Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gistologia_srs.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
85.5 Кб
Скачать

Жүректің өткізгіштік жүйесі. Systema conducens cardiacum.

Жүрекшенің миокарды қарыншаның миокардынан фиброзды сақыналармен бөлінеді, бірақ олардың арасындағы байланыс өткізгіштік жүйе арқылы іске асады, олар күрделі жүйкелік – бұлшықеттік құрылыммен ерекшеленеді.

Миокард – жүректің ортыңғы қабаты, ол көлденең жолақты ет жасушалары - кардиомиоциттерден тұрады. Кардиомиоциттер бір – бірімен тығыз орналасып функциональды талшықтар түзеді, олар жүрек қабаттарын спираль тәрізді қоршап жатады. Кардиомиоциттер арасында борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары, нервтер орналасады.

Кардиомиоциттердің қызметі және құрылысына байланысты үш түрі кездеседі. Олар:

1) жиырылғыштық немесе жұмысшы кардиомиоциттер;

2) өткізгіштік немесе атипиялық кардиомиоциттер, бұл түрлері жүректің

өткізгіштік жүйесіне жатады;

3) секреторлы немесе эндокринді кардиомиоциттер.

Жүректің өткізгіштік жүйесі – импульстарды қалыптастыратын және жиырылғыштық кардиомиоциттерге өткізетін атипиялық бұлшықеттік жасушалар.

Маңызы: жүректің ритмдік жұмысын және жеке камераларындағы бұлшықеттің жиырылу күшіне әсерін тигізіп қамтамасыз етіп отырады.

Құрамы: өткізгіштік кардиомиоциттер топталып әртүрлі түйіндер құрайды, олардың шоғырлары тарамданып жеке жіпшелерге айналады. Олар:

  1. Синусты – жүрекшелік түйін немесе синоатриалды, немесе авторы бойынша Кис – Флек түйіні, лат. nodus sinuatrialis;

  2. Жүрекше – қарыншалық немесе авторы бойынша Ашофф – Товар түйіні, лат. nodus atrioventricularis;

  3. Гисс шоғыры және оның аяқшалары;

  4. Пуркинье талшықтары.

  1. Синоатриалды немесе авторы бойынша Кис – Флек түйіні, лат. nodus sinuatrialis – жоғарғы қуысты вена мен оң құлақша аралығында орналасады, импульстар осы түйінде басталады және басқа бөлімдерге таралады.

  2. Жүрекше – қарыншалық немесе авторы бойынша Ашофф – Товар түйіні, лат. nodus atrioventricularis – оң жүрекшемен оң қарынша аралығында, жүрекше аралық пердеге және үш жармалы қақпақшаға, cuspis septalis,  жақын орналасқан.

Осы екі түйінді бір – бірімен және синоатриалдық түйінді сол жүрекшемен жалғастыратын жіпшелер – Бахман, Венкебах, Торел талшықтары деп аталады.

  1. атриовентрикулярлық түйіннің төменгі жағында орналасқан, қарыншааралық пердеге жақындаған жерде Гисс шоғыры немесе атриовентрикулярлық шоғыр, fasciculus atrioventricularis,  басталады. Гисс шоғыры қарыншааралық перденің жоғарғы жағында орналасады, ұзындығы 2 см. Одан екі оң және сол аяқшалар, crus dextrum et sinistrum, шығады. Оң жақ аяқша сол жаққа қарағанда ұзын және жіңішке болады, ал сол жақ аяқша қысқа және жуандау болып келеді. Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түсіп жүрек ұшындағы қалың етке жетеді. Одан әрі иіліп қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі, жолшыбай осы арадағы еттерге, оның ішінде емізікше еттерге бұтақ тәрізденіп жайылады. Гисс шоғыры жүрек қызметінде маңызды орын алады, себебі ол импульс және жиырылу толқындарын жүрекшеден қарыншаға өткізеді, нәтижесінде жүрекше мен қарыншаның систолалық ритмі жүзеге асады. Жүрекше синоатриальді түйінмен байланысты, ал жүрекше мен қарынша Гисс шоғырымен байланысты.

