 
        
        - •Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
- •Қарағанды, 2010
- •1 Қосымша информатика түсінігі
- •Ақпарат. Ақпараттың түрлері және қасиеттері.
- •Ақпараттық процестер.Басқару процестерінің ақпараттық негіздері.
- •Ақпаратты кодтау.
- •Ақпарат көлемін анықтау
- •Ақпаратты өлшеу бірліктері.
- •Санау жүйелері;сандарды бір санау жүйесінен екіншіге аудару.
- •Кез келген негізі бар санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аудару.
- •Ондық санау жүйесінен негізі кез келген санау жүйесіне аудару.
- •Сегіздік және оналтылық санау жүйелері.
- •Есепті шығару мысалдары
	
		 
		 
		
		
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: «Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оның құрайтын бөлімдері.Есептеу жүйелері»
Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырушы: Оқытушы Букеева А.С
Қарағанды, 2010
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 2010
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.
ТАҚЫРЫБЫ: «Кіріспе. Информатика пәні, объектілері және оның құрайтын бөлімдері.Есептеу жүйелері»
МАҚСАТЫ: Информатикамен ғылым ретінде танысу, ақпарат түрлері мен қасиеттерімен, санау жүйелерімен танысу.
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:
- Информатика пәнін және нысанын білу керек; 
- Информатиканы құрайтын бөлімдерін білу керек; 
- Ақпарат анықтамасын білу керек; 
- Ақпараттың түрлерін және қасиеттерін, оны көрсету тәсілдерін білу керек; 
- Ақпараттың өлшем бірліктерін білу керек; 
- Санау жүйелерінің түрлерін білу керек; 
- Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аударуды істей білу керек; 
- Ақпараттың көлемін анықтауды істей білу керек. 
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
- Информатика анықтамасы, пәні және нысаны, құрайтын бөлімдері. 
- Ақпарат анықтамасы,түрлері және қасиеттері. 
- Ақпараттық процестер. 
- Ақпарат түсінігі:Ақпарат көлемін анықтау,негізгі өлшем бірліктері. 
- Санау жүйелері,олардың түрлері.Сандарды бір санау жүйесінен басқаңа аудару. 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:
Сұхбат.
Сабақтақырыбы бойынша материалды талдау. Мысалдарды бірлесіп шығару. (1 Қосымша)
ӘДЕБИЕТТЕР:
- Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с. 
- Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с. 
- 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил. 
- Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с. 
БАҚЫЛАУ:
- Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы. 
- Келесі сұрақтар бойынша сұрау: 
- Информатиканың ғылым ретінде анықтамасы; 
- Информатиканы қандай бөлімдері құрайды? 
- Информатиканың пәні не болып табылады? 
- Информатиканың нысаны не болып табылады? 
- Ақпарат дегеніміз не? 
- Ақпарат түрлерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз. 
- Ақпарат қасиеттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз. 
- Ақпараттық процесстер дегеніміз не, олар қандай негізгі түрлерге бөлінеді? 
- Ақпарат көлемі дегеніміз не? 
- Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз? 
- Алфавит дегеніміз не, алфавиттің қандай түрлерін білесіз? 
- Код анықтамасы. Кодтау дегеніміз не? 
- Санау жүйесі дегеніміз не? Санау жүйесінің қандай түрлері бар? 
- Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару тәсілдері. 
- Есептерді шығару. 
- "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы" хабарламасының ақпраттық көлемі қанша. Бір символ бір байтпен кодталады және крші сөздер бір пробелмен ажыратылады. 
- 12288 биттен тұратын хабарламада неше Кб болады? 
- Хаттың 2 беті бар, әр бетте – 25 жол, әр жолда – 40 символ. Хаттағы ақпараттың көлемін анықтаңыз. 
- Төрт, сегіз символдан тұратын екілік қатарлардың барлық саны қанша. 
- Келесі сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аударыңыз: 
345, 501, 315, 268, 112.
- Келесі сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударыңыз: 
1111111, 1010001, 11100101, 110000111, 111110011.
- Тест-бақылау. 
