Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
011 / 1, 2.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
110.08 Кб
Скачать

4. Ақ күштері, құрылымы, мәселелері, құрылу реттілігі.

Тұрғындарды, территорияларды, ұйымдарды қорғау, құтқару және химиялық, радиациялық, бактериялық зақымдануда, ТЖ ошақтарында, АҚ мәселелерін шешу үшін бейбітшілік және соғыс уақыты кезінде АҚ күштері құрылады.

АҚ күштері тұрады:

- АҚ әскери күштерінен

- АҚ территориялық және обьектілік құрылымынан

- АҚ және ТЖ қызмет көрсету құрылымынан

- Республикалық және территориялық оперотивті –құтқару бөлімшесінен

Бейбітшілік Уақыты кезінде АҚ күштері ҚР құтқару қызметін көрсету және ТЖ орнату және алдын алу Мемлекеттік жүйенің құрамды бөлігі болып саналады. Оның құрамы 28тамыз 1997жылы №1298 «ТЖ орнату және алдын алу мемлекеттік жүйесі жайлы» бұйрығы бойынша құрылады.

АҚ күштері бөлінеді:

  1. Жоғары деңгейдегі дайындық –АҚ әскери бөлімінің толық құрамы, республикалық және территориялық оперативті –құтқару бөлімшесіү

  2. Әрдайым дайындықты –қордағы іскери бөлім және АҚ бөлімдері, территориялық және обьектілікұйымдары, ТЖ және АҚ қызмет көрсету бөлімі.

Қажеттілік кезінде және ҚР Қарулы күштері Генеральды штабының дерективті құжаттарына сәйкес АҚ күштерін жергілікті және территориялық мәселелерін орындау үшін қатысады.

АҚ күштерін қолдану үшін негізгі принциптері:

  • Күштерді әскери дәрежедегі дайындықта ұстау және көрсеткіштер бойынша мәселелерді орындау

  • Күштерді максималды толық және эффектілі қолдану және қысқа уақытта орындау.

  • Құтқару жіне т.б. жұмыстарды басқада құтқару күштерімен бірігіп өткізу.

  • Максимальды әсерге жету үшін техниканы, құралдарды ұйымды қолдану қажет.

  • Жұмыс ауқымы мен жиілігінің өсуі үшің, жұмыс кідіріссіз және автономды болуы қажет.

  • Қажетті іс -әрекетті күштермен және заттармен іске асыруға, тиімді қолдануға және қорының уақытында толтыруы.

  • Бөлімдерді және ұйымдарды тұрақты және кідіріссіз басқару.

14 тәуліктің арасында автономды режимде зақымдалған ошақтарда және ТЖ аудандарында құтқару және жәдел жұмыстарын жүргізу үшін құрамына қосылған ұйымдардың күштері және заттары, АҚ ұйымдары, халықаралық нормаларына сай АҚ күштері жұмыс атқарады.

АҚ күштерінің негізін АҚ ұйымы құрайды. Ол өз алдында қолданылуына қарай территориялық және обьектілік болып бөлінеді.

АҚ территориялық құрылымы мамандандырылған мәселелерін және маңызды обьектілерді территорияда жеке не ұйымдасып жұмыстарды жүргізуге арналған. АҚ бастығы -әкімнің шешімі бойынша қалаларда, аудандарда, облыстарда құрылады.

АҚ обьектілік құрылымы тікелей обьектілерде жұмыс жүргізумен жүргізіледі, бірақ олар обьектілерден тыс құтқару және жедел жұмыстарының жүргізуі болады. Олар ұйымдарда құрылады, жеке меншік түрлеріне тәуелсіз.

АҚ құрамы және саны көрсетілетін көмектің және т.б. жедел жұмыстарды болжау арқылы құрылады

Мысалға ҚР жер сілкінісіне қауіп төнетін аймақтарда көрсетілетін көмектің зардап шеккен 10 адамға 1 құтқарушы. Су тасқынға, өртке және т.б. қауіп төнер өндірісті аймақтарда 15 -20 адамға 1 құтқарушы.

Территориялық және обьектілік АҚ ұйымдары негізгі және қамтамасыз ететіндерге бөлінеді.

Негізгі ұйымдарына тікелей құтқаружұмыстарына қатысатындар және т.б. (құтқару, медициналық, инженерлік, өртке қарсы, техникалық, радиациялық, химиялық қорғанулар) жедел көмек көрсететіндер жатады.

Қамтамасыз ететін ұйымына қалған ұйымдар (хабарлаушы, материалды –техникалық қамтамасыз етуші, транспорттық, жануарларды және өсімдіктерді қорғаушы және т.б.) жатады.

АҚ бөлімшесін құрған кезде ҚР заңымен және «АҚ ұйымдарылуы жайлы» 18 қыркүйек 1997жылғы №43 инструкциясы бойынша құрылады. АҚ ұйымдастырылғанда 1,2,3 топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, 8жасқа дкйін баласы бар әйелдерден басқа барлық ер адамдар мен әйел адамдар қабылданады, ал соғыс уақытында мобилизациялық хаттамасы бар әскери міндетті адамдар қабылданады. Ал бейбітшілік уақытында ТЖ ликвидациялау үшін АҚ ұйымымен бірге мобилизациялық хаттамасы бар әскери міндетті адамдарда қатыса алады. АҚ ұйымдастыру кезінде медициналық жұмыскерлер жеткіліксіздігі кезінде орта және жоғары медициналық білімі бар әйелдер, 3жасқа дейінгі баласы бар әйелдерде қабылданады. Соғыс уақыты кезінде мобилизациялық хаттамасы бар әскери адамдар қабылданбайды және де оларды алдын ала басқа әскери адамдармен ауыстырады.

АҚ обьектілік және территориялық ұйымдары мына негізгі ұйым түрлеріне бөлінеді:

- Құтқару –іздеу және зіл –зала болған аймақтардан шығару, бірінші медициналық көмек көрсету және де олар еркін құру бөлімшелерінен, құтқару топтарынан, адамды іздеу топтарынан тұрады.

- Инженерлік –инженерлік жұмыстарды атқару үшін, зіл –зала болған аймақта жол салу жұмыстарын өткізу, жолдарды және көпірлерді қалпына келтіру, зіл –зала әсерінен басылған обьектілерді ашу және т.б. инженерлік командадан, жол көпірлік командадан, жару жұмыстарын жүргізетін топтар, инженерлік ізденушілер тобынан және т.б. топтардан тұрады.

- Инженерлік ұйымы мәселелерді мамандандырылған шешімін жасау үшін техника және құралдармен жабдықтарады.

- АҚ және ТЖ ұйымдарын құрған кезде тұрғындардың өмір қауіпсіздігін ұйымдастыру, құтқару және т.б. жедел көмек көрсету жұмыстарын жүргізу, құтқару жұмыстарын күшейту мыналарға бөлінеді:

  1. Медициналық байланыс

  2. Қоғамдағы тәртіпті қадағалау

  3. Өртке қарсы

  4. Аварийінді –техникалық

  5. Транспорттық

  6. Материалды –техникалық қамтамасыз ету және т.б.

АҚ ұйымының мекемесі –АҚ мәселелеріне тікелей қатынаспайды, бірақ өзінің мүмкіндігімен мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізеді. Оларға жатады:

- ҚР ТЖ орталық атқару органының АҚ және ТЖ мамандарын және жетекші құрамын дайындау орталығы.

- Есептеуші орталықтар (Республикалық, облыстық)

- Химия –радиометриялық лабораториясы.

- АҚ заттарын сақтау орталықтары, қоймалары және т.б. ұйымдар

Соседние файлы в папке 011