- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •«Информатика» пәнінің Бағдарламалау бөлімінен дәрістерге арналған
- •1. Бағдарламалау жүйелері туралы жалпы мағлұмат.
- •Есептi эем-де шығарудың негiзгi кезеңдерi
- •2. Turbo Pasсal бағдарламалау жүйесі
- •Turbo Pascal бағдарламалау ортасында жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін қарастырайық:
- •3. Паскаль бағдарламасының құрылымы
- •4. Бағдарламалау жүйесінің негізгі компоненттері. Парадигмалары. Классификациясы.
- •3. Айнымалының алдын-ала анықталған қарапайым типтері
- •1. Шартты оператордың жалпы түрі:
- •1. Параметрлі қайталау операторы (for).
- •2. Циклдік оператордың for-downto түрі
- •1. Шартты алдын-ала тексеру арқылы қайталау жарлығы
- •Шартты соңында тексеру арқылы қайталау жарлығы
- •1. Бір өлшемді массивтер
- •2. Көп (екі) өлшемді массивтер
- •1. Жолдар.
- •2. Стандартты функциялар
- •1. Процедуралар
- •2. Функциялар.
- •1. Мәтіндік файлдар
- •2. Типтік файлдар
- •3.Типтік емес файлдар
- •Рекурсивті деректердің типтері. Байланысқан тізімдер. Стектер. Кезектер. Деректер. Ағаштар. Екілік ағаштардың негізгі амалдары. Жадының динамикалық бөлінуі. Көрсеткіштер.
- •Адрес және сiлтеме.
- •Дк жадысында үйменiң орналасуы
- •Динамикалық жадымен жұмыс атқаратын процедуралар мен функциялар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Есептi эем-де шығарудың негiзгi кезеңдерi
Есептi ЭЕМ-дi пайдаланып шығару алты кезеңнен тұрады:
Есептiң математикалық жобасын белгiлеу;
Есептiң шешу әдiсiн таңдап алу;
ЭЕМ-ң ерекшелiгiн ескерiп, есептi шешу үшiн алгоритм таңдау, құрастыру;
Программалау;
Программа жұмысын ЭЕМ-де тексеру,қалыптастыру;
Есептi ЭЕМ-де автоматты түрде орындау.
2. Turbo Pasсal бағдарламалау жүйесі
Бағдарламалау ортасын сипаттау.Паскаль тілінде жұмыс істеу үшін екі түрлі бағдарламалау ортасы қолданылады: MS-DOS және Windows жүйелері үшін Borland Pascal және Turbo Pascal 7.0. Олар бағдарлама мәтіндерін даярлауға және оларды орындауға арналған. Бағдарлама құру қағидалары (Windows-та графикамен жұмыс істеуден басқалары) ұқсас болып келеді. Turbo Pascal 7.0 ортасының негізгі файлдары мыналар: turbo.exe – негізгі орындалатын файл; turbo.tpl – кітапхана; turbo.tph – көмек; graph.tpu – графикамен жұмыс істейтін модуль.
Бағдарламалау ортасына ену үшін turbo.exe жарлығын орындау керек. Экранның жоғарғы жолында негізгі мәзір жолы, ал төменгі жолында кейбір функциональды пернелердің сипаттамалары орналасады. Негізгі мәзірге шығу үшін F10 пернесін басу қажет. Қолданушы негізгі мәзірдің мынадай пункттерімен жұмыс істей алады:
File - файлдармен жұмыс істеу;
Edit - файлды редакциялау;
Searh - мәтіннің ұсынылған үзіндісін іздеу немесе алмастыру;
Run - бағдарламаны орындау;
Compile - бағдарламаны тексеру және ехе-файл құру;
Debug - бағдарламаны түзету;
Options - ортаны конфигурациялау;
Window - терезелерді конфигурациялау және олармен жұмыс істеу;
Help - көмек шақыру.
Turbo Pascal бағдарламалау ортасында жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін қарастырайық:
1. Бағдарлама мәтінін жазатын жаңа файлды құрыңдар. Ол үшін мына жарлықтарды орындаңдар: F10 – File - New. Ашылған терезеде NONAMEOO.PAS атымен жаңа файл құрылады және оған бағдарлама мәтіні жазылады.
2. Бағдарлама мәтінін теру барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін мәтінді түзетудің дәстүрлі тәсілдері қолданылады.Сонымен бірге мәтін үзінділерімен жұмыс істеу үшін мына пернелер қосағы қолданылады:
Shift + стрелкалар - мәтін үзіндісін ерекшелеу және ерекшелеуді алу;
Ctrl + Insert - үзіндіні алмастыру қалтасына көшіру;
Shift + Del - үзіндіні мәтіннен қалтаға жылжыту;
Shift + Insert - қалтадан мәтінді меңзер тұрған жерге орналастыру;
Ctrl + Del - ерекшеленген үзіндіні негізгі мәтіннен жою;
Ctrl + Y - меңзер орналасқан жолды жою;
Ctrl +Q,Y - меңзерден бастап жол соңына дейінгі мәтінді жою;
Ctrl + N - жаңа жол орналастыру;
Ctrl + PgUp - мәтіннің басына бару;
Ctrl + PgDn - мәтіннің соңына бару.
