Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология / Конспекты лекций ОМ каз.doc
Скачиваний:
370
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.65 Mб
Скачать

3. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі.

Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық аппараты немесе жұлынмилық (торако -люмбальдық) Якобсон орталығы бар. Бұл жүйке жүйесі жұлының сұр заттының бүйірлі мүйізінің симпатикалық ядроларымен берілген. Осы ядролар I – II- көкірек сигментінен бастап I – II белдік сигменттерге дейін орналасқан. Клетка ядросының құрастыратын төзетін өсінділер преганглионарлық талшықтар деп аталады. Бұл талшықтар омыртқа аралық саңылау арқылы алдыңғы түбірлердің құрамымен жұлынан шығады да, симпатикалық талшықтар қозғалғыш саматикалық талшықтардан бөлініп, әрі қарай ақ байланыстырытын тармақтар түрінде паграничный симпатикалық бағаның тұйіндері келіп түседі.ВЖЖ симпатикалық бөлімінің шеткі бөлімі эфферентті, сезімтал нейрондар жұлын түйіндерінен алшақ жерде орналасқан. Омыртқа маңындағы немесе параверральді тұйіндерде преганглионарлық симпатикалық талшықтар эфференті нейрондарда синапс түзеді. Эфференті нейрондарда талшықтары немесе посганглионарлы талшықтар еік топқа бөлінеді. Бір топтың талшықтары сұр байланыстырғыш тармақ ретінде қайтадан саматикалық жүйкеге келіп түзеді де, осы жүйкенің қүрамымен эффекторға (терінің тамыры, бұлшықет) Ал екінші топтың талшықтары жеке тармаққа жинала отырып ерекше бағанды түзеді де, не орындаушы ағзаға, не омыртқаға дейінгі түйінге бағытталады, осылар арқылы әріқарай орындаушы ағзаға жетеді. Постганглионарлы талшықтардың мүшеленді қабықшасы болмағандықтан ақшыл қызылды-сүр бояу түс береді. Шектелген симпатикалық бағанның барлық түйіндернен шыққан сүр тармақтар мойын, көкірек, бел, сегізкөздік бөлімдерге бөлінеді.

Омыртқаға дейінгі немесе перевертевральді түіндер ОЖЖ –н алшақ жатады. Оардың эффекторлы нейрондарында преганлионарлы талшықтар аяқталады.

Түйіндердің негізгі массасын жүкелік клеткалар құрайды. Осы жүйке жүйкесінің синапстарында преганглионарлы және постсиналстық мембраналарды, көп санды көпіршіктерді, митохондрияларды, эндоплазматикалық тордың түтікшелерін ажыратуға болады.

4. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімі.

ВЖЖ –ң парасимпатикалық бөлімі симпатикалық бөлімінің құрамына ұқсас, орталық және шеткі құрылымдардан тұрады. Симпатикалық бөлім сияқты, бұл бөлімде де орындаушы ағзаға қозудың таралуы екі нейронды жолмен іске асырылады. Парасимпатикалық жүйкенің симпатикалық бөлімінен айырмашылығы;

Біріншіден - парасимпатикалық бөлімінің орталық құрылымдары ми бөлімінің бір-бірінен алшақ үш түрлі аймағында орналасқан;

Екіншіден - бұл бөлімде тым ұзын преганглионарлы, өте қысқа постганглионарлы талшықтар орналасқан;

Үіншіден - парасимпатикалық талшықтар дененің анық бір аймағын иннервациялайды. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық құрылымы жұлында сопақша ми мен ортаңғы мида жатқан ядролармен түзелген. Ортаңғы мида төрттөпешіктің алдыңғы төмпегіне жақын орналасқан, көзді жылжыту жүйкесінің парасимпатикалық қосымша ядросы болады; Сопақша мида үш жұп ядродан басталатын преганглионарлы талшықтар VII, IΧ, Χ –шы (бет, тілжұтқыншақтың, кезеген) жұп қаңқалық жүйкелердің құрамымен мидан шығады. Осы жерде ішке ағзалар үшін секреторлы, қозғалғыш, жас бөлуші, сілекей бөлуші жолдар өтеді. Жұлынның парасимпатикалық ядролары I- III немесе II- IV сегізкөз сегментерінің, яғни сұр заттың бүйірлі мүйізінде орналасқан.

Шеткі құрылымында жүйкелік талшықтар мен осы талшықтарға сай түйіндер орналасқан ортаңғы мидан. Преганглионарлы талшықтар көзді жылжыту жүйкесінің құрамымен үлкен мидың бүйір аяқшаларынан шығып , көз саңылауы арқылы глазница- көз шарасын өтеді. Глазница- көз шарасының тереңінде орналасқан кірпікшелер түйінің эффекторлы клеткасында синапс түзіп, аяқталады. Бұл түйнен екі қысқа кірпікшелі жүке тарайды. Осы жүйкені құрайтын постганглионарлы талшықтар қарашықтың сфинктері мен аккомадациялық бұлшықетке тармақтала отырып, көз алмасына келіп түседі. Сопақша мида постганглионарлы талшықтар жақасты сілекей безін иннервациялайды. Преганглионарлы талшықтар, төменгі сілекей бөлетін ядродан шығып, тіл жұтқыншақ жүйкеге бағытталып, одан әрі қарай құлақ тұйініне келіп түседі.

Кезеген жүйке аралас болып табылады;Онда парасимпатикалық афферентті және эфферентті, сезгіш қозғалғыш саматикалық, симпатикалық эфферентті талшықтар болады. Қаңқадан шыққанда бұл жүйке екі тізбектеліп жатқан тұйінді құрайды жоғарғы және төменгі түйіндік Жоғарғы түйінде жұлынмилық түйінің клеткасына ұқсас сезгіш клеткаларп болады. Төменгі түйіннен тағамдық талшықтар, қайтымды жұтқыншақтың жүйке жүректік деп рессорлық жүйке өз бастамасын алады. Іштік қуыста кезеген жүйке асқазандық өрімді түзе отырып, асқазанға өтеді. Кезеген жүйкенің көкіректік және іштік бөлімдері метасимпатикалық жүйке жүйесінің эффекторлы аппаратын орталық құрылыммен байланыстыратын өткізгіш ретінде қарастырылады.

Парасимпатикалық бөлімінің сегізкөз бөлімі.

Жамбас жүкесімен берілген. Бұл жүйке тік ішектің беткесіне бағытталып, симпатикалық жүйкемен бірге жамбас өрімін түзуге қатысады .

Соседние файлы в папке физиология