
Ф КГМУ 4/3-04/02
Ип №6 умс при КазГма
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру».
Тақырыбы: «Апат кезінде зиян шеккендерді медициналық сұрыптау».
Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»
Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"
Курс: 1
Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат
Қарағанды – 2011ж.
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № __1__
"___01___" _____09_____ 2011ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.
Тақырыбы: «Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру».
Тақырыбы: «Апат кезінде зиян шеккендерді медициналық сұрыптау».
● Мақсаты: Зақымдау ошағында, зілзала, өндірістік ауданында да, одан тыс та зиян шеккен тұрғындарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы бойынша дағдыларды студенттерге игерту.
● Дәріс жоспары:
Зиян шеккен тұрғындарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуі туралы түсінік.
Емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілудің екі кезеңдік жүйесі туралы түсінік, өткізу мақсаты.
Медициналық эвакуацияның кезеңі туралы түсінік, оның міндеттері, жазылкының принципиалды жобасы.
Медициналық көмек түрлері, оның медициеалық эвакуция кезенінен тәуелділігі.
Медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптар.
Медицигалық сұрыптау, оның тағайындалуы, жіктелуің сұрыптау белгілері.
Медициналық сұрыптаудың нәтижелерін құжат ретінде толтыру.
Медициналық эвакуация, оның мәні, өткізуін ұйымдастыру, мақсаты. Эвакуацияда қолданатын көліктердің түрлері.
● Дәріс тезистері:
Апат медицинасы зақымданғандардың көпшілігіне осы қызметтің күштері мен құралдарына аса тапшы болғанда шұғыл көмек көрсетудің стратегиясы мен іс-әрекетін игереді. Апат медицинасы қызметі барлық медицина сияқты үнемі алға дамуда.
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардың медициналық салдарын жоюда зақымдалған бір адамды эвакуциялаудың бірнеше кезеңінде кәсіптік дайындығы әртүрі деңгейдегі бірнеше дәрігерлер емдейді. Өкінішке орай біздің республикамыздың әртүрлі аумақтарында шұғыл көмек көрсетуде квалификациясы әртүрлі дәрежедегі медицина қызметкерінің дайындығының төмен екендігі көрінді. Денсаулық сақтау жүйесінде ең басты маңызды мәселе бір жағынан механикалық, терапиялық, химиялық, радиациялық, биологиялық жаппай зақымдалу ошақтарында дәрігерлердің білімінің жеткіліксіздігі болса, екінші жағынан апаттың салдарын жоюға қолданылатын құралдармен және күштердің формалары мен әдістерін пайдалануды жете білмеу.
Сондықтан апат медицинасының өзекті мәселелері бойынша әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің дайындығын тереңдету аса қажет. Бұндай дайындықтың негізіне шұғыл медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастырумен қатар далалық жағдайда және сәйкес стационарға эвакуациялауда зақымданғандардың өмірін құтқаруға бағытталған реанимациялық шаралар мен интенсивті терапиялық әдістерін игеруді енгізген жөн.
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде емдеу-эвакуациялық қамтамасыз ету төтенше жағдайларда медициналық салдарын жоюда апат медицинасы қызметінің ең негізгі және неғұрлым қомақты іс-әрекеттің бірі. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда зақымдалғандарға емдік-эвакуациялық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйесі медициналық көрсеткіштері мен нақты жағдайларға сәйкес арнайы емдеу мекемелеріне эвакуациялауға бағытталған.
Емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің негізгі келесі қағидалары жатады:
Әр түрлі апаттарда организмде өтетін патологиялық процестерді бірдей түсіну.
Зақымдалғандарды емдеу әдістері мен асқынулардың алдын-алуға бірдей көзқарастар.
Медициналық эвакуацияның барлық кезеңдерінде медициналық көмекті уақытында ұйымдастыру кезеңділігі сақтау.
Медициналық эвакуацияның мерзімі мен кезеңдерін мүмкіндігінше барынша қысқарту және бір мезгілде бірнеше медициналық көмек түрлері көрсетуге жағдай жасау.
Алғашқы медициналық көмекті ерте көрсету.
Шұғыл медициналық шараларды приоритетті маңызы, медициналық эвакуациялаудың барлық этаптарында шок пен қан кетуді емдеу.
Оперативті-тактикалық және медициналық жағдайға байланысты белгіленген медициналық көмек көлемінің өзгеру мүмкіндігі.
Медициналық құжаттарды жүргізу медициналық сұрыптауды дұрыс жүргізуге, зақымдану ауырлығы мен зақымдалғандардың жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.