
- •С.М. Кабиева, а.Т. Туймебаева, с.У.Жунусова, н.Т.Абильдина, г.А.Алишева клиникаға кіріспе
- •Қарағанды 2015
- •Мазмұны
- •3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50
- •3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
- •4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Қазақстан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі
- •1.1 Медициналық көмектің түрлері:
- •1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері
- •2.1 Еам амбулаторлық түрі
- •3.1 Амск жүйесінің жұмыс принципі
- •3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері
- •3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
- •4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі
- •4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
- •4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
- •Мейірбикелік үрдіс
- •1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
- •1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
- •Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар
- •1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау
- •1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
- •1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •1.1 Аіж қоздырғыштары және таралу жолдары
- •Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
- •1.3 Аіж пайда болуына әсер ететін факторлар
- •1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
- •1.5 Аіж жататын аурулар
- •1.6 Аіж алдын-алу
- •2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
- •2.2 Қызметкердің гигиенасы
- •2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
- •Қол деконтаминациясының мақсаты:
- •2 Сурет.
- •3.1 Дезинфекцияның түрлері:
- •Дезинфекция әдістері:
- •3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
- •3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
- •3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
- •3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
- •3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
- •Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
- •Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары
- •3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
- •Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; Формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.
- •3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
- •4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (мтқ) деконтаминациялау кезеңдері
- •6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
- •4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері
- •1.2. Физикалық (суық):
- •3. Газды
- •4.3 Стерилизацияның булық әдісі
- •4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
- •4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері
- •5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
- •Б классты қалдықтарды құрайды:
- •В классты қалдықтарды құрайды:
- •Г классты қалдықтарды құрайды:
- •Д классты қалдықтарды құрайды:
- •5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері
- •6.1 Емдеу-қорғау режимі
- •Аураханадағы күн тәртібі
- •6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі
- •6.3 Биомеханика туралы түсінік
- •6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
- •Сурет 10. Жедел жәрдем автокөлігі
- •6.5 Зеңбілмен тасымалдау
- •6.6 Орындық - арбамен тасымалдау
- •Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі
- •6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері
- •6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу
- •Функционалды жағдайды бағалау
- •Ес жағдайы
- •Кесте 5. Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
- •Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
- •Дене салмағын өлшеу
- •Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- •Кеуде шеңберін өлшеу
- •Дене салмағының индексі
- •Vmede.OrgСурет 42.
- •Vmede.OrgТемпературалық қисық типтері
- •Сынапты термометр
- •Сандық немесе электронды термометр
- •Инфрақызыл термометр
- •Терможолақтар
- •Білезік артериясында пульсті тексеру
- •Пульстің қасиеті
- •Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
- •Артериалды қысымды өлшеу әдістері
- •Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
- •Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.
- •1.1.Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау
- •Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
- •1.2 Шашты қысқарту
- •1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру
- •Механикалық әдіс
- •Физикалық әдіс
- •Химиялық әдіс
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
- •2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
- •2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
- •Ойық жаралардың алдын-алу
- •2.7 Төсекте аяқты жуу
- •2.8 Тырнақ күтімі
- •2.9 Ауыз қуысы күтімі
- •Құлық тығындарын алу
- •2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
- •Науқастарды тамақтандыру
- •М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы
- •Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, а, с және в тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.
- •Стандартты диета жүйесі
- •4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
- •4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
- •Dic.Academic.Ru www.Vozrasta.NetСурет 84
- •4.2 Жасанды тамақтандыру
Құлық тығындарын алу
Құлық есту мүшесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, ол құлаққа бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар енгуінен қорғайды, өлген эпителийді сыртқа шағарады. Қалыпта жағдайда құлақ құлығы жиналған кірмен қоса шайнау, жұтыну кезінде өздігінен шағарылады. Құлақ жиналған кезде құлық тығындары пайда болады.
