
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Обсөж және сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Əдебиеттер
- •Глоссарий
- •Г қосымшасы
- •Білім бағалаудың жалпы кестесі
- •Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.1 Информатика пәні. Ақпараттық технологиялар.
- •1.2 Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.
- •2.1 Ақпарат және оның түрлері, қасиеттері.
- •2.2 Ақпаратты кодтау аsсіі (Ақпараттардың эем-да берілуі).
- •2.3 Компьютерде ақпаратты көрсету.
- •С кибернетика;
- •3.1 Бульдік алгебра функциялары, қатынас және жиындар.
- •3.2 Компьютердің логикалық негіздері.
- •3.3 Графтар мен ағаштар.
- •Логикалық қосу
- •Логикалық теріске шығару
- •4.1 Ақпараттық жүйелердің заң тәжірибесіндегі рөлі мен орны.
- •Қр «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» Заңын талқылау
- •Эем архитектурасының негізгі түсініктері
- •5.1 Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері.
- •5.2 Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары.
- •3 Сурет. Компьютердің функционалдық схемасы
- •5.3 Заң және құқық қорғау қызметі үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар құрал – жабдықтарын белгілеу.
- •B. Қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;
- •6.1 Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру.
- •6.2 Тапсырмаларды шешу стратегиялары.
- •Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.
- •7.1 Бқ жіктелуі.
- •7.2 Операциялық жүйелер
- •7.3 Linux операциялық жүйесіне шолу.
- •Linux операциялық жүйесімен танысу
- •Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
- •8.1 Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер.
- •8.2 Ақпаратты қорғау.
- •8.3 Парольдер. Есептік жазбалар.
- •9.1 Желілер және телекоммуникациялар.
- •9.2 Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу.
- •9.3 Ақпаратпен және компьютерлердің желідегі ақпараттық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық ерекшіліктері.
- •10.1 Форматтау және документтерді стильдік безендіру
- •10.2 Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •Ms Word мәтіндік редакторында макрастармен жұмыс.
- •10.4 Ms Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
- •11.1. Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •11.2 . Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •11.3 Сілтемелер. Функциялар құру
- •12.1 Программада математикалық есептеулер жүргізу.
- •12.2 Диаграммамен жұмыс
- •12.3 Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •13.1 Деректер базасы туралы түсінік. Деректер базасының құрылымы. Дббж
- •13.2 Деректер базасының кестесін құру.
- •13.3 Заңнамалық деректер базасын құру және өңдеу.
- •14.1 Сұраныстар құру.
- •Сұратулардағы есептеулер
- •14.2. Форма түрінде деректерді көрсету.
- •14.3 Есептер құру.
- •1. Мббж (Мәліметтер базасын басқару жүйесі) бұл…
- •8. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз…
- •15.3 Презентацияны демонцтрациялау режимдері.
- •5 .Пәнді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •"Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.2. Білімдерді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Семинарлық сабақтар, обсөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арм (Hand-outs )
- •Тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған материалдар
- •1.1 Тәжірибелік жұмыс. Санау жүйелері.
- •Тәжірибелік жұмыс.
- •1 Лабораториялық жұмыс. Бір жүйеден екінші жүйеге өту
- •2.1 Тәжірибелік жұмыс. Сандық ақпаратты көрсету
- •2.2 Тәжірибелік жұмыс. Мәтіндік ақпараттарды кодтау
- •Кодталған кестені қолдану
- •2 Лаборатораториялық жұмыс. Графикалық ақпаратты көрсету
- •3.2. Келесі айтылымдар үшін ақиқат кестесін құрыңыздар:
- •4.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютердің логикалық негіздері
- •4.2. Тәжірибелік жұмыс. Логикалық схемалар құру
- •4 Лабораториялық жұмыс. Графтар көмегімен тапсырмаларды шешу.
- •5.1. Тәжірибелік жұмыс. Эем архитектурасының негізі түсініктері
- •5.2. Тәжірибелік жұмыс. Дербес компьютер құрылғыларын оқып үйрену
- •5. Лабораториялық жұмыс. Әрекет принциптері және жүйелік блоктың негізгі құрылғылары.
- •6.1. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритм. Қасиеттері және алгоритмдерді жазудың тәсілдері.
