
- •Ип №6 умс при КазГма
- •Қарағанды – 2011ж.
- •1. Қр физикалық - географиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайының қысқаша шолу .
- •2. Қр мемлекеттік жүйесінің тж алдын алу және орнатуын тағайындау.
- •3.Қр ақ, оның міндеті, құрамы, негізгі принципі, функционалдылығы.
- •4. Ақ күштері, құрылымы, мәселелері, құрылу реттілігі.
- •5. Емдеу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында ақ обьектілері, организациялық структурасы, мәселелері.
Ф КГМУ 4/3-04/02
Ип №6 умс при КазГма
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері».
Тақырыбы: «Төтенше жағдайда алдын алу және жою бойынша Мемлекеттік жүйенің ұйымдастырушылық принциптерімен құрылымы».
Пәні: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері»
Мамандығы: 5В130100-"Жалпы медицина"
Курс: 1
Уақыт: (ұзақтығы) 2 сағат
Қарағанды – 2011ж.
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № __1__
"___01___" _____09_____ 2011ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.
Тақырыбы: «Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері».
Тақырыбы: «Төтенше жағдайда алдын алу және жою бойынша Мемлекеттік жүйенің ұйымдастырушылық принциптерімен құрылымы».
● Мақсаты: ТЖ алдын алу және жою бойынша ҚР мемлекеттік жүйесі туралы студенттерге теориялық білім беру, АҚ анықтамасы, АҚ күштері, құрылымы, міндеттері, ЖОО-да, шаруашылық объектілерінің ұйымдастырылуымен қызмет етуінің негізгі принциптері.
● Дәріс жоспары:
ҚР физикалық - географиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайының қысқаша шолу .
ТЖ алдын алу және жою бойынша ҚР мемлекеттік жүйесі, тағайындалуы, күштері, құрылымы, міндеттері.
ҚР АҚ , міндеттері, құрамы, ұйымдастырылуымен қызмет етуінің негізгі принциптері.
АҚ күштерінің құрамы, құру тәртібі, міндеттері.
ЖОО, шаруашылық объектілерінің, емдеу мекемелерінің АҚ, ұйымдастырушылық құрылымы, міндеттері.
● Дәріс тезистері:
1. Қр физикалық - географиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайының қысқаша шолу .
Қазақстан Республикасы Оңтүстік Орал тауының аймағынан басталып Тян-Шань тауларына дейін, Каспий теңізінен басталып Батыс Сібір жазығына дейінгі территорияны қамтиды. Қазақстан Республикасы шығысында ҚХР-мен, оңтүстігінде Қырғыстан, Өзбекстан, Түркіменстан Республикаларымен, солтүстігінде және батысында Ресей Федерациясымен шекараласады.
Республиканың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 2 мың км. аралығында, батыстан шығысқа қарай 3 мың км аралығында. ҚР жалпы аймағы 2717мың км. Астанасы - Астана қаласы.
Қазақстанның табиғаты өте контрастты: жасыл оазистер теңіз құмына ауысады. Ондаған метрлердегі теңіз деңгейінен төмен орналасқан таулардың биіктігі 7мың метрге дейін жетеді. Республиканың солтүстік аймағында аяздар мен борандар болып жатқанда, ал оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлдеп, егу жұмыстары жүргізіліп жатады. Республиканың климаты жедел континентальды: оның солтүстік территориясында, Тянь-Шань тауына дейін артикалық суық ауа ағымдарына ешқандай кедергі жоқ.
Қазақстан Республикасында даланың,шөлейттің, шөлдің басымдылығы Евразия материгінің ортасында орналасқанына байланысты. Оңтүстік аймағы тұрақты белдеуінде орналасқандықтан, температураның жоғары болуымен және жаңбырдың аз жаууымен сипатталады.
Қазақстан Республикасының солтүстік аймағында Батыс Сібір жазығы, ал оңтүстік–батыста Төменгі Повольжия жазығы орналасқан. Республиканың 10% ғана биік таулы аймақтар алып жатыр (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань), ол шығыста және оңтүстік – шығыста орналасқан.
Қазақстан Республикасының таулары жер қыртысының қалыптасып келе жатқан платасында орналасқан. Қазіргі күнге дейін олар өсуде және де сол жердегі жер сілкінісінің ең басты себебі болып саналады. Ең сейемикалық активті аудан Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань аймақтары. Бұл жерлерде жүз жылдық бақылау бойынша 8-9 баллдық жер сілкіністері тіркелген. Ең қауіпті жер сілкіністері 1889жылы болған 9 баллдық Верный, 9 -10 баллдық Чилик жер сілкіністері, 1911жылы болған Каменкалық жер сілкінісі, 1939 жылы болған 8 баллдық Алматылық жер сілкінісі. Ең күшті жер сілкіністері жыл сайын осы жерлерде тіркеледі. Сейемикалық активті аймақтар- Тарбағатай мен Алтай, бұл жерлерде жер сілкінісі 6-8 баллға дейін жетеді.
