Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
896
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Ағартушылық философиясы

  • Ағартушылық дәуірі деп екінші ағылшын (1688-1689) және француз (1789-1794) револцияларының аралығындағы уақытты айтады.

  • Ағартушылық философия ХҮІІІ ғ. Англияда қалыптасып, кейін Еуропа елдеріне таралған.

Ағартушылық дәуір философиясының маңызды сипаттары

Сипаттары

Өкілдері

Субъективті идеализмнің қалыптасуы

Беркли

Скептицизм мен агностицизмнің дамуы

Юм

Дін мен шіркеуді сынау, еркінойшылдықтың қалыптасуы, атеизмнің таралуы

Вольтер, Дидро, Гольбах, Ламетри, Кондильяк

Деизмнің таралуы

Вольтер, Монтескье, Руссо

Механикалық материализмнің таралуы

Дидро, Гольбах, Ламетри, Кондильяк, Даламбер

Сенсуализмнің таралуы

Локк, Кондильяк, Беркли, Юм

Әлеуметтік философияда географиялық детерминизмнің қалыптасу;

Қоғамдық келісім теориясының талдануы

Монтескье, Руссо

Хүііі ғ. Француз ағартушылығы

Француз ағартушылығының негізгі бағыттары

1

2

3

Деизм – Құдайда алғашқы түрткі ретінде, ал ондан кейінгі процесстерге Құдайдың қатысы жоқ деп есептейтін бағыт.

Атеистік-материализм Құдай тірішлігі идеясын мойындамайтын, тек материалистік, ғылыми-жаратылыстық позицияны жақтайтын бағыт.

Утопистік-социализм – теңдік пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген мінсіз қоғам құру идеясын ұстанатын бағыт.

Өкілдері:

Вольтер, Монтескье, Руссо, Кондильяк

Өкілдері:

Мелье, Ламетри, Гельвеций, Гольбах

Өкілдері:

Мабли, Морелли, Бабеф, Оуэн, Сен-Симон, Фурье

Вольтер Франсуа (1694-1778) – француз ағартушылығын бастаушы.

Құдай тіршіліктің бастамасы, бірақ ешбір теория мен практика оның бар екендігін дәлелдей алмайды. Құдайды мойындау – қоғамдық тәртіпті сақтау, адами келбетті сақтау үшін қажет. Қоғамда ағартуды көздеп, «білімді әмірші»басқаратын абсолютті монархияны жақтады.

Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751 жж.) XVIII ғ. француз материализмінің негіздеушісі философ, дәрігер. Идеализм мен теологияны толығымен терістеді. Декарт философиясы мен Локктің сенсуализміне сүйене атырып, дүниені созылып жатқан, іштей белсенді, материалдық субстанцияның көрінісі ретінде қарады. Кез-келген форма материядан бөлінбейді және кез-келген материя қозғалыспен байланысты. Субстанция соңында материямен түйіседі, материя қозғалыста болады, сезіну және түйсіну қабілетеріне ие.

Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы ақылының даму деңгейінен ажыратуға болады, бірақ ол адамды машина ретінде қарастырып, механика заңдарына сүйенді, адам тәнінің механикасын зерттеу автоматты түрде оның сезімдік және ойлау әрекетерін ашуға жол ашады деген жансақ пікірде болды.

Адам өмірінің мәні – жеке бақытта, жеек меншік – адам бостандығының кепілі деп утилитаризмді жақтады. Идеалды қоғам – «білімділіер абсолютизмі» деп есептеді.

Негізгі еңбектері «Жан туралы трактат», «Адам – машина», «Адам – өсімдік».

Утопистік-социализм – ХҮІІІ ғ. екніші жартысы ХІХ ғ. басында француз философиясында кең тарады. Бұл бағыт өкілдері сол кездегі экономикалық-саяси құрлысты терістеп, жалпыға ортақ теңдік, әділеттілік, қоғамдық меншік негізіндегі жаңа қоғамның жобасын ұсынды. Француз революциясы қарсаңында кеңінен қолдау тапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]