Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
011 / 1, 2.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
110.08 Кб
Скачать

5. Емдеу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында ақ обьектілері, организациялық структурасы, мәселелері.

АҚ ұйымдастырылуы және жүргізілуі меншіктің түріне қарамастан бүкіл обьектілерде жүргізіледі. ТЖ адамдарды қорғау және құнды материалдарды сақтау алдын ала дайындықпен жүреді. Құтқару жұмыстарын және т.б. жедел көмек жұмыстарын, эвакуациялық шараларды белгіленген уақытта жүргізілуі керек.

АҚ обьектісінің бастығы оның бірінші жетекшісі болып саналады, ұйымдастыру сұрақтары және АҚ жүргізілуі сәйкес Министрлігіне бағынады, ал оперативті сұрақтары бойынша АҚ және ТЖ территориялық органдар обьектінің орналасу жеріне байланысты.

07.05.1997 жылы «Азаматтық қорғаныс жайлы» заңына сәйкес АҚ шараларының ұйымдастырылуына және іске асырылуына обьектінің АҚ бастығы жауап береді.

АҚ шараларын өткізу туралы бұйрықтар барлық мамандарға қатысты болады.

Обьектінің АҚ бастығы өз бұйрығымен орынбасарларын және обьектінің АҚ штабының бастығын тағайындай алады. АҚ штабын құрайды –АҚ бастығының басқару органы, АҚ штабының жұмыскерлерін және қызмет етушілер құрамын тағайындайды. АҚ бастығының бірінші орынбасарының жұмыскерлерді жұмыстан шығаруға, АҚ сұрақтары бойынша бастығының атынан бұйрықтарды және тағайындалуларды беруге құқығы бар. АҚ бастығының орынбасары жетекші орынбасарлардан тағайындалады және болуы мүмкін:

- Эвакуациялау бойынша АҚ бастығының орыпбасары (жалпы сұрақтар директорының орынбасары)

- Инженерлік –техникалық бөлімінің АҚ бастығының орынбасары (бас инженер)

- материалды –техникалық қамтамасыз ету (қамтамасыз ету директорының орынбасары немесе қамтамасыз ету бөлімінің бастығы)

Эвакуациялық АҚ бастығының орынбасары сонымен бірге эвакуациялау комиссиясын басқарады.

АҚ және ТЖ қызметінің құрамын және санын АҚ обьектінің бастығы мамандандырылған жұмыстарды орындау үшін және жалпы жұмыстарды орындау үшін, АҚ шараларын ұйымдастыру үшін тағайындайды. ТЖ немесе АҚ қызметінің ұйымы ұйымдардың командирлерін тағайындайды. Обьектілерде АҚ және ТЖ қызметтері болады:

  1. Хабарлау және байланыс

  2. Жалпы тәртіпті сақтау ұйымы

  3. Өртке қарсы

  4. Аваринді –техникалық

  5. Медициналық

  6. Құтқару

  7. Радиацияға және химияға қарсы қорғану

  8. Транспорттық, материалды –техникалық қамтамасыз ету

  9. Инженерлік және т.б.

Ауылшаруашылық обьектілерінде оданда басқа ауылшаруашылығындағы жануарларды және өсімдіктерді қорғай қызметі ұйымдастырылды.

Қызметтің тағайындалуы –құтқару және жедел жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштерді және құралдарды дайындау.

Құтқару және т.б. жедел жұмыстарын жүргізу үшін жалпы тағайындау ұйымдары құрылады, құтқару және инженерлік отрядтар, командалар, топтар құрылып, ұйымдардың командирлері тағайындалады. Құрылу кезінде бір ұйым –бір кезек принципі қолданылады.

АҚ территориялық бастығы шаруашылық обьектіге АҚ обьекті бастығына территориялық ұйымының бір толық топтың құрылуына бұйрық беруге болады.

Емдеу мекеменің АҚ. Мамандандырылған медициналық көмек –жоғары медициналық көмектің түріне жатады. Оны мамандандырылған дәрігерлер арнайы құралдармен жабдықтарған емдеу мекемелерінде көрсетеді.

Емхана базасы –емдеу мекемелерінің жиынтығы. Оның құрамына: басты, көп салалы, мамандандырылған емханалар жатады. МҚ АҚ ұйымдарының тікелей әкімшілігі емдеу мекемесінің басты дәрігерімен орындалады.

Емхана қуаттылығы, төсек –орынның саны медициналық қызмет облысына байланысты болады.

Оған мынандай мәселелер кіреді:

- Жұмыс кезінде емдеу мекемесінің ұйымдастырылуын басқару.

- Медицина ғылымының және практиканың дамуына сай диагностикалау және емдеу әдістерін қолдану.

- Емдеу мекемесіне түскен науқастарды тең және рациональды жіберуін ұйымдастыру.

