Тест сратары саясаттану
.docx1. Cаясаттану ғылымы нені зерттейді
(!) қоғамның саяси өмірін, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процессін
2. Саясаттану ғылымының объектісі-бұл
(!) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі
3. Саясаттану пәні-бұл
(!) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы
4. Саяси ғылымдардың Халықаралық ассоцияциясы қай жылы құрылды
(!) 1949ж.
5. Саясаттану өз алдына жеке пән ретінде қашан қалыптасты
(!) 19ғ. 2-жартысында
6. Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым
(!) саяси әлеуметтану
7. Әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік беретін саясаттанудың әдісі
(!) салыстырмалы
8. Саясатты қоғам өмірінің экономикалық әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайтын саясаттанудың әдісі
(!) социологиялық;
9. Саясатты оқып-білудің жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс
(!) бихевиористік;
10. Саясаттанудың негізгі қызметтері
(!) теориялық-танымдық, дүниетанымдық, әдіснамалық, болжамдық, аксиологиялық, реттеушілік.
11. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарына, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі
(!) болжамдық;
12. Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі
(!) дүниетанымдық
13. Танымдық қызмет қандай міндеттерді атқарады
(!) қоғамдағы саяси оқиғаларды танып білуге, саяси мәнін түсіну;
14. Азаматтықтың, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастыратын қандай міндет
(!) саяси-әлеуметтену;
15. Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік
(!) Телеологиялық
16. Саяси парадигма – бұл
(!) саяси шындықты қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындайтын логикалық ойлау үлгісі
17. ХХғ. 20ж. ғылымға парадигма ұғымын енгізген ғалым
(!).Г.Кун
18. Саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіретін парадигманың түрі
(!) Әлеуметтік парадигма
19. Саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық деген не
(!) Ереуіл
20. Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зертейтін тәсіл
(!) психологиялық
21. Kоғамды жаппай саясаттандыру, экономиканы, мәдениетті және т.б. саяси басқарудан шығатын саясат тұжырымдамасы
(!) Тоталитарлық
22.Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы
(!) Платон
23. Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі
(!) Полития
24. Платонның кемелді мемлекетінде басқарушы бола алатындар:
(!) философтар
25. Платонның пікірі бойынша адамның басқарушылық құқыққа ие болуы үшін қандай негізгі жағдай болу керек:
(!) шындыққа ие болу, оған үнемі жетіп отыру;
26. Платонның пікірі бойынша атақұмарлар билік ететін мемлекеттің түрі
(!) тимократия;
27. Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды
(!) тоталитаризмнің
28. Әр түрлі саяси ілімдерде ең жақсылар билік ететін мемлекеттің түрі:
(!) аристократия
29. Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқын немен негіздеді
(!) құдайдың қалауымен;
30. Мейірімді қала туралы трактат атты еңбектің авторы кім
(!) Әл-Фараби
31. Әл-Фараби өзінің шығармаларында қандай қала-мемлекеттердің типтерін көрсетті?
(!) Қайырымды және қайырымсыз.
32. «Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген саясаттың аталуы
(!) макиавеллизм
33. Саяси ұйымдасқан қоғамды анықтау үшін “мемлекет” терминін алғаш қолданған кім?
(!) Н.Макиавелли
34. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы
(!) Ш.Монтескье
35. Утопиялық социализм теориясының негізін салушы
(!) Т.Мор
36. Т.Гоббс ілімі бойынша басқарушының билігі:
(!) Заңмен шектелген.
37. Тәуелсіздік декларациясының авторы:
(!) Т.Джефферсон;
38. Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы
(!) Ж.Боден
39. Либерализм идеологиясының негізін салушы
(!) Д.Локк
40. XІX ғасырдағы Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы
(!) Ш.Уәлиханов
41. М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік-бұл:
(!) билікті ұйымдастыру түрі
42. Саяси режимдердің мынадай типтері белгілі:
(!) Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.
