
- •2. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің емі.
- •Антихолинэстеразды заттар
- •Троксерутин (Троксевазин)
- •Пармидин (Parmidinum)
- •Қолдану көрсеткіші
- •5.2.2. Моноаминоксидазаны тежейтін антидепрессантар
- •3. Көкіректікті, яғни манияны емдейтін дәрілер.
- •4.Транквилизаторлар
- •5. Седативті, яғни тыныштандыратын дәрілер.
- •6. Психиканы қуаттаушылар – психостимуляторлар.
- •7. Ноотропты дәрілер.
7. Ноотропты дәрілер.
Ноотроптық дәрілер – Piracetam – пирацетам,
аминалон – есінен айырылғанда және ми қан айналмасы бұзылғанда.
Ноотроптарға жататын дәрілер - пирацетам (Piracetam), аминалон және т.б. Бұлар адамның есін, ақыл-ой қызметін жоғарылатып, мидағы зат алмасу жүрістеріне жақсы әсер етеді. Дені сау адамдардың орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді. Бұлар гаммааминомай қышқылы (ГАМҚ) болғандықтан, тін тосқауылынан жақсы өтіп, гипоксияны, тырысуды басады. Бұл дәрілердің әсері баяу жүретіндіктен емдеу мерзімі бірнеше (шамамен 5 - 6) айға созылады.
ГАМҚ заттар жүйке тінінде тежеуші медиатор және зат алмасу қызметін атқарады. Ол мидың созылмалы органикалық бұзылуы кезінде пайда болғандықтан, ақыл-ой кемістігін азайтады. Мидың қан айналымын жақсартады. Қан қысымын төмендетеді, гипогликемиялық әсер етеді.
Пирацетам (Ноотропил, Пирамем, Луцетам, Нооцетам, Церебрил, Ноотобрил және т.б.) - 0,4 г-нан капсула және 20% ерітіндісі 5 мл ампула түрінде. Бұлардың –гипоксияға қарсы әсері жоғары. Ми қан айналымы бұзылуы, атеросклероз, балалардың ақыл-есі жетіспеуі, кома, депрессия, абстиненция, морфинмен, барбитураттармен және алкогольмен улану кезінде қолданады. Ұзақ пайдаланғанда қозу, тітіркену, диспепсия, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін. Ал бүйректің жедел жетіспеушілігі және жүктілік кезінде қолданбайды.
Rp.: Piracetami 0,4
D.t.d. № 60 in caps.
S. 1 қаптадан күніне 1-2 рет, 6 айға дейін.
#