- •6.2. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритмдердің блок – схемасын құру
- •6. Лабораториялық жұмыс. Экономикалық түрдегі алгоритмдік тапсырмаларды шешу
- •7.1. Тәжірибелік жұмыс. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жіктелуі
- •7.2. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру
- •7. Лабораториялық жұмыс. Операциялық жүйеде жұмыс істеу.
- •6. Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру
- •10. Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту
- •11. Файлды немесе буманы іздеу
- •12. Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:
- •13. Файлдарды иілгіш магниттік дискіге көшіру:
- •8.1. Тәжірибелік жұмыс. Интерфейс операционной системы windows
- •8.2. Тәжірибелік жұмыс. Дефрагментация және дискті форматтау
- •Лабораториялық жұмыс 8. Антивирустар және архиваторлар
- •9.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютерлік желілер
- •9.2. Тәжірибелік жұмыс. Кілттік сөздер бойынша ақпарат іздеу
- •9. Лабораториялық жұмыс. Ақпараттық қауіпсіздік
- •Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •Лабораториялық жұмыс 10. Работа с длинными документами
- •11.1. Тәжірибелік жұмыс. Кестелік процессорлар.
- •Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •11.2. Тәжірибелік жұмыс. Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •11. Лабораториялық жұмыс. Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау
- •12.1. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы тапсырмаларды шешуде кестелік процессорды қолдану Сілтемелер.
- •Функциялар құру.
- •12.2. Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.
- •12. Лабораториялық жұмыс. Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері
- •13.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Шебер көмегімен кестелер құру
- •13.2. Тәжірибелік жұмыс. Конструктор режимінде кесте құрылымн Редактрлеу
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •13. Лабораториялық жұмыс. Кестедегі мәліметтерді сұрыптау
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Сұраныстар құру
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •14.2. Тәжірибелік жұмыс. Формаларды жасау
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •15. Тәжірибелік жұмыс. ДАйЫн шаблондарды қолданып презентациялар құру.
- •(3 Кредит)
A. монитор;
B. Қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;
C. принтер;
D. компьютердің жедел жады;
E. сканер.
Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:
A. операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар;
C. микропроцессорлар, жедел (оперативтік) жады;
B. операциялық жүйе;
D. файлдар;
E. жүйелік программалар сақталған бумалар.
Пернетақта не үшін қажет?
A. дискіден мәлімет енгізу үшін;
B. символдар енгізу үшін;
C. компьютерді басқару және таңбалық мәліметтер енгізу үшін;
D. монитор экранында тышқан курсорын жылжыту үшін;
E. кестелерді, символдарды өңдеу әрекетін басқару үшін.
Қатты диск дегеніміз ...
A. мәліметтерді уақытша есте сақтайтын құрылғы;
B. файлдық жүйе жиыны;
C. мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы;
D. белгілі бір тәртіппен реттелген секторлар жиыны;
E. көлемі 1Mb FLASH.
6 – ТАҚЫРЫП. Алгоритмдік шешімдерді талдау.
6.1 Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру.
6.2 Тапсырмаларды шешу стратегиялары.
Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі.Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
«Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.
Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді.
Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.
Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программадеп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
1. Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалға, алдыңғы практикалық жұмыстағы екі санның қосындысын табу алгоритмі сызықтық алгоритмге жатады.
2. Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
Арифметикалық цикл Итерациялық цикл
Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар: 1. Алгоритмнің дискреттілігі (үзілісті) –ақпаратпен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.
2.Алгоритмннің анықтылығы –біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
3.Алгоритмннің жалпылығы –Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда,жалпылық қасиеті деп атайды.
4.Алгоритмннің нәтижелілігі -Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.
Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.