- Емдеу мекемесіне түскен науқасты қабылдау және тағайындалуын ұйымдастыру, мамандандырылған медициналық көмекті және әрі қарай емделуін қадағалау.

- Емдеу мекемелерінің медициналық және санитарлы –шаруашылық құралдарымен және науқастардың тамақтануын ұйымдастырылуын бақылау.

Әр облыстың әкімшілік аудандарында көпсалалы және мамандандырылған емханалар бар құрылып, олардың арасында травматологиялық, терапевтік, психоневрологиялық, инфекциялық және т.б. болуы мүмкін.

Соған қаса –эвакуациялау бағытында медициналық тағайындалу пунктері және қосымша тағайындау посттары ашылады.

Жоғары оқу орындарында АҚ структурасының ұйымдастырылуы.Институттың (академияның) АҚ бастығы ректор. АҚ ұйымдастырылуына толық жауапгершілікті тартады. АҚ ұйымдастырына жауапты болады. АҚ және ТЖ территориялық органдардың оперативі сұрақтарына, білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау министрлігіне ұйымдастыру бойынша сұрақтарына және өткізу бойынша с,рақтарына бағынады

Ректор –Жоғары оқу орнының АҚ бастығы -өз бұйрығы бойынша эвакуациялау және материалды –техникалық қамтамасыз ету АҚ бастығының орынбасары өз проректордың біреуін тағайындайды. Штаб басстығы, эвакуациялық комиссия құрамына деканат, профсоюз комитеті, кадрлар бөлімінің жұмыскерлері кіреді. Эвакуациялық комиссияның жұмысына кіреді:

- Жоғары оқу орнының студенттерінің санағын жүргізу.

- Меншікті заттардың санағын кіргізу. Қауіпсіз аймаққа құралдарды және материалды байлықтарын шығару.

- Эвакуациялық аймақты дайындау. Аудандық эвакуациялық комиссия және эвакуациялық пункті мен бірігіп жүргізу.

Осы бұйрық бойынша АҚ және ТЖ саны мен құрамы анықталады, қызымет бастығын тағайындайды, АҚ және ТЖ қызыметінің ұйымының санын және командирлік тағайындайды. Мысалға медициналық институтта (академияда) клиникалық базаларда және т.б. автономды жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жетекшісі өз ұйымының АҚ бастығы болады, соған қатысты өз АҚ штабы да құрылады.

Жоғары оқу орындарында жалпы тағайындалу ұйымы құрылмайды, өйткені материалдық базасы және құралдармен қамтамасыз етілмеген. Бірақ жоғары оқу орнының мамандануына байланысты қалалық АҚ территориялық ұйымдарының жұмыскерлерінен құрылуы мүмкін.

Бүкіл осы шаралар Жоғары оқу орнының табиғи ТЖ, техногенді және кең ауқымды зақымдау қаруынан қорғануға алдын ала үйренужұмыстары жүргізіледі.

Ең басты мәселе бейбітшілік және соғыс уақыты кезінде құтқару және т.б. жедел жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізу.

Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)

  1. Слайдтар: ТЖ алдын алу және жою бойынша мемлекеттік жүйенің құрылымы

  2. Слайды структуры государственной системы предупреждении и ликвидации ЧС.

  3. ҚР АҚ құрамы. ҚР АҚ ұйымдастырушылық құрылымы.

  4. ҚР АҚ күштерінің құрамы.

  5. РК картасы.

Әдебиеттер

  1. Суровцев А.А., Мельникова Е.Н., Медведева Н.М. және басқа. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы, «Тіршілік қауіпсіздігі», Алматы, 2004ж., 1-2 том.

  2. Ж.Е. Жолымбетов, С.Е. Жолымбетов, Н.Д. Калимов «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Оқу-құралы, Қарағанды, 2008

  3. Завьялов В.Н. Гражданская оборона. Учебник для мед. Вузов. М., Медицина, 1989 с. 269

  4. Инструкция по организации и ведению ГО РК. Утв. Приказом № 165 АЧС РК. 13 июня 2000г. г. Алматы.

  5. Каиргельдина С.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Методическое пособие для студентов немедицинских Вузов. Евразийский гуманитарный институт. Астана, 2003г, с. 232

Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

  1. ҚР физикалық - географиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайының қысқаша шолу .

  2. ТЖ алдын алу және жою бойынша ҚР мемлекеттік жүйесі, тағайындалуы, күштері, құрылымы, міндеттері.

  3. ҚР АҚ , міндеттері, құрамы, ұйымдастырылуымен қызмет етуінің негізгі принциптері.

  4. АҚ күштерінің құрамы, құру тәртібі, міндеттері.

  5. ЖОО, шаруашылық объектілерінің, емдеу мекемелерінің АҚ, ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері.

17

Соседние файлы в папке 011