Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС / gost.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.3 Mб
Скачать

1.7-Сурет. Арнайы клапандардың құрылымы:

а-циркуляциялы; б-теңгеруші ; в-қабылдаушы; г-кері екі клапанды

Клапанды басқару кезінде төлкені төмен түсіреді немесе жоғары көтереді, сонда корпус пен төлкенің тесіктері сәйкес келеді немесе бір бірін жабады.

Теңестіруші клапан (1.7 б-сурет) ұңғы қоңдырғысының жабу элементінің жақтарының қысымын теңестіру үшін немесе құбырдан айырғыш клапандарды, тығындар мен қабылдаушы клапандарды қосып шығару үшін қолданылады.

Клапан корпустан (1) және корпустың қабырғаларына пісіріліп орнатылған клапандардан (3) тұрады. Клапанның пружиналары (2) чехолдың көмегімен ұсталынып отырады. Клапан ұңғыға штанга немесе канат арқылы түсірілетін жүктің көмегімен ашылады.

Қабылдаушы клапан (1.7 в-сурет) пакерді отырғызу және де құбыр ішіндегі қысымды көтеру үшін, сонымен бірге құбырдағы кеңістіктерді жабу мақсатында қолданылады. Пакерді отырғызғаннан кейін нығыздайды, бірақ кейбір жағдайларда престейтін шардың үзіліп кету салдарынан пайдалану құбырының пакермен герметизациялануы үшін қысым жеткіліксіз болады. Бұл үшін қабылдаушы клапандарды қолданады. Оларды пакердің астында орналасқан өткізбейтін ниппельге орнатады. Қабылдаушы клапан корпустан (7) тұрады және оның жоғарғы ұшын жабатын шардың ершігі ретінде жасайды. Корпустың жоғарғы жағына шары (5) бар тор (4) орнатылады. Корпустың сыртына кожух (3) кигізіледі және ол кожухтың басы ұстағыш ретінде жасалады. Тордың ішкі кеңістігімен байланысты ұстау үшін кожухтың шет жақтарында арнайы терезелер бар.

Корпустың жақтарындағы тесіктерді сақиналармен (6) нығыздалған кожухтың юбкасы жабады. Стерженьде (1) орналасқан штифт (2) үшін кожух көлденең қозғала алмайды. Қабылдаушы клапан өткізбейтін ниппельде нығыздауштармен (8) герметизацияланады. Клапанды алу үшін штифт (2) алынып, кожух (3) стерженнің (1) басына тірелгенше жоғары көтеріледі де, теңестіруші тесіктер ашылады, ал шардың (5) астындағы және оның үстіндегі қысымдар теңестіріліп, осыдан кейін клапан ниппельден жеңіл алынады.

Кері клапан (1.7 г-сурет) қысымы бар аймақта құбырларды көтеру-түсіру жұмыстары барысында құбырдағы кеңістікті жабады. Ол әрқашан да аралықты жауып тұру керек және апат болған жағдайда мүмкіншілігінше ұңғыны тұйық сөндіреді. Кері клапандар сонымен қатар, ұңғыларды газлифт әдістерімен пайдалану кезінде қолданылады, мұнда олар сұйықтың кері ағынының құбыраралық аймақтан өтуіне кедергі жасайды. Кейбір жағдайларда оларды пружинасыз құрастырады және реверсивті етіп қолданады, яғни ұңғыма өнімінің ағын қысымының есебінен өздігінен жабылады.

11.Ұршықтар, арналуы, конструкциясы.

Ұршықбұрғылауерітіндісінбұрғылаутізбегініңайналдырушыжетекшіқұбырынажіберугеарналған. Бұрғылаупроцесіндеұршықбұрғылауқондырғысыныңтәлжүйесінеілінедіжәнебұрғылаусорабыменманифольдарқылыжалғанады.

Ұршықтыңқұрылымыайналатынжәнеайналматынбөлшектердентұрады.

Айналмайтынбөлшектерге – тұрқы, ағындықұбыр, бұрушы, штроп, төменгіжәнежоғарғықақпақтаржатады.

Айналатынбөлшектерге – оқпан, негізгіжәнеқосымшаосьтіктіреулер, радиалдытіреулер, тезалынғыштығыздағыштар, ауыстырғышжатады.

Ұршық бұрғылау сұйығын айналып жатқан бұрғылау тізбегіне жіберу үшін арналған. Бұрғылау процесінде ұршық автоматты элеваторға ілінеді немесе тәл механизмінің ілмегіне ілінеді және иілгіш шланг арқылы бұрғылау сораптарының арынды құбырларының тіреуішімен жалғанады. Бұрғылау тізбегінің жетек құбыры бұранда арқылы бұрғылау сұйығы үшін өту тесігі бар ұршықтың айналып тұрған оқпанымен жалғанады. КТО кезінде ұршық жетек құбырмен және иілгіш шлангпен шурфқа қайтарылады және тәл блогынан ажыратылады.Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде ұршық ұсталып қалуларды болдырмау мақсатында бұрғылау тізбегін кезең сайын айналдырып тұру үшін қолданылады.

Пайдалану процесінде ұршық жуу сұйығының пульсациясынан және қашаудың ұзындық бойына тербелістерінен туатын динамикалық жүктемеге және бұрғылау тізбегінің салмағынан туатын статикалық жүктемелерге ұшырайды. Жуу сұйығымен әсерлесетін ұршық бөлшектері абразивті тозуға ұшырайды. Ұршықтың қажалатын бөлшектерінің тозуға төзімділігі үйкелу кезіндегі қызудың нәтижесінен төмендейді.

Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:

- көлденең габариттері КТО кезінде және бұрғылау тізбегін өсіру кезінде мұнараның ұзындық бойына жылжуына кедергі болмауы тиіс;

- тез тозатын түйіндері мен бөлшектері өндірістік жағдайда тез ауыстыруға ыңғайлы болуы тиіс;

- майды келтіру және тарату ұршықтың үйкелетін бөлшектерін майлау мен салқындатудың әсерлілігін қамтамасыз етуі керек;

- тәл жүйесімен жалғау құрылғысы сенімді және шурфтан ұршықты тез әкелуге және алып кетуге ыңғайлы болуы керек.

Көтеріп түсіру кешенінің: 1-ілмек; 2-тәлдік блок; 3-жүктеме арқандар; 4-кронблок; 5-мұнара; 6-шығыр; 7-арқанның қозғалмайтын шетін бекіткіш; А және Б-арқанның жылжитын және жылжымайтын тіндері

Құрылысы және конструкциялық ерекшеліктері

Пайдалану бұрғылауында және терең барлау ұңғымаларында қолданылатын ұршықтардың конструкциялық сұлбалары ортақ және рұқсат етілген өстік жүктемемен ғана ерекшеленеді.

6.1-суретте заманауи ұршықтардың құрылғысы көрсетілген. Ұршық 4 тұрқы көміртекті немесе төменлегирленген болаттан жасалады және тәл механизмінің ілмегіне ұршықты ілуге арналған штроп 12 үшін сыртқы бүйір қалталары бар. Штроп доғатәрізді пішінге және дөңгелек көлденең қимаға ие. Ол легирленген болаттың 40ХН, 38ХГН, 30ХГСА маркаларынан еркін соғу әдісімен жасалады.

Соседние файлы в папке ГОС