Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_2_каз.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
676.35 Кб
Скачать

Ms dos операциондық жүйесі

MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциондық жүйесі – 16-разрядты дербес компьютерлердегі ең кең тараған ОЖ. Ол бір қолданушылылық, біресептік операциондық жүйе болып табылады. Қолданушының негізгі интерфейсі – командалық жол.

MS DOS құрамы

MS DOS операциондық жүйесінің құрамына келесі негізгі модульдер кіреді:

  • Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS);

  • Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record);

  • BIOS кеңейту модулі (IO.SIS);

  • Үзілістерді өңдеу модулі (MS DOS.SYS);

  • Командалық процессор (COMMAND.COM);

  • Жадына жүктелген соң тышқан, CD-ROM т.б. сияқты құрылғылардың жұмысын қамтамасыз ететін файл-драйверлер;

  • Әр түрлі сервистік қызметтер (дисктарды форматтау және т.б.) атқаратын ОЖ утилиттері;

BIOS базалық жүйесі құралдармен байланысты және дербес компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысының жадында орналасады. Операциондық жүйенің бұл бөлігі дербес компьютерге орналастырылған болып болып табылады.

Ол келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • ДК қосылуы кезіндегі аппараттық компоненттердің автоматты тексерілуі;

  • ОЖ бастапқы жүктелуінде блоктың шақырылуы (операциондық жүйе бағдарламасының жадына жүктеу екі кезеңнен өтеді: әуелі бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) жүктеледі де оған басқару беріледі, сосын осы болктың көмегімен – басқа модульдер).

Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) – бұл DOS операциондық жүйесімен әрбір дисктің бірінші секторында орналасқан өте қысқа бағдарлама (512 байтқа жуық). Boot Record жадқа операциондық жүйенің тағы екі модулін жүктейді (io.sys, msdos.sys жүйелік файлдарының), олар DOS-тың жүктелу үрдісін аяқтайды.

BIOS кеңейтілуі бар IO.SIS модулі тұрақты есте сақтау құрылғысындағы BIOS-қа қосымша болып табылады. Ол ОЖ-ні ДК-дің нақты конфигурациясының күйіне келтіреді және жаңа драйверлерді енгізу/шығарудың стандартты емес құрылғыларына қосуға мүмкіндік береді. Үзілістерді өңдеу модулі MS DOS.SYS – файлдық жүйеге қызмет көрсету мен енгізу-шығару операцияларына қатысты қызметтерді жүзеге асырады. Командалық процессор COMMAND.COM – қолданушымен енгізілген командаларды өңдейді.

MS DOS жүктелуі

MS DOS жүктелуі – бұл операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу, оны күйіне келтіру және іске қосу. MS DOS операциондық жүйесі орнатылған компьютердің қоректену блогы қосылған соң, автоматты түрде келесі үрдістер жүзеге асады:

  • ДК тестілеуі (BIOS компьютерді бастапқы тестілеудің бағдарламалар кешенін орындайды);

  • MS DOS-тың жүктелуі (операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу);

  • MS DOS-ты күйіне келтіру (ОЖ-ны күйіне келтіру config.sys және autoexec.bat. файлдарында жазылған командалар бойынша жүзеге асырылады);

ОЖ жүктелгеннен кейін монитор экранында қолданушыға командаларды енгізуге шақыру пайда болады, ол диск аты мен символдардан тұрады:

  1. A:\> немесе C:\>. Бұл DOS-тың командаларды қабылдауға дайын екендігін көрсетеді.

  2. DOS шақыруында ағымдық дисковод пен ағымдық каталог жайлы ақпарат болады.

Мысалы, A:\> - А дисководы:, түбірлік (корневой) каталог:

C:\windows> - С дисководы:, каталог \windows. Осы сәтте ДК жұмыс істеп отырған диск ағымдық деп аталады.

Енгізу және командаларды түзету

Команданы енгізу үшін оны пернетақтадан теріп Enter-ді басу керек. Енгізілген командаларды түзету үшін келесі пернелерді қолдануға болады: Backspace, Delete, Ins, Esc, курсордың орнын ауыстыру пернелері.

Команды общего назначения

VER –версияны тексеру ОС (A:\>VER, Enter-ді басу);

CLS –экранды тазарту (A:\> CLS, Enter-ді басу);

TIME – жүйелік сағаттардың тексерісі мен тузетілуі (A:\>TIME, Enter-ді басу);

DATA – жүйелік күнтізбенің тексерісі мен тузетілуі (A:\> DATA, Enter-ді басу).

Файлдармен, каталогтармен, дисктармен жұмыс істеуге арналған негізгі командалар

Файлдармен жұмыс

  1. Мәтіндік файлдардың жасалуы: A:\>copy con (файл аты) – бұл команданы енгізген соң файлдың жолдарын кезекпен енгізу қажет болады. Әрбір жолдың соңында Enter пернесін басу керек, ал соңғы жолды енгізген соң F6 (немесе Ctrl +Z) және артынан Enter пернелерін басу қажет. Дискта жоғарыда нұсқалған атпен файл пайда болады.

  2. A:\>copy a:\lesson urok (түбірлік каталогтан lesson-ды urok каталогына көшіру); файлын көшіру;

  3. Файлды өшіру: A:\>del less, Enter-ді басу;

  4. Атын өзгерту: A:\>ren lesson conon, Enter-ді басу (аты өзгертілген файл– conon);

  5. Файлды экранға шығару: TYPE пример: A:\>TYPE prim.1, Enter-ді басу;

  6. Біріктіру (файлдарды біреуге біріктіру) COPY_1-файлдың толық аты + 2-файлдың толық аты_3-файлдың толық аты, Enter-ді басу.

Каталогтармен жұмыс

  1. Каталогты жасау: A:\>md urok, Enter-ді басу.

  2. Каталогты өшіру: A:\>rd urok, Enter-ді басу.

  3. Каталогты қарау (каталогтың аты): A:\>DIR, Enter-ді басу.

  4. Ағымдық каталогты өзгерту: A:\>cd urok, Enter-ді басу. A:\urok> (дисковод А:, каталог \urok) пайда болады.

  5. Түбірлік каталогқа ауысу: A:\urok>cd.., Enter-ді басу. A:\> (дисковод A:, түбірлік каталог) пайда болады.

  6. Дисктің каталогтарының тізімінің көрсетілуі: A:\>TREE А: /F, Enter-ді басу.

Дисктармен жұмыс істеу

  1. Бір дисктан басқа дискқа ауысу: С:\ windows >A:, Enter-ді басу, A:\> пайда болады;

  2. Дисктарды форматтау: C:\> format a:, Enter-ді басу;

  3. Дисктағы белгі тапсырмасы: A:\vol, Enter-ді басу;

  4. Белгінің оқылуы: A:\label, Enter-ді басу.