Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
011 / 5, 6.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
91.65 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: «Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері мен принципдері».

Тақырыбы: «Жеке қорғаныс құралдары және медициналық қорғау құралдарынын қолдану».

Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»

Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"

Курс: 1

Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат

ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __1__

"___01___" _____09_____ 2011ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: «Төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындарды қорғаудың негізгі әдістері мен принципдері».

Тақырыбы: «Жеке қорғаныс құралдары және медициналық қорғау құралдарынын қолдану».

Мақсаты: ТЖ-да тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін, қорғаныс ғимараттарға тұрғындарды жасыру, жеке қорғаныс заттарын қолдану, эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу; тұрғындарды даярлау формалары және принциптері бойынша теориялық білімді меңгеру.

  • Дәріс жоспары:

  1. ТЖ-да тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері және ТЖ кезінде шаруашылық объектілері мен тұрғындарды қорғауға жататын басқа да шаралар.

  2. Тұрғындарды қорғаныс ғимараттарда жасыру. Қорғаныс ғимраттардың жіктелуі.

  3. Дербес қорғаныс құралдар, жіктелуі мен тағайындалуы.

  4. Эвакуациялық шаралардың мәні. Эвакуациялық органдар, тағайындалуы. Эвакуациялық шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.

  5. Азаматтық қорғаныс бойынша тұрғындарды дайындау, басқарушы және командалық – меңгеруші құраманың, АҚ құрылымдарының жеке құрамының мақсаты, міндеттері, принциптері, әдістері.

  • Дәріс тезистері:

Бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда мемлекеттің негізгі шығыны азаматтардың өлімі болып саналады, сондықтан төтенше жағдайлардың Республикалық қызметінің негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан қорғау болып табылды.

Қорғау теориясы халықты қорғаудың мынадай түрлерін анықтайды: оперативті – тактикалық (хабарлау, эвакуация, маскировка және т.б.), инженерлік-техникалық (қорғаныс орындарын жасау, гидротехникалық заттар, радиацияға қарсы комплекстер).

Қазақстан Республикасының “Табиғатты және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар” заңының 3 статьясына сай, табиғатты және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері:

  • Халыққа болжанған және туған төтенше жағдайларды жеткізу, оның алдын алу мен жоюды ұйымдастыру;

  • Құрылымдар мен тұрғындарға қауіптілік дәрежесін анықтау;

  • Халыққа қорғану тәсілдерін үйрету мен төтенше жағдайлардың алдын алуды іске асыру;

  • ТЖ салдарын жою барысында қорғаныс, авариялық қалпына келтіру және басқа да жұмыстарды жүргізу;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсету;

  • Халық пен зардап шеккен жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы мен мүлкін, қоршаған орта мен шаруашылық объектілерінің шығынының орнын толтыру.

Халықты қорғау жұмыстары алдын-ала дайындалған және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Олардың көлемі ойланған қажеттілігіне сай анықталады.

Ойланған қажеттілік жетеді:

  • Төтенше жағдайларда кейінгі болжамдардан кейінгі халықты қорғаудың оптималды вариантын таңдау;

  • Халық шаруашылығы мен азаматтық қорғаудың бірігуі;

  • Алдын-ала және қауіпті кезеңде жүргізілетін құрылымдық және инженерлік – техникалық жұмыстарды орындау;

  • АҚ және ТҚ ұйымдастыру мен жүргізуде сапалы параметрлерді енгізу;

  • Соғыс және де бейбітшілік уақытындағы қорғаныс заттардың деңгейін жоғарлату;

  • Экономика мен даму жоспарын құру және орындау процесінде халықты қорғау сұрақтарын шешу.

Халықты қорғауда ТЖ мен олардың адам өміріне қауіптілігін төмендететін шешімге көп назар аударады. Оларға жатады:

  • Аудандар мен бөлек аудандардың әр түрлі катастрофалық жағдайлардың әсері кезіндегі ерекшеліктеріне байланысты тұрғындық пункттер мен қалалар салудың толық жоспарын жасау;

  • ТЖ-дың алдын-алу мен оларды жылдық регионалдық және жергілікті жоспарын дайындаумен жүзеге асыру;

  • Рациональді қауіпті объектілерді, олардың апаты кезінде халыққа және қоршаған ортаға тигізетін әсерін ескере отырып орналастыру, осы объектілердің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • Құрылыстар, инженерлік құрылымдар мен транспорттық қауіпсіздік сенімділік деңгейінде құру;

  • Арнайы инженерлік құрылымдарды алдын-ала салу;

  • Республика территориясына санитарлық қорғанысты ұйымдастыру;

Соседние файлы в папке 011