
Жедел хабарландыруды талап ететін төтенше жағдайлардың уақытша критерилері мен жіктелуі.
И 153 бұйрыққа сәйкес келтірілген көрсеткіштердің бірі белгілі болған кезде ТЖ оперативті штабының жедел хабарлауын талап ететін, ТЖ-дың негізгі уақытша критерилері келесі болып табылады (критерий номерлері ТЖ жіктелуі номерлеріне сәйкес келеді (1 кесте)):
Зардап шеккендердің саны 5 адам және одан көп.
Зардап шеккендердің саны 10 адам және одан көп -
1.1; 1.2; 1,4; 1.5; 1.7; 1.8; 1.9; 2.1; 2.2; 2.3; 3,1.
Зардап шеккендердің саны 15 адам және одан көп – 1,6.
Өлгендер саны 2 адам және одан көп – 1,1; 1,2; 1,3; 1,4; 1,5; 1,7; 1,8; 1,9; 2,1; 2,2; 2,3; 3,1.
Өлгендер саны 4 адам және одан көп – 1,6.
Медико-санитарлық зардабын өз күштерімен жоюға қабілетсіз - 1,1; 1,2; 1,3; 2,1.
Адамдардың патогенділігі 1-2 топтардағы инфекциялық сырқаттанушылық қоздырғыштарымен қауіптілігі 1-2 кластағы улы химиялық заттармен зақымдану фактісі – 1,5.
белгілі инфекциялармен адамдардың топтық сырқаттанушылығы 20 адам және одан көп –2,4.
Этиологиясы белгісіз адамдардың топтық сырқаттанушылығы 10 адам – 2,4.
Адамдардың диагнозы белгісіз қызбалық сырқаттанушылығы 5 адам – 2,4.
Өлім немесе сырқаттанушылық деңгейі орта статистикадан 2 немесе – 2,4 есе жоғары.
Жануарлар мен өсімдіктерді аса қауіпті инфекция қоздырғыштарымен жұқтыру – 1,5.
Жаппай сырқаттанушылық немесе жануарлардың өлу фактісі – 2,4.
Зақымдаушы факторлардың санитарлық-қорғау зонасына шығуы, тұрғындардың зақымдалуына қауіп төну – 1,3; 1,2.
Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының кенеттен нашарлауы, жұқпалы аурулардың пайда болу каупі – 1,6.
Іркіңді сулардың немесе суды ластайтын заттардың концентрациясының көбеюі – 10 және одан да көп – 1,7.
ПДК (ПДУ) шектеліп рұқсат етілген және шектеліп жоғарлауы 100 рет одан да рұқсат етілген деңгей көп – 1,9; 1,4.
Шектеліп рұқсат етілген концентрация (ШРК) жоғарлауы 50 және одан да көп – 3,1; 3,2.
ПДК жоғарылауы 8 сағат ішінде 30-49 және одан да көп – 3,2.
ПДК 2 тәулік ішінде 20-29 және одан да көп – 3,2.
Тәжірибеде зардап шеккендер мен госпитализация қажет ететін адамдардың санына байланысты ТЖ жіктеліп, қолданылады.
Осы белгілеріне сәйкес олар 2 топқа бөлінеді:
Аз ТЖ – жануарлар қайтыс болғандар 100 адам немесе госпитализациялауды қажет ететіндер 50 адам;
Орташа ТЖ – жаралылар мен қайтыс болғандар 101-1000 адам немесе госпитализациялауды қажет ететіндер 51-250 адам;
Ірі ТЖ – жануарлар мен өлгендер 1000 адамнан астам немесе госпитализациялауды қажет ететіндер 250-ден көп.
Төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық сипаттамасы.
1. Төтенше жағдайларға жалпы сипаттама.
