Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ОБЖД 21, 24 билеттер

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
25.89 Кб
Скачать

Емтихандық билет № 21

  1. Жер сілкіну белгілері мен болжау мүмкіндіктері.

  2. Негізгі жою факторлары мен төтенше жағдайлар кезінде олардың нысанаға әсері.

  3. Теріні қорғау құралы және медициналық қорғау құралы

1. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар.

Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

Жер сілкінісінің болжамы мынадай болады:

-        ұзақ уақытты (бірнеше жыл);

-        орташа уақытты (айлар);

-        қысқа уақытты (күндер мен сағаттар).

Болжамның кез келген түрінің тура практикалық бағыты бар:

-        ұзақ уақытты - сейсмикалык ауданда жерді қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкіндік береді;

-        орташа уақытты - авариялық қызметгі дайындыққа келтіріп, материалдық затгарды қорландыруға мүмкіндік береді;

-        қысқы уақытты - аса қауіпті өндірістердің тоқтап қалуынан бастап, халықты көшіруге дейінгі жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшін қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сілкіністерін алдын ала айту, болжап айтушыларды танып-білу негізінде іске асырылады.

2. СҰРАҚТЫҢ НАҚТЫ ЖАУАБЫН ТАППАДЫМ

3. Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады.

Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабынды-майлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

Медициналық қорғаныс құралдары — радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады.

Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін  радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара  және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Емтихандық билет № 24

  1. Сел пайда болу себептері мен түсінігі.

  2. Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің негізгі мақсаттары.

  3. Жою факторларының химиялық және бактериологиялық қарулары.

  1. Сел — тау өзенінің аңгаларында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.Селдің қаупі: оның алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидгротехникалық ғимараттарды қиратып,жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.Сел тасқындарының бастапқы бастапқы факторларының арасында ең алдымен автомобиль және темір жолдарға,көпірлерге,электр беру желілеріне,ғимараттар мен тұрақ жайларға ауылшаруашылық жайылымдарына келтіретін залалды айтуға болады.Бұл жағдайда адамдар қаза болып мал мен егістіктер жойылады,халықтың тіршілігі мен кәсіпорындардың өндірістік экономикалық қызметі бұзылады,мәдени тарихи құндылықтар бұзылады,табиғи ортаға үлкен залал келеді. Сел қаупі оның талқандағыш күшінде ғана емес, сонымен қатар оның кенеттен пайда болуында да. Сел салдары апатты бола алады.

  1. Төтенше жағдай дегеніміз – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай 2-ге бөлінеді: Табиғи сипат - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипат - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақыттында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

  1. Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

Химиялық қару дегеніміз – жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

Соседние файлы в предмете Основы безопасности жизнедеятельности