Республиканың климаты континентальды, құрғақ. Оның материк ішілік орналасуына байланысты, атмосфералық циркуляциясы антициклондық типке жатады. Ашық ауа райының басым болуына күннің көзінің ұзақтығы (2000 -3000 сағат жылына ) әсер етеді.Күннің радиациясы суммарлық көлемі жылына солтүстіктен оңтүстікке 100 –ден 140 ккал/см2 дейін созылады.
Қысы суық, тек оңтүстік ауданында күн жылы болып, қары аз түсіп, борандар болады. Қаңтардың орташа температурасы -19, оңтүстікте -3;-5 Антициклонның әсерінен ауаның температурасы -40; -45. дейін суытады.
Жазы да ыстық емес. Шілде айында орташа температура солтүстікте +19; +20, ал оңтүстікте +20; +30. Орта Азиядан келген жел ыстық болуына байланысты, Республикада құрғақ, ыстық жел болуы мүмкін. Соның әсерінен температура оңтүстікте +45 дейін, ал солтүстікте +35 +40 дейін жетеді.
Республика материктің терең ортасында орналасқандықтан, атмосфералық факторлар әлсіреп келеді, тек таулы аймақта активті күйге көшеді.
Сондықтан ең көп жауын – шашынның мөлшері таулы аймақта Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь –Шань тауларында болады. Жауын –шашынның орта жылдық көлемі 800-1000мм, ал кейде 1500мм дейін жетеді. Жазық мекендерде жауын –шашын аз түседі: дала аймағында жылына 200-300мм, ал шөлде 100 -200 мм.
Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь –Шань таулары таулы мұздықтардың орталығы. Қазақстан территориясында 1500 –ден астам мұздықтар бар, олардың жалпы аймағы 2000 км2 дейін жетеді.
Кейбір таулы аймақтарда қар мен мұздықтардың еруінің әсерінен немесе жаңбырдан сельдердің пайда болуы мүмкін. Сельдерге қарсы күрес жүргізілуде, оған қарсы таулы аймақтарда су жинағыштарда ағаш отырғызу жұмыстары, сельдерге қарсы инженерлік құрылыстары салу жүргізілуде. Іле Алатауында биік тасты платина Медеу салынған. Ол республиканың оңтүстік астанасы Алматыны сенімді қорғайды.
Көптеген аудандарда әсіресе шөлдер мен шөлейттерде суды қажет етеді. Сумен қамтамасыз ету мәселесі ұйымды шешілуде: су қорлары, каналдар, су құбырлары, артезиан құбырлары, құдықтар салынуда. Мысалға алатын болсақ Ертіс –Қ арағанды каналы 500км созылған, сонымен Ертіс суы Орталық Қазақстанның индустриальдыаудандарына жетеді.
Қазақстан территориясы 5 аймаққа бөлінеді:
Батыс Қазақстан. Оған кіреді: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал облыстары.
Солтүстік Қазақстан. Оған кіреді: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Арқалық, Ақмола облыстары.
Орталық Қазақстан. Оған кіреді: Қарағанды, Жезқазған облыстары.
Оңтүстік Қазақстан. Оған кіреді: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент облыстары.
Шығыс Қазақстан. Оған кіреді: Семей, Өскемен облыстары.
Әлеуметтік –экономикалық жағдайы.
Батыс Қазақстан –экономикасының негізін мұнай, мұнай –химиялық, химиялық өндіріс, қара металлургия, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы құрайды.
Солтүстік Қазақстан-экономикасының негізін көмір, химиялық өнеркәсіп, мұнай өңдеу, қара және түсті металлургия, электроэнергетика, трактор және ауылшаруашылық машина жасау, құрылыс материалды жасау, жеңіл және тағам өндірісі, ет және сүт өндірісі құрайды.
Орталық Қазақстан –экономикасының негізін көмір өндірісі, қара және түсті металлургия, жеңіл және тағам өндірісі, құрылыс материалдарын жасау өндірісі құрайды.
Оңтүстік Қазақстан –экономикасының негізін ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, мақта өсіру, бау –бақша шаруашылығы, сүт, ет –жүн мал шаруашылығы, күріш өсіру химиялық өндіріс, машина жасау, металл өңдеу өндірісі, құрылысматериалдарды жасау өндірісі, жеңіл және тағам өндірісі, энергия, ағаш өңдеу өнеркәсібі, полиграфиялық өнеркәсіп құрайды.
Шығыс Қазақстан –экономикасының негізін гидроэнергоресурс, мал шруашылығы, өсімдік шаруашылығы, бидай шаруашылығы, түсті өндіріс, машина жасау өндірісі, құрылыс материалдарын жасау, жеңіл және тағам өндірісі құрайды.