Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Silabus.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
119.45 Кб
Скачать

Акушерлік және гинекология кафедрасында сабақтың барлық түрлерін бағалау ережелері

Ағымды бағалар білім алушыға орындаған әрбір тапсырмаға/бөлімге (бірнеше сабақ кіретін интегрирленген тақырып) оқытушымен оқу журналына 100 балдық шкала бойынша қойылады. Әрбір тапсырмаға/ бөлімге ағымды бағаларды қою барысында оқу жұмысының барлық түрлері – тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ ескеріледі.

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы, АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні, курс IV, 9 кредиттен тұрады, ол 9 бөлім. Бөлім бойынша бағаға кредит бойы тәжірибелік сабақтардан, СОӨЖ, СӨЖ алынған бағалардың орташа бағасы кіреді.

АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні бойынша барлығы 9 баға қойылады. Бұл баға

PLATONUS жүйесіне қойылады. АG 4303 Акушерлік және гинекология пәні бойынша жіберілу рейтингісі барлық бөлімдерден алынған бағалардың және МБ (3 МБ мен ТДО сабақ бағасы) орташа арифметикалық бағалардан есептеледі.

1-9 кредит келесі тапсырмаларды орындаған жағдайда, барлық бөлімдер бойынша бағаланады:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысу, меңгерілген материалдар бағалары және жұмыстың барлық түрлерін (МБ, ТДО) орындау міндетті түрде болуы керек.

2. Тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау қажет. Ол силлабуста көрсетілген СОӨЖ орындау түріне сәйкес білім алушыда қағаз түрінде болуы керек.

3. № 1-10 тақырыптар бойынша СӨЖ орындау міндетті түрде қажет. Ол силлабуста көрсетілген СӨЖ орындау түріне сәйкес білім алушыда электронды және/ немесе қағаз түрінде болуы керек. СӨЖ, СОӨЖ тақырыптарының сұрақтары пән бойынша межелік және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізледі.

СОӨЖ тапсыру мерзімі әрбір тәжірибелік сабақтың соңына дейін, СӨЖ тапсырмалары оның орындалу түріне байланыссыз бөлімнің соңғы күніне дейін тапсырылу керек.

Бұл пункттерді орындамаған жағдайда СОӨЖ мен СӨЖ баға 0 деп есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]