– Тақырып бойынша тест сұрақтары
Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер деп нені айтады:
Басқа алгоритмдер құрамында қолданылмайтын көмекші алгоритмдер;
Тұрақты мәні бар константалар;
Басқа алгоритмдер құрамында қолданылатын көмекші алгоритмдер;
Ақпаратты кодтау жүйесіне енетін командаларды жазу үшін қолданылатын сөздер;
Бір рет және мәңгіге белгіленген сөздер, мағыналар және қолдану тәсілдері;
Орындаушы дегеніміз не:
Берілген алгоритмді орындай алатын субъект немесе объект;
Берілген алгоритмді орындай алатын объект;
Нұсқауларды орындаушы;
Машина;
Берілген алгоритмді орындай алатын адам;
Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:
Алгоритмнің басы-соңы;
Цикл;
Деректерді енгізу/шығару;
Көмекші алгоритмді шақыру;
Амалды орындау;
Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:
Цикл;
Көмекші алгоритмді шақыру;
Алгоритмнің басы-соңы;
Деректерді енгізу/шығару;
Амалды орындау;
Суретте бейнеленген блок-схема конструкциясы қалай аталады:
Амалды орындау;
Алгоритмнің басы-соңы;
Цикл;
Деректерді енгізу/шығару;
Көмекші алгоритмді шақыру;
Алгоритмнің анықтылығына қойылатын талап:
Алгоритм әрекеті бірмәнсіз орындалған;
Алгоритм әрекеті нақты анықталған және бірмәнді болу керек;
Нәтиже берілген сандар қадамынан алыну керек;
Алгоритм әрқашан анықталған мәнмен қамтамасыз етеді;
Алгоритм анықталған класқа жататын есептерді шешу үшін қолданылады;
Алгоритмнің блок-схемасын құрғанда параллелограмм нені бейнелейді:
Көмекші алгоритмді шақыру;
Деректерді енгізу және шығару;
Параметрлерді есептеу;
Принтер;
Шартты талдау;
Сызықтық алгоритм сипаттамасы:
Барлық жауабы дұрыс;
Бір немесе бірнеше циклдан тұрады;
Есептеуден тұрмайды;
Бір немесе бірнеше логикалық шарттан тұрады;
Логикалық шрттан тұрмайды және есептеудің бір тармағынан тұрады;
Айнымалы – дегеніміз не:
Әртурлі мәндер қабылдауға қабілетті объект;
Динамикалық объект;
Қандай да бір символ;
Қосымша процедура
Басқа программалармен өзара әрекеттесетін жеке программа;
Берілген элемент блок-схемада қандай әрекетті білдіретінін көрсетіңіз:
Алгоритмнің басы-соңы;
Шарт- есепті шешу жүрісіне әсер ететін қандайда бір шартты тексеру;
Ішкі бағдарламаны шақыру;
Деректерді енгізу-шығару;
Процесс- операцияны немесе операциялар тобын орындау;
1 – Аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі
Информатика ғылымы нені зерттейді?
Ақпарат және оның түрлері
Ақпарат қасиеттері
Тек қана 0 мен 1 цифрларының бірімен тұратын информацияның өлшем бірлігі қалай аталады?
Әр таңбаны, әріпті, цифрды кодтау үшін қанша екілік цифр керек?
Дербес компьютер қандай негізгі құрылғылардан тұрады?
Дербес компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?
Пернелерді неше блокқа бөлуге болады?
Функционалдық пернелер қызметі
Қосымша пернетақта қызметі
Санау жүйесі дегеніміз не?
Санау жүйесінің түрлері
Логикалық операциялар
Бульдік алгебра негізлері
Графтар мен ағаштар
Есте сақтау құрылғылары
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Файл дегеніміз не?
Файлға қандай атау беріледі?
Бума дегеніміз не?
Бумалардың бұтақ тәріздес құрылымына түсүнік
Сілтеуші бағдарламасы не үшін қолданылады?
Файл адресі деген не ?
Cілтеуші және Менің компьютерім терезесінің айырмашылығы неде?
Файлдың толық атауының құрылымы туралы түсінік.
Сілтеуші терезесінде файл атауларын сұрыптау (реттеу) қалай жүзеге асырылады?
Аралас файлдарды аралас емес файлдарды қалай ерекшелеуге болады?
Файлдарды көшіру командасын сипаттау
Файлды өшіру және қайта қалпына келтіру жолдары қандай?
Файлдардың және бумалардың көлемін қалай анықтауға болады?
Алгоритм ұғымы
Алгоритмдерді жазудың қандай түрлері бар?
Алгоритм қасиеттері
Алгоритм құрылымына қарай қандай типтерге бөлінеді?