Табиғи, техногенді, экологиялық катастрофадағы негізгі зақымдаушы факторлар болып табылады:
организмге динамикалық (механикалық) әсер ету: жарылу толқыны;
ұшқыш заттардың жоғарыдан құлап түсуі, ауыр заттармен бастырылып қалу;
организмге физикалық факторлардың әсер етуі: жоғарыда және төмен температура, электромагнитті сәулелену, шу ультра дыбыс дірілі, т.б.;
радиациялық сәулелену: альфа, бета, гамма және нейтронды сәулелену;
қоршаған ортаға, қатты әсер ететін улы заттардан бөлінетін химиялық қауіпті заттар, ауыр түсті металдар, улы химикаттар (пестицидтер, инсектицидтер, гербицидтер, дефолианттар, т.б.), сонымен қатар медицина мен тағам өнеркәсібінде қолданылатын хлор мен аммиак;
биологиялық (бактериологиялық) заттар: белоктық, ферменттік және гормональді қосындылар, алларгендер, патогенді микроорганизмдер мен паразиттер.
Белгілі бір жағдайда осы факторлар, жаппай зақымдаушы қарудың әсер ету деңгейіне жетеді. Сонымен бірге әр түрлі факторлардың бірігіп кешенді түрде әсер етуі жиі байқалады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды айтарлықтай нашарлататын ТЖ-лар ең маңызды болып саналады. Бұл катастрофаға әкелуші көптеген себептер мен жағдайларға негізделген. Оларға жататындар:
Аймақтық санитарлық жағдайының кенеттен нашарлауы, адам организмінің қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеледі:
қоғамдық және адамдар тұратын ғимараттардың қатардан шығуы, тұрғындарды уақытша шатырлы қалашықтар мен жер үйлерге орналастыру;
коммуналдық объектілердің құлауы, сумен, канализация мен жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің бұзылуы (істен шығу) т.б.;
химиялық, мұнай өндіретін өндірістер және қоймалардың құлауы салдарынан аймақтың қауіпті химиялық заттармен ластануы.
Жұқпалы аурулармен паразиттер қоздырғыштарының циркуляциялық (айналу) белсенділігі мына себептен туады:
өлген адамдар мен жануарлар өлексесінің болуы, өсімдіктер мен мал өнімдерінен алынған азық-түліктердің шіруі;
кеміргіштердің жаппай көбеюі, олардың арасында эпизоотияның пайда болуы және табиғи ошақтардың белсенділігі;
ұйымдасқан адамдар ұжымдарының жиі қоныс аударуы;
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бұзылу салдарынан және организмнің қарсыласу күшінің әлсіреуіне байланысты адамдардың жұқпалы ауруларды қабылдағыштығына жоғарлайды.
Катастрофа болған аймақта жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық және емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігінің нашарлауы мынадай себептерден туады:
медициналық қызметкерлер құлауы немесе олардың функционалды мүмкіншіліктерінің төмендеуі;
медициналық қызметкерлер арасында санитарлық шығынның болуы, арнайы емдеу және алдын-алу құралдарының жойылып кетуі;
далалық жағдайларда немесе бөлмелерде қолданылатын қажетті құралдар мен күштердің жұмыс тиімділігінің нашарлауы.
Стихиялық апат және техногенді катастрофа болған зоналардағы эпидемиялық процестің ағымы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, инфекцияның берілу жолы ортақ болса, инфекция көзін анықтау қиынға соғады. Инфекцияның таралуы “жарылу” сипатын алғандықтан “эпидемиялық құйыршық” пайда болады, қоныс аударған тұрғындардың тығыз орналасқан жерлерінде инфекцияның, ауырғандардан – қатынаста болғандарға берілуімен сипатталады. ТЖ аудандарында, сол жергілікті жерге тән емес инфекциялар пайда болуы мүмкін, бұл инфекциялардың сырттан енуіне байланысты жекелеген адамдар мен ұжымдарда бір мезгілде бірнеше инфекция пайда болады.