Құлқтың тығындалу себептері болуы мүмкін:
Бездердің күшті жұмыс істеуінен құлық көп мөлшерде бөлінеді.
Құлақ түтігінің құрылысы – тар немесе иілген.
Мақталы таяқша, есту аппараттары, құлаққа киетін құрылғылардан ішкі есту түтігінің терісінің зақымдалуы.
Басынан кешкен аурулар – отит, синуситтер.
Үнемі шаңдатылған орындарда болу.
Егер құлық тығындысы есту түтіген толық жауып қалмаса адам оны сезбейді. Есту түтігі және барабанды жарғақ 70%-дан төмен кішірейсе құлақтың бітелу сезімі аутофония (құлағынан өзінің дауысын есту), естуінің нашарлауы байқалады. Құлық тығындары барабанды жарғақты қысқанда құлақтан шу естіледі, рефлекторлы жөтел пайда болады, кей жағдайда басының айналуы, құлақта ауырсыну сезімі байқалады.
Есту жолдарын жуу
Құлық тығындарын алу үшін алдымен құлаққа 3% сутегінің асқын тотығын тамызып тығында жұмсарту керек. Емшара кешке жатарда орындалады, ұйықтағанда құлық жақсы жұмсарады және жеңіл алынады (сурет 77).
Жабдықтар: пипетка, мақта тампоны, сутегінің асын тотығы.
aniramia.ru
Сурет 77
Құлаық тығынын алу
Емшараны орындау:
Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы бұру.
Құлақ қалқанын артық және жоғары тарту (сыртқы есту жолы түзуленеді).
Сыртқы есту жолына бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын отығын тамызу және есту түтігін мақтамен тығындау.
Таңертең құлақтағы құлық жұмсарғаннан кейін Жане шпирціне жиналған жылы сумен құлақты жуу жүргізіледі (су құлаққа қатты ағынмен енгізіледі)
Егер құлық толық шықпаса екі күннен кейін қайталауға болады.
2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
Өзін күте алатын науқастар жылы сабынды сумен таңертең және кешке өздері дәрет алады. Жағдай ауыр және ұзақ уақыт төсекте жатқан гигеналық тазалық жүргізе алмайтын науқастарды тәулігіне 2 рет жуындыру керек. Зәрін және үлкен дәретін ұстай алмайтын науқастарды тері ойылуларының және теріге инфекцияның түсуін алдын-алу мақсатында кіші және үлкен дәретке отырған сайын жуындыру керек. Семіз адамдардың тері қатпарлары қажалғанда теріге сеппе себеді, ал құрғаған жағдайда ылғалдандыратын жақпалар жағады.
Шат аралығын және жыныс мүшелерін күту емшарасын науқас палатасында ыңғайлы жағдайда жүргізіледі, ол үшін емшараны орындау кезінде палатадағы басқа науқастардың шығып тұруын өтінеді немесе ширма қойылады. Медициналық құрылғылардан Эсмарх түтігі қолданылады (сурет 78).
kruzhku.besaba.com
Сурет 78
Эсмарх түтігі
Эсмарх түтігі бірден екі литр көлемде сұйықтық құйылатын жұмсақ түтікшесі және қысқышы бар резеңкелі түтік. Оның құрамына ұштықтар (жұмсақ және қатты) және реттеуге қажетті бұрғы кіреді. Бір рет қолданатын Эсмарх түтікшесінде салынатын ұштықтар болмайды, оның қызметін силиконмен майланған түтікшенің дөңгеленген дистальды ұшы атқарады, ол қажетті тереңдікке ауырсынусыз және жеңіл енуді қамтамасыз етеді.
Судно және зәр қабылдағышты қолдану
Жағдайы ауыр және операциядан кейінгі пациенттер физиологиялық қажеттіліктерді жатқан қалпында жүзеге асырады. Ішекті босату мақсатында төсекте судно, ал зәр шығару кезінде зәр қабылдағыш беріледі. Әйелдерге зәр шығару кезінде судно, ал ер адамдарға үйрек тәрізді шыны ыдыс беріледі.
