
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •Көлемі 6 кредит Авторлары:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің тақырыптық жоспары Грамматикалық тақырыптар
- •Лексикалық тақырыптар
- •Пәннің мазмұны
- •С1, с2 деңгейлерінде ұсынылатын жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар бойынша лексикалық тақырыптар
- •Студенттің өздік жұмысының түрлері
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Қимыл есімдер қызметі
- •Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі
- •Мәтінді оқып, талдаңыздар.
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •Ұлғайтылған мемлекеттік стипендия Президенттік мемлекеттік стипендия соөж Болашақ стипендиясы
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
- •3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
- •4.Тұсаукесер жасаңыз
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
- •3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
- •4.Тұсаукесер жасаңыз
- •Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
- •3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
- •4.Тұсаукесер жасаңыз
- •Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері
- •Музыка мәдениеті
- •Қазақстан Республикасының мерекелері
- •Тапсырмаларды орындаңыз:
- •Шоқан Уәлиханов
- •Ахмет Байтұрсынов
- •1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
- •2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
- •3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
- •4.Тұсаукесер жасаңыз
- •Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары
- •Соөж Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң
- •Бурабай туралы аңыз
- •Дін және діни мерекелер туралы
- •Имамдар киімі
- •Ерлік пен батырлық
- •Туркестан
- •Білім, ғылым, инновация – Қазақстан экономикасы дамуының локомотиві
- •Қ.И.Сәтбаев
- •Қ.И.Сәтбаев
- •Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
- •Еңбексүйгіштік пен тәртіптілік
- •Жалқаулық
- •Алтыбақан
- •Аударыспақ
- •Қызыл кітап
- •Қазақстан Республикасының қорықтары
Алтыбақан
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бқларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды кұлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.
Аударыспақ
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз адамға бұл сайыс оңайға соқпайды. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі жеңісті ат пен сайыскер жігіттің бірлескен жіті қимылы шешіп жатады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.
Көкпар
Адамзат тарихында жабайы жылқыны алғаш қолға үйретіп, алыс қашықтыққа мінетін көлік ретінде алғаш рет түркі жұрты жаратыпты. Қазір бұл жөнінде ғалымдар бірауыз пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Тіпті, Страбонның естеліктерінде көшпенділер ас ішсе де, ұйықтаса да ат үстінен түспейтіні жайлы айтылады. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Жетіге толған қазақты? баласы жабағыға оңай бас білдірген.
СӨЖ
Ұлттық спорт. Атақты спортшылар туралы тұсаукесер дайындаңыз.
15-сабақ
Тақырып: Қорықтар мен ұлттық парктер. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
.Грамматика: Себеп-салдар мәнді сөйлем .
Арнайы лексикамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: қызыл кітап, : қорықтар мен ұлттық парктер, омыртқалы жануарлар, қосмекенділер,
.....................
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.......
Қызыл кітап
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабыны?” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушыларды? 8, құстарды? 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
1.Қызыл кітап дегеніміз не?
2. Қызыл кітап неше бөлімнен тұрады?
3.Қызыл ктап неше рет басылды?
4. Қызыл кітапқа енген жануарла мен жәндіктер, өсімдіктер туралы не білесің?
5. Өзің тұратын өлкедегі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жәндік-жануарларды атаңыз. Жойылу себептері туралы айтыңыз.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз. Өзіңіз білетін қорықтар туралы айтып, әңгімені жалғастырыңыз........