
- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
- •I. Анатомиялық жіктелуі
- •2. Этиологиялық жіктелуі
- •3. Клиникалық жіктелуі
- •Шап арнасының анатомиясы
- •Шап жарығының түрлері
- •1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу тәсілдері
- •1.3. Кіндік жарықтары - Hernia umbilicalis Жарықтың түрлері. Кіндік бауының жарығы. Балалардың, ересектердің кіндік жарығы
- •1.5. Диафрагманың жарықтары (Hernia diaphragmatica)
- •1.6. Іш жарықтарының асқынулары (сыртқы жарықтар)
- •II- тарау. Асқазан және ұлтабар ішегінің аурулары
- •2.1. Асқазан және ұлтабар ішегінің ойық жаралы аурулары
- •2.2. Ойық жаралы аурудың асқынулары
- •Асқазан ойық жарасынан қан ағуын басқа себептерден айыру
- •2.3. Асқазанның ойық жаралы ауруын
- •Ойық жара ауруын хирургиялық тәсілмен емдеудің қажеттілігі мен тарихы. Хирургиялық емнің түрлері , жетістіктері мен кемістіктері
- •2.5. Ішек қарынның даму ауытқулары - (аномалиялары).
- •III-тарау. Ішек аурулары
- •3.1. Жедел аппендицит (appendicitis аcuta)
- •3.2. Созылмалы аппендицит Созылмалы аппендициттің симптомдары және диагнозы Науқасты емдеу
- •3.3. Ішектің жедел түйілу аурулары (ileus) Ішек түйілуінің симптомдары. Диагнозы және дифференциальды диагнозы. Ішек түйілуін емдеу және аурудың нәтижелері.
- •3.4. Тоқ ішектің аурулары
- •3.5. Ащы ішектің аурулары
- •3.6. Ішек қан тамырларының тромбоэмболиясы
- •IV-тарау. Бауыр, өт, ұйқы бе3і аурулары
- •4.2. Бауыр эхинококкозы (Echinococcus hepaticus) Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз ауруының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры
- •4.3. Үйқы безінің аурулары
- •Созылмалы панкреатит
- •4.5. Ұйқы безінің кистасы және жыланкөзі
- •4.6. Ұйқы безінің ісіктері
- •4.7. Ұйқы безінің ауруларын айыру
- •V – тарау. Жайылмалы іріңді перитонит (Peritonitis purulenta diffusa)
- •5.1. Аурудың себептері мен жіктелуі, клиникасы мен диагнозы, емдеуі және ақыры
- •5.2. Қоршалған перитониттер (абсцесстер)
- •VI – тарау. Өңештің аурулары мен жарақаттары
- •Өңештің анатомиясы мен физиологиясы
- •6.2. Өңеш ауруларының жіктелуі және жеке түрлері
- •1) Өңештің туа пайда болатын аурулары
- •2) Өңештің қабыну аурулары
- •5. Өңештен кан ағуы
- •6.3. Өңештің жарақаттануы
- •Өңеш ауруларын басқа аурулардан айыру
- •VII - тарау. Қалқанша бездің аурулары
- •7.1. Эндемиялы жемсау және тиреотоксикоз. Эндемиялы жемсаудың этиологиясы мен патогенезі. Диагнозы мен емі. Тиреотоксикоз. Симптомдары. Диагнозы мен емделуі
- •7.2. Диффузды улы жемсау
- •7.3 Қалқанша безді тексеру тәсілдері
- •VIII - тарау. Сүт бездерінің00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 аурулары
- •VIII – тарау. Сүт бездерінің аурулары.
- •8.1. Cүт бездерін тексеру тәсілдері
- •8.2. Сүт безінің қабынуы –мастит (mastitis)
- •Іх-тарау. Өкпенің және кеуде көк етінің қабыну аурулары
- •9.1.Кеуде және көк етінің анатомиясы мен физиологиясы
- •9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері
- •9.3. Кеуденің жабық жарақаттарының асқынулары
- •9.4. Спонтанды пневмоторакс ("себепсіз")
- •9.5. Өкпе абсцессі
- •9.6. Бронхэктазия ауруы
- •9.7. Өкпе кисталары
- •9.8. Өкпенің эхинококк ауруы
- •9.9. Өкпе кан тамырларының тромбоэмболиясы
- •Х-тарау. Қан тамырларының аурулары
- •10.1. Облитерациялы эндоартериит, аурудың этиопатогенезі, симптомдары мен диагнозы, емдеу тәсілдері
- •Тромбооблитерациялы ауруларды емдеудің жалпы принциптері
- •10.3. Тромбофлебит және флеботромбоз
- •10.4. Тромбофлебиттен соңғы синдром
- •10.5. Кан тамыры ішінде қанның ұю механизмі мен себептері
- •Хі-тарау. Тік ішектің аурулары
- •11.1. Парапроктиттер және тік ішектің жыланкөздері
- •11.2. Құйымшақтың эпителиалды жолдарының іріңді аурулары
- •11.3. Геморрой - Vazices haemorrhoidales
- •11.5. Тік ішектің түсуі— prolapsus recti
- •Карағанды мемлекеттік медицина академиясы Жалпы хирургия кафедрасы
- •Кураторлық науқаснама
- •I. Жалпы мағлұматтар
- •II. Аурудың басталу анамнезі
- •III. Науқастың ғүмырының анамнезі
- •IV. Обьективті тексерістермен аныкталатын көріністер
- •V. Аурудың диагнозы және оны дәлелдеу
- •VIII. Анықталған ауруды емдеу шаралары жеке қағазға жазылады
- •Хирургиялық аурулардың диагнозын анықтау және оларды емдеу туралы тесттік сұрақтар
- •Өкпенің және кеуде көк етінің қабыну аурулары.
- •Тестік сұрақтардың жауаптары.
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •6.4. Өңеш ауруларын басқа аурулардан айыру................................181
- •10.1.Облитерациялы эндоартериит,аурудың этиопатогенезі, симптомдары мен диагнозы, емдеу тәсілдері…………………………231
VIII. Анықталған ауруды емдеу шаралары жеке қағазға жазылады
I.. Операцияның қажеттілігі (қандай) немесе қажетсіздігі. Қажетті жансыздандыру тәсілі. Ауруды операцияға даярлау (ішек-қарынды, ауызды, жүректі, наркозға дайындау. Қан құю және оған дайындық. Тобы, резусы, даярланған күні, сапасы, құйылған мөлшері, қанға реакция.
Жасалған операцияның аты (анестезия, тілік, не табылды, не орындалынды, оператордың аты-жөні, ассистент, анестезиолог, операцияның орындалу уақыты. Операциямен алынған мүшені немесе тінді қасиеттеу.
I. Эпикриз
Аурудың ағымы, орындалған тексерістер, анықталған диагноз. Қолданылған емдеу және оның нәтижесі. Байқалған асқынулар.
Науқастың емханадан шығарылғандағы жағдайы. Аурудың болжамы, денсаулығының айығуы және жұмыс қабілетінің түзелуі. Ауру адамға дәрігерлік кеңес.
Хиурургиялық ауруларды тексеру ерекшіліктері.
Аурудың анықтауға бағытталатын тексерістер келесі 3 бағытта орындалады:
Қандай мүше зақымдалған және оның жағдайы қанша бұзылған.
Аурудың себебін және даму механизмін анықтау.
Ағзаға көрсететін аурудың әсері қандай.
Науқасты тексерумен анықталған жауаптар науқаснамаға тіркеледі. Науқаснама- емдеуге, білімге, сотқа өте маңызды құжат. Ол таза, анық, еш бір қысқартусыз жазылуға тиісті.
Хиуругиялық аурулардың науқаснамасы келесі тексерістермен анықталатын хабарлар негізінде толтырылады.
Сұрау- белгілі сұрақтарға жауап алу негізінде, дәрігер аурудың белгілі көріністерін іздестіреді.
Тексеріс науқас адамның шағымдарын анықтаудан басталады. Әрбір шағымның барлық ерекшіліктері толық анықталады. Мысалы-шағым дене ауыратындығына болса, оның орнын, басқа орынға шабуын, пайда болған уақытын, тұрақтылығын, күшін және ерекшілігін, қайталануын және қайталану арасындағы мерзімін, ауыр жұмыспен байланысты немесе байланыссыздығын, жарақатпен, дене қызуының бұзылуымен т,б, байланыстылығын анықтайды.
Ауру тарихын анықтағанда оның алғашқы көріністерін пайда болған уақытты, одан бергі өзгерістері, пайдаланылған емнін түрі (хирургиялық, санаторлық, амбулаторлық) және олардың нәтижесі.
Аурудың қолындағы медициналық құжаттар тексеріледі (куәліктер, науқаснама көшірмесі, қан, зәр тексерістері, рентгенмен тексеру нәтижелері) науқаснамаға көшіріліп жазылады.
Аурудың өмір тарихын, оның биографиялық хабарларын толық анықтаумен (тууы, өсуі, тұрмыс және жұмыс ерекшіліктері, тағамдануы, аллергиялық жағдайы). Бұдан соң объективті тексеріске көшеді- көру, сыйпау, тыңдау, дене қызуын анықтау.
Қарау хирург үшін бұл өте маңызды тексеріс, кейде ауру диагнозын анықтауға көмектеседі. Зерттелетін дене толығымен ашылады, ауру жарық орынға орналасады, дененің қарама қарсы бөлімдерінің формасы, өзгерісі қоса анықталады. Мәселен- оң тізені тексергенде, сол тізе де қоса ашылады, тексеріледі. Мүшенің немесе дененің түрін анықтаумен аурудың түрін оның басталған уақытын, асқынуларын айыруға болады. Тексеретін дененің формасы өзгеруі-ісінуі, қабынумен, ісік ауруымен байланысты болуы мүмкін. Ісік формасы, орны, қозғалғыштығы әр түрлі (домалақ, сөпақша, жұмыртқаға ұқсас, ұзынша, цилиндр тәрізді). Дөңгелек ісіктер кисталарда, атеромада, дермоидта «аяғы»- бар ісіктері қатерсіз, ал қатерлі ісіктерде- олардың түбірі кең және жапқыш терінің түсі өзгерген.
Арнайы тексерісер:
Лабораторлы тексерістер:
Клиникалық және биохимиялық тексерістер — қанның формалық элементтерін, гемоглобин мөлшерін, эритроциттер шөгуін, ЭТЖ формалық элементтер және плазма, қанның ұюы және ұюға қарсыжүйелер жағдайы, нәурыз және нәурыз фракциялары, глюкоза, ферменттер, билирубин, мочевина, креатинин, айналымдығы қан мөлшері, айналымдығы плазма мөлшері көрсетеді.
Зәрді тексеру- қатыстық тығыздығы, түсі, реакциясы, нәурызы, қанты, цилиндрлары, торшалар элементтер анықтайды.
Иммунологиялық тексерістер мен торшалық иммунитет факторлары- лимфоциттер мөлшері, Т-В лимфоциттер, иммуноглобиндер (А,М,G), лизоцимдер мөлшері, комплементтер т.б., факторлар анықталады.
Микробиологиялық тексерістер — экссудаттан іріңнен, қаннан, зәрден, қақырықтан миробтар түрін анықтау.
Цитологиялық және гистологиялық тексерістер — операциямен, эндоскоппен алынған тіндер, ісіктің, жараның бетінен, пункциямен алынған сұйықтар тұнығынан алынған заттарды тексеру.
Функционалды тексерістер- мүшелердің жағдайын анықтау үшін орындалады. Бұл үшін электрокардиография, реография, осциллография, спирограмма, электроэнцефалография орындалады.
Рентгенмен тексеру- рентгеноскопия, графия, томография, ангиография, фистулография.
Эндоскопиялық тексеріс-қуыс мүшелердің ішкі бетін көру(асқазан- гастроскопия, ішекті — колоноскопия, плевра қуысын- торакоскопия, іш қуысын- лапароскопия, қолқаны- бронхоскопия, көкіректі - медиастиноскопия, қуықты- цистоскопия т.б.)
Ультрадыбыспен тексеріспен — ультрадыбысты сканнирование, эхолокация, допплерография, өтте, бүйректе тасты, ісіктерді, кисталарды, іштегі абсцесстерді, гематомаларды анықтайды.
Радиоизотопты тексерістер- радиоактивті препараттың ауру мүшеде жиналуына негізделген тексеріс (ісіктер, кисталар, деструкция ошақтары, абсцесстер, қабынулы инфильтраттар).
11.Компьютерлі және магнитті - резонансты томография.
Терінің түсін тексерумен өте маңызды хабарлар алуға болады. Терінің түсі өзгергендігі науқастың жалпы жағдайы туралы және ауруға шалдыққан дене жағдайы туралы мол хабар береді. Бозарған тері дене қан айналысы нашарлығын көрсетсе, цианоз- көгергені- веноздық қан ағыны нашарлағандығын немесе артериалдық қанда от тегі жетіспеушілігін көрсетеді.
Терідегі дистрофиялық өзгерістері (түлеу, жұқару, түктің түсуі) осы аймақтың созылмалы қан айналысының нашарланғаның, ал тері қызаруы- осы аймақтағы қабынуды дәлелдейді.
Тері пигментінің кемістігін мерез, витилиго немесе ал көбеюін аяқтың көк тамырының варикозы, меланоз аурулары береді.
Ісіктің мөлдірлігі қапшықта сұйық жиналуында байқалады.
Дене қызуын анықтау- дене қызуы көтерілуі қабынудың ең басты көрінісі. Тері қызуын қол басын сырттан тигізіп анықтайды.
Денені немесе мүшені өлшеп, оның аумағын анықтайды. Мәселен- ішті өлшеу (асцит-шемен, ісік), аяқ-қолдың көлемі (бұлшық еттің атрофиясы, венозды және лимфалық жетіспеушілік кезіндегі ісіну) өзгеруі.
Пальпация- сыйпау- ыңғайлы жатқызылған ауруды екі қолмен сыйпап тексеру. Дәрігердің қолдары жылы, ауыратын аймақтан алыстау орыннан бастап орындалады. Ауыртпайтын саяз сыйпаудан бастап, мысқылдап тереңдетеді. Пальпация көзбен көргенде анықталған хабарларды толықтандырады. Онымен ісіктің формасы, орны, аумағы анықталады, қатты-жұмсақтығы айырылады, тас, сүйек тәрізді немесе жұмсақ, шикі нандай. Дене бездерін сыйпап тексеру оларды 2-3-4 саусақтармен айналдыра сыйпаумен орындайды. Қабынған бездерді сыйпағанда олардың ауырсынуы сезіледі. Оның аумағы өзгергендігі, тамыр соғуы анықталады.
Сықыр - тері астына бос ауа жиналғанда, анаэробты инфекцияда байқалады.
Пальпациямен кейбір сиптомдар Щеткин-Блюмберг, Ровзинг, Образцов) іш мүшелері қабынуында анықталады.
Аускультация - тыңдау жүрек дыбысын (күшейген, әлсізденген, шуын - систолиялық, диастолиялық), өкпе тынысын-везикулярлы, әлсіреген, қатаң, бронхиальды анықтайды.
Перкуссия- саусақпен ішкі мүшелердің шек аралығын анықтау және қуыстарда қанның немесе іріңнің, ауа жиналғанын, мүшелердің тұрақты орнынан ығысқандығын дәлелдейді. Перкуссиямен бауырдан шығатын дыбыстың өзгеруі немесе жоғалғандығы. Метеоризмде дыбыстың жіңішкергендігі (тимпанит), перитонитте – іште сұйық жиналуынан жуан дыбыс анықталады.