынша; б) нәтижесін кесте бейнелеңіз.

Шешуі: 17млн.тг/680адам=25млн.тг/адам; 18,56млн.тг/673адам=27,6 млн.тг/адам;

18,56млн.тг/17млн.тг=109,2%; 673 адам/680 адам=99%;

27,6/25=110,3%.

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Өсу қарқыны

Өнім шығару, млн.тг

17

18,56

109,2

Жұмыс істейтіндер саны, адам

680

673

99

Еңбек өнімділігі, млн.тг/адам

25

27,6

110,3

№3

Төменде келтірілген деректер бойынша ҚР бюджетінің 2000 жылы, 2005 жылы, 2010 жылғы шығын құрылымының қатысты шамасын (млрд.тг) есептеңіз:

Шығын бабы

2000 жылы

2005 жылы,

2010 жылы

Халық шаруашылығы

74,6

111,6

151,4

Әлеуметтік мәдени сала мен ғылымға

55,9

77,1

92,8

Қорғанысқа

17,9

17,4

17,2

Басқаруға

1,7

2

2,4

Барлығы

154,6

214,6

276,4

Шешуі:

Шығын бабы

2000 жылы

Үлесі

2005 жылы

Үлесі

2010 жылы

Үлесі

Халық шаруашылығы

74,6

48,3

111,6

52

151,4

54,8

Әлеуметтік мәдени сала мен ғылымға

55,9

36,2

77,1

35,9

92,8

33,6

Қорғанысқа

17,9

11,6

17,4

8,1

17,2

6,2

Басқаруға

1,7

1,1

2

0,9

2,4

0,9

Барлығы

154,6

100

214,6

100

276,4

№4

Есіл ауданы халқының орташа жылдық саны былтырғы жылы 31550 адамды құрады. Ауданның клемі 997 шаршы метрге тең. АХАТ өткен жылы 495 бала туу фактісі тіркелген.

Табу керек: а) аудан халқының тығыздығын; ә) туу коэффициентін; б) бұл көрсеткіштер қатысты шаманың қандай түріне жатады.

Шешуі: даму интенсивтілігі.

Көрсеткіш

2000 жылы

Аудан халқының саны, адам

31550

Ауданның көлемі, шаршы метр

997

Жыл ішінде туған баланың саны, адам

495

Аудан халқының тығыздығы, адам/ шаршы метр

31,6

Туу коэффициенті, промилле

15,7

6 тақырып. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

№1

Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауылды мекенінде 200 отбасының бала саны бойынша келесідей бөлінген:

Бала саны бойынша статистикалық бөлу қатары

Отбасынығдағы балалардың саны (х варианттар)

Отбасы саны (жиілік f)

Бала саны (варианттың жиілікке көбейтіндісі xf)

0

10

0

1

30

30

2

75

150

3

45

135

4

20

80

5

15

75

6

5

30

Жиыны

200

500

Орташа бала санын анықта?

Шешуі: бала

№2

Төмендегі кестеде ТОО «Арна» ұйымының жұмысшыларының еңбекақысы туралы мәліметтер берілген:

Жұмысшыларды еңбекақы мөлшері бойынша бөлудің статистикалық қатары

Жұмысшылардың еңбекақы бойынша тобы, тг

Аралықтың орта мағынасы, х

Жұмысшылар саны,f

Варианттардың жиілікке көбейтіндісі

26000-28000

27000

10

270000

28000-30000

29000

50

1450000

30000-32000

31000

100

3100000

32000-34000

33000

115

3795000

34000-36000

35000

180

6300000

36000-38000

37000

45

1665500

Жиыны

500

16580000

Орташа еңбекақы мөлшерін есепте?

Шешуі:

№3

Төменде берілген мәліметтер бойынша жоспарды орындаудың орташа пайызын есепте:

Кәсіпорын

Жоспар, мың дана

Нақты, мың дана

Жоспардың орындалу пайызы, пайыз

А

100

105

105

Ә

200

180

90

Б

300

330

110

Барлығы

600

615

102,5

Шешуі:

№4

Төмендегі мәліметтер бойынша мода, медиананы және квартилді есептеңдер:

Жұмысшылардың еңбекақы бойынша тобы, тг

Жұмысшылар саны,f

26000-28000

10

28000-30000

50

30000-32000

100

32000-34000

115

34000-36000

180

36000-38000

45

Жиыны

500

Шешуі:

9 тақырып. Индекстер

№1

«Ақмаржан» АҚ екі кезеңде өнімді өндіру және сату бағасы туралы келесідей деректер берілген:

Өнімнің атауы

Өнім бірлігі

Базистік кезең

Есептік кезең

Шығарылған өнім бірлігі

Бағасы, тг

Шығарылған өнім бірлігі

Бағасы, тг

А

Кг

3000

50

4000

45

Б

Кг

4500

12

4500

11

В

Кг

8000

30

7000

28

Табу керек:

  1. Бағаның агрегаттық индексін және бағаның төмендеуінен тұтынушылар үнемдеуінің мөлшерін есепте;

  2. Өнімнің нақты көлемінің агрегаттық индексін есепте.

Шешуі:

№2

Тұтынушылар кооперациясының комиссиялық саудасындағы тауар айналымы жөнінде келесідей мәліметтер берілген:

Тауарлар тобы

Тауар айналымы, млн. тг

1 тоқсанмен салыстырғанда 3 тоқсандағы бағаның өзгеруі, %

1 тоқсан

3 тоқсан

Көкеніс

15.4

40.2

-12

Ет

24.5

18.5

+2

Сүт

10.4

14.5

-10

Табу керек:

  1. Бағаның жалпы индексін есепте;

  2. Тауар айналымының нақты бағалар бойынша жалпы индексін есепте;

  3. Тауар айналымының өзгермейтін баға бойынша жалпы индексін есепте;

  4. Бағаның өзгеру нәтижесінде халықтың алған үнемін есепте.

№3

Тауар биржасындағы мәлімет бойынша өнімнің өзіндік құнының жалпы индексі мен үнемнің сомасы туралы келесідей ақпараттар берілген:

Өнім

Есепті жылы барлық өнімді өндіруге жұмсалған шығын, млн.тг

Базистік жылмен салыстырғанда есепті жылы өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуі, %

КР-090

218,3

7,5

КР-014

330,8

5,5

КР-072

143,7

4,2

Шешуі: