Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

011 / 11,12

.doc
Скачиваний:
59
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
70.66 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: «Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру».

Тақырыбы: «Апат медицина қызметінің мақсаттары мен ұйымдастырылу принциптері».

Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»

Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"

Курс: 1

Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат

ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __1__

"___01___" _____09_____ 2011ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: «Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру».

Тақырыбы: «Апат медицина қызметінің мақсаттары мен ұйымдастырылу принциптері».

Мақсаты: Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін, Қазақстан Республикасының апат медицинасы қызметінің (АМҚ) ұйымдастыру құрылымын, міндеттерін, АМҚ құрал, күштерімен және оның тағайындалуын меңгеру.

Дәріс жоспары:

  1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай және Азаматтық қорғаныстың Медициналық қызметінің, апат медицина қызметінің қалыптасуы.

  2. Бейбіт және соғыс уақытында пайда болатын төтенше жағдайлар кезінде ТЖ және АҚМҚ мен АМҚ әрекет ету жағдайы.

  3. ҚР Апат медицина қызметі, тағайындалуы, міндеттері, басқару органдары, күштері мен құралдары.

  4. ТЖ және АҚ медициналық қызметі, тағайындалуы, міндеттері, басқару органдары, күштері мен құралдары.

  5. ТЖ және АҚМҚ мен АМҚ ұйымдастырушылық принциптері.

  6. Бейбіт және соғыс уақытында пайда болатын төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды медициналық қамтамсыз етуді жоспарлау, басқаруды ұйымдастыру, ТЖ алдын алу және салдарын жоюға қатысатын басқа да қызметтері мен органдарымен өзара қатынасы.

Дәріс тезистері:

«Азаматтық қорғаныс» (АҚ) термині халықты қорғау мен апаттардың салдарын жоюмен айналысатын басқару органдарының атауы ретінде 1940 жылы қыркүйекте Англияда енгізілген. 1950 жылдың желтоқсанында АҚШ-та АҚ туралы заң қабылданды. Осы уақыттан бастап АҚШ-та азаматтық қорғаныстың қазіргі жүйесі құрыла бастады. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан.

1971 жылы біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы апаттарда көмек көрсету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Атқару комитетін ұйымдастырды. Оның құрамында төтенше жағдайларда қызмет ететін денсаулық сақтау секторы үнемі жұмыс істейді.

1975 жылы Швейцарияда апат медицинасының халықаралық қоғамы құрылды. Оның негізгі мақсаты жедел медициналық көмек пен жаппай зақымдалу жағдайында емдеу бағыты бойынша ғылыми зерттеулер координациясы, апат бойынша оқу бағдарламасын жасау.

ССРО-да 1932 жылы соғыс бола қалған жағдайда халықты қорғау үшін жергілікті әуеге қарсы қорғаныс құрылды. 1961 жылы ол Азаматтық қорғаныс болып қайтадан құрылды.

АҚ шараларының стратегиялық мақсаты ядролық соғыс жағдайында халықтың тіршілігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты АҚ негізгі үш міндеті шешуге тиіс:

  1. Халықты қорғау;

  2. Экономиканың тұтас күйде немесе оның жеке салалары мен объектілерін көтеру;

  3. Соғыс барысында жаппай жою қаруын қолдану салдары жою, құтқару және жедел авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу шешемін міндеттерінің маңызы бойынша АҚ қызметтерінің бастыларының бірі медициналық қызмет денсаулық сақтау жүйесінде арнайы ұйымдастырылады. Соғыс кезінде зақымдалғандарды медициналық қамтамасыз етсе, бейбіт уақытта зілзала салдарын жоюға, ірі өндірістік авариялар мен апаттардың салдарын жоюға қатысады.

АҚМҚ (азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі) негізгі міндеттері:

  1. Еңбек етуге тез арада оралуы мен мүгедектік пен өлім санын төмендету мақсатында жаппай жою ошағындағы зақымдалған халыққа медициналық көмектің барлық түрін көрсету.

  2. Жаппай жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

  3. Халықты және азаматтық қорғаныс медициналық қызметінің жеке құрамын қазіргі заманғы соғыс қарулары мен жаппай жою қаруларының әсерінен қорғау.

1994 жылы 27 қыркүйекте ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек қызметі құрылды.

1997 жылы ҚР ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы жағдай» бекітілді. Бұл жағдай денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылы шұғыл медициналық көмек қызметін апат медицинасы қызметіне өзгертуін талап етті. Бұл қызмет төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің функционалды бөлігі болып табылады. 1996 жылы ҚР Министрлер Кабинетімен «Азаматтық қорғаныс медициналық қызметі» және «ҚР Төтенше жағдайы» туралы жағдайы бекітілген. Бұл төтенш жағдайлар мемлекеттік жүйесінің арнайы ұйымы болып табылады.

ҚР Апат медицинасы қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Тұтас мемлекеттік саясат көлемінде болуы мүмкін апаттардың алдын алуды, табуды және медико-санитарлық салдарын жоюды жүргізу.

  2. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою бойынша жұмысқа басқару орындарын, мекемелер мен жеке құрамды жоғары деңгейде ұйымдастыру, дайындалу.

  3. Қалыпты өмірге тез оралу мақсатында мүгедектік пен өлім санын азайту үшін зақымдалғандарға уақытында медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу, денсаулықтарын қалыпқа келтіру.

  4. Апаттың халыққа психоневрологиялық және эмициалдық әсерінің алдын алу мен төмен деңгейге бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу.

  5. Апат ауданында халықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жаппай жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.

  6. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою кезінде жеке құрамының денсаулығын сақтау. Құтқару бөлімдері қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету.

  7. Қаза тапқандарға сот-медициналық сараптау жүргізу.

Зақымдалу ауырлығының дәрежесін анықтау мен еңбекке жарамдылыққа болжам жасау үшін қаза тапқандарға сот-медициналық сараптау, ал зақымдалғандарға сот-медициналық куәлендіру жүргізу.

Сонымен, біздің республикамызда жаппай санитарлық шығынды медико-санитарлық қамтамасыз сұрақтарын талдауда өзара жеке үш бағыт бар:

  1. Әскери медицина, ҚР Қорғаныс Министрлігінің медициналық қызметі. Бейбіт уақытта және соғыс кезінде Қазақстанның қарулы күштерін медициналық қамтамасыз етуге арналған.

  2. Азаматтық қорғаныс медициналық қызметі (АҚМҚ) соғыс уақытында халықты медициналық қамтамасыз ету сұрақтарын шешеді.

  3. Апат медицинасы бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықа медико-санитарлық қамтамасыз етуге жауапты.

Соңғы екі қызметтің мақсаты мен міндеттері бірдей болғанмен, оларды біріктіру мәселесі әлі шешілмеген.

ҚР апат медицинасы қызметінің (АМҚ) қағидалары.

АМҚ-ның қажеттілігі мен мемлекеттік сипаты.

ҚР апат медицинасы қызметінің күштері.

Оларға жатады: құрылымдар, мекемелер, басқару орындары және басшылық.

АМҚ-ның құрылымдары – бұл төтенше жағдайда болатын және онда штаттық міндеттерді шешетін медициналық бөлім.

АМҚ-ның мекемелері – бұл үнемі дислокация орындарында өзінің штаттық міндетін орындайтын медициналық мекеме.

Құрылымдар мен мекемелер табельдік жабдықтармен, медициналық барлауға арналған аспаптармен, көлікпен, байланыс құралдарымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

ҚР апат медицинасы қызметінің құрылымдары.

  1. Жедел медициналық көмек бригадалары (ЖМКБ) (линиялық және арнайыландырылған) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің құрамында қызмет етеді және апат ауданында госпиталға дейін кезеңде шұғыл медициналық көмекті көрсетуге арналған.

Жедел медициналық көмек бригадалары:

  • дәрігерлік (линиялық)

  • фельшерлік (линиялық)

Жедел медициналық көмектің арнайыландырылған бригадалары:

  • интенсивті терапия

  • токсико-терапиялық

  • психиаторлық

  • педиаторлық

  1. Шұғыл медициналық көмек бригадалары: (дәрігерлік-медбикелік және дәрігерге дейінгі) емдеу-профилактикалық мекемелерінің базасында құрылады және госпиталға дейінгі кезек мен апат ауданында жедел және шұғыл медициналық көмектің қызметін күшейтуге арналған.

  1. Медициналық отрядтар. Шұғыл медициналық бригадалардан тұратын 5-10 бригада. Қалалық-орталық аудандық және аудандық ауруханалардың базасында құрылады, қажет жағдайында екі немесе одан да көп емдеу мекемелерінің базасында құрылады. Бұл отрядтар госпиталға дейінгі кезеңде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге арналған.

  1. Үнемі дайын болу керек. Арнайыландырылған медициналық бригадалар мен шұғыл арнайыландырылған медициналық көмек бригадалары – бұл құрылымдар республикалық, облыстық, қалалық көп салалы және арнайыландырылған ауруханаларда, сонымен бірге клиникалар мен арнайыландырылған орталықтар базаларында құрылады. Олардың мақсаты зақымдалғандарға мамандырылған медициналық көмек көрсететін емдеу-профилактикалық мекемелерін күшейтуге арналған.

Шұғыл арнайыландырылған медициналық көмек бригадалары:

  • токсико-терапиялық

  • психотерапиялық

  • инфекциялық

  • балалар хирургиясы

  • радиологиялық

  • травмотологиялық

  • нейрохирургиялық

  • хирургиялық

  • күйіктік

  • акушерлік-гигекологиялық

  • хирургиялық (педиаторлық)

  • трансфузиологиялық

  1. Жылжымалы медициналық госпитальдар мен тез әрекет ететін медициналық отрядтар – республикалық және аймақтық апат медицинасы орталықтары базасында құрылады. Апат ошағында немесе тікелей оған жақын жерде зақымдалғандарға алғашқы дәрігерлік және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған. Төтенше жағдайдың сипатына байланысты госпиталь әртүрлі саладағы бригадалармен құрылып, хирургиялық та, токсикологиялық, радиологиялық, терапиялық, педиаторлық, туберкулездік немесе көп салалық болып жұмыс істеуі мүмкін.

Тез әрекет ететін медициналық отрядтар апат медицинасы қызметінің негізгі емдеу-диагностикалық құрылымы болып табылады. Ол толық жұмыс істегенде тәулігіне 110-125 зақымдалған адамдарды қабылдай алады.

  1. Сонымен қатар АМҚ-ның құрамына жылжымалы емдеу-диагностикалық кешендер кіруі мүмкін. Олар автокөліктер базасында құрылса, аэромобильді емдеу-диагностикалық кешендер вертолеттер базасында құрылады.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің апат медицинасы қызметінің мекемелері:

  1. Базалық емдеу-профилактикалық мекемелеріне апат медицинасының республикалық орталығы.

  2. Базалық емдеу-профилактикалық мекемелерімен апат медицинасының облыстық орталығы.

  3. Денсаулық сақтаудың территориялық емдеу-профилактикалық мекемелері.

  4. Базалар дағы арнайы медициналық жабдықтардың қоймалары.

  5. Медицина қызметкерлерін алғашқы және дипломнан кейінгі дайындау бойынша оқу мекемелері.

  6. Апат ауданында зақымдалғандарға шұғыл медициналық көрсету үшін апат ошағында дислокацияланған немесе оған тікелей жақын жерде өзінің жұмыс қабілетін сақтаған емдеу-профилактикалық мекемелері қолданылады.

  7. Апат кезеңінде зақымдалған халықты медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруда денсаулық сақтаудың территориялық органдары көмекке келген ведомстволық медициналық қызметпен, штаттық және штаттан тыс авариялық-құтқару отрядтарымен бірге қызмет етеді.

ҚР АМҚ жетекшілік және басқару органдары.

  1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

  2. Қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, байланыс жолдары министрлігі және басқалардың медициналық және медико-санитарлық қызметінің жетекшіліктері.

  3. Территориялық медициналық, медико-санитарлық, медико-профилактикалық қызметтің, жедел медициналық көмек мекемелерінің, медициналық мүліктермен және техникамен қамтамасыз ету органдарының жетекшілері, сәйкес территорияда орналасқан апат медицинасы орталықтарының директорлары.

  4. ҚР АМҚ (апат медициналық қызметі) бастығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)

  • ҚР АМҚ ұйымдастыру құрылымының жобасы.

Әдебиеттер

  1. Медицина катастроф. НИИ. Лтд., Москва 1999г.

  2. Медицина экстремальных ситуаций. Борчук Н.И., Минск 1998г.

  3. Учебное пособие по МС ГО для студентов медицинских институтов. Ошеров С.А., Москва 1973г.

  4. Основы организации и тактики МС ГО. Михайлов В.Н., Москва 1981 г.

  5. Положение о МС ГО и ЧС РК. Алматы 1996 г.

  6. Положение о СМК. Алматы 1997 г.

  7. Инструкция по организации и ведению ГО РК. АЧС РК, Алматы 2000г.

  8. Инструкция о формированиях ГО. АЧС РК, Алматы 2000г.

  9. Руководство по МС ГО. Медицина, Москва 1993г.

  10. Закон РК “О ЧС природного и техногенного характера”. Алматы 1996г.

  11. Закон РК “ О Гражданской обороне”. Алматы 1997г.

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

  1. Апат медицинасы қызметінің (АМҚ) тағайындалуы.

  2. Апат медицинасының қызметіне әсер ететін факторлар

  3. АМҚ қызмет ету негізі (ұйымдастыру принциптері).

  4. ҚР АМҚ қызметтік бірлестігі.

  5. Негізгі міндеттерін атқару үшін қажет АМҚ дайындық кезеңдері.

  6. АМҚ ұйымдастыру құрылымы.

  7. АҚ МҚ ұйымдастыру құрылымы.

  8. АҚ МҚ құралдары мен күштері.

  9. АҚ МҚ медициналық құрылымдарына атқаратын міндеттер.

  10. АҚ МҚ медициналық мекемелеріне атқаратын міндеттер.

8

Соседние файлы в папке 011