
011 / 15, 16
.docФ КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жинақтау және эвакуациялау».
Тақырыбы: «Медициналық мекемелерді эвакуациялауды ұйымдастыру».
Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»
Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"
Курс: 1
Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат
ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № __1__
"___01___" _____09_____ 2011ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.
Тақырыбы: «Тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жинақтау және эвакуациялау».
Тақырыбы: «Медициналық мекемелерді эвакуациялауды ұйымдастыру».
● Мақсаты: СЭП, ПП, ППЭ, ПВ, ПЭП жолындағы, орналасқан орындарда тұрғындардың медициналық қамтамасыздығының ұйымдастыруын меңгеру.
● Дәріс жоспары:
-
Тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету, жинақтау және эвакуациялау.
-
Медициналық мекемелерді эвакуациялауды ұйымдастыру
● Дәріс тезистері:
Тұрғындарды эвакуациялау және орналастыру кезеңінде медициналық шаралар шығарылған немесе енгізген халықтың денсаулығын сақтау мақсатпен денсаулық сақтау органдарымен өткізіледі.
Осы мақсатқа жету үшін денсаулық ақтау органдарының алдында келесі міндеттер тұр:
-
тұрғындарды СЭП-та, отырғызу және түсіру орындарында, эвакуациялау маршрутында, аралық эвакуациялық пункттерінде, тұрақты орналастыру орындарында медициналық қызмет көрсету;
-
емдеу мекемелерімен көшіретін науқастармен бірге эвакуациялау және медициналық қызмет көрсету;
-
эвакуацияланған және орналастыратын тұрғындардың орналастыру орының санитарлық-гигиеналық қадағалау, сонымен қатар ас қорымен, сумен, монша, кір жуу үйлермен қамтамасыз етуді қадағалау;
-
категориялық қалалардың емдеу мекемелерінде уақытша қалдыратын көшіруге келмейтін науқастарға медициналық қызмет көрсету;
-
эпидемиялық жағдайды үздіксіз қадағалау, инфекциялық науқастарды белсенді анықтау, оларды оңашалау, емдеу және басқада эпидемияға қарсы шараларды өткізу;
-
медициналық қамтамасыз етуге тартылатын емдеу алдын-алу мекемелерімен медициналық пункттерін қажетті медициналық заттармен жабдықтыру;
Эвакуациялау пункттерінде отырғызу және түсіру орындарында, эвакуациялау маршрутында, аралық эвакуациялық пункттерінде, жергілікті емдеу мекемелерінің құралдарымен күштерімен, тәулік бойы медициналық жұмыскерлердің кезекшілігін ұйымдастыратын медициналық пункттер түзіледі.
Эвакуациялау маршрутында медициналық пункттер жазылмайды, сол маршруттын маңайындағы жергілікті мекендерінде орналасқан емдеу мекемелерді медициналық қамтамасыз ету үшін қолданды.Ондай мекемелердің орналасу орыны жол бойында белгіленді.
Тасымалдауға келетін науқастарды, медициналық жұмыскерлерді және олардың жанұяларын, емдеу мекемелерінде жазылған жинақтау эвакуациялау пунктерімен эвакуациялайды. Науқастарды эвакуациялаумен қатар, қауіпсіз жерге шығарылған қалалық ауруханалардың қызметін қамтамасыз ету үшін медициналық мүліктің қажеттілері тасымалдайды. Жағдайға байланысты АҚ автосанитралық отрядтар немесе авиасанитарлық эскадрилиялардың бөлімшелері науқастарды тасымалдайды. Емдеу мекемелері, медициналық қызметкерлермен мүлікті, дер кезінде қауіпсіз жерде, койкалақ орындарды жазу мақсатпен, бірінші кезекте эвакуациялайды.Қауіпсіз аймақта емдеу мекемелерін толық жазылғанға дейін, уақытша жергілікті емдеу мекемелеріне жатқызады.
Эвакуациялық шараларын қамтамасыз ету үшін қажетті құралдар мен күштерін анықтау үшін есепке алынады:
-
СЭП-та жазылатын медициналық пункттердің барлығына, отырғызу және түсіру орындарында, аралық эвакуациялық пункттерінде,бір санитарлық көлік, екі медбике, бір санитарка бөлінеді, әрбір мед. пунктқа дезинфекциялық бригада бекітіледі, құрамында екі дезинфектор және санитарлық дружинаның звеносы бар;
-
жаяу тасымалданатын колонналарға медициналық қызмет көрсету үшін,санитарлық көліктегі жылжымалы медициналық бригадада дәрігер (фельдшер), бір медбике болуы қажет, көлік шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажет укладкамен жабдықталады;
-
Жаяу тасымалдайтын колоннаның құрамында, санитарлық дорбамен жабдықталған санитарлық дружина болу керек.
Эвакуациялық шаралар аяқталған соң медициналық қызметкерлер өздерінің емдеу мекемелеріне қайтады. Жұмыскерлермен қызметкерлердің медициналық қамтамасыз етуі мекемелердің медициналық санитарлық бөлімшелермен ұйымдастырылады. Мекемелерде жұмыс сменаларына медициналық пункт ашылады. Ал медициналық санитарлық бөлімшелер қала сыртын эвакуацияланады да, демалатын сменаларды және олардың жанұяларын медициналық қамтамасыз етеді. Медициналық пункттер баспаналарда жазылады, жарақатталғанарға, науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті мүлікпен жабдықты алады. Әрбір 2500 адамға, құрамында: бір кезекке 1 дәрігер, 2 орта білімді медициналық қызметкерлер бөлінеді. Егер мекеменің бір кезегінде 2500 аз жұмысшылар болса, онда медициналық пунктте 1-2 орта білімді медициналық қызметкерлер бөлінеді. Сонымен, әрбір жұмыс кезегіне белгілі медициналық қызметкерлер бекітіледі, олар кезекпен бірге қалаға келеді де кезектен кейін қала сыртына демалысқа шығады. Медициналық қызметкерлермен қоса медициналық пунктке, жұмыскерлердің санына тәуелсіз 1 санитарлық көлік бөлінеді.
Егер қатар орналасқан екі немесе оданда көп мекемелердің жұмыскер саны көп болмаса, медициналық қамтамасыз ету үшін бір ғана медициналық пункт жазылады. Бұл жағдайда, медициналық пунктің орналасуы мен мед. Қызметкерлердің саны, медициналық мүлікпен көліктің саны қалалық ауданның АҚ МҚ басқармасымен анықталады.
Медициналық пункттердің негізгі міндеттері:
-
жұмыс уақытында науқастанған немесе жарақат алғандарға дәрігерлік көмек көрсету және қала сыртындағы емдеу мекемелеріне қажеттілігі бойынша эвакуациялау, тасымалдауға келмейтіндерді стационарларға орналастыру;
-
инфекциялық ауруларды анықтау, уақытша оңашалау;
-
қорғаныс құрылыстардың, мекемелердің, цехтардың аймағының санитарлық жағдайын, сонымен қатар жұмыскерлердің жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалау;
-
Қарсыластардың ЖЗҚ қолдану кезінде, зиян шеккендерге медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру,
● Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)
-
Төтенше жағдайда автотранспорттың бөліну есебінің жобасы.
-
ЕПМ эвакуациялау жүргізу кезіндегі дайындығы мен әрекет шараларының жоспары
● Әдебиеттер
-
Медицина катастроф. под ред. А.П. Нечаева Л.: 1990 г.
-
Можаев Г.А, Заболотный В.Н. и др. «Неотложная медицинская помощь пострадавшим при авариях и катастрофах» Киев, 1995г
-
Военно-медицинский журнал. № 1 январь 2000г «Особенности медицинской эвакуации раненных специальным транспортом из районов вооруженных конфликтов».
-
Борчук Н.И. Медицина экстремальных ситуаций. Минск, 1998г
-
Лукьянчук Э.М., Статадзе Л.Л. и др. «Некоторые вопросы организации медицинского обеспечения пострадавших при криминальных взрывах». № 10 стр. 16, 1999г
● Бақылау сұрақтары (кері байланысы)
-
Тұрғындарды эвакуациялау мен орналастыру кезеңінде медициналық қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына жүктелетін міндеттер.
-
Тұрақты орналастыру орындарында көшірген тұрғындарды медициналық қамтамасыз етуді кім ұйымдастырады.
-
Өндірістік қызметін жалғастыратын объектілерде қызметкерлермен жұмысшылардың медициналық қамтамасыз етуі.