  2. Гисс аяқшаларының жалғасы Пуркинье талшықтары деп аталады. Пуркинье талшықтары жүректің негізгі миоциттеріне жақындап онымен өзара түйіседі. Сонымен жүректің өткізгіштік жүйесі синоатриалдық түйіннен басталып Пуркинье талшықтарымен бітеді.

Өткізгіштік кардиомиоциттердің үш типін ажыратады және олар әртүрлі аймақтарда орналасады.

Бірінші типіне - өткізгіштік жүйенің түйіндерінің жасушалары жатады. Импульстің қалыптасуы Кис – Флек түйінінде басталады, орталық бөлігін жасушалардың бірінші типі – ритм жүргізуші немесе пейсмекер жасушалары деп аталады. Оларға өзіндік жиырылғыштық қасиеті тән.

Ерекшеліктері: өлшемі үлкен емес, формасы көпбұрышты, максимальді диаметрі 8-10мкм, аздаған миофибрилдері бар, ретсіз орналасады.

Миофибрилдер құрамындағы миофиламенттер борпылдақ, А және I диск анық емес. Митохондриясы кіші, формасы домалақ немесе сопақша тәрізді болып келеді және көп орналаспайды. Саркоплазматикалық ретикулумы нашар дамыған. Т – жүйесі болмайды, бірақ цитолеммада пиноцитоз көпіршіктері мен кавеолдар көптеп кездеседі, олар жасуша беткейіндегі мембраналарды 2 есе ұлғайтады. Пейсмекер жасушаларының цитоплазмасында көп мөлшерде бос кальций йондары кездеседі. Бұл иондар саркоплазмалық тордың нашар дамуында синустік түйіндегі жасушалардың импульсті туғызып өздігінен жиырылуына мүмкіндік туғызады. Бұған қажетті энергия гликолиз процесінен алынады. Жасушалар арасында бірлік десмосомалар және нексустар кездеседі.

Түйіннің перифериясында ауыспалы жасушалар орналасады, олар атриовентрикулярлы түйіндегі жасушалардың көптеген бөлігіне аналогты болып келеді. Р – жасушалар атриовентрикулярлы түйінде керісінше мөлшері аз.

Негізгі бөлімін екінші типі – ауыспалы жасушалар алады. Бұлар жұқа, ұзынша келегн жасушалар. Миофибрилалар жақсы дамыған және олар параллель орналасады, бірақ барлық жағдайда емес. Жеке ауыспалы жасушаларда қысқа Т-түтіктері болады. Олар бір – бірімен қыстырма дискілер арқылы байланысады. Бұл жасушалардың функциональды маңызы қозуды Р-жасушалардан Гисса шоғырының жасушаларына, одан жиырылғыш кардиомиоциттерге өткізу.

Жашулардың үшінші типіне – Гисс шоғырының және оның аяқшаларының Пуркинье талшықтарының жасушалары кіреді. Бұл жасушалардың құрамында спираль тәрізді болып келген ұзын миофибрилалары болады. Қызметі: қозуды аралық жасушалардан жүрек қарыншасының жұмысшы кардиомиоциттеріне береді. Бұл жасушалар кішігірім шоғыр жасап орналасады және борпылдақ дәнекер тінінің талшықтарымен қоршалып жатады. Гисс шоғырының аяқшалары бірі эндокард бетіне, ал екіншісі қарынша миокардының тереңіне қарай бөлініп тарамдалады. Миокард ішінде олар емізікті бұлшықттерге таралады. Бұл оның қарынша миокардының жиырылуына дейін осы емізік бұлшықеттерінің тартылуынан оң және сол жақ қақпақшалардың ашылып юъжабылуларын қамтамасыз етеді.

Ерекшелігі: өлшемі үлкен, диаметрі 15мкм және одан да жоғары, Т- жүйе мүлдем болмайды, миофибрилдері жіпше тәрізді, жасуша перифериясында ретсіз орналасалды. Ядросы эксценртрлі.

Пуркинье жасушалары тек өткізгіштік жүйеде ғана ірі емес, сонымен бірге барлық миокардта ірі. Гликоген көп, миофибрилл торлары сирек, Т-түтіктері болмайды. Жасушалар өзара нексустар және десмосомалармен байланысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]