Зәр қабылдағыш және судно науқасқа жылы күйінде беріледі, дәретке отырғаннан кейін оларды босатып тазартады.
Медициналық судно әртүрлі материалдардан жасалынады: эмальмен қапталған металлдан, фаянстан, резеңкеден, пластикадан. Пішіні бойынша барлық судналар бір-біріне ұқсас- тегістелген домалақ пішінді, биіктігі шамалы, ортасында сопақ тесігі бар, қақпағы жабылатын, бүйірінде ішіндегісін төгуге арналған ойығы бар.
Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және залалсыздандыруға қолайлы (сурет 79 а).
Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда тері ойылуының алдын-алу мақсатында қолданылды (сурет 79 б).
Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл, залалсыздандыруға ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни пациенттің терісіне тигенде тез жылынады (сурет 79 в).
semeinii-doktor.ru medlegion.ru sidelka.spb.ru
а б в
Сурет 79.
Науқастарға арналған судналар
а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті
Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып ерекшеленеді (сурет 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі қолданылады (сурет 80 в).
соз
goods.marketgid.com www.jsap.ru www.lifestoma.ru
а б в
Сурет 80.
Зәр қабылдағыштар
а – еркектерге арналған, б – әйелдерге арналған, в – бір рет қолданылатын
Шап аралығын және жыныс мүшелерін күту
Санитарлы емшараны орындауды бастау алдында науқастың кереуетін ширмамен жабады. Судно және зәрқабылдағышпен барлық емшараны қолғап киіп орындайды (сурет 81).
dic.academic.ru
Сурет 81
Науқасқа судно беру
Емшараны орындау:
Науқастың жамбасының астына жайма төсейді.
Суднаны жылы сумен шайып, онда шамалы су қалдырады.
Науқастың сегізкөзінің астына абайлап қолды бағыттап баяу жамбасын көтереді, бұл кезде пациенттің аяғы тізе буынына бүгіледі.
Судноның жіңішке бөлігі сегізкөздің астына, шат аралығы судно тесігінің үстіне қаратып қойылады.
Пациентің үстіне көрпе жабу.
6. Дәретке отырғаннан кейін науқастың шат аралығын жуу.
7. Судноны және жайманы алу.
8. Судноны төгіп, залалсыздандыру.
Зәрқабылдағышты беру емшарасы осылай жүргізіледі, он пациенттің аяқтарының арасына қойып ұшын зәр шығару түтігіне жалғайды (еркектердің жаныс мүшесіне түтікше кигізіледі). Зәрін ұстай алмайтын еркектерге катетер және зәр жинайтын қап қолданған ыңғайлы (сурет 82).
Жабдықтар: зәрқабылдағыш, зәрге арналған контейнер, жалғайтын түтікше, қолғап, салфеткалар, антисептикалық ерітінді, клеенка, жайма.
Емшараны орындау:
Пациенттен жамбасын көтеруді өтіну және жамбасының астына жайма және клеенка төсеу.
Пациенттен тізе буынын бүгіп аяғының арасын ашуды өтіну.
Пациентті жуындыру.
Зәрқабылдағыштың қорабын ашу.
Сол қолмен жыныс мүшесін ұстап, оң қолмен зәрқабылдағыштың қатты бөлігінен ұстау.
Зәрқабылдағышты жыныс мүшесінің басына кигізу.
Зәрқабылдағышты жазу және оны жыныс мүшесіне бекіту.
Зәрқабылдағышқа түтікшені енгізу, оның ұшын зәр жинауға арналған контейнерге жалғау.