ТЖ-дың медико-тактикалық сипаттамасы ұғымына кіреді: тұрғындардың “қайтып келмеуі” (өлім), “санитарлық” (травма ауру, т.б.) жойылу деңгейі мен құрылымы, аймақтық денсаулық сақтау күштерімен құралдарының істен шығу дәрежесі, апат болған аудандағы жергілікті жердің ластану ұзақтығы мен сипаты, жұқпалы аурулар ошағының көлемі.
Осы жағдайларда ТЖ-дың пайда болуын болжауға ғана мүмкіндік туады. Бұл үшін, зардап шеккен адамдар саны мен аймақтық көлемі, коммуналдық қызметтердің бұзылуы туралы мәліметтер, байланыстың бұзылуы, электр станциялары мен жолдардың күйреуі.
Медициналық сұрақтар бойынша мемлекеттік мекемелердің апаттары: эпидемиялық жағдайлар мен ресурстар тралы мәліметтер. Осы жағдайда зардап шеккендер мен зақымдалғандардың санын міндетті түрде анықтау қажет, жоғарыда аталған факторларға байланысты екінші қайтара зақымдалулар болуы мүмкін.
Табиғи және техногенді ТЖ-дың санитарлы-эпидемиологиялық сипаттамасы.
Геологиялық қауіпті белгілері.
Сейсмикалық стихиялық апаттың ішінде жер сілкіну белгіленеді – бұл жер астындағы тербеліс пен жер бетінің тербелісі жер жотасының аяқ астынан жарылу салдарынан болады және тербеліс ретінде, үлкен ара қашықтыққа беріледі. Жер сілкіну жиілігі сейсметикалық баллмен немесе магнитуда мөлшерімен анықталады. Жер бетіндегі жылына 10 000-даған жер сілкінулер байқалады, оның ішінде катастрофалық – 1, қатты бұзушы – 10, бұзушы – 100, зақымдаушы – 1000. үйілген төмпешіктер, жер бетінің шегінуі және т.б. геологиялық белгілер жер сілікну элементтері болып табылады.
ҚР сейсмология институтының мәліметтері бойынша сейсмозонаға 6 облыс, 27 қала, 40% өнеркәсіптік потенциал, 45% республиканың оңтүстік және шығысындағы облыс тұрғындары кіреді. Зардап шеккендердің шамамен 46,5% алғашқы медициналық көмек қажет етеді, 27,8% алғашқы дәрігерлік көмек, 10% өмір көрсеткіштеріне байланысты мамандандырылған медициналық көмекті және жартылай арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Жалпы санитарлық шығын санынан- 20% адам госпиталдау қажет етеді. Сонымен бірге ғимараттардың, инжинерлік-техникалық коммуникацияның құлауына байланысты, облыстың медициналық мекемелеріндегі төсек қорысының (фонд) 60% -дан көбі және 70% медициналық персонал қатардан шығады. Сейсмикалық көріністерде, санитарлық-эпидемиялық жағдайларды асқындыратын негізгі әсер етуші факторларға жатады:
үйдің құлауы немесе авариялық жағдайы, тұрғындардың тығыз орналасуы (жер үйлерде, шатырлы қалашықтарда) және метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығы;
сумен, жылумен қамтамасыз ету, канализация жүйелерінің істен шығуы;
әр түрлі тұрғындар тобының еріксіз қоныс аударуы, байланыс жүйесі мен транспорт жолдардың бұзылуына қарамастан көптеген зардап шеккен тұрғындар тобын эвакуациялау қажеттігі;
тағам өнеркәсіптері мен жалпы тамақтану мекемелерінің, азық-түлік сақтайтын қоймалардың құлауы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және тамақтану сапасының нашарлауына әсерін тигізеді;
жаппай зақымдану және комбинировандық зақымдану (сынық, жарақат, ұзақ уақыт бастырылу, күю, т.б.), психикалық стресс, адамдар санының көбеюіне әкеледі;
қайтадан қалпына келтіруге болмайтын адамдар мен малдың шығыны.
