Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

Дерттік жүйе - деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда болатын жаңадан қалыптасқан дерттік өзгерістерді дамытып тұратын функциялық құрылымды айтады. Бұл жүйенің мысалы болып, дерттік қасыну рефлексін келтіруге болады. Тәжірибеде егеуқүйрықтардың жұлынында күшейген дерттік қозу генераторын жасанды түрде туындату арқылы дерттік қасыну рефлексін байқауға болады. Бұл жағдайда тәжірибелік жануарлар артқы аяқтарымен қатты қасына бастайды. Уақыт өткен сайын қасыну, тері мен еті жыртылғанына қарамай,

701күшейе береді. Осындай еріксіз қозғалыстар адамдардың да жүйке жүйесінің көптеген дерттерінде кездеседі.

Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән. Мәселен, қояншық ауруына, паркинсонизмге, қорқыныш сезіміне, құбыжық (фантомдық) ауыру сезіміне т.б. ми

қызметінің бұзылыстарына өзінің дерттік жүйесі қалыптасады.

Сайып келгенде, жүйке жүйесінің әртүрлі бұзылыстарында салдарлық эндогендік себепкер ықпалдардың - «күшейген дерттік қозу генераторы-дерттік анықтаушы-дерттік жүйе» қалыптасуы маңызды орын алады. Бастапқы кезінде дерттік жүйе дерттік анықтаушыдан тікелей байланысты дамиды. Сол себептен дерттік анықтаушының белсенділігі артқанда дерттік жүйенің де белсенділігі көтеріледі. Ал, дерттік анықтаушы аластанғанда дерттік жүйеде жоғалады. Артынан дерттік жүйе, анықтаушы аластанса да, қалыптасқан күйінде сақталып қала береді.

Дербес жүйке жүйесінің бұзылыстары

Дербес жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерден тұрады. Симпатикалық жүйкелер омыртқалардың бойында орналасқан тораптардан басталады. Бұл торап жасушаларына жұлынның кеуде және бел бөліктерінің нейрондарынан талшықтар келеді. Парасимпатикалық жүйкелердің орталығы ми бағанасында және жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан. Симпатикалық тораптардан және парасимпатикалық жүйкелердің орталықтарынан аксондар ішкі ағзаларға келеді және олардың жанындағы, іштеріндегі тораптармен синапстық байланыстар құрады. Ішкі ағзалар қарама-қарсы әсер ететін әрі симпатикалық, әрі парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленеді.

Дербес жүйкелік рефлекстердің доғалары жұлында, сопақша және ортаңғы мида түйіседі. Сондықтан орталық жүйке жүйесінің осы бөліктерінің бұзылыстары ішкі ағзалардың қызметтерінің бұзылыстарына әкеледі. Мәселен, жұлыны үзілген жануарларда, қимылдық әрекеттердің бұзылыстарынан басқа, артериялық қан қысымының қатты төмендеуі, жылу реттелістерінің, тер шығарылуының, үлкен

 

және кіші дәрет шығарылуларының бұзылыстары байқалады.

 

Сопақша мида бұзылыстар болғанда көзден жас шығуы,

 

сілекейдің және ұйқыбез бен асқазан сөлдерінің шығарылуы

 

бұзылады. Сонымен бірге, тыныс алу және қан тамырларының

 

қимылдық орталықтарының қызметтері өзгереді.

 

 

Дербес жүйке жүйесінің әрекеттері мидағы торлы

 

құрылымның, гипоталамустың, таламустың және мидың сыртқы

 

қыртысының қызметтерімен тығыз байланысты. Олар дербес

 

жүйке жүйесінің жеке бөліктерінің өзара қатынастарын және

702

дербес жүйкелік, денелік (соматикалық),

ішке

сөлденісті

 

 

 

 

 

 

 

жүйелердің өзара байланыстарын меңгеріп,

біріктіріп

 

тұрады. Сол себептен бұл құрылымдардың өзгерістері ішкі

 

ағзалардың қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.

 

 

Симпатикалық жүйкеленудің бүліністері. Жануарларда

 

симпатикалық жүйкелердің тізбегін, омыртқалар жандарындағы

 

тораптарын отап тастауды толық десимпатизация деп атайды.

 

Осының нәтижесінде көптеген ағзалардың жүйкелік

нәрленісі

 

(трофикасы),

қан

тамырларының

қимылдық

әрекеттері

 

бұзылады. Дененің көптеген жерлерінде қан тамырларының

 

артериолалары кеңіп кетеді, артериялық қан қысымы

 

төмендейді. Жүректің жиырылу қабілеті төмендеуінен оның

 

әлсіздігі дамиды, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері артып

 

кетеді, қуық пен жел ішектің қыспақтары ашылады.

 

Десимпатизацияның

нәтижесінде

тіндер

мен

ағзаларда

 

тотығулық үрдістер азаяды, дене температурасы төмендейді,

 

гипогликемия, лимфоцитопения, нейтрофилез дамиды. Қанда

 

кальций азайып, калийдің мөлшері көбейеді.

 

 

 

Симпатикалық жүйкелердің межеқуаты көтерілуі жоғарыда

 

көрсетілгендерге қарсы бағыттағы өзгерістерге әкеледі.

 

Парасимпатикалық

жүйкеленудің

бүліністері.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі қозымдылығының көтерілуі кейбір адамдарда тұқым қуалаушылықтың ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Бұндай адамдарды ваготониктер деп атайды. Олардың айырша безі мен лимфалық түйіндері үлкейген болады. Бұл адамдарда кезбе жүйкені шамалы тітіркендірудің өзі жүректің тез тоқтауына, аяқ астынан адамның өліміне әкеледі. Бұл жағдайда парасимпатикалық жүйке жүйесі қозымдылығының көтерілуі симпатикалық жүйкелердің межеқуаты жоғарылауымен қабаттасады.

Парасимпатикалық жүйкелердің тітіркенуі сопақша мидағы кезбе жүйкенің (n. vagus) орталығы қозуынан (миға қан қүйылудан немесе өспе өсуінен бас сүйек ішінде қысым көтерілуі кездерінде) немесе жүректе т.б. ішкі ағзаларда кезбе жүйке аяқшаларының өт қышқылдарымен және басқа заттармен •гітіркенуінен дамиды. Осыдан жүрек соғуы сирейді, брадикардия дамиды, артериялық қысым төмендейді,

ішек-қарынның толқи жиырылуы күшейеді, іш өтуі байқалады. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозымдылығы көтерілуі

мына жағдайларда болуы мүмкін:

 

 

● кейбір

заттардың

(калий иондары, В1-витамині, ұйқы

безінен алынған зат

 

- ваготонин, холин,

тұмаудың

вирустары,

бактериялар,

кейбір

аллергендер

т.с.с.)

ацетилхолиннің әсерін күшейтуден;

 

 

кейбір заттардың холинэстераза ферментінің

белсенділігін төмендетуінен. Бұл заттарға соғыс кезінде

703қолданылатын фосфорорганикалық көптеген улы заттар жатады. Осыдан парасимпатикалық жүйкелік түйіспелерде ацетилхолин ыдыратылмай, тым артық жиналып қалады да, адамның өліміне әкеледі.

Парасимпатикалық жүйкеленудің болмауы немесе әлсіреуі.

Бұндай жағдай кезбе жүйкелерді мойында қию операциясынан (ваготомиядан) кейін дамиды. Олар өте ауыр өтіп, жануарлардын өліміне әкеледі. Ваготомиядан кейін:

өкпеден Геринг-Брейер рефлексінің болмауынан тыныстық қозғалыстар тереңдеп, сирейді

көмекейді жабатын еттердің салдануы дамып, жұтыну кезінде тағамның тыныс жолдарына және өкпеге түсуі байқалады. Осыдан адам мен жануарлар жұту кезінде шашалып, өкпелерінде қабыну үрдістері дамиды. Мұндай өкпе қабынуын аспирациялық пневмония дейді

өкпеде тамырларды тарылтатын жүкелік әсер болмауынан онда қан іркіліп, өкпенің ісінуі дамиды. Бұл өкпенің қабынуына әкеледі. Бұндай қабынуды «вагустық пневмония» дейді;

асқазан мен ұйқыбез сөлдерінің бөлініп шығарылуы азаяды. Осыдан ас қорыту бұзылады.

Кезбе жүйкенің жекелеген тармақтарын қию асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы кезінде қолданылады. Бұндай операцияны сегменттік ваготомия деп атайды. Осыдан асқазан сөлінде тұз қышқылы азайып, ойық жара дамуын әлсіретеді.

Жүректің парасимпатикалық жүйкеленуінің бұзылуы бактерия уыттарының (ботулин, күл ауруы), іш сүзегі бактериялары антигендерінің әсерлерінен дамиды.

Парасимпатикалық жүйкелердің жұлынның сегізкөз бөлігінде бұзылуы жарақаттың немесе осы аймақта өспе өсуінің нәтижелерінде байқалады. Осыдан несеп шығарылуы мен үлкен дәрет сындыру, жыныстық қызметтердің бұзылыстары дамиды.

Дербес жүйкелік невроздар. Дербес жүйкелік

жүйкеленудің бұзылыстары кең тараған дерттерге жатады. Бұл кезде әрі парасимпатикалық, әрі симпатикалық жүйке жүйелерінің бұзылыстары біріккен түрде болады. Бүл

жүйкелердің қозымдылығы қатты және ұзақ мерзімге көтеріледі. Осыдан жүректің ырғағы мен соғу жиілігі бұзылады, қан тамырларының межеқуаты құбылып тұрады. Кейбір адамдарда артериялық гипертензия, кейбіреулерінде керісінше, гипотензия, ал басқаларында артериялық қысым өте құбылмалы, біресе жоғарылап, біресе төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайды қан тамырлық дистония деп атайды. Сонымен бірге дербес жүйкелік невроздар кездерінде тер шығуының бұзылыстары, біресе бұрқ етіп тершеңдік, бірде

704керісінше терінің құрғақтығы байқалады. Теріде ақ немесе қызыл дермографизм, ас қорытылудың (іш өтуі, іш кебу, іш жүрмеу) бұзылыстары дамиды.

Ауыру сезімінің патофизиологиясы.

Ауыру адамның өзіндік тұлғалық сезімі. Ауыру деп адамның жандүниесі мен көңіл күйін меңгеретін мидың жоғарғы бөліктері мен ауыру сезімінің арнайы жүйесінің қатысуымен дамитын жанға жайсыз ауыр тұлғалық сезімді айтады. Ол ағзалар мен тіндерді бүліндіретін әсерлер туралы немесе сыртқы орта ықпалдарынан дамыған бүліністер мен дерттер туралы организмге дабыл береді. Ауыруды сезіну жүйесін ноцицепциялық (лат. nосеге - бүліндіру, сереге - сезіну) жүйе - деп атайды. Ауыру физиологиялық және патологиялық болады. Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерден (ыстық температура, жарақат т.т.) адам немесе жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Сол

арқылы

бүліндіргіш әсерлерден сақтанады. Ал туа біткен

немесе

жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің

нәтижесінде ауруды сезбейтін адамдар тіндерінің бүліністерін де байқамайды. Содан адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр қан кетулер т.б. асқынулар дамуы мүмкін.

Патологиялық ауыру ноцицепциялық және оған қарсы жүйелердің арақатынасы өзгеруден дамиды және ол жүрек-қан тамырлары жүйесінде, ішкі ағзаларда, жүйкелік, эндокриндік және иммундық жүйелерде микроциркуляцияның бұзылыс-тарына, дистрофия дамуына, жанның күйзелуіне т.б. құбылыстарға әкеледі. Тым қатты ауыру сезімінің зардабынан организмнің тіршілігіне қатерлі ауыр сілейме (шок) дамуы ықтимал.

Ауыру сезімі шеткері ағзалар мен тіндердің бүліністері

нәтижесінде

немесе

жүйке

жүйесінің

орталық

бөліктерінде

(жұлында

немесе

мида)

пайда

болған

эндогендік

өзгерістерден дамуы мүмкін. Осыған байланысты олардың даму жолдары да әртүрлі болады.

Шеткері тіндердің бүліністерінен дамитын ауыру сезімі және оның даму жолдары.

Ауыру шеткері тіндердің бүліністерінен дамиды. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерді организмде ноцицепциялық жүйе қабылдайды. Бұл жүйенің қабылдағыш, өткізгіш және орталық бөліктері бар.

1. Қабылдағыш бөлігі. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерді теріде, шырыппы қабықтарда, бұлшықеттерде, буындарда, сүйектердің сыртқы қабықтарында, саусақтардың ұштарында, ішкі ағзаларда орналасқан арнайы қабылдағыштар (рецепторлар) қабылдайды. Бұларды

705ноцицепторлар деп атайды. Олар механоноцицепторлар, термоноцицепторлар және хемоноцицепторлар болып бөлінеді. Бұл қабылдағыштар ағзада неғүрлым көп болса, соғүрлым онда ауыру сезімі қатты болады. Мәселен, тістің ұлпасы мен көздің мөлдір қабығында ауыру сезімі қатты сезіледі.

Механоноцицепторлар механикалық әсерлерден қоздырылады және жүйке аяқшалары мембраналарының натрий иондарына өткізгіштігін жоғарлатып, деполяризация туындатады. Осыдан сезімтал жүйке талшықтарында әрекет ету потенциалы пайда болады.

Хемоноцицепторлар химиялық заттардың әсерлерінен қозады. Бұл химиялық заттарға сутегі, калий иондары, ацетилхолин, брадикинин, гистамин, соматостатин, Р-заты т.б. жатады. Оларды ауырудың медиаторлары деп атайды. Бұл

заттарға хемоноцицепторлардың сезімталдығы ПГЕ1, ПГЕ2, ПГF2 түрлес простагландиндердің әсерлерінен қатты көтеріледі. Сондықтан простагландиндердің түзілуін шектейтін дәрідәрмектер (аспирин, амидопирин, анальгин т.с.с.) ауыру сезімін азайтады.

Сонымен бірге, бүлінген жүйке талшықтары көптеген әсерлерге өте сезімтал болады. Мәселен, неврома әртүрлі механикалық, температуралық, химиялық әсерлерді қатты сезінеді. Сондықтан бұл кезде организмнің өзінің ішкі жағдайы, көңіл-күйінің өзгерістеі қатты ауыру сезімінің ұстамаларымен қабаттасуы мүмкін.

2.Өткізгіш бөлігі. Ауыру сезімін қабылдағыштардан

серпіндерді өткізетін арнайы жүйке талшықтары болады. Бұл талшықтар екі түрлі болуы мүмкін:

біріншісі, миелин қабығы бар жуан - А талшықтары, серпіндерді секундына 4-3 метр жылдамдықпен өткізеді;

екіншісі, миелин қабығы жоқ, жіңішке - С талшықтары, серпіндерді секундына 0,4-2 метр жылдамдықпен өткізеді.

Көрсетілген жүйке талшықтарының өткізу жылдамдығына

байланысты ауыру

туындататын

тітіркендіргішке

жауап

ретінде

адам алдымен белгілі жерге орналасңан өте қатты

алғашқы

ауыруды,

ал

артынан

орналасқан жері

толық

анықталмаған сәл бәсең

екіншілік ауыруды сезінеді. Бірінші

 

сезім А түрлес талшықтармен шапшаң түсетін серпіндерге

 

жауап болса, екіншісі С-талшықтарымен түсетін шабан

 

серпіндерінің әсерлерінен дамиды.

 

 

 

 

 

 

3. Орталық бөлігі. Адамда ауыру сезімі мида

 

қалыптасады. Ноцицепторлардан ауыру туындататын серпіндер

 

жұлынға түсіп, одан жұлын-таламус жолымен сопақша және

 

ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл

 

ядролардан серпіндер мидың сыртқы қыртысына тарайды, онда

 

серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі.

706

Сонымен

бірге, ноцицепторлардан

шыққан

серпіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сопақша ми мен ортаңғы ми деңгейлерінде торлы құрылымға,

 

таламустың ядроларына, мидың сыртқы қыртысына, лимбикалық

 

жүйенің

нейрондарына

тарауы

 

мүмкін.

Осыдан

ауыру

 

туындататын

серпіндердің

әсерлерінен

 

ауыру

сезімімен

 

қатар, қорқыныш, үрей

т.б.

эмоциялық

сезімдер

пайда

 

болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан

 

шыққан

серпіндердің

біразы

олардын

мотонейрондарына

 

ауысып, аяқ-қолды бүгетін бұлшықеттердің жиырылуына әкелуі

 

мүмкін. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге

 

жауап ретінде адам мен жануарлар олардан аяқ-қолын тартып

 

алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің біршамасы жұлын

 

мен сопақша ми деңгейлерінде дербес жүйкелік жүйкелердің

 

миға бағытталған нейрондарына өтеді. Осыдан ауыру

 

туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде дербес жүйкелік

 

рефлекстер (мәселен, қан тамырларының жиырылуы, беттің

 

бозаруы, көз қарашығының кеңуі т.б.) дамиды.

 

 

 

Қорыта

келгенде,

ауыру

туындататын

серпіндерді

 

сезінуде мидың көптеген құрылымдары қатысады және олар

 

ноцицепциялық жүйе деп аталады. Егер серпіндердің ағымын

 

осы жүйенің

бір бөлігінде бөгесе, онда ауыру сезімі

 

азаяды. Осы жолмен ауыру сезімін наркоз беру арқылы

 

жоғалтуға болады. Эфир синапстарда қозудың өтуін тежейді,

 

мидың торлық құрылымының белсенділігін әлсіретеді. Содан

 

ол ноцицепторлардан орталық жүйке жүйесіне түсетін

 

серпіндерді азайтады. Шеткері тіндердің бүліністерінен

 

дамитын ауру сезімі пайда болуын түсіндіру үшін Р. Мелзак

 

ұсынған «қақпа механизмі» жорамалы көңілге қонымды. Бұл

 

жорамал бойынша ауыру сезімі ноцицепторлардан серпіндердің

 

миға белгілі мөлшерден артық түсуінен болады. Ауыру

 

туындататын серпіндердің миға өтуі жұлында «қақпа

 

механизмімен» реттеліп тұрады. «Қақпа механизмі» деп ауыру

 

туындататын серпіндердің, жұлында, жүйке жасушаларының

 

жиынтығынан

тұратын,

 

іркілдек

желатиналық

заттың

 

(substantio

gelatinosa)

қатысуымен,

жұлын арқылы

миға

өтуін қадағалайтын заңдылықты ұғады. Бұл заттың нейрондары жуан және жіңішке жүйке талшықтарымен өтетін серпіндердің өтуін қадағалайды. Бұл жүйке талшықтары жұлынның артқы мүйіздерінің нейрондарымен және желатиналық заттың нейрондарымен синапстық байланыстар құрады. Бүл кезде жуан жүйке талшықтарымен түсетін серпіндер, желатиналық заттың нейрондарын қоздырады, ал жіңішке жүйке талшықтарымен түсетін серпіндер оларды, керісінше, тежейді. Жорамал бойынша жұлынның артқы мүйізінің нейрондарына серпіндердің

707тым жиі түсуі ауыру сезімін туындатады. Ал, желатиналық заттың нейрондары жұлынның артқы мүйіз нейрондарына серпіндердің түсу жолдарын ашып-жауып тұратын қақпа

міндетін

атқарады. Жуан жүйке талшықтарымең түсетін

серпіндер

желатиналық

заттың

нейрондарын

қоздырып,

жұлынның

артқы мүйіз нейрондарына

олардың түсуін

тежейді.

«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды. Жіңішке жүйке талшықтары қозғанда желатиналық заттың нейрондары тежеледі, ноцицепциялық серпіндер жұлынның артқы мүйіз нейрондарына оңай өтіп кетеді де, ауыру сезімі пайда болады немесе күшейеді. «Қақпа» ашық болады.

Сонымен ноцицепциялық тітіркендіргіштерге жұлын бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мидың торлы құрылымы, мезоэнцефалиялық аймақ, таламус, лимбикалық жүйе, мидың сыртқы қыртысы жауап қайтарады. Ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жүйке әрекеттері түрлерінің, адамның көңіл-күйі жағдайларының маңызы үлкен. Адам өзінің ынта-жігерін, назарын басқа жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.

Жүйке жүйесінің орталық бөліктерінен дамитын ауыру

 

сезімі және оның даму жолдары.

 

Кейде

организмнен

әртүрлі

себептермен

кесіліп

тасталған мүшелердің (аяқ, қолдың) бар сияқты болып ауыруы (құбыжық (фантомдық) ауыру), сезімтал жүйкелері үзілген немесе кесілген мүшелердің ауыруы байқалады. Бұндай ауыру сезімдерін шеткері тіндердің бүліністерімен түсіндіруге болмайды. Өйткені бірінші жағдайда ауыратын мүше жоқ болса, екінші жағдайда ОЖЖ-не бағытталған сезімтал жүйке талшықтары үзілген. Бұндай ауыру сезімдерінің дамуын түсіндіру үшін Г.Н.Крыжановский (1980) күшейген дерттік қозу генераторы мен дерттік ауыру жүйесі қалыптасу қағидасын ұсынды. Бұл жорамал бойынша патологиялық ауыру сезімі ауыру туындататын жүйеде күшейген дерттік қозу генераторының пайда болуынан дамиды. Бұл генератор белсенділігі қатты көтерілген нейрондардың жиынтығынан тұрады және, ешбір сырттан болатын әсерсіз-ақ, өз бетінше белсенділігін арттыра алады. Ноцицепциялық жүйенің белгілі

бір бөлігінде пайда болған алғашқы генератор ауыру сезімі жүйесінің басқа құрылымдарын жұмылдырып, ауырудың дерттік жүйесін қалыптастырады. Осыдан ауыру сезімінің орталық тетіктері бойьшша күтпеген жерден, ешбір сыртқы әсерсізақ, оның ұстамалары пайда болады. Күшейген дерттік қозу генераторы ауыру туындататын жүйке жүйесінің орталық бөліктерінде (жұлында немесе мида) орналасуы мүмкін. Оның пайда болу жолдарында:

● шеткері жүйкелерден (невриттер, жүйке талшықтарының

708миелин қабығы жоғалуы, жүйкелердің жарақаттануы кездерінде т.т.) жұлын мен мидағы орталықтарға бағытталған серпіндердің артық түсуі;

ауыру туындататын жүйенің нейрондарында тежелудің біріншілік тапшылығы күшейген дерттік қозу ошағын туындатады. Бұндай жағдай жануарлардың жұлынының артқы мүйізіне пенициллин, сіреспе уытын, стрихнин т.б. тежелу үрдісін бұзатын заттар енгізгенде байқалады;

күшейген дерттік қозу генераторы пайда болуының үшінші бір себебі болып, сезімтал жүйкелердің жартылай кесілуі (деафферентациясы) есептеледі. Мәселен, жанбас жүйке талшықтарының кесілуінен алдымен жұлынның артқы мүйіздерінің, артынан мидың сыртқы қыртысы мен таламус ядроларының қалыпты тежелуден шығып кетуінен олардың белсенділігі мезгіл-мезгіл, ұстамалы түрде, көтеріліп

тұрады.

Жұлынның артқы мүйіздеріне тырыспа-селкілдек туындататын әртүрлі химиялық заттармен әсер ету арқылы онда күшейген дерттік қозу ошағын алуға болады. Бұл кезде, әсер еткен заттың түріне қарамай, ауыру сезімі пайда болады және үштармақ жүйкенің орталығында, таламустың ядроларында күшейген дерттік қозу ошақтары қалыптасады.

Көрсетілген күшейген дерттік қозу ошақтарына өте аз

мөлшерлерде

тежегіш

медиаторларды

(глицин,

ГАМҚ)

енгізгенде

ауыру

сезімі

жоғалады.

Осындай

әсерді

кальцийдің

шабан

өзекшелерінің тежегіштерін (верапамил

т.т.) енгізу арқылы алуға болады. Сонымен бірге, тырыспаселкілдек ұстамаларына қарсы қолданылатьш дәрі-дәрмектер (дифенингадантонин, карбамазепин т.б.) ноцицепциялық жүйеде күшейген дерттік қозу генераторын әлсіретіп, ауыру сезімін жоғалтады.

Антиноцицепциялық жүйе.

Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе бар. Ол жұлында және мидың барлық бөліктерінде орналасқан және патологиялық ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған. Оның әсері әлсірегенде тіпті боларболмас ауыру туындататын ықпал қатты ауыру сезімін

туындатады.

Антиноцицепциялық жүйенің әлсіздігінде оны күшейтетін қосымша ықпал қажет болады. Сол себептен мидың антиноцицепциялық құрылымдарын электрмен тікелей демеу арқылы ауыр патологиялық ауыру сезімін жоғалтады. Көптеген ауру сезімін азайтатын дәрі-дәрмектер (аналгетиктер),

 

ноцицепциялық

нейрондардың

синапстары

арқылы

қозу

 

үрдісінің өтуін бөгеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің

 

белсенділігін көтереді.

 

 

 

709

Дененің белсенді

нүктелерін (инемен)

қоздыру

да

 

 

 

 

 

 

 

осындай жолмен ауыру сезімін жоғалтады. Электр ағынымен

 

жұлындағы «қақпа механизмін» сергіту арқылы шеткері

 

тіндердің бүлінуінен пайда болатын ауыру сезімдерін

 

азайтуға болады.

 

 

 

 

 

 

Антиноцицепциялық

жүйенің

әрекеті эндогендік жүйкелік

пептидтер мен медиаторлардың қатысуымен болады. Олардың ішінде апиындық жүйкелік пептидтердің маңызы өте үлкен.

1973 жылы мида және жұлында радийбелсенді изотоптармен таңбаланған морфинді, апиынды т.б. байланыстыратын арнайы рецепторлар болатыны ашылды. Бұл рецепторлар «апиындық рецепторлар» деп аталынады. Морфин мен оған сәйкес заттар бұл рецепторлармен байланысса, ауыру туындататын медиаторлардың шығарылуы азаяды және ноцицепциялық серпіндердің миға өткізілуі тежеледі. Осыдан ауыру сезімі азаяды. Апиындық рецепторлардың болуы организмнің өзінде морфинге сәйкес эндогендік заттардың өндірілетінін көрсетеді. 1975 жылы осындай заттардың мида (гипоталамус пен гипофизде) өндірілетіні дәлелденді. Бұл заттар эндорфиндер (эндогендік морфин) деп аталады. Олар олигопептидтер (шағын пептидтер). Артынан осындай олигопептидтердің басқа түрлері ашылды және энкефалиндер деп аталды. Қазіргі күні эндорфиндердің бірнеше түрлері белгілі: бетаэндорфиндер, динорфиндер, неодинорфиндер, энкефалиндер т.б.

Бұл олигопептидтер қан мен жұлын сұйығына түсіп, ноцицепциялық серпіндердің миға өтуін тежейді. Оларды байланыстыратын апиындық рецепторлар да әртүрлі болатыны белгілі: (мю, сигма, дельта, епсилон, каппа) рецепторлар. Морфин негізінен мю - рецепторларымен, энкефалиндер - дельта - рецепторларымен, бета-эндорфиндер - епсилон - рецепторларымен, динорфин мен неодинорфиндер - каппа - рецепторларымен байланысады. Осылардың нәтижесінде ауыру сезімі азаяды немесе жоғалады.

Егер адамда апиындык, рецепторларды олигопептидтермен байланыстырмай басқа заттармен (налоксон) алдын ала бөгеп тастаса, онда ауыру сезімталдығы қатты күшейеді.

Солармен қатар, ауыру сезімін мына заттар азайтады.

полипептид – нейротензин ОЖЖ-нде көптеп түзіледі және өте қуатты ауырусынуды басатын зат болып есептеледі.

серотонин біршама ауырусынуды азайтатын әсер етеді. Сопақша мидың серотонинергиялық нейрондарының ауыру туындататын серпіндерді тежейтін қабілеті бар

адреналин ауырусынуды басатын әсер етеді. Мәселен,

 

жарақаттанған немесе жараланған адамдар.еттің

қызуы

 

кезінде ауыру сезімін байқамайды.

 

710

Ауыру сезімінің түрлері.

 

 

 

 

Ауыру сезімі біріншілік және екіншілік болатыны

 

жоғарыда келтірілді. Көптеген дерттер кездерінде

ішкі

ағзаларда орналасқан ауыру сезімі байқалады. Мұндай ауыру сезімін висцералдық (ағзалық) ауыру деп атайды. Бұл ауыру белгілі бір жерге орналаспай, бүкіл іш қуысына тараған болып келеді және көңіл-күйдің қатты қобалжуымен, адамның тұнжырауымен, дербес жүйке жүйесі әрекеттерінің өзгерістерімен сипатталады.

Іш қуысы ағзаларының, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе, жүрек, ми тіндерінің механикалық тітіркендіргіштерге ауыру сезімталдығы болмайды. Ал, бұларға шажырқай, іргелік іш пердесі мен өкпеқап, коронарлық артериялар, жүрек қабы қатты ауыру сезімімен жауап қайтарады.

Ішкі ағзалардың ауыруы мына жағдайлардан байқалуы мүмкін:

қанайналым бұзылыстарынан (жүрек ұстамасы, ми тамырларының қатты жиырылуы немесе тым кеңуі, шажырқай мен бүйрек артерияларының тромбозы т.б.);

тегіс салалы еттердің жиырылуынан (асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, холецистит, энтерит, колит т.б.);

қуыс ағзалар қабырғаларының (өт қабының, бүйрек түбекшелерінің, несеп жолдарының) керіліп кетуінен;

қабынудың іргелік іш пердесіне, өкпе қабына тарауынан.

Ішкі ағзалардың дерттерінде басқа жерлерге жаңғырыққан ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Мәселен, жүрек қыспасы кезінде ауыру сезімі сол жақ жауырында, сол қолда, иықта, тісте т.б. жерлерде орналасуы ықтимал.

Өт қабы керілгенде ауыру сезімі жауырын аралық жотада, несеп жолдарында тас тұрып қалғанда — белде, шапта орналасуы мүмкін. Бүлінген ішкі ағзалардан серпіндер жұлынның артқы мүйізі нейрондарына түседі. Бұл нейрондарға терінің сезімтал жүйке талшықтары аяқталады. Сондықтан ішкі ағзалардан түскен серпіндер жұлынның артқы мүйіз