Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

СӨЖ № 07.1.19

Шығарылған күні

Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы

Қайта қаралған күні

Қайта қаралған:

24бет - 52


1.Тақырыбы: Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны.

  1. Мақсаты: аталған тақырыпты зерделеу барысында құқықтық қатынастар туралы негізгі түсінік беріп, олардың объектілері мен субъектілерін, құқықтық қатынастарға қатысушылардың түрлі құқықтары мен міндеттерін ашып көрсету.

3.Тапсырма: «Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны» тақырыбы бойынша өз беттерінше презентация дайындаулары керек. Презентацияда қарастырылатын сұрақтар:

1. Құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

2. Құқықтық қатынастардың мазмұны.

3. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

4. Құқықтық қатынастардың түрлері.

5. Құқықтық қатынастардың туындау, өзгертілу және тоқтатылу негіздемелері.

4. Орындау түрі: презентациялар жасау.

5. Орындау критерилері: Презентацияға тақырып бойынша жоспар құрып қысқаша ақпарат беру қажет. Презентация тақырыпқа сәйкес жазылады.

Презентация келесі талаптарға сәйкес болуы керек.

- презентацияның тақырыбына сәйкес жоспарын құру.

- тақырыптық кестені пайдалану.

- терминдердің шағын түсініктемелері.

- POWER POINT бағдарламасы бойынша жазу.

- презентацияны сабақта қорғау.

6. Тапсыру мерзімдері: Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

7. Бағалау критерилері:

Р\с

Әріп

Сандық

көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8.Әдебиеттер: Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық,2- ші басылым. Алматы, 2004 -

248 бет. III- бөлімі. 46-53 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. III- бөлімі 72-93 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II- бөлім Адам және азамат, 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9.Бақылау: «Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының сұрақтары. Аталған терминдерге түсініктеме беру: құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбиелеу, құқықтық сана, құқықтық қатынас, конституциялық құқық және бостандық, жеке құқық, заңды

міндеттер, құқықтардың бұзылуы, құқықтарды қалпына келтіру, құқықтың заңды қорғалуы.

1.Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы.

2.Мақсаты: Қазақстан территориясында мемлекет пен құқықтың пайда болуының ерекшеліктерін оқу қазақ қоғамындағы құқықтың даму кезеңдері мен ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастырады. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Қазақстанның территориясындағы әдеттік және кодифициялық құқығының 1-ші заңнамалық қайнар көзіне көніл бөлу маңызды.

3.Тапсырма: Келесі сұрақтарды ашып іскерлік ойынның сценариін өз бетінше жазу:

1. Әдеттік құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы.

2. «Қасым ханның заңдарында» мемлекеттік (хандық) билікті нығайту.

3. «Есім ханның заңдары» бойынша мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

4. "Шыңғыс хан ясылары" - әдеттік құқығының қайнар көзі.

5. Қазақтарда діни құқықтың (шариат) ерекшеліктері.

6. " Тәуке ханның жеті -жарғысы " - кодифициялық құқықтың қайнар көзі.

4.Орындау түрі: іскерлік ойын.

Іскерлік ойын — оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Оқытудың белсенді әдісі ретіндегі іскерлік ойынның талабы: ойынға қатысушылардың арасында ролдердің бөлінуі; ойын бойынша бірлесіп шешім қабылдау үшін екі тараптың сөйлесу әрекеті; уақыт өлшемін пайдалану; ойын жарысы барысында кәсіби білім мен ойынның нәтижесін бағалау жүйесін қолдана; ойын барысында шынайы өмірді көрсете білу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]