Шіріген азық-түліктердің болуы, кеміргіштер көбейетін жаңа орындардың, инфекция тасымалдаушылардың пайда болуы, табиғи ошақтардың белсенділігі, жануарлар арасынада эпизоотияның пайда болуы, инфекця көзі және тасымалдаушылармен тұрғындардың қарым-қатнаста болуы;
химиялық қауіпті өндіріс орындарының аварияға ұшырауы, құлау (мұнай өндіретін, химиялық, т.б.) қоршаған ортаны улы заттармен ластануы екінші қайтара зақымдалуға және организмнің әр түрлі факторларға қорғаныс қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соғады;
емдеу-профилактикалық мекемелер мен жабдықтардың күйреуі, қалпына келмейтін медициналық персоналдың санитарлық шығыны.
Жер сілікінуіне әкелетін қолайсыз жағдайлар, зақымдалғандар мен тұрғындар денсаулығының өзгеруін қамтамасыз ететін екінші толқын тәрізді болады.
Біріншіден, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар асқынады. Тұрғындардың санитарлық-гигиеналық жағдайы маңызды түрде өзгереді, сумен қамтамасыз ету, тамақтану, аймақты тазарту, зиянсыздандыру жұмыстарының бұзылуы ішек жұқпалы ауруларының өсуіне әкеледі, организмнің қарсылық күші, иммунобиологиялық реактивтілігі төмендейді, аэрозольді жұқпалы аурулар (Ж.Р.А, күл, қызамық, қызылша) көбейеді, жараның іріңді асқынулары, басқа стрептококкоздар мен стафилококкоздардың саны кенеттен жоғарлайды. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайлардың бір мезгілде асқынуы жүреді. Жануарлардың өмір сүру ортасының өзгеруі мен қоныс аударуы, олардың жиі қарым-қатынаста болуы салдарынан зоонозды жұқпалы аурулардың табиғи ошағы көбейеді (оба, туляремия, күйдіргі, геморрагиялық қызба, құтыру, т.б.).
Метеорологиялық қауіпті жағдайлар.
Құйын, атмосферадағы циклондық өзгерістердің салдарынан болады, желдің жылдамдығы 20 м/сек асып, 120 км/сағатқа жетеді. Олар көбінесе тұнбаның түсуіне (жаңбыр, қар, бұршақ) немесе шаңды құйынға әкеліп соғады.
Зақымдаушы факторлар ауа массасының жылдамдығы, ғимараттарды құлатады, талдарды құлатады, су тасқыны жүреді, желдің күшеюі снарядтардың жарықшағының, басқа да зақымдаушы заттардың екінші қайтара жарылуына, ұшуына әкеліп соғады.
Біріншіден, травмалық жарақаттанулар және адамдардың өлуі, екіншіден, жараның іріңді инфекциялардың асқынуы болады. Ыстық немесе суықтың (желмен, боранмен қосылуы) көп уақыт бойы сақталуы, күнге
күюге, жалпы тоңу, үсуге әкеліп соғады. Бұл қалыпты гомеостаз (тұрақтылық) және жалпы организмнің қарсылығын өзгертуге әсерін тигізеді, жүрек, жүйке жүйесі ауруларының асқынуына әкеледі, жергілікті иммунитет төмендеп, респираторлық және басқа аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Су тасқыны – бұл су деңгейі көтеріліп, жергілікті пункттерді су алып кетеді. әдеттегі су тасқыны – тез, бірақ судың қысқа уақыт қана көтерілуі, қардың, мұздың еру салдарынан болады. Су тасқыны, жер сілкіну, соғыс, эпидемия көптеген елдердің тарихында болған үлкен апаттардың қатары. Адамдар өлімі ондаған және жүз мыңдаған сандарға жетеді. Су тасқыны уақытша судың өзенге, көлге, су қоймаларына қосылып, іркіліп көбеюіне әкеледі де тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді және адамдар мен ауыл шаруашылығындағы жануарлардың өліміне әкеліп соғады. Судың көбею масштабы мен су тасқынының салдарынан болған шығын 4 топқа бөлінеді:
Төмен су тасқыны тегіс жердегі өзендерде байқалады, судың көбею ауданы үлкен емес және материалдық шығынның мөлшері және тұрғындардың денсаулығына әсер ету қаупі біраз мөлшерде ғана болады.
Жоғары су тасқыны өзеннің маңызды аймақтарында су жиналады, адамдар өміріне, денсаулық қаупі туады.
Ірі су тасқынында судың өзенге жиналып таралуы жергілікті пункттерге су алады. Тұрғындардың жаппай шығын болу қаупі туады.
Апаттық су тасқыны үлкен ауданды алады, айқын материалды шығындарға әкеледі және тұрғындар арасында өлім санының көбеюі мүмкін.
1.1.3. Гидродинамикалық қауіпті объектілер, оларға қондырғылар жатады. Сонымен қатар жасанды және табиғи плотиналар, гидроузелдер, т.б.
Су басқан аймақтарды 4 катастрофалық зонаға бөледі, су ағымының жылдамдығына, ағынды толқынның биіктігіне және жергілікті пунктің қауіпті қондырғыдан ара қашықтығына байланысты.
Бірінші зона – қауіпті объектіге келіп жалғасады, толқынның биіктігі бірнеше метрге жетеді, толқынның өту уақыты – 30 мин, жылдамдығы – 30 км/сағ, ұзақтығы – 6-12км.
Екінші зона – ағымы тез. Толқынның жылдамдығы – 15-20 км/сағ, жүріп өті уақыты – 50-60 мин, ұзақтығы – 15-25км.
Иллюстрациялы материал:
Кесте: төтенше жағдайлар
Слайдтар: ТҚН пәнінде қолданатын шартты белгілер (аббревиатуралар). Ядролық қарудың жіктелуі.
Химиялық қарудың жіктелуі.
Бактериологиялық қарудың жіктелуі.
Әдебиеттер
Суровцев А.А., Мельникова Е.Н., Медведева Н.М. және басқа. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы, «Тіршілік қауіпсіздігі», Алматы, 2004ж., 1-2 том.
Ж.Е. Жолымбетов, С.Е. Жолымбетов, Н.Д. Калимов «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Оқу-құралы, Қарағанды, 2008
Завьялов В.Н. Гражданская оборона. Учебник для мед. Вузов. М., Медицина, 1989 с. 269
Инструкция по организации и ведению ГО РК. Утв. Приказом № 165 АЧС РК. 13 июня 2000г. г. Алматы.
Каиргельдина С.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Методическое пособие для студентов немедицинских Вузов. Евразийский гуманитарный институт. Астана, 2003г, с. 232
Бақылау сұрақтары
Курсты игеру барысында қолданатын негізгі терминдер, түсініктер, анықтамалар, аббревиатуралар, шартты белгілер.
Төтенше жағдайлар және олардың негізгі белгілері. Таралу масштабы, пайда болу себептері бойынша төтенше жағдайлардың жіктелуі.
Табиғи сипаттағы ТЖ. Пайда болу себептері. Зілзалардың жіктелуі. Мемлекет тұрғындарға мен шаруашылық объектілеріне келтіретін зардаптары, оларды алдын алу және болжау мүмкіндігі.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар. Пайда болу себептері
Әлеуметтік жанжалды төтенше жағдайлар. Пайда болу себептері
Азаматтық қорғаныс бойынша тұрғылықты мекендерді топтарға, шаруашылық объектілерін категорияларға жатқызу.
Қару түсінігі. Қазіргі уақытта пайдаланатын зақымдау құралдар. Қарпайым шабуыл қарудың қысқаша сипаттамасы. Ядролық қару. Химиялық қару. Бактериолгиялық қару.