
- •С.М. Кабиева, а.Т. Туймебаева, с.У.Жунусова, н.Т.Абильдина, г.А.Алишева клиникаға кіріспе
- •Қарағанды 2015
- •Мазмұны
- •3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы........................................................50
- •3.8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.................51
- •4.6 Стерилизацияның газды әдісі..............................................................................................60
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ...........................................................127
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру................................................................129
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері.............................................................................130
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Қазақстан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі
- •1.1 Медициналық көмектің түрлері:
- •1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері
- •2.1 Еам амбулаторлық түрі
- •3.1 Амск жүйесінің жұмыс принципі
- •3.2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері
- •3.3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру
- •4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
- •4.2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі
- •4.3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері
- •4.4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері
- •4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі
- •Мейірбикелік үрдіс
- •1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу
- •1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)
- •Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар
- •1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау
- •1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру
- •1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау
- •Қауіпсіз ауруханалық орта
- •1.1 Аіж қоздырғыштары және таралу жолдары
- •Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:
- •1.3 Аіж пайда болуына әсер ететін факторлар
- •1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:
- •1.5 Аіж жататын аурулар
- •1.6 Аіж алдын-алу
- •2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
- •2.2 Қызметкердің гигиенасы
- •2.3 Қол деконтаминациясы (өндеу)
- •Қол деконтаминациясының мақсаты:
- •2 Сурет.
- •3.1 Дезинфекцияның түрлері:
- •Дезинфекция әдістері:
- •3.2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі
- •3.3 Дезинфекцияның физикалық әдісі
- •3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
- •3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
- •3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар
- •Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
- •Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары
- •3.9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек
- •Препараттардың қорғалмаған теріге түсуі кезінде, лезде сол аумақты таза сумен жуу; Формальдегинмен зақымданғанда, теріні 5% нашатыр спиртінің ерітіндісімен өңдеу.
- •3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі
- •4.1 Медициналық тағайындау құралдарын (мтқ) деконтаминациялау кезеңдері
- •6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі
- •4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері
- •1.2. Физикалық (суық):
- •3. Газды
- •4.3 Стерилизацияның булық әдісі
- •4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі
- •4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері
- •5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі
- •Б классты қалдықтарды құрайды:
- •В классты қалдықтарды құрайды:
- •Г классты қалдықтарды құрайды:
- •Д классты қалдықтарды құрайды:
- •5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері
- •6.1 Емдеу-қорғау режимі
- •Аураханадағы күн тәртібі
- •6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі
- •6.3 Биомеханика туралы түсінік
- •6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері
- •Сурет 10. Жедел жәрдем автокөлігі
- •6.5 Зеңбілмен тасымалдау
- •6.6 Орындық - арбамен тасымалдау
- •Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі
- •6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері
- •6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу
- •Функционалды жағдайды бағалау
- •Ес жағдайы
- •Кесте 5. Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
- •Бойды өлшеу (дененің ұзындығы)
- •Дене салмағын өлшеу
- •Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу
- •Кеуде шеңберін өлшеу
- •Дене салмағының индексі
- •Vmede.OrgСурет 42.
- •Vmede.OrgТемпературалық қисық типтері
- •Сынапты термометр
- •Сандық немесе электронды термометр
- •Инфрақызыл термометр
- •Терможолақтар
- •Білезік артериясында пульсті тексеру
- •Пульстің қасиеті
- •Артериалды қысым деңгейінің жіктелуі
- •Артериалды қысымды өлшеу әдістері
- •Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі
- •Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.
- •1.1.Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау
- •Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда мейірбикенің көмегі
- •1.2 Шашты қысқарту
- •1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру
- •Механикалық әдіс
- •Физикалық әдіс
- •Химиялық әдіс
- •2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
- •2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
- •2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері
- •2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
- •2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
- •Ойық жаралардың алдын-алу
- •2.7 Төсекте аяқты жуу
- •2.8 Тырнақ күтімі
- •2.9 Ауыз қуысы күтімі
- •Құлық тығындарын алу
- •2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек
- •Науқастарды тамақтандыру
- •М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы
- •Жалпы сипаттамасы: Диета ақуыз, май, тағам талшықтарына, а, с және в тобының дәрумендеріне өте бай. Тағамдар суға және буға пісірілген, суға пісірілген көкөністер.
- •Стандартты диета жүйесі
- •4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
- •4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
- •Dic.Academic.Ru www.Vozrasta.NetСурет 84
- •4.2 Жасанды тамақтандыру
3.4 Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекцияның химиялық әдісі ауру туындатушы микроағзаларды жою мен дезинфекциялық заттармен токсиндерді құлдыратуына бағытталады. Химиялық заттар әсері - жоғары температура әсерімен салыстырғанда тым беткей келеді. Дегенмен, қолжетімді болуы себебінен бұл әдіс жиі қолданысқа түседі. Жоғары температурадан құртылатын көптеген заттарды дезинфекциялық құралдармен зиян келтірмей өңдеуге болады.
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Тәжірибеде дезинфекция үшін көптеген химиялық заттар, олардың қосындылары қолданылады. Дезинфекциялық заттар қоздырғаш түріне, өңделетін зат құрылымына, қоршаған орта шарттарына байланысты таңдалады.
3.5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі (химиялық құрылымына байланысты)
Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар: хлордан тұратын: хлор ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде: спиртті йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром негізінде: аквабор.
Айқын бактерицидті, спороцидті, фунгицидті және дезодорирлеуші әсерге ие, бірақ респираторлы жүйені, көзді тітіркендіреді, токсикалы, утилизацияны дұрыс жасамаса қоршаған ортаға зиян, коррозия шақырады, иісі тұрақты. Кемшіліктеріне қарамастан, бұл топ заттарын медициналық мекемелерде кеңінен қолданады. Олар қол жетімді, тиімді, бірақ қолдану және утилизация ережелерін қатал қадағалауды талап етеді.
Көмірқышқыл газынан тұратын: калий перманганаты, сутегі асқын тотығы ерітіндісі. Бұл топтағы препараттардың әсер ету принципі мкроораганизмдердің протоплазмасынан органикалық компоненттердің қышқылдану және көмірқышқыл газының бөлініп шығуына негізделеді. Сутегі асқын тотығы жараларды тазалауда және қан тоқтатуда қолданылады. Улылығы аз, табиғи орта үшін қауіпсіз, специфиқалық иісі жоқ.
Олардың басты кемшілігі – жоғары коррозиялық белсенділігі бар,сондықтан олар металды инструменттерді өңдеу мен тазалауда қолданылмайды.
Альдегидтен тұратын: формальдегид, глиоксаль, сайнекс, деконекс, лизоформин-3000, глутарал, бианол және т.б.
Кешенді бактериоцидті,споралы,вирулентті эффект көрсетеді, микроорганизмдердің барлық түріне жоғары антимикробты белсенділік танытады. Медициналық инструменттер мен бұйымдарға коррозия тудырмайды, оларды пластикалық линзаларды және резеңке бұйымдарын тазалауда, сондай-ақ қиын конфигурациялы (мысалы, эндоскоп) технологияны дезинфекция жасауда қолданылады.
Бірақ тыныс алу жүйесіне тітіркендіргіштік әсер береді, адамдар арасында қолдана алмайды.
Құрамында спирт бар заттар: 70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт, изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б.
Бактериоцидті, туберкулоцидті, фунгицидті қасиет көрсетеді. Улылығы аз, дақ қалдырмайды және экологиялық қауіпсіз болып саналады. Спиртті заттарды теріге антисептик ретинде қолды тазалауда, иньекция жасағанда көп қолданады. Стетоскопты, қайшыны, термометрлерді дезинфекция жасауда пайдаланады.
Бірақ дезинфактанттардың бұл түрі микроорганизмдердің вегетативті формалары мен спораларына байланысты әсерсіз. Эндоскоп, хирургиялық материал, құрал-жабдықтарды спиртпен өңдеу эффективтілігі төмен және инфекциялардың таралуына алып келуі мүмкін.
Беткейлі-белсенді заттар (ББЗ): Биодез-экстра, Велтолен, Вапусан, амфолан, және т.б.
Олар құрамындағы төрттік аммоний қосындысы, аминдер, амфолитік ПАВ бөлшектері арқасында ісер етеді. Ащы иісі жоқ, металлды тот бастырмайды, токсикалық әсері төмен, шырышты қабық пен тыныс алу ағзаларын тітіркендірмейді, науқастар мен персоналдардың қатысуымен қолданыла береді. ББЗ – микроб клеткасы қабығының өткізгіштігін өзгертеді, сондықтан да, басқа да дезинфекциялық құралдармен қоса қолданысқа түседі. Жоғары жуып-шаюшы әсерінің арқасында біріншілік дезинфекциямен бірге стерилизация алдындағы кезеңде қолданылады.
ББЗ – липофильді вирустарға қарсы бактерицидті, фунгицидті, вирулицидті әсері бар. Бірақ, споралық белсенділігі жоқ, және де өкпе құрт ауруы микобактериясы мен гидрофильді вирустарға әсер етпейді.
Гуанидинді препараттар полигексаметиленген гуанидиннен және хлогексидиннен негізіндегі: полисепт, демос, биор, лизетол, фугоцид және т.б.
Жіңішке спектрлі бактериоцидті белсенділік пен тіркеме нәтижесімен ерекшеленеді. Осы байланыстар бактериялардың ара қатынасында белсенді, басқа туберкулездің микобактерияларында, бірақ вирустарға, саңырауқұлақтарға, спораларға белсенділік көрсетпейді. Олардың мінездемелік ерекшеліктері – өңделген қабықша бетінде құрылу, қалдық ұзақ бактерицидті әсерді қамтамасыз етеді.
Инвентарьға төмен токсикалық әсеріне байланысты, ең ыңғайлы препараттардың санына жатады.
Фенолды: амоцид, резорцин, трикрезол, ферозол, резорцин, бензонафтол, ваготил және т.б. Бактериоцидті, спорацидті және фунгицидті әсер көрсетеді. Теріні тітіркендіреді жаққан жерге тез сіңеді, токсикалық. Антисептик ретінде стоматологияда тамырлы каналды және тіс пульпасының некротизациясын өңдеуде қолданылады. Ваготил жергілікті бактерицидті және трихомонацидті әсер көрсетеді. Резорцин антисептик ретінде фенолдан кем. Аз концентрацияда кератопластикалық, ал көп мөлшерде кератолитикалық және күйдіргіш әсер көрсетеді.
Бірақта бұл топ вирустар және бактериялардың спор түрлеріне белсенді емес.
Органикалық қышқылдар медициналық мекемелерде гемодиализді аппараттардың дезинфекциясы үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар перокси қышқылдардың антимикробтық қасиетін зерттеуде, аз концентрацияда перпарат оныі негізінде жоғары бактерицидті әсер көрсетеді.Кең қолданылмайды.
Қазіргі күнде химиялық дезинфекцияға кешенді әмбебап шешім жоқ. Әрбір топ құралдары – бұл күшті және әлсіз жақ комбинациясы.
Емдік-профилактикалық мекемеде дезинфекция, дезинцекция, дератизация заттарының Мемлекеттік Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі бар дезинфекциялық заттарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
ҚР кең қолданылатын препараттар гигасепт, лизетол, терралин, перформ, октенисепт, октениман, октенидерм, және де біраз белсенді енгізілетін лизоформин және дезэфект. Бұл ретте препараттың біраз үлкен тізбегі толық ақпараттың жоқтығына байланысты сол қалпында талап етілмейді.