Контейнерді кереуетке немесе пациенттің аяғына бекіту.
palliativ.ru
Сурет 82
Зәрқабылдағышты қолдану техникасы
Заманауй зәрқабылдағыштар қоршаған ортаға еш байқалмайтындай етіп жасалынған. Олардың пішіні жалпақ, олар иісті өткізбейді, сықырламайды және тіпті киімнің астынан көрінбейді. Қажет болған жағдайда шешілетін зәрқабылдағышты пациенттің беліне бекітуге немесе киімнің ішкі жағындағы үлкен қалтаға салып қоюға болады.
Пациентті жуындыру алгоритмі
Жабдықтар:
Залалсыздандырылған астауша, корнцанг, зарарсыздандырылған мақта тампондары, клеенка, судно, таза жаймалар, суқұйғыш (жылы 30-35°С сабынды ерітіндімен), жылы су немесе антисептик толтырылған Эсмарх түтікшесі (фурациллин ерітіндісі 1:5000), қолғап, клеенкалы алжапқыш, жойылатын қап.
Кереуетте ер адамды жуындыру (сурет 83 а, б)
boombob.ru
Сурет 83
Науқасты жуындыру
Емшараны орындау:
Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну.
Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу.
Алжапқыш, қолғап кию.
Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау.
Жыныс мүшесінің ұшын абайлап кері тартып ұшын шығару.
Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу.
Жууды сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай бағыттау керек, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: жыныс мүшесінің басы, жыныс мүшесінің терісі, шап аралық, ұма және артқы тесік аймағы.
Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды
Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді.
Судно және клеенканы жинау.
Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу.
Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу.
Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру.
Қолды жуу.
Кереуетте әйел адамдарлы жуындыру (сурет 83 в, г, д)
Емшараны орындау:
Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну.
Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу.
Алжапқыш, қолғап кию.
Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау.
Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу.
Жууды сыртқы жыныс мүшелерінен анусқа қарай бағыттайды, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: кіші жыныс еріндері, үлкен жыныс еріндері, шап аймағы, аралық, артқы тесік аймағы.
Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды
Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді.
Судно және клеенканы жинау.
Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу.
Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу.
Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру.
Қолды жуу.
Заманауй технология дымқыл антибактериальды немесе дезинфекциялық ерітінді сіңірілген салфеткаларды қолдануды ұсынады. Салфеткалық өңдеуді толық жүргізеді: тазартады, ылғалдандырады, теріге жағымды иіс береді, сонымен қатар жуғаннан кейін шаюды қажет етпейді.
Науқасқа дұрыс күтім жүргізу оның жазылу үрдісін жылдамдатып қана қоймай сонымен қатар ауыр жағдайларда пайда болатын асқыныстардың алдын-алады. Ал керісінше күтімді дұрыс ұйымдастырмау, дәрігердің тағайындауын дұрыс орындамау науқастың жазылу үрдісін баяулатады, тіпті жағдайын нашарлатуы да мүмкін.
Науқасты күтуді дұрыс ұйымдастыру үшін күтетін адам арнайы білім мен тәжірибемен қатар нақты моральды-психологиялық сапаны меңгеру қажет, себебі науқастың көңіл-күйі және тілегі жазылу үрдісіне маңызды әсерін тигізеді. Дегенмен, жақсы көңіл-күй және және оптимизм жақсы өмірге қарағанда сырқаттану кезінде оңайға соқпайды, сондықтан күтуші адам барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып тыныш атмосфераны орната білуі керек. Комфорт атмосферасын туғызуда науқастың айналасындағы барлық заттар қатысады: жиһаздар, жарық, төсек жаймасы, гигиена құралдары (клеенка, судно, жайма және памперстер). Науқастың жазылуына өзі жатқан орынның гигиеналық жағдайы, күн тәртібі маңызды әсер етеді және олардың барлығын ұйымдастыру күтушінің міндетіне кіреді. Сонымен қатар ұсынылған диетаны сақтап тамақтандыру және дәрігер тағайындаған тамақтану ерекшелігі де жатады.
Тарау VI