
- •1.3-Сурет. Тізбек басының құрылымы:
- •15.1-Сурет. Бұрғылау мұнараларының конструктивтік сұлбалары
- •15.2-Сурет. Мұнаралы мұнара
- •15.3-Сурет. Діңгекті а-тәрізді мұнара
- •1.12-Сурет. Конструкциялары әртүрлі пакерлердің сұлбасы:
- •2.2-Сурет. Фланецті фонтанды арматураның үлгісі
- •8.Бұрғылау роторлары
- •5.1-Сурет. Ур-500 бұрғылау роторы
- •10. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.3-Сурет. Тізбек басының құрылымы:
- •1.7-Сурет. Арнайы клапандардың құрылымы:
- •11.Ұршықтар, арналуы, конструкциясы.
- •6.1-Сурет. Ув-250 ұршығы
- •Ұршықтардың техникалық сипаттамалары
- •13. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.12-Сурет. Фонтанды арматураның манифольді:
- •14.Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
- •1.3-Сурет. 4×5 Айқас жабдықтау сұлбасы
2.12-Сурет. Фонтанды арматураның манифольді:
а-газды ұңғыманың манифольді; б-мұнай ұңғымасының манифольді
Фонтанды арматураның манифольдындағы газды ұңғыманың негізгі жабдықтарының біріне айырғыш клапан жатады. Фонтанды ұңғыманың манифольдының үлгісі 2.12, б суретінде көрсетілген. Газлифтті және айдау ұңғымаларының манифольдысы мен арматурасы келесі элементтерден жиналады: бір бөлігі арматурадан, ал қалған бөлігі фонтанды ұңғыма манифольдысынан тұрады.
Фонтанды арматура бірнеше функцияны атқарады. Олардың ең негізгісіне мыналар жатады: СКҚ тізбегінің салмағын ұстап тұру; егер тізбек екі қатарлы болса, онда ол екеуін де көтеріп ұстап тұру; құбыр сыртындағы кеңістікті герметизациялау және бір-бірінен оқшаулау; ұңғыманың берілген режиміндегі жұмысын қамтамасыз ету және оны реттеу; оның үзіліссіз жұмыс жасауы мен ішкі және сыртқы параметрлерді өлшеу мүмкіндігіне ие болу.
14.Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
Тәл жүйесі бұрғылау ққондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгері-кейінді қозғалысына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.
Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлді арқан кіреді..
БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
-Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;
-Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;
-Ұзақтұрақтылығы;
-Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;
-Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы
Бұрғылау жабдығының тәл жүйесі туралы қысқаша түсінік
БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
–Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;
–Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;
–Ұзақ тұрақтылығы;
–Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;
–Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы.
Тәлді блок ілмекпен және бұрғылау тізбегін ұстауға арналған элеватормен жабдықталған.
Ұңғыларды бұрғылауда тәл жүйесін айқастыра жабдықтау кеңінен қолданылады. Онда кронблок өсі, шығыр барабаны өсіне параллель, ал тәл блогының өсіне перпендикуляр етіліп орналасуы тиіс. Тәл жүйесін жабдықтауды төмендегідей ретпен жүргізеді. Арқан шумағын металл білікке орналастырып, оның шетіне кендір арқан жалғап, арқан ұшын тәл блогы мен кронблок шығыршығынан бір ізбен өткізеді. Содан кейін арқанның жылжымалы шетін шығыр барабанындағы арнайы тетікке бекітіп, арқанды барабанға 8-10 айналдыра орап, тәл блогын еденге түсіріп, тәл арқанның қозғалмайтын шетін арнайы механизмге бекітеді. Тәл арқанның жылжымайтын шетін бекіту және оны қайта жабдықтау кезінде жіберіп, беру үшін арнайы механизмдер қолданылады.
Ілінген бұрғылау немесе шегендеу құбырлар тізбегінің салмағы канаттың тармақтарымен таралады. Канаттың жұмыс тармақтары тәлді блок пен кронблоктың шкив санына байланысты.
Көтеретін жүк салмағы 50-75т. бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т. қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 5х6, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші – кронблок шкивінің санын көрсетеді. Ұңғыма тереңдігі 750-3000 м болса, 2х3, 3х4,ал 3000-12500м – 3х4, 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталуы ұсынылады.
Арқанның жұмыс тармақтарының жүріс тармақтарына қатынасы жабдықталудың еселігі деп аталады.