Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
011 / 5, 6.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
91.65 Кб
Скачать
  1. Жеке қорғаныс құралдарын тағайындау мен жіктелуі.

Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) адам ағзасын, терісін, сыртқы киімдерін РЗ, УЗ, БЗ-дан қорғауға арналған төтенше жағдайларда АҚ шараларының ешқайсысы халықтың ЖҚҚ қолдауын жоққа шығармайды, керек кезінде ПРУ бекіністерінде де пайдалану мүмкін. ЖҚҚ –ын қолдану бойынша тыныс алу мүшелерін, көз, бет терісін қорғайтын жеке теріні қорғайтын заттар болып бөлінеді. Адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасына байланысты ЖҚҚ изоляциялайтын және фильтрлейтін болып бөлінеді. Жеке қорғаныс құралдарынан басқа медициналық қорғаныс құралдары бар.

Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар.

Фильтрлейтін противогаз. Фильтрлейтін противогаз тыныс алу мүшелерін, көз, бет терісін УЗ, РЗ, БЗ, С??ДВ және ауада болатын әр түрлі қауіпті қосылыстардан қорғауға арналған.

Қазіргі кезде фильтрлейтін азаматтық противогаздар мен өндірістік противогаздар бар.

АҚ жүйесіндегі халықты қорғау үшін келесі фильтрлейтін противогаздар қолданылады: үлкендерге ГП- 5, ГП- 5М, ГП-7, ГП- 7В; балаларға арналған ПДФ –Ш, ПДФ-Д, ПДФ-2Ш, ПДФ-2Д, КЗД.

Азаматтық фильтрлеуші противогаздың комплексті құрамы: Противогаз ГП-5-ке негізгі 2 элемент кіреді – фильтрлейтін қорап ГП – 5 және беттік бөлімі ШМ-62 У, противогаз комплексіне: сөмке, сыртқы жылытқыш манжет, НМУ-1 және терлетпейтін пленкасы бар қорап кіреді.

Теріні қорғайтын құралдар.

Теріні қорғау құралдары қорғайтын әсеріне байланысты изоляциялайтын және фильтрлейтін болып бөлінеді.

Теріні қорғау құралдары әдетте ауа өткізбейтін, арнайы эластикалық резинадан жасалған материалдардан дайындалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болуы мүмкін. Герметикалық қорғаныс құрамына барлық денені УЗ-ң буы мен тамшысынан, ал герметикалық емес – тек қана УЗ тамшысынан ғана қорғайды және де олар тері мен киімдерді РЗ және БЗ зақымдауынан қорғайды. Изоляциялайын теріні қорғау құралдарына қорғаныс комбинезон және костюм, жеңіл қорғаныс костюмі, А-1 және жалпы әскерлік қорғаныс комплекті жатады.

Қорғаныс комбинезоны ол бірге тігілген куртка мен шалбар, капюшоннан тұрады. Костюмының комбинезоннан айырмашылығы капюшонды куртка мен шалбар бөлек дайындалады. Комбинезон мен костюм комплексіне тағы да, подшлемник, резеңкелі етік және қолғап кіреді. Қорғаныс комбинезон мен костюм адам бойына байланысты 2 размерде дайындалады: біріншісі - бойы 165 см адамдарға арналған, екіншісі - 165-172 см-ге дейінгі адамдарға, үшіншісі – 172 см-ден жоғары адамдарға арналған.

Жеңіл қорғаныс костюмі Л–1 капюшонды көйлек, шұлықпен бірге тігілген шалбар, екі саусақты қолғап пен подшлемниктен тұрады. Л-1 размері қорғаныс комбинезонның размерімен бірдей.

Жалпы қорғаныс комплекті. Қорғаныс плащ ОП-1 және қорғаныс шұлығы, қолғаптан тұрады. Қорғаныс қолғабы қыстағы 2 саусақты, жаздағы 5 саусақты резеңкелі болады. Қорғаныс плащының жеңі мен капюшоны бар. Плащ 5 размерде дайындалады: 1-сі - бойы 165 см дейінгі адамдарға арналған, 2-сі - 165-170 см-ге дейінгі адамдарға, 3-сі – 171-175 см-ге дейінгі адамдарға арналған, 4-сі 176-180 см, ал 5-сі 180 см жоғары адамдарға арналған.

Қорғаныс шұлығының табаны резеңкелік негізде жасалған шұлық аяқ киімнің сыртынан киіледі және аяқты байламның көмегімен бекітіледі, ал белге белбеу арқылы бекітіледі. Шұлықты 3 размерде шығарылады: 1-сі аяқ киімнің № 37-40, 2-сі № 41-42, 3-сі № 43-тен үлкен. Қолғап 2 размерде шығарылады.

Фильтрлейтін теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген киімдерден тұрады. Бұл кезде материалдық ауа өткізбеуі сақталады, ал улы заттардың буы мата арқылы өткенде арнайы сіңіргішке жұтылады.

Фильтрлейтін қорғаныс киімдерінің комплекті (ЗФО-58) комбинезон, шұлғау, ерлердің іш киімінен тұрады және де комплектте аяқ терілерінің тітіркеуінен қорғайтын мақта матадан жасалған шұлғау бар. ЭФО-58 противогаз, резинкалы етік пен қолғаппен қолданылады. Комбинезонның 3 размері болады: біріншісі - бойы 160 см адамдарға арналған, екіншісі - 161-170 см-ге дейінгі адамдарға, үшіншісі – 171 см-ден жоғары адамдарға арналған.

Қоладан жасалған теріні қорғау құралдары ретінде әдетте су өтпейтін жамылғы мен плащ және қалың материалдан жасалған пальто, мақталы куртка және т.б. пайдалануға болады. Аяқты қорғау үшін резинкалы етік, боты, калошты қолдануға болады. Ал олар болмаса аяқ киімді қалың қағазбен сыртынан матамен орату қажет. Қолды қорғау үшін резинкадан және теріден жасалған қолғаптың барлық түрлерін қолдануға болады. Трикотаждан, жүннен жасалған қолғаптар тек қана радиоактивті шаң мен БЗ-дан қорғайды.

Соседние файлы в папке 011