
- •Патологиялық физиология кафедрасы силлабус
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.2 Патологиялық физиология кафедрасы
- •1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •2. Бағдарлама:
- •2.1 Кіріспе
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Оқыту міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары (5 сағат)
- •2.7 Тәжірибелік сабақтардың жоспары (25 сағат)
- •2.7. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (соөж) – 30 сағат
- •2.8. Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына арналған тақырыптар (30 cағ)
- •2.9 Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •2.10 Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері
- •2.10 Студенттердің білімдерін және дағдыларын бағалайтын әдістер
- •1 Этап:
- •2 Этап:
- •2.11 Білім критерийлері және оны бағалау
- •Тест түріндегі қорытынды бақылауды бағалау өлшемі
- •Пән бойынша әріптік –баллдық – рейтингтік бағасы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ «СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС |
Патологиялық физиология кафедрасы силлабус
Пән «Патологиялық физиология»
Мамандық 051303 - «Стоматология»
Сағаттар көлемі - 90 (2 кредит)
Курс - III
Семестр - V
Бақылау түрі - емтихан
Алматы, 2014
Силлабусты доценттер Мырзағұлова С.Е., Рыспекова Н.Н., Жуйко Н.В., оқытушы Т.А.Ким ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесі бекіткен 051303 - «Стоматология» мамандығына арналған жұмыс бағдарламасы негізінде құрылды. (№ хаттама, 2014ж.)
Патофизиология кафедрасы отырысында қайта қаралып, бекітілді. «20»__мамыр_______2014ж., хаттама № 17
Патологиялық физиология кафедрасының
меңгерушісі, доцент Балабекова М.К.
1. Жалпы мәліметтер:
1.1 ЖОО аталуы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1.2 Патологиялық физиология кафедрасы
1.3 Пән «Патологиялық физиология », БДВ 08
1.4 Мамандық: 051303 «Стоматология»
1.5 Оқу сағатының көлемі - 90 сағат (2 кредит)
1.6 Курс және оқу семестрі - 3 курс; 5 семестр
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Дәрежесі |
|
Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы |
профессор |
М.ғ.д. |
|
Балабекова Марина Қазыбаевна |
Кафедра меңгерушісі |
М.ғ.к. |
|
Рыспекова Наталья Николаевна |
Доцент |
М.ғ.к. |
|
Жуйко Нелли Васильевна |
Доцент |
М.ғ.к. |
|
Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна |
Доцент |
М.ғ.к. |
|
Ахмедшина Дания Асхатовна |
Аға оқытушы |
М.ғ.к. |
|
Жүкешева Майя Қанатовна |
оқытушы |
дәрежесіз |
|
Ким Татьяна Александровна |
оқытушы |
дәрежесіз |
|
Момбиева Жанар Таубаевна |
оқытушы |
дәрежесіз |
1.8 Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан жері - № 2 оқу ғимаратының 4 қабатында телефон: 8 (7273) 38-70-90 (ішкі - 79-15)
1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрде қамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.
Міндетті түрде дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, СОӨЖ сабақтарына қатынасу, дәрісті жібергені үшін эссе дайындап, сәйкес аралық бақылауда оны қорғау.
Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).
Аралық бақылауды күнтізбелік жоспарға сәйкес уақтылы тапсыру
Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.