Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
011 / 3, 4.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
111.62 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/02

Ип №6 умс при КазГма

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: «Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар».

Тақырыбы: «Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар».

Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»

Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"

Курс: 1

Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат

Қарағанды – 2011ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __1__

"___01___" _____09_____ 2011ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: «Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар».

Тақырыбы: «Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар».

Мақсаты: Студенттерді төтенше жағдайлар саласындағы теориялық біліммен қамтамсыз ету. Төтенше жағдайлардың негізгі түсініктерін, терминдерін, пайда болу себептері бойынша жіктелуін, оларды алдын алу және болжау.

Дәріс жоспары:

  1. Курсты игеру барысында қолданатын негізгі терминдер, түсініктер, анықтамалар, аббревиатуралар, шартты белгілер.

  2. Төтенше жағдайлар және олардың негізгі белгілері. Таралу масштабы, пайда болу себептері бойынша төтенше жағдайлардың жіктелуі.

  3. Табиғи сипаттағы ТЖ. Пайда болу себептері. Зілзалардың жіктелуі. Мемлекет тұрғындарға мен шаруашылық объектілеріне келтіретін зардаптары, оларды алдын алу және болжау мүмкіндігі.

  4. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар. Пайда болу себептері

  5. Әлеуметтік жанжалды төтенше жағдайлар. Пайда болу себептері

  6. Азаматтық қорғаныс бойынша тұрғылықты мекендерді топтарға, шаруашылық обьектілерін категорияларға жатқызу.

  7. Қару түсінігі. Қазіргі уақытта пайдаланатын зақымдау құралдар. Қарпайым шабуыл қарудың қысқаша сипаттамасы. Ядролық қару. Химиялық қару. Бактериолгиялық қару.

Дәріс тезистері:

Төтенше жағдай –авария, зілзала немесе апат салдарынан болған, адамдардың қаза болуына әкелеп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге нұсқан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілк жағдайын бұзған, белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші – бүлдіру процесстерінің айқындылығы, оларды қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

  • Пайда болу саласы бойынша

  • Ведомстволық қатыстығы бойынша

  • Таралу масштабы бойынша

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:

  • Табиғи

  • Техногенді

  • Әлеуметтік – жанжалды

Ведомстволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар:

  • құрылыста

  • өндірісте

  • көлікте

  • ауыл шаруашылығында

  • орман шаруашылығында

  • көліктік байланыстарда (газ өткізгіштер, мұнай өткізгіштер)

Таралу масштабы бойынша төтенше жағдайлар:

  • обьектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехте, обьектіде шектеледі)

  • жергілікті (таралуы елді мекендерде, аймақта, облыста шектеледі)

  • аймақтық (таралуы бірнеше облыста шектеледі)

  • глобальды (зардаптардың Қазақстан Республикасында және шектес мемлекеттердің аумағына таралады).

Тұрғындар мен мемлекеттік шаруашылық кешеніне дүлей зілзалардың келтіретін зардаптары.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар келтіретін санитарлық шығындардың құрылымы мен көлемі ТЖ болған аймақтын тұрғындар тығыздылығына байланысты, хабарландырудың деркезілігіне апат орнымен тұрғылықты мекеннің арақашықтығына, медициналық мекемелердің орналасуына, қоршаған ауаның температурасына, жыл, тәулік мезгіліне, және басқа да ерекшеліктеріне байланысты өзгереді.

2003 жылы Қазақстан Республикасында 4364 табиғи сипаттағы төиенше жағдайлар болған, 5811 адам зардап шеккен, с.і. 808 адам мерт болған, материалдық шығыны 409,3 млн. тенге құрайды.

Гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардың (қар көшкіні, дауылдар, көктем-жазғы су тасқындары, су қоймалардың су деңгейінің көтерілуі

Соседние файлы в папке 011