Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

микро

.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
07.05.2015
Размер:
43.47 Кб
Скачать

микроэкономика

Төменгі сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық денгейде қарастырылады:

E)&фирма не және қанша өндіру керек

*****

Микроэкономиканың толық анықтамасын көрсетіңіз:

A)&жеке шаруашылық субъектілердің таңдауының, тәртібінің және өзара байланыстарының себептері мен заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлігі

*****

Пайданы максималдау кімнің қызығушылығымен сәйкес келеді:

A)&кәсіпкердің

*****

Егер тауар сұранымының бағаға байланысты икемділігі нөлге тең болса, ол жағдайда:

B)&тұтынушылар тауардың баға өзгерісіне байланысты сұранымының мөлшерін өзгертпейді

*****

Тауардың бір түріне сұранымның жоғарлауы қандай тауар бағасының төмендеуіне байланысты:

D)&толықтырушы тауардың бағасы

*****

География пәніне арналған оқулық сұранымының жоғарлауына төмендегілердің қайсысы әсер етеді:

E)&тұтынушылардың табысының өсуі

*****

Сұраным мен ұсынымның бірдей мөлшерде төмендеуі мынаған әкеледі:

C)&тепе-теңдік жағдайдағы өткізу көлемінің төмендеуіне

*****

Егер мемлекет Х тауарға тепе-тең бағадан төмен баға - тариф бекітсе, онда:

E)&осы тауарға деген тапшылық пайда болады

*****

Сұраным төмендеген жағдайда, Х тауарының ұсынымы абсолютті икемсіз болса, онда тепе-тең баға:

A)&төмендейді, ал тепе-тең сату мөлшері өзгермейді

*****

Бағаның реттеу ролін түсіндіруде сұраным мен ұсыным қандай жағдайда қолданылуы мүмкін:

D)&кез-келген нарықта

*****

Сұраным қисығының бойымен жылжу …:

B)&тұтынушылардың басқа жағдайлар тұрақты болғанда тауарлардың бағасы өзгеруіне жауапты тәртібін көрсетеді

*****

Тауарға сұранымның жоғарлауы қандай бағаның төмендеуіне байланысты:

C)&осы тауарларды толықтыратын тауарлар бағасы

*****

Сұранымның қиылысу икемділігі ненің неге әсерін білдіреді:

C)&бір тауардың баға мөлшерінің басқа тауардың сұранымына әсерін

*****

Компьютер нарығында баға төмендеген кезде, осыған байланысты тұтыну едеуір жоғарлайды, бұл жағдайда сұраным келесідей сипатталады:

B)&компьютер сұранымы икемді

*****

Өнімге деген тұтынушының сұранымының төмендеуі мыналардың қайсысына себеп болып табылады:

E)&субститутты тауарларға бағаның төмендеуі

*****

Егер екі тауарлар бір-бірін алмастырса, онда бір тауардың бағасы өскен жағдайда, …:

E)&екінші тауарға деген сұраным жоғарлайды

*****

Егер сұранымы бағаға байланысты икемді тауарға баға 7-ден 8 долларға көтерілсе, ондай жағдайда түсім …:

A)&төмендейді

*****

Сән-салтанатты бұйымдардың табысқа байланысты сұранымының икемділігі коэффициенті қандай мөлшерде болады:

B)&1 ден жоғары

*****

Егер тауарға сұраным икемсіз болса және оның бағасы 7-ден 8 долларға дейін өссе, онда оны өткізгеннен түскен табыс…:

B)&өседі

*****

Егер тұтынушы табысы төмендесе, сұраным қисығы …:

A)&солға параллельді жылжиды

*****

Егер Х тауарын шығаруға қажетті шикізаттың бағасы өссе, онда басқа жағдайлар өзгермегенде …

B)&Х тауарының ұсыным қисығы оңға жылжиды

*****

Егер мемлекет Х тауарына тепе-теңдік бағасынан жоғары тариф бекітсе, ол жағдайда…:

B)&тауарлық артықшылық туады

*****

Х тауардың сұранымының төмендеуі . . . байланысты:

B)&Х тауарының субститут тауарларына бағаның төмендеуі

*****

Сұраным мен ұсыным қисықтары қиылысқан нүктесі келесі жағдайды сипаттайды:

E)&бүкіл ұсынылған тауар мөлшерінің толығымен өтуін

*****

Х тауарының усынымы қысқа мерзімде абсолютты икемсіз болса, онда бұл тауарға сұраным өскен кезде, …:

E)&тепе-теңдік баға жоғарлайды, ал тепе-теңдік тауарды өткізу көлемі сол бетінде қалады

*****

Х тауарының усынымы ұзақ мерзімде абсолютты икемді болса, онда бұл тауардға сұраным өссе, …:

B)&тепе-теңдік баға өзгермейді, ал тепе-теңдік тауарды өткізу мөлшері көбейеді

Егер сұранымның қиылысқан икемділігінің коэффициенті нөлден аз болса, “а” және “в” тауарлар …:

A)&комплементарлы

*****

Сұраным өсу күтілген жағдайда сатушының жалпы табысын шектеу үшін квота енгізген тиімді, егер …:

D)&тауарға сұраным икемді болса

*****

Салықтардың өсуі графикалық түрде …:

C)&ұсыным қисығын төмен және оңға жылжытады

*****

Баға бойынша сұраным икемділігінің мәні 0-ге тең болса, сұраным…:

E)&абсолютты икемсіз

*****

Сұранымның бағаға икемділігі қандай тауарға жоғарылау

C)&алтын жүзікке

*****

Егер тауарға сұраным 1 мыңнан 900 бірлікке төмендесе, ал оның бағасы 1,5 доллардан 2 долларға өссе, онда сұранымның бағаға байланысты икемділігі неге тең:

B)&- 0,4

*****

Технологияларды жетілдіру … жылжытады:

C)&ұсыным қисығын төмен және оңға

*****

Егер сұранымның табысқа икемділігі 0-ден жоғары, ал 1-ден төмен болса, онда ол қандай тауарға сәйкес келеді:

E)&қант

*****

Егер сұраным көлемінің пайыздық өзгерісі тауар бағасының пайыздық өзгерісінен аз болса, сұраным баға бойынша …:

C)&икемсіз

*****

Егер MRSxy=const болса, “x” және “y” тауарлары …:

E)&абсолютты алмастырушылар

*****

Егер MRSxy=0 болса, онда бұл игіліктер …:

C)&нейтралды тауарлар

*****

Тұтынушы тепе-теңдігінің жағдайы нені білдіреді:

A)&берілген бюджет шектеуі жағдайындағы жалпы пайдалылықты максималды мөлшерге жеткізу

*****

Егер импорттық тауарға сұраным жоғарласа, импорттық квотаны бекіту неге әкеледі:

A)&баға жоғарлауы ұсыным мөлшерінің жоғарлауына әкелмейді

*****

Табыс бойынша сұраным икемділігі коэффициентінің сандық мәнін қандай мақсатқа қолданады:

B)&тауарларды сапасы деңгейі бойынша жіктеу үшін

*****

Тұтынушының тепе-теңдік нүктесінде …:

D)&бюджет сызығының иілгіштігі талғамсыздың қисығы иілгіштігіне тең

*****

Тұтынушылардың тәртібі теориясы бойынша тұтынушы ең жоғарғы деңгейге қай шаманы жеткізуге ұмтылады:

B)&жалпы пайдалылықты

*****

Тұтынушының табысының төмендеуі графикалық түрде келесідей көрсетіледі:

C)&бюджет сызығының солға паралельді жылжуы

*****

Кардиналистік теорияның негізінде жатқан ерекше қағида:

E)&шекті пайдалықтың төмендеу заңы

*****

Ординалистік теорияның ішіндегі негізгі қағида:

B)&таңдаудың транзитивтік ережесі

*****

Қандай шарттар шекті және жалпы пайдалылықтың арасындағы байланыстарды дұрыс көрсетеді? Егер тұтынудағы игіліктер саны өсіп жатса, онда …:

C)&MU=0 болғанда, TU максималды болады

*****

Жеке тұтынушының рационалды тәртібі қандай мақсатқа бағытталған:

C)&жалпы пайдалықты мейілінше арттыруға

*****

Егер тұтынушының табысы 9 долларға тең болса, ал А тауарының бағасы 1 долларға тең болса, В тауарының бағасы 0,5 долларға тең болса, онда бюджеттік сызықта тауарлардың келесі комбинацияларының қайсысы жатады:

D)&5А және 8В

*****

Егер тұтынушының табысы 8 долларға тең болса, ал А тауарының бағасы 1 долларға тең болса, В тауарының бағасы 0,5 долларға тең болса, онда бюджеттік сызықта тауарлардың келесі комбинациялары жатады:

B)&7А және 2В

*****

Қандай өзгермелі факторға байланысты пайдалылық функциясы құрылады:

D)&тұтынатын тауарлар көлеміне

*****

Бюджет сызығының параллельді орын ауыстыруы ненің әсерінен болады:

B)&басқа жағдайлар тұрақты болғанда, тұтынушы табысының өзгеруінен

*****

Егер “табыс-тұтыну” қисығы жағымды иілген координаттар басынан сыртқа бағытталған болса, екі тауар да …:

B)&екеуі де сапалы

*****

Егер тұтынушы бюджет сызығымен шектелген жазықтан тыс нүктедегі игіліктер үйлесімдерін таңдаса:

B)&бюджетіне сәйкес тауарлар санынан көп мөлшерде сатып алғысы келеді

*****

Қандай пікір дұрыс: Енжарлык кисықтар …:

A)&бір-бірімен қиылыспайды

*****

Жеке пайдалылықты жоғарлату (ұтымдылық принципі) кімнің мүддесіне сәйкес келеді:

D)&тұтынушылардың

*****

Шекті пайдалылық дегеніміз:

D)&қосымша игіліктің жеке тұтынушымен субъективті бағалануы шамасы

*****

Бюджеттік сызығының еңкіштігі тең:

A)&Рх/Ру

*****

Хтауарына ”шектіпайдалылық” ұғымыкелесінібілдіреді:

B)&Хтауарыныңқосымшабірлігінтұтынғандажалпыпайдалылықтың өзгеруініңмөлшері

*****

Тауарларды жоғары және төмен сапалы деп жіктеу үшінанықтаушыфакторретінденеқолданады:

C)&табыс

*****

Жалпыпайдалылық өскенжағдайдажекепайдалылық …:

E)&төмендейді, бірақ нөлден жоғары мөлшерде болуы керек

*****

Келесі пікірлердің қайсысы дұрыс емес:

D)&бюджет қисығындағы барлық нүктелер жалпы пайдалылықтың бірдей мөлшерін көрсетеді

*****

Тұтынушының табысының өсуі графикалық түрде былай көрінеді:

B)&бюджет сызығының паралельді оңға жылжуымен

*****

Бюджет сызығының орнын өзгертуі ненің әсерінен болуы мүмкін:

E)&тұтынушы табыс немесе игіліктер бағалары өзгерген жағдайда

*****

Тұтынушының тепе-теңдігінің графикалық көрінісі дегеніміз:

C)&бюджеттік сызық енжарлық қисығын жанап өткен нүкте

*****

Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы келесі жәйді көрсетеді:

E)&қосымша игілік санын пайдаланған сайын жеке тұлға оның тұтыну қасиеттерін төмен бағалайды

*****

Алмастыру әсері (эффектісі) - белгілі бір тауарға сұранымның өсуі … себебінен:

B)&тұтынушының талғамы өзгергеніне байланысты субститут – тауар ретінде көп тұтынылуы

*****

Табыс әсері (эффектісі) - белгілі бір тауарға сұранымның өзгеруі … себебінен:

C)&сатып алатын тауарларына бағалар төмендеуіне байланысты тұтынушының нақты табысының өсуі

*****

Энгель қисығы нені көрсетеді:

C)&тұтынылатын тауар саны мен табыстың арасындағы байланысты

*****

“Баға-тұтыну” қисығының негізінде қандай қисықты салуға болады:

B)&жеке сұраным қисығы

*****

“Табыс-тұтыну” қисығының негізінде қандай қисық салуға болады:

B)&Жеке сұраным қисығы

*****

Егер тұтынушы бюджеттік сызықпен шектелген жазықтық ішіндегі нүктемен көрсетілген игіліктер үйлесімін таңдаса, ол онда …:

C)&бюджетін толығымен жұмсамайды

*****

Өндіруші тепе-теңдігі нүктесінде:

A)&изокванта изокоста сызығымен жанасады

*****

Өзгермелі фактордың орташа өнімі қалай аталады:

B)&AP=TP/L

*****

Ауыспалы фактордың шекті өнімділігі қалай анықталады:

E)&MP = dTP/dL (d-дельта)

*****

МРL - бұл:

A)&еңбектіңшекті өнімітауарсанындакөрсетілгенмөлшері

*****

Изокостаненікөрсетеді:

B)&өндіріс шығыны тең жұмсалатын екі фактордың үйлесімдерін

*****

Қаржыландыруға бірдей шығындаржұмсалатын өндіріс факторлары үйлесімдерінің әртүрлі варианттарын көрсететін қисық қалай аталады:

A)&изокостақисығы

*****

Бірдей өндіріс көлемін беретін еңбек пен капитал ұстауларының үйлесімдері қисығы қалай аталады:

D)&изоквантақисығы

*****

Қандай шарттар шекті және жалпы өнім арасындағы байланыстарды дұрыс көрсетеді? Егер өзгермелі фактордың саны өсіп жатса, онда:

C)&MР=0 болғанда, TР максималды болады

*****

Изокванта келесіні білдіреді:

A)&өндіріс факторларының әртүрлі ұйлесімдері арқылы шығарылатын өндірістің бірдей көлемінің қисығы

*****

Изокванта қисығы нені көрсетеді:

E)&нақты бір өнім көлемін өндіруге қолданылатын ресурстардың үйлесімдерінің варианттары

*****

Өспелі масштаб әсері келесі жағдайлардың қайсысында болады:

B)&бүкіл қолданылатын өндіріс факторларының саны екі есе көбейсе өнімді шығару көлемі екі еседен жоғары мөлшерде көбейеді

*****

Тұрақты масштаб әсері - бұл:

A)&өндіріс факторлары екі есе артық қолдану арқылы өндірілген өнім 2 есеге көбейеді

*****

Өнім өткізуден MR қалай анықталады:

D)& MR=ΔТR/ΔQ

*****

Өндіріс масштабы өсу әсері ұлғайған қалпында…:

A)& LRAC төмендейді

*****

Өндіріс масштабының өсу әсері кемімелі қалпында болғанда …:

C)& LRAC ұлғаяды

*****

Егер өнім көлемі 220 дана болғанында орташа ауыспалы шығындар 35 теңгеге тең, ал өндіріс жүрмеген жағдайда жалпы шығындар 11000 теңгеге тең болса, онда АТС220 нешеге тең:

C)& 40 теңге

*****

Фирманың негізгі ұйымдастырылу-құқықтық қалыптары бойынша жіктеу қайсысы:

E)& жеке кәсіпкерлік фирма, серіктестік, акционерлік қоғам

*****

Фирманың әрекетінің салалық-кәсіби сипаты бойынша жіктеу қайсысы:

D)& қаржылық фирма, лизингтік фирма, өндірістік фирма, брокерлік фирма

*****

Фирмалардың белгілі бір мақсатта ұйым болып бірігуі бойынша жіктеу қайсысы:

B)& концерн, кортель, трест, корпорация

*****

Фирма жетілген бәсекелі нарықта әрекет етіп жатыр. Оның тұрақты шығындары 5500 теңгеге тең, ал әрбір қосымша өнімге ол 25 теңге жұмсайды. Нарықтық баға 75 теңгеге тең болғандағы қарапайым пайда беретін тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтаңыз:

B)& 110дана

*****

Төмендегі жағдайлардын қайсысында жетілген бәсекелі нарықтағы фирма қысқа мерзімде π >0 түрінде экономикалық пайда алады:

A)& (MR=MC=P) >AC

*****

Ұзақ мерзімдегі бәсекелі фирманың тепе-теңдігін қандай шарт белгілейді:

E)& (P=LRMC) =LRACmin

*****

Қандай ұсыным жетілген бәсекелі нарық сипаттарына жақын:

E)& қаланың сауда орталығында орналасқан гипермаркеттегі сауда

*****

Жетілген бәсеке жағдайында фирманың зиянды минималды деңгейде ұстау жағдайында өнім көлемі қандай шартпен белгіленеді:

C)& (MR=MC=P) <AТC

*****

Төмендегі жағдайлардын қайсысында жетілген бәсекелі нарықтағы фирма қысқа мерзімде қарапайым экономикалық пайда алады:

B)& (MR=MC=P) =AC

*****

Төмендегі жағдайлардын қайсысында жетілген бәсекелі нарықтағы фирма қысқа мерзімде нарықтан шығу туралы шешім қабылданады:

E)& (MR=MC=P) <AC және P<AVC

*****

Төмендегі олигополия үлгілерінің қайсысында бұл нарықтық құрылымға баға тұрақтылығы тән екені сипатталады:

C)& “сынған сұраным қисығы”

*****

Төмендегі олигополия үлгілерінің қайсысында бұл нарықтық құрылымда фирмалар баға құруда бәсекелесінің нарықтық үлесін жобалағанына негізделетіндігі сипатталады:

E)& дуополияның Курно үлгісінде

*****

Жетілген бәсекелі фирманың ұсыным қисығы қысқа мерзімде … көрсетеді:

E)& AFC қисығымен қиылысу нүктесінен жоғары жатқан MC қисығының бөлігі

*****

Монополия жағдайында MR, TR және баға бойынша сұраным икемділігі арасындағы өзара салыстырмалы қатынасын дұрыс көрсетіңіз: баға төмендегенде …:

B)& MR жағымды мөлшерде , TR ұлғаяды, сұраным икемді

*****

Монополия жағдайында MR және баға бойынша сұраным икемділігі арасындағы өзара салыстырмалы қатынасының дұрысын көрсетіңіз:

D)& MR>0 болса, сұраным икемді

*****

Келесі сипаттардың қайсысы жетілген бәсеке жағдайына сәйкес келмейді …:

C)& фирманың өніміне сұраныс қисығы жағымсыз еңкіштеу болады

*****

Кімнің шекті табысы (MR) нарықтағы бағадан төмен болмауы керек:

B)& жетілген бәсекелі нарықтағы фирманың

*****

Табиғи монополиялардың мысалы деп келесіні білеміз:

E)& ”Қазақтелеком”

*****

Келесі анықтамалардың қайсысы “қарапайым пайда” түсінігіне тура сәйкес келеді:

B)& фирма жалпы шығындарын ақтап, өнім көлемін бұрынғы бетінде шығара беруге мүмкіндік беретін пайда мөлшері саладағы фирмалар алатын орташа пайда нормасы

*****

Қысқа мерзімдегі бәсекелес фирманың ұсынымы қисығы - бұл:

D)& орташа ауыспалы шығындар қисығымен қиылысу нүктесінен жоғары орналасқан шекті шығындар қисығының бөлігі

*****

Монополистің жетілген бәсекелі жағдайдағы фирмадан айырмашылығы (өзгешелігі):

A)& өнім көлемін өзгерте отырып нарықтық бағаны бақылай алады

*****

Монополист максимум пайда алу үшін өнім шығарудың көлемін келесі шартқа сүйеніп таңдауы керек:

C)& MC=MR

*****

Төмендегі нарықтардың қайсысы олигополия нарығына жатады …:

C)& алюминий металлдар нарығы

*****

Егер олигополист ең жоғарғы пайда тапқысы келсе, онда ол өндіріс көлемін келесі деңгейде ұстайды:

C)& шекті шығыны шекті табысқа тең жағдайдағы өндіріс көлемі

*****

Егер сіздің фирмаңыз өзінің өніміне бағаны төмендетсе, онда бәсекелестер де соған байланысты өздерінің бағасын төмендете бастаса, ал егер сіз баға көтерсеңіз, онда бірде-бір бәсекелесіңіз оны қоштамаса, онда бұл тәртіп қандай үлгімен сипатталады:

B)& «сынған сұраным қисығы» үлгісі

*****

Егер олигополия нарығында жаңа фирмаларды саладан ығыстыру мақсатында бәсекелестер бірлесіп келісу нәтижесінде нарықтық бағаны төмендетететін болса, бұл жағдай қай үлгіде сипатталады?

E)& кедергі қоятын бағалар үлгісі

*****

Монополистік бәсеке нарығында ұзақ мерзімді тепе-теңдік келесі шарт орындалуына әкеледі:

E)& экономикалық пайданың нөлге айналуына

*****

Ұзақ мерзімдегі монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың тепе-теңдігін қандай шарт белгілейді:

C)& (P=LRMC) = LRAC >LRACmin

*****

Таза монополист фирманың өніміне сұраным немен сипатталады:

E)& икемді

*****

Монополистік бәсеке нарығындағы сұранымның бағаға байланысты икемділігі:

D)& әдетте төмен

*****

Қандай нарықта фирма өзінің тауарының жарнамасына көп көңіл бөледі:

C)& бәсекелі монополистік нарықтағы

*****

Таза монополист фирманың өніміне сұранымы бағаға икемді болса, онда MR және TR қалай өзгереді:

B)& MR нөлден жоғары болада, ал TR өседі

*****

Кімнің шекті табысы (MR) нарықтағы бағаға тең болады:

A)& жетілген бәсекелі нарықтағы фирманың

*****

¦зақ мерзімдік уақыт интервалында қандай шарт орындалмайды:

D)& монополистік бәсеке жағдайындағы фирма әдетте нөлден жоғары пайда табады

*****

Дуополия теориясын ұсынған бірінші экономист:

B)& Огюстен Курно

*****

¦зақ мерзімдегі сұранымның өсуі жетілген бәсекелі салаға қандай әсер етеді:

B)& саладағы шығарылатын өнімдер саны өседі, баға алғашқы деңгейіне дейін түседі

*****

Ұзақ мерзімдегі сұранымның төмендеуі жетілген бәсекелі салаға қалай әсер етеді:

D)& саладағы шығарылатын өнімдер саны азаяды, баға алғашқы қалпына келеді

*****

Қандай шарт орындалғанды таза монополист-фирма максималды пайда табады:

B)& (MC=MR) <P >AC

*****

Қандай жағдайларда табиғи монополист-фирма зияндарын минималды ұстайды:

C)& (MC=MR) =P<AC, бірақ P>AVC

*****

Монополист-фирма өніміне деген сұраным немен сипатталады:

C)& сұраным абсолютті икемді болып табылмайды

*****

Монополистің шекті табысы қалай сипатталады:

C)& MR<P

*****

Монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігінің шарты:

A)& LRMC=MR = LRAC, бірақ LRACmin жоғары болады

*****

Монополистік бәсекелі және жетілген бәсекелі нарықтардың жалпы белгісін көрсетіңіз:

C)& нарықта кіруге кедергілер жоқ

*****

Монополистік бәсеке кезіндегі фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдік жағдайын көрсетіңіз:

A)& (MR=MC) <P>AC

*****

Олигополия …

C)& баға өзгерту тәртібін бәсекелестерге қарап жүргізеді

*****

Олигополиялық нарықтағы фирманың шешімін анықтайтын негізгі фактор болып не табылады:

C)& бәсекелес фирмалардың баға құру тәртібіне тәуелділігі

*****

Олигополиялық нарықтағы баға соғысы қай уақытқа дейін созылады:

D)& P=AC>MC

*****

Өндіріс факторлары нарығындағы сатып алушылардың тәртібін анықтайтын теңдікті көрсетіңіз:

A)& MRP(L) / W = MRPk / Pk

*****

Фирма үшін еңбек ұсынысы:

E)& икемді болады

*****

Пайданы максималдау үшін фирма инвестициялар жасайтын шарты… (мұнда r -инвестицияның өзін-өзі ақтау нормасы, і - қарыз процентінің нарықтық ставкасы, міc -капитал салымдарының шекті құны, R -капитал салымдарының шекті тиімділігі):

A)& r=i

*****

Ұзақ мерзімдегі фирманың жетілген бәсекелі нарықтағы тепе-теңдігінің шартын көрсетіңіз:

E)& P=LRMC=LRACmin

*****

Монополия сұранымын талдауындағы қандай шарт дұрыс:

A)& MR>0, TR ұлғаяды

*****

Қандай шарт дұрыс: егер монополист бағасын төмендетсе, онда ол үшін ...:

A)& Ed>1 болса, TR жоғарлайды

*****

Монополия жағдайында 7000 дана өнім өндірілген кезде 630000 доллар түсім алынды. Пайданы арттыру мақсатында өндіріс көлемі 6500 данаға дейін шектелінсе, түсім 650000 доллар құрайды. Кейінгі көлемдегі монополияның шекті табысы мен бағасы қандай шартпен сипатталады:

C)& P>MR = 40

*****

Олигополия жағдайындағы фирманың шекті табысы 5000 теңге құраса, ал орташа жиынтық шығындары (АТC) да 5000 теңгеге тең болса, онда пайда қандай мөлшерде болады:

A)& нөлден жоғары

*****

Бағалық дискриминация деген не:

E)& бір келкі тауарды жеке тұтынушылар тобына әртүрлі бағалармен сату

*****

Бағалық дискриминацияны жүргізуді мүмкін ететін шартты табыңыз:

B)& тұтынушылар бірі-біріне тауарды қайта сатып жіберуіне мүмкіндік жоқ, берілген бағамен тек өздері ған қолдана алады

*****

Монополистік бәсеке нарығындағы фирманың жарнамасының жоғары тиімділігі қандай жағдаймен анықталады:

A)& жарнама нәтижесінде тауарды өткізу көлемі өскенде қазіргі жарнама шығындары қосылғандағы АС1 мөлшері бұрынғы орташа шығындар АС 0 –ға теңессе

*****

Баға соғысы үлгісі қай нарықтағы фирманың тәртібін белгілейді:

E)& олигополия

*****

Жасанды монополияның негізгі сипатын атаңыз:

B)& салаға жаңа фирмалардың кіруіне қарсы тұру мақсатында аз санды өндірушілердің ауыз байласып бірігіп бағалық және бағалық емес кедергілер жасауы

*****

Салада 3 фирма әрекет етеді, олардың нарықтық үлестері 20%, 30%, 50 %. Осы сала үшін Герфиндаль-Хиршман көрсеткішінің мәнін анықтаңыз:

E)& 3800

*****

Салада 4 фирма әрекет етеді, олардың нарықтық үлестері бір бірінен 8% артық . Осы сала үшін Герфиндаль-Хиршман көрсеткішінің мәнін анықтаңыз:

C)& 2820

*****

Салада 4 фирма әрекет етеді, олардың нарықтық үлестері бір бірінен 4% артық. Осы сала үшін Герфиндаль-Хиршман көрсеткішінің мәнін анықтаңыз:

A)& 2580

*****

Егер олигополиялық нарықта фирманың аллюминий қортпаларының 1 тоннасына баға 500 доллар мөлшерінде орнаса, онда фирма үшін MR …:

B)& 500 доллардан төмен болады

*****

Олигополия дегеніміз нарықтық құрылым. Оның анықтамасына келесілер кіреді:

C)& стандартты өнім өндіретін бәсекелес фирмалардың аз саны

*****

Монополистік бәсеке дегеніміз- нарықтық құрылым. Оның анықтамасына келесілер кіреді:

B)& дифференциалды өнім өндіретін бәсекелес фирмалардың көп саны

*****

Монопсония дегеніміз - нарықтық құрылым. Оның анықтамасына келесілердің қайсысы жатады:

D)& бір ғана үлкен сатып алушы

*****

Егер фирма монополист және монопсонист болған жағдайда келесі шарттар орындалады:

D)& VMP > MRP = MIC > W

*****

Еңбектің шекті өнімінен алынатын табыс - бұл:

A)& MR*MPL (* көбейту)

*****

Шекті өнімнің құны бұл. . .

C)& P*MPL

*****

Пайдасы максималды жетілген бәсеке жағдайындағы фирма жұмыскерлерді мына шарт орындалғанға дейін жалдайды:

A)& MRP=W

*****

Жалақы өскен кезде жеке еңбек ұсынымы қалыптасқанда алмастыру әсері неге әкеліп соғады:

B)& жұмыс сағатын ұзартады

*****

Жалақыны жоғарлатқан кезде жеке еңбек ұсынымына табыс әсері қандай ықпал етеді:

A)& жұмыс сағатын қысқартады

*****

Өндіріс факторларының жалдануы қандай шарт орындалғанда тоқталады:

C)& MRP=MRC

*****

Қарыз пайыз ставкасының жоғарлауы нәтижесінде жинақтар ұсынымының ұлғаюы не себептен жүреді:

B)& алмастыру әсері

*****

Қарыз пайызы ставкасының жоғарылауы нәтижесінде жинақ ұсынымының азаюы…:

A)& табыс әсері

*****

Еңбек ақының дифференцияциясын тудыратын фактор:

B)& еңбек күшінің мамандануы мен білім деңғейі

*****

Атаулы еңбек ақы мен нақты еңбек ақы арасындағы қатынас нені білдіреді:

B)& ақшалай табыстардың төлем қабілетінің өзгеруін

*****

Егер 5 мың долларлық инвестицияның өзін-өзі ақтауының шекті нормасы 10%-ға тең болса, капиталдың нарықтық процент ставкасы 8% болса, онда инвестицияны қаржыландыру үшін қарыз алу тиімді ме:

B)& иә

*****

Капитал нарығының құрылымына кіретін элементті атаңыз:

B)& құнды қағаздар нарығы

*****

Ресурстың иелері дифференциалды рентаны қандай себепке байланысты қолға түсіреді:

C)& ресурс бірліктерінің әр түрлі сапада болуы

*****

Не себептен ресурсқа сұраным қисығы жылжымайды:

E)& осы ресурсқа бағаның өзгеруі

*****

Ресурстардың сұранымы келесілердің қайсысына байланысты емес:

D)& тұтынушының табысына

*****

Қайта өңделмейтін ресурстың иелері абсолютті рентаны қандай факторға байланысты қолға түсіреді:

D)& ресурс ұсынымының абсолютті икемсіздігі жағдайында оған сұраным өскенде

*****

Фирманың жалпы инвестицияларының көлемі 200 мың долларға тең, ал амортизацияныңда мөлшері 200 мың доллар құрайды Бұл жағдайда:

D)& таза инвестициялардың көлемі нөлге тең

*****

Герфиндаль индексі нені анықтауға арналған:

D)& нарықтағы монополиялық биліктің таралуын

*****

Төменгі белгілердің қайсысы нарықта жетілген бәсеке жоқтығын дәлелдейді:

C)& жаңа фирмалардың алдында осы салаға кіруге кедергілер болуы

*****

Жалақы ставкасын көтерген кезде:

A)& егер еңбекке сұраным икемді болса, жұмысбастылық қысқарады

*****

Егер жерді мәшине қоятын аялдама жасауға жалдаса, онда жердің жалдау ақысына қандай негізгі фактор әсерін тигізеді:

B)& жердің орналасуы

*****

Өндіріс факторларының жалдауы қай шартқа келетін деңгейде жүреді:

C)& MRP=MIC

*****

Бәсекелес фирмаға қарағанда монопcонист төлейді:

C)& жұмысшыларды аз жалдап төмен жалақы ставкасын төлейді

*****

МRP дегеніміз:

A)& шекті өнімнің мөлшерінің ақшалық көрсеткіші

*****

МRS(MIC) дегеніміз:

D)& қосымша ресурс жалдау шығындарының мөлшері

*****

Дисконттау дегеніміз-…

B)& ертеңгі инвестиция ретінде пайдаланылған ақша соммасының бүгінгі құнын есептеу

*****

Фирма пайданы көтеру үшін инвестиция деңгейін өсіреді, егер…:

B)& инвестицияны ақтаудың шекті нормасы процент ставкасынан жоғары болса

*****

Жалақыны жоғарлатқан кезде табыс әсері неге әкеліп соғады:

A)& еңбектің жеке ұсынымы көлемінің төмендеуіне

*****

Фирманың жалпы инвестицияларының көлемі 700 мың доллар, таза инвестициялар көлемі 400 мың доллар, бұл жағдайда амортизацияның көлемі…:

A)& 300 мың долларға тең

*****

Қандай жағдайда ұсынылатын жинақ көлемі қарыз проценті ставкасының өсуіне байланысты жоғарылайды:

A)& алмастыру әсері табыс әсерінен жоғары болса

*****

Жердің ұсынымы:

A)& абсолютті икемсіз

*****

Төмендегі аталғандардың қайсысы таза қоғамдық игіліктердің ерекшелігін көрсетеді:

D)& игіліктерге ақы төлегісі келмеген адамдарды игіліктерді тұтынудан ажырату мүмкін емес

*****

Бағада көрсетілмеген, нарықтық операциялардан алынатын пайда мен шығындар қалай аталады:

B)& сыртқы әсерлер