43. Саяси жүйе теориясының негізін салған
(!) Д.Истон
44. Әлеуметтік жүйелер теориясының негізін салушы:
(!) Т.Парсонс;
45. Қоғамның саяси жүйесі ұғымына ұқсас ежелгі гректің сөзі:
(!) полития;
46. Саяси жүйе орындайтын саяси әлеуметтендіру қызметінің мәні:
(!) қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту;
47. Саяси режим дегеніміз:
(!) белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;
48. Тоталитаризм дегеніміз:
(!) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;
49. Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін “тоталитаризм” терминін саяси лексиконға енгізуші:
(!) Муссолини;
50. Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?
(!) 1933ж. Германияда;
51. Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қай елде пайда болды?
(!).1922ж. Италияда;
52. Тоталитаризм кезіндегі биліктің жүргізілуінің сипаты мен мөлшері:
(!) жалпы, шегі жоқ бақылау мен зорлық
53. Адамдардың тоталитаризм кезіндегі билікке қатынасы:
(!) қоғамдық сананың билікпен бірігуі;
54. Авторитаризм дегеніміз
(!) тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;
55. Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:
(!) әскер;
56. Тоталитарлық жүйенің демократиялылықтан өзгешелігі:
(!) жеке адамның үстінен толық бақылау жүргізуі.
57. Авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы?
(!) авторитарлы жүйеде өмірдің барлық жағын шырмап алатын идеология жоқ;
58. Әлеуметтік-экономикалық құрылым формациясы мен сипатының типіне сәйкес саяси жүйелер мынандай болады:
(!) құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік.
59. Саяси режимнің сипатына қарай саяси жүйелер мынандай болып бөлінеді:
(!) авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық;
60. Саяси мәдениет типіне байланысты саяси жүйелердің қандай түрлері ажыратылады
(!) ағылшын-американдық, континентальды-еуропалық, индустрияландыруға дейінгі (жартылай индустрияланған), тоталитарлық
61. Биліктің шоғырлануына және бөлінісіне қарай саяси жүйелер мынандай болып жіктеледі:
(!) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған;
62. Мемлекет дегеніміз:
(!) Үкімет пен оның органдары басқаратын, олардың көмегімен үстем тап өзінің билігін жүзеге асырып, өмір сүруші тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін қоғамның саяси ұйымы.
63. Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама:
(!) теократиялық;
64. Мемлекеттің шығуын басқарушы мен азаматтардың арасындағы келісімнен пайда болды деп түсіндіретін анықтама:
(!) келісім-шарттық
65. Мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуіне деп түсіндіретін тұжырымдама:
(!) патриархалдық;
66. Мемлекеттің түрі ретінде президенттік республика алғаш рет қай елде енгізілді:
(!) АҚШ;
67. Бірнеше егеменді мемлекеттік құрылымдар бір одақтық мемлекетке бірігетін мемлекеттік құрылыс формасы:
(!) федерация
68. Мемлекет территориясы құрамында федеративтік бөліктер болмайтын, оның орнына әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөлінетін құрылыс формасы:
(!) унитарлы мемлекет;
69. Мемлекеттің және оның институттарының мүддесін азаматтардың саяси еркіндігімен басым санайтын саяси тұжырымдама:
(!) Этатизм;
70. Басқару түрі бойынша мемлекеттердің мынадай типтері белгілі:
(!) Монархиялық, республикалық.
71. Бір ғана мемлекет басшысының қолына (толық немесе жартылай) шоғырланған мемлекеттердегі басқарудың түрі:
(!) монархия;
72. Kай елдерде абсолюттік монархия орын алған:
(!) Сауд Аравиясы, Катар, Оман, БАЭ
73. Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі, территориясы жағдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама
(!) Геосаясат
74. Азаматтық қоғам-бұл:
(!) мемлекеттен дербес және тәуелсіз қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі;
75. Антикалық дәуірде “азаматтық қоғам” түсінігі қалай тұжырымдалды?
(!) жеке бастамалардың қоғамға бағынуына негізделіп құрылған қоғам;
76. “Азаматтық қоғам” ұғымы қай кезеңде шықты?
(!) антикалық дәуірде;
77. Азаматтық қоғамның пісіп-жетілуімен басталған және оның мемлекеттік институттармен арасындағы айырмашылықтарымен айқындалатын кезең:
(!) жаңа заман;
78. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы құқықтық мемлекетке қатысты?
(!) адам құқығының мемлекеттік заңдардан басым, жоғары тұруы;
79. Kұқықтық мемлекет дегеніміз
(!) Азаматтардың мүдделері қорғалған және заңның үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет.
80. Kоғамдық жүйені мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлінетін саясаттың тұжырымдамасы
(!) Либерализм
81. Kазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасы:
(!)бірі-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, мүмкіндіктері ұштасып жатыр.
82. Билік саласында субъектілердің міндеттерін шешуге арналған белгілі бір білімдер мен іскерліктің жиынтығы
(!) саяси маркетинг
83. Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы
(!) құрылымдық
84. Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы
(!) инструменталистік
85. Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы
(!) телеологиялық
86. Басқа субъектілердің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігіне негізделген адамдардың мінез-құлқының ерекше түрі ретіндегі “ билік” түсінігінің анықтамасы:
(!) бихевиористік
87. Басқа билік түрлері үшін жоғарғы болып табылатын билік түрі:
(!) саяси
88. Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі
(!) мүдде
89. Фашизмнің негізін қалаушы:
(!) Б.Муссолини
90. Саяси биліктің конституциялық тәртіп бойынша сипатталатын саяси режим қалыптасқан мемлекеттің түрі:
(!) құқықтық;
91. Азаматтардың жүріс-тұрысын және әрекетін бақылауға, реттеуге бағытталған саяси институт
(!) мемлекет
92. Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін біріктіруге, негіздеуге және қорғауға бейімделген саяси институт:
(!) саяси партия
93. Өздері өмір сүріп отырған қауымдастықты басқаруға белгілі бір азаматтардың қатысуына мүмкіндік туғызатын саяси институт
(!) қоғамдық ұйым;
94. Саясаттың алғашқы субъектісі-бұл:
(!) Тұлға
95. Тұлғаның тоталитарлық тұжырымдамасының авторы:
(!) Платон
96. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған деп түсіндіретін анықтама?
(!) теократиялық теория;
97. Жеке тұлғаның саясатқа араласуының (қатысуының) жоғарғы формасы:
(!) Кәсіби саяси қызмет;
98. Адамның жеке, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне назар аударылғанда қолданылатын саяси амал (тәсіл):
(!) Психологиялық;
99. Өзара байланыстағы және өзара әректтестіктегі әлеуметтік топтардың жиынтығы сипаттайтын түсінік:
(!) Әлеуметтік құрылым
100. Саяси мінез-құлық – бұл:
(!) Жеке тұлғаның әлеуметтік қауымдастығының саяси билікті жүзеге асыруға, өз саяси мүдделерін қорғауға қатысу формасы
101. Саяси процесс дегеніміз -
(!) саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, өзгеруі, қозғалысы
102. Қазіргі әлемдік деңгейде жүріп жатқан саяси процесс
(!)глобализация
103. Саяси технологиялар дегеніміз
(!) қажетті саяси нәтижеге жетуге арналған әрекеттер жүйесі
104. Партия – бұл:
(!) Билік үшін немесе билікті жүзеге асыруға қатысу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым;
105. Партияның негізгі саяси қызметі:
(!) билік үшін күрес, оны қолдану немесе оған бақылау жасау;
106. Партиялық жүйе дегеніміз-бұл:
(!) барлық өмір сүріп тұрған және әрекет етуші партиялар жиынтығы;
107. Бірпартиялық жүйелер мыналарға тән:
(!) тотолитарлық және авторитарлық саяси жүйелерге;
108. Белгілі бір территорияда жоғарғы билікке ие ұйым, мекемелер жүйесі
(!) мемлекет;
109. Партиялар жалпыұлттық саяси құрылымдар ретінде қашан қалыптасты?
(!) ХІХ ғасырда
110. Кадрлық партияларға тән белгілер:
(!) Сан жағынан азшылығы, мүшелігі еркін, саясаткерлер мен қаржы элитасына сүйенеді;
111. Қазақстан әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша
(!) унитарлы мемлекет;
112. Kандай принциптер бойынша партиялар “оңшыл”, “солшыл” және “центристік” болып бөлінеді?
(!) саяси темпераменті бойынша;
113. Саяси партияларды олигархизациялау теориясының авторы:
(!) Р.Михельс;
114. Саяси институт ретіндегі саяси партияның қалыптасуы мен қызмет етуінің үрдісін нұсқаңыз:
(!) Партогенез;
115. Партия тарихын үш кезеңге (аристократиялық топтар, саяси клуб, бұқаралық партия) бөлген ғалым кім?
(!) М.Вебер;
116. Саяси ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің іскерлік әрекеттерінің тәуекелін төмендету негізінде олардың мамандандырылған міндеттерін шешудегі кәсіби көмек түрлері
(!) саяси кеңес беру
117. Парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы:
(!) электорат;
118. Сайлау өткізудегі үкіметтің міндеті неде?
(!) жариялылығын және барлық үміткерлер үшін тең дәрежеде өтуін қамтамасыз ету;
119. Пропорциялық сайлау жүйесі дегеніміз не?
(!) саяси партияның ұсынған тізіміне дауыс беру.
120. Мажиторитарлық сайлау жүйесі дегеніміз не?
(!) сайлауға түскен үміткерлердің ең көп дауыс алғаны жеуін;
121. Партияның әрбір сайлау округында депутаттық орынды көп дауыс алуымен иеленетін сайлау жүйесі қалай аталады?
(!) Мажоритарлы;
122. Республика президентін алғашқы балама сайлау Қазақстанда қай жылы өтті?
(!) 1999ж.
123. Әкімшілік органдар, шіркеу, әскер және т.б. мүдделі топтардың қандай типіне жатады?
(!) институционалдық;
124. Кай ойшылдың еңбектерінде бірінші рет “саяси мәдениет” термині пайда болды?
(!) Гердер;
125. Саяси мәдениетті түсіндірудегі “психологиялық” тәсіл дегеніміз -
(!) рухани құбылыстар мен символдардың жиынтығы;
126. Кұрылымдық функционализм шеңберіндегі саяси мәдениет дегеніміз-
(!) жоғарғы принцип, оның негізінде қоғамда келісім сақталады;
127. Адамның түсінігінде өзінің топқа тиістілігін үнемі қажет ететінін ашып көрсететін саяси мәдениеттің функциясы
(!) Ұқсастыру
128. Саяси субмәдениет дегеніміз – бұл:
(!) Қоғамның бір тобының саяси мақсаттары мен құндылықтары ұлттық саяси мәдениеттен ерекше байқалатындығы
129. Саяси мәдениеттің үш “таза” түрінің типологиясының авторлары (дәстүрлік, бағынушылық, белсенділік):
(!) Г.Альмонд, С.Верба;
130. Саяси сана – бұл:
(!) Саяси билік механизмдерінің іс-қызметтерін көрсететін және саяси қатынастар саласындағы адамдар іс-әрекетін, мінез-құлқын бағыттап отыратын адам руханилығының көптүрлі көрінісі
131. Теориялар, тұжырымдамалар, болжамдарды қамтитын саяси сананың саласы:
(!) Саяси ғылым
132. Докториналарды, идеялдарды, бағдарламаларды, ұрандарды қамтитын саяси сананың саласы:
(!) Саяси идеология
133. Саяси мүдде, мақсат, ерік, сезім, көңіл-күй, пікір, нанымды қамтитын саяси сананың саласы:
(!) Саяси психология
134. Мына ғалымдардың қайсысы алғаш рет “идеология” терминін енгізді?
(!) Д.де Треси
159. Идеология дегеніміз – бұл:
(!) Қандай да бір топтардың билікке ұмтылысын немесе оны қолдауын негіздейтін доктрина
135. Ресми бекітілген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:
(!) тоталитаризмнің;
136. «Халық басқаруы, халық таңдаған және халық үшін таңдалған» деген демократияның анықтамасы кімдікі?
(!) А.Линкольндікі;
137. Демократия пайда болған жері:
(!) Афины;
138. Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқығын немен негіздеді.
(!) құдайдың қалауымен;
139. Мемлекет ұғымын саяси форма ретінде қоғамға алғаш енгізген ғалым.
(!) Н.Макиавелли.
140. Демократия ұғымы мынаны білдіреді?
(!) халық билігін;
141. Ертедегі демократияның басты принциптері.
(!) еркіндік, теңдік;
142. Тікелей демократия ұғымы нені білдіреді?
(!) халықтың өзінің еркін өкілетті емес, жолмен білдіруі;
143. Либералдық демократияға мыналардың қайсысы жатады?
(!) халық билігі, теңдік;
144. Элиталық демократия ұғымы нені білдіреді?
(!) елдегі демократияны элиталық топ қалыптастырады;
145. Демократиялық сайлау жүйесінің басты белгісі қайсысы?
(!) бәсекелестік;
146. Демократиялық басқарудың басты артықшылығы неде?
(!) биліктің бір қолға жиналуына мүмкіндік бермейді;
147. Арнайы заңдар көмегімен өзінің демографиялық эволюциясына бірінші болып ықпал жасаған мемлекет:
(!) Франция;
148. Демографиялық саясат дегеніміз
(!) халықтың ұдайы өсіп-өнуіне және жасөспірімдерді әлеуметтендіру процесіне ықпал етуді қамтитын мемлекеттік шаралар жүйесі
149. Демографиялық саясаттың негізгі мазмұны
(!) елдің халық санына реттеушілік ықпал жасау
150. Казақстан Республикасы демографиялық саясаттың қандай шарасына көңіл аударып отыр:
(!) отбасылық жәрдемақы;
151. Саяси элита дегеніміз:
(!) қауымдастықтағы саяси мүдделерді білдіру үшін дайындалған адамдар тобы;
152. Арыстандар мен “түлкілер” деп элитаны екі түрге бөлетін теория:
(!) “элита айналымы” теориясы;
153. Саяси таптеориясының авторы:
(!) Г.Моска;
154. Элита терминін кім ғылымға бірінші болып енгізді?
(!) В.Парето;
155. Элита айналымы теориясының авторы:
(!) В.Парето;
156. Олигархияның темірдей заңы теориясының авторы
(!) Р.Михельс;
157. Саяси лидер – бұл бүкіл қоғамды топтастыратын және біріктіретін және өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін, қоғамдық тәртіпті ұстау үшін кез-келген тәсілдері қолданатын патша деп тұжырымдаған ойшыл:
(!) Н.Макиавелли;
158. Билікті заңдастыру тәсілі бойынша лидерлер мынандай түрлерге жіктеледі:
(!) дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-ресми;
159. М.Вебердің пікірі бойынша лидерліктің үш түрі бар
(!) дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-ресми
160. Саяси қызмет – бұл:
(!) адамдардың қандай да бір саяси мақсатты іске асыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттері
161. М.Вебер саяси қызметтің қай түрін өте маңызды деп есептеді?
(!) өмір сүріп тұрған үстемдік қатынастарының сақталуы
162. Саяси шешім – бұл:
(!) белгілі бір саяси іс-әрекеттің жобасын таңдау және негіздеу;
163. Бұқараның көңіл-күйіне сүйенетін, қоғамдық пікірге деген тура аппеляция шешімдердііс жүзіне асырудың қай типіне жатады?
(!) популизм;
164. Бүтіннің бөлшектен басымдығынан, адамның мемлекетке толық бағынуынан келіп шығатын саяси үлгі (модель):
(!) Тоталитарлық
165. Коғамда әлеуметтік теңсіздікті, оның жікке бөлінуін сипаттайтын түсінік:
(!) Әлеуметтік стратификация;
166. Т.Моска және В.Парето стратификацияның қалай қарастырған?
(!) Саяси теңсіздік
167. Статификациялық грацияны үш фактор-байлық, абырой, билік бойынша анықтауды ұсынған кім?
(!) М.Вебер
168. Топтар және азаматтардың белсенділігі себеп болған әлеуметтік дифференцияның өзгерту тәсілдерін сипаттайтын ұғым:
(!) Әлеуметтік мобильділік
169. М.Вебер өзінің қай еңбегінде таптардың үш түрге бөледі: дәулетті, иемденуші және әлеуметтік?
(!) “Шаруашылық және қоғам”
170. Планетадағы өркениетке және жалпы өмір сүруге қауіп-қатер төндіретін әлемдік соғыс проблемасын болдырмау қай проблемалар қатарына жатады:
(!) Жалпы дүниежүзілік жаһанды проблемалар
171. Коғам мен тұлға қатынасын, оны азат ету және жан-жақты даму, болашағын жақсарту мәселелерін айқындайтын гуманизация үрдісі қай проблемалар қатарына жатады?
(!) Жалпы адамдық жаһанды проблемалар
172. Жаһандану процесі дегеніміз не?
(!) Жалпыадамзаттық кұндылықтарға негізделген өркенниеттердің өзара ықпалдасуы.
173. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан сияқты ұлттық мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе не?
(!) өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу
174. Казақстанның сырткы саясаттағы бағыт-бағдары:
(!) Көп векторлы.
175. БҰҰ-ға қанша мемлекет мүше?
(!) 191.
176. Әлемдік саяси процестің негізгі тенденциялары:
(!) жаһандану;
177. Казақстан Республикасы қашан БҰҰ-ға мүше болып кірді?
(!) 1992 ж.
178. Сыртқы саясат – бұл:
(!) Халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат;
179. Ұлттық ерекшелік пен ұлттық артықшылықты насихаттаудан тұратын идеология мен саясат:
(!) ұлтшылдық
180. Бір аймақта тұратын, мәдениеті, тілі, мемлекеттің ортақтығымен сипатталатын, даму үрдісінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы:
(!) Ұлт
181. Әр түрлі саяси ілімдерде ең жақсылар билік ететін мемлекеттің түрі:
(!) аристократия
182. Дамушы елдердің мешеулігін жою жөніндс Қазақстан Республикасы Президснті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-да жасаған ұсыныс:
(!) Кедей елдердің табысты арттыруға ұйымдасқан көмек беру.
183. Казақстан 2009 жылы қандай халықаралық ұйымға төрағалық етуге ұмтылуда?
(!) ЕҚЫҰ (ОБСЕ)
184. Казақстан басқару жүйесі бойынша қандай республикаға жатады?
(!) Президенттік республика
185. Cаясаттану ғылымының зертейтіні:
(!) қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процессі;
186. Тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік – саяси көзқарастар, теориялар жүйесі
(!) консерватизм
187. Адамды кез-келген биліктің қанауынан босатуды мақсат етіп жариялаған идеология
(!) либерализм
188. Консерватизм теоретигі
(!) Э.Берк
189. Коммунистік идеология ХІХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада пайда болған мына ілім негізінде қалыптасқан
(!) марксизм
190. Фашизмнің негізін салушы
(!) Б.Муссолини
191. Азаматтардың экономикалық азаматтық рухани еркіндігін қорғауда бір немесе бірнеше адамның шексіз билігіне негізделген саяси жүйе
(!) авторитарлы
192. Саяси жүйе қандай өлшем негізінде тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық болып бөлінеді
(!)саяси режим
193. Билік, қоғам және жеке тұлға қарым қатынасының тәсілдері мен сипаты, қоғамдағы саяси бостандық дәрежесін білдіретін түсінік
(!) саяси режим 194. Демократия дегеніміз
(!) халық билігі мен азаматтық еркіндік, теңдік принциптеріне негізделген саяси режим
195. Мемлекеттің демократиялық құрылымында
(!) азшылық көпшілікке бағынады
196. Демократияның барлық концепцияларын қандай үлкен топтарға бөлуге болады
(!) индивидуалистік, плюралистік, ұжымдық
197. Азаматтардың шешімдерді дайындауға, талқылауға және қабылдауға тікелей қатысатын халық билігінің түрі
(!) тікелей демократия
198. Сепаратизм ұғымы нені білдіреді
(!) оқшаулану, бөліну
199. Белгілі бір территорияда жоғарғы билікке ие ұйым, мекемелер жүйесі
(!) мемлекет
200. Төменде келтірілгендердің қайсысы мемлекет құрылымына кірмейді
(!) діни институттар