Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ силлабус.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
65.88 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

А.С. Сабыров

_____________________________

«___» ________________ 2013Ж. Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Модуль пәнініңатауы: «ТЖ алдын алудың және жоюдың нормативтік-құқықтық негіздері»

Барлығы - 2 кредит

Курс - 1

Семестр - 1

Дәрістер - 20 сағат

Cеминар - 10 сағат

СОӨЖ - 15 сағат

СӨЖ - 45 сағат

Жалпы көлемі – 90 сағат

Қорытынды бақылау - 1 семестр

А С Т А Н А – 2013 ж

Оқытушы туралы мәлімет және байланыс мағлұматы:

Жалмаханбетова Роза Илемісқызы – химия ғылымдарының докторы, кафедра доценті; гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедраcы, 442 каб., тел: 70-30-52.

Ғылыми қызығушылығы: табиғи қосылыстар химиясы, химия және экология.

Пререквизиттер: студент мына білім салаларындағы қарапайым біліктілікті меңгеруі тиіс: экология, химия, ядролық химия, физика, география, геология, генетика, медицина.

Пәннің сипаттамасы:

Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану және қоршаған ортаның ластануы, қоғамдық-өндірістік қызметтердің барлық саласында техниканың кең енгізілуі, механикаландырудың және автоматтандырудың жүйесі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы әр түрлі табиғи, техногенді, экологиялық және тағы басқа да қауіптердің пайда болуына және кең таралып кетуіне әкеледі. Олар әрбір адамнан халықтың денсаулығын және адамның ағзасын қолайсыз әсерлерден қорғаудың тиімді жиынтық шараларын икемді анықтауын және жүзеге асыруын талап етеді.

Тіршіліктің қауіпсіздік мәселелерін шешу адамдардың қызметтегі қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуден, адамды және оны қоршаған ортаны зиянды факторлардың әсерінен (өндірістік, табиғи, қалалық, тұрғылықты) қорғаудан тұрады.

Қызметтің оптимальды жағдайларын және адамның демалуын қолдау жоғары еңбекке қабілеттілік пен өнімділік үшін алғы шартты құрады. Еңбек қауіпсіздігін және демалуды қамтамасыз ету зақымдалудың және науқастың төмен болуы есебінен адамдардың өмірін және денсаулығын сақтауға мүмкіндік туғызады.

Сондықтанда тіршілік қауіпсіздігін оқу объектісі “адам-қорек ету ортасы” жүйесінде теріс әсер ететін құбылыстар мен процестердің жиынтығы болып табылады.

Пәннің мақсаты қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау болып табылады.

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнін оқытудың міндеттері:

- өндірістік, табиғи және тұрғылықты ортаның зиянды және қауіпті факторларының сипаттамасын анықтау;

- зиянды факторлар әсерінің алдын алу шараларын, олардың адамға зиянды әсерін, технологиялық және тағы басқа процестердің экологиялық стандартқа сай болуын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын қарастыру.

- төтенше жағдай кезінде халықты қорғау мәселесі бойынша іс-әрекеттерді, ҚР-да өмірдің қауіпсіздігін басқару жүйесі құрылымын және механизмін талдау.

Пәндік компетенция. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнін оқып үйрену студенттерге қауіпсіздік саласында білім алуға, дағдылануға, жалпы біліктілікті көтеруге, сонымен қатар нақты оқиғаларда, іс-тәжірибеде алған білімді тиімді қолдану қабілеттілігіне ие болуға және даярлықта болуға мүмкіндік туғызады.

Пәнді меңгергендегі компетенциясы. Модуль пәнін оқып үйренгенде студенттер қауіп-қатер болған жағдайда ахуалды аңғаруға, өзін-өзі бақылауға және бағалауға, әр түрлі оқиғаларда нәтижелерге жетуге, шешім қабылдауға қабілетті болады.