3. Айқын көзге көрінетін қателіктер жоқ болса, бағдарламаны тексеруге және орындауға жіберіңдер. F10 - Run - Run немесе Ctrl+F9 пернелер қосағын қолданыңдар.
4. Егер синтаксистік қате жіберілсе, жүйе бұл туралы хабар береді. Меңзер қатесі бар жолда болады немесе қатенің орнын тікелей көрсетеді. Жоғарғы жолда қателіктің түрі қызыл түспен көрініп тұрады. Бағдарламалау ортасы редакциялау режимінде болғандықтан қателікті түзету жеңіл орындалады.
Қателікті түзетіп болған соң, қайтадан бағдарлама тексеріледі және орындалады, яғни CTRL+F9 басу керек. Табылған келесі қателік те осылайша түзетіледі және т.с.с.
5. Егер синтаксистік қателер жоқ болса, бағдарлама орындалады. Жауабын нәтижелер терезесінде көруге болады. Ол үшін Alt+F5 немесе Debug пунктінің әдістері қолданылады. Нәтижелерді көріп болған соң, кез-келген пернені басу арқылы бағдарламаны редакциялау режиміне оралуға болады.
6. Бағдарламаға exe-файл құру үшін: F10 – Compile – Destination - Disk орындалады. Alt+F9 басамыз, дискінің ағымдағы каталогына exe-файл құрылады, оны бағдарламалау ортасынан тыс орындауға болады.
7. Бағдарлама мәтінін тіркемесі .pas файлда сақтау үшін F10 – File - Save As
арқылы файлды жаңа атпен, ал F10 – File - Save (F2 пернесін басуға болады) арқылы файлды бұрынғы атымен сақтауға болады.
8. Бағдарламалау ортасынан шығу үшін F10 – File - Exit орындаймыз немесе Alt+X пернелеріне басамыз.
9. Дискідегі бағдарламамен жұмыс істеу үшін оны F10 – File - Open орындаймыз немесе F3 пернесіне басамыз. Сонан соң Tab пернесінің көмегімен пайда болған терезедегі файлдар тізімінен қажетті файлды таңдап, енгізу пернесіне басамыз. Бағдарлама мәтіні редакциялау терезесіне енгізіледі.
10. Бағдарлама мәтіні орналасқан терезелер бірнешеу болуы мүмкін. Ол терезелердің бірінен екіншісіне F6 пернесі арқылы өтуге болады. Терезені толық экран түрінде ашу немесе оны жинау үшін F5 пернесі қолданылады. Белсенді терезені жабу үшін Alt+F3 пернесіне немесе терезені жабу тетігіне басамыз.
11. Егер қосымша ақпарат қажет болса F1 пернесіне басу арқылы Турбо Паскаль тілі туралы анықтамалық ақпарат алуға болады.
Ескерту. Borland Pascal for Windows бағдарламалау ортасының осы сипатталған ережелерден маңызды ерекшелігі болмайды. Тек қателер туралы хабар экранның төменгі жағында орналасады. Бағдарламаның басында Uses Crt орнына Uses WinCrt жарлығы жазылады.
Жиі кездесетін қателіктердің коды. Turbo Pascal 7.0 ортасы қателіктерді екі топқа бөліп қарастырады, яғни: компиляция (қатесін тексеру) кезіндегі қателіктер мен бағдарламаны орындау кезіндегі қателіктер.
2.1.Компиялция кезіндегі жіберілетін қателіктердің коды:
|
3 |
Unknown identifier |
Белгісіз идентификатор немесе бұл идентификатор сипатталмаған |
|
4 |
Duplicate identifier |
Идентификатор қайталанып отыр |
|
5 |
Syntax error |
Синтаксистік қате |
|
14 |
Invalid file name |
Файлдың аты дұрыс емес немесе дұрыс емес бағыт көрсетілген |
|
26 |
Type mismath |
Тип сәйкессіздігі |
|
42 |
Error in expession |
Өрнектің жазылуы қате |
|
62 |
Division by zero |
Нөлге бөлуге болмайды |
|
64 |
Cannot Read or Write variables of this type |
Ұсынылған типтегі айнымалыны жазуға немесе есептеуге мүмкіндік жоқ |
|
85 |
«;» expected |
«;» таңбасын қою қажет |
|
91 |
«:=» expected |
«:=» таңбасын қою қажет |
|
94 |
«.» expected |
«.» таңбасын қою қажет |
|
95 |
«..» expected |
«..» таңбасын қою қажет |
2.2 Бағдарламаны орындау кезінде жіберілетін қателіктер.
Бұл қателіктер: DOS деңгейіндегі қателіктер (коды – 99 дейін); енгізу-шығару қателіктері (коды 100-149 дейін); ерекше қателіктер (коды 150-199 дейін); фатальды қателіктер (коды 200-255 дейін) болып бөлінеді.
|
2 |
Path not found |
Жол (сапар) табылмады |
|
102 |
File not open |
Файл ашылмаған |
|
104 |
File not open for input |
Енгізу үшін файл ашылмаған |
|
105 |
File not open for output |
Шығару үшін файл ашылмаған |
|
153 |
Unknown command |
Белгісіз жарлық |
|
200 |
Division by zero |
Нөлге бөлуге балмайды |
|
215 |
Arthmetic overfiow error |
Математикалық амалды